Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 23:02, реферат
Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.
Кіріспе
Сотта азаматтық істі қозғау
Істі сотта қарауға әзірлеу
Сотта іс қарау
Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау
Сот актілерін орындау
Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Заң факультеті
«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы
Мәнжазба
Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері
Дайындаған: Қаражанов Б.Н
Ю-209 тобы
Тексерген: Тлеулесова Б.Т.
Ақтөбе-2013
Жоспар:
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқыктың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
Азаматтық
сотта іс қарау саласында
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік,құқық беруші, тіндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтың нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың турлері.
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер төртібін реттейтін жалпы жөне деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасынан енбек құқықтық қатынастардан туатын даулар ішіндегі істерді әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді жене ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы -ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында колданылады. Жалпы ереже бойынша жанадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
Азаматтық іс жүргізу
құқығы ғылымының пәні: - тәжірибеде
оның қолданылуымен тығыз
1.Сотта азаматтық істі қозғау
Процеске қатысушы тұлғалар бұл сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін тұлғалар. Бұған: бұлар өкілдер, аудармашылар, куәлар, сарапшыларды жатқызамыз. Іске қатысушы тұлғалар болып: тараптар, дау нысанына дербес тараптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекшеліктері іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінуі.
Талап - субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап - азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері - бұл талаптың құрамды бөліктері. Оларға (элементтеріне):
- мазмұны;
- нысанасы;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны - талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотңа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмүны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
- Талап қоюшы
мен жауапкер араларында
- Талап қоюшымен
материалдың-құқықтық
-Тараптар араларындағы құқың қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әке-сін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бүзу).
Талаптың негіздемесі - талап қоюшының сотңа өз үндеуін негіздейтін мөн-жайлар.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық-құқықтық белгілер;
- процессуалдық-құқықтық белгілер. Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі
бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-құқықтық жіктелу негізі ар-қылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелу негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1 - ұйғару туралы талаптар;
2 - мойындау туралы талаптар;
3 - өзгертетін (құқың қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атңару талаптары дегеніміз - бүл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз мін-деттерін орындатуды сүрауы ұйгару талабы деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды төлеуі, пәтерді босатуы, келтірілген зардапты өтеуі). Осындай сотқа ңойылган талаптар бойынша сот шешім-дері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі қүңың қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сүрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлың құқығын бекітуін сұрауы).
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1 - материалдық;
2 - процессуалдық.
Материалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз -сотқа үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап қоюға (материалдың мағынада) құқығы бар не жоқтығын анықтайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз — дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.
Талап қою құқығы -Сотқа жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын аза-маттарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК-нің 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖК-нің 45-тарауы) тиесілі.
Талап қою құқығының шарттары - нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.
Бүл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады. Талап қою құқығының жалпы шарттары:
-Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК-тің 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК-тің 24-бабы);
- өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың
өзара дауды аралық соттың
қарауына беру туралы
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны - жаратымсыз сипатта болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз -бүл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген шарттар.
Талап қою құқығының шарттары болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына әкеледі:
- талап арызды
қайтару (ҢР АІЖК-тің 154-бабы)
- талап арызды
қабылдаудан бас тарту (ҚР
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК-тің 247-бабы);
- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК-тің 249-бабы).
Талап арыз - субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсынуы қажет.
Талап арыз мазмүны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- дәлелдеу;
- сүрау бөліктерінен түрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК-і 150-бабының 1-бөлігі).Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
- талап арыз берілетін соттың атауы;
- талап қоюшының
атауы, оның тұрғылықты жері
немесе, егер талап қоюшы ұйым
болса, оның түрған жері мен
банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер
арызды оның өкілі берсе,
- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:
- талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
Информация о работе Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері