Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................1
I. Құқықтың түсінігі мен мәні.
1.1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы....................................4
1.2. Құқық тектері мен нысандары............................................5

II. Мемлекет
2.1. Мемлекет белгілері,түрлері...........................................11
2.2. Мемлекет басқару түрлері.............................................12
2.3. Қызметі, тарихы, даму сатылары..................................13
III. Билік
3.1. Билік ұғымы, міндеттері, қызыметтері.............................16
3.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі..........................20
IV. Мемлекет және құқықтың пайда
болуы туралы теориялар............................................................24
Қорытынды.....................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 84.32 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

Үкімет қызметін ұйымдастырады  және оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін дербес жауап береді; тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде Парламентке  Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал Бағдарлама қабылданбаған  жағдайда, екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады; 
Үкімет қаулыларына қол қояды; Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады; Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты өзгеде қызметтерді атқарады.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес агенттігі www.finpol.kz

Қазақстан Республикасы С татистик а агенттігі www.stat.kz

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі www.aic.gov.kz

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын  басқару агенттігі www.auzr.kz

Қазақстан Республикасы Табиғи монополи яларды реттеу агенттігі www.regulator.kz

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері агенттігі www.kyzmet.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш  агенттігі www.kazcosmos.kz

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі ( М онопол ияға қарсы  агент тік ) www.azkrk.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі www.afn.kz

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі www.rfca.gov.kz

Сот билігі

Сот жүйесі

Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу , бұзылған құқықтарды қайтару , құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды жазалау . Сот билігін тек сот қана жүзеге асырады , ҚР сот төрелігін жүргізуге  ешкімнің құқығы жоқ .

Сот жүйесі дегеніміз Қазақстандағы  барлық соттардың жиынтығын білдіреді. Сот жүйесіне Қазақстан Республикасының  Конституци ясына және Конституци ялық заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының  Жоғарғы соты және жергілікті соттары  кіреді.

Жергілікті соттарға мыналар жатады :

Обл ыстық және оларға теңестірілген  соттар ( республика астанасының қалалық  соты , республика лық маңызы бар  қалалардағы қалалық соттар , мамандандырылған сот – Қазақстан Республикасының  әскери соты , мамандандырылған қаржы  соттары және т.б. );

аудандық және оларға теңестірілген  соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалары).

Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттар құруға болады (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелеттік жасқа толмағандар  жөніндегі және басқалар).

Атап көрсетілген соттардың  жиынтығы сот төрелігін іске асыру  және іс жүргізуді атқару нысандары  бойынша міндеттерінің бірыңғайлығына байланысты.

Жоғарғы Сот

Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де істер жөніндегі  жоғары сот органы болып табылады, соттардың қызметін қадағалауды  жүзеге асырады және сот практикасының  мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады.

Жоғарғы Сот құрылымы - Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және соттан тұрады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  Төрағасын, алқалар төрағаларын  және Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының судьяларын Республика Президентінің  ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқалар төрағаларын және соттарды Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.

Жоғарғы Сот органдарына мыналар жатады: қадағалау алқасы , азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың пленумдық отырысы.

 

 

IV.  Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы теориялар

 

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың

мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

 

Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.

Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.

Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым – қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі -  нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.

Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде – мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады — деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.

Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші  кезең – құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші кезең – құқықтың болашағына көз – қарасы; үшінші кезең –  марксистік көз – қарасты бұрмалау.

Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс  еді – құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші кезеңде – буржуазиялық мемлекетпен  құқық теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Ушінші кезеңде кейбір елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік – әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.

Жоғарыда көрсетілген  құқық  теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:

-         Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болшақ емес;

-         Құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде – мақсатын қорғайтын негізгі құрал;

-         Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі куш;

-         Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.

Сонымен, құқық жеке тұлғалардың  экономикалық,  саяси, әлеуметтік т.б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара – қатынасын зерттейтін негізгі күш – құрал.

Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндерген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес – деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір – біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.

Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана – сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік  жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормаларды өзгертіге болады.Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл Савинын,Фридрих Пухта, Штиль т.б.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы — әке, мемлекеттің басшысы – монарх.

Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс – әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана – сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс – әректінің байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды.Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ). Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым – қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі – нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.

Қазақ жерінде алғашқы  қауымдық қоғам заманында рулық  қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның  шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта  мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің  құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі  “әдет”  заңына бағынып келген.

Құқықтық норма  ұғымы,белгілері.Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп,  басқаратын ереже.

Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың  жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын  және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық  нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы. 
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: 

    1. Малшылық
    2. Жеригеру
    3. Өндірістік 
    4. Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін  арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда  болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік  заңдардың – қосымша өнімнің  пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару  үшін өмірге мемлекет пен құқық келді. 
 
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі. 
 
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар: 
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды: 

    1. Ірі су каналдарын жасау;
    2. Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
    3. Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік  меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды. 
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне: 
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау; 
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру; 
- барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады. 
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді. 
 
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. 
Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. 
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты. 
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері. 
 
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды. 
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді. 
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. 
 
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. 
 
Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. 
 
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. 
 
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх. 
 
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,  
іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.  
 
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген. 
 
Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.  
Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. 
 
Құқықтық нормалардың белгілері: 
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды. 
2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек. 
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді. 
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді. 
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді. 
 
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. 
 
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. 
 
Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады: 
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді. 
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі. 
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады. 
 
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар. 
 
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы. 
 
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді: 
 
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар. 
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар. 
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар. 
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар. 
5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар.

Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар