Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................1
I. Құқықтың түсінігі мен мәні.
1.1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы....................................4
1.2. Құқық тектері мен нысандары............................................5

II. Мемлекет
2.1. Мемлекет белгілері,түрлері...........................................11
2.2. Мемлекет басқару түрлері.............................................12
2.3. Қызметі, тарихы, даму сатылары..................................13
III. Билік
3.1. Билік ұғымы, міндеттері, қызыметтері.............................16
3.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі..........................20
IV. Мемлекет және құқықтың пайда
болуы туралы теориялар............................................................24
Қорытынды.....................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 84.32 Кб (Скачать)

Қазіргі ғылым  әдебиетте биліктің 5 анықтамасы бар:  1. Бихевиористік- анықтама бойынша билік адамға мінез - құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген.   2. Телеологиялық- билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің (құдай арқылы).  3. Инструменталистік- билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.   4. Структуралистік- билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.   5. Конфликттік- анықтама бойынша игіліктерді, даулы жағдайларды бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда  билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан  өзіндік ерік- жігерді іске асырудағы  қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез- құлқына  бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.


 

 Ғылыми әдебиеттер кеңінен белгілі  Саймон деген американ саясаттанушының  пікірі. Ол билікті былай деп түсінген «егер В-ның мінез- құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе, онда В-ның үстінен А билік жүргізеді». Яғни билік оның барлық анықтамасында  өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт:  1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек.   2. Билікті жүзеге асыру үшін бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі бұйрығы болуы тиіс.   3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек.   4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Сонымен билік деп адамдардың не сол адамдардан құрылатын басқа  да әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс- әрекетінің бағытына, сипатына және мінез- құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. әр түрлі механизмдер  арқылы ықпал ету, қабілет пен  мұмкінділік.      

Биліктің мәні оның көріністері  арқылы белгіленеді - ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік- әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы. 

Саяси биліктің қайнар көздері  мен ресурстары.            

Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері болып табылады:

1) үстемдік мүдде; 2) осы  мүддені танытатын ерік; 3) мүддені  іске асыруды қамтамасыз ететін  құралдар. Оның өзінің белгілері  мен қайнар көздері бар. Белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік  монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке  адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының  болуы.            

Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді:- күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпатар.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстары деп атайды. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстарын  жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

-          экономикалық (материалдық қажеттіліктер)

-          әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)

-          күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)

-          ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)

-          демографиалық (адам- ең түпкі құрал)    

Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері.

Саяси биліктің ерекшеліктері:

-          Ол- адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады да, қоғам сол тап мүддесі тұрғысынан басқарылады.

-           Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық- саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.

-           Саяси биліктің ерекшелігі- арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.

Саяси биліктің қасиеттерінің  бірі- оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат  алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу. Саяси  билік қоғамда көбінесе мемлекеттік  билік арқылы жүзеге асады. Мемелекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір  территориясында ерекше аппарат  арқылы жүргізілетін билік.  2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппатарына сүйенеді. 3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады. 

Саяси биліктің легитимділігі  және билік бөліну принципі.

Қазіргі демократиялық дамыған  елдерде  саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар  билікті қоғамдағы  мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы.  Ондай кезде  қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды.  Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан:

-          дәстүрлі,

-           харизматикалық,

-          легальды – рационалдық.            

Билік бөлу идеясы ең алғашқы  рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі  қарай толық дамытқан 18ғ. Француз  ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы,  Сот билігі.

Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң  шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік  тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан  қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында  болуы мүмкін емес және де халық  билікті өзі жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан Жак  Руссо: ол халық суверинитеті идеясын  көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық  билігінің көрінісін табу деп  тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта  демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым  болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір- біріне мүлдені  тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.  

 

 

 

Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай — монархиялық(абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне орай — унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай — тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды. [3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі

Қоғамдық билік - орын-орындарға  билікті бөлу. Флойд Хантердің  «Қоғамдық биліктің кұрылысы» (1963) және Роберт Дальдың «Кім басқарады?» (1961) атты еңбектері жергілікті саяси  билік мәліметтерін тексеру мақсатымен өткізілетін зерттеудің аса қажетті  мысалдарын береді.[4]

Президент

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің  ішкі және сыртқы саясатының негізгі  бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды  тұлға.

Республика Президенті – халық  пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституци яның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі .

Республик а Президент і мемлекеттік  биліктің барлық тармағының келісіп  жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін  қамтамасыз етеді.

Заң шығарушы билік

Заң шығарушы биліктің мемлекеттік  биліктің жалпы құрылымындағы жетекші  рөлі мемлекеттік биліктің өзге тармақтарының  тек осы билік құрған құқықтық негіз шеңберінде ғана әрекет ете  алатындығымен негізделген. ҚР субъектілеріндегі  заң шығарушы билікті әртүрлі  атаулары бар заң шығарушы ( өкілді ) органдар жүзеге асырады.

Сенат

 
ҚР Парламент і тұрақты негізде  жұмыс істейтін екі Палат адан : ҚР Парламент і Сенат ынан және ҚР Парламент і Мәжілісінен тұрады.

ҚР Парламент інің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және мемлекет астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенат та ұлттық-мәдени және қоғамның өзге маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, он бес депутатты ҚР Президенті тағайындайды. Сена тқа сайланатын депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. 
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз дерутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат сайлаған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны ҚР Президенті ұсынады.

Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы саны – 47 адам.

 

ҚР Парламенті Сенатының (Парламенттің Жоғарғы палатасының) ерекше өкілеттіктері:

Қазақстан Республикасы Президентінің  ұсынуымен Республиканың Жоғарғы  Сотының Төрағасын, және Жоғарғы  Сот судьяларын сайлау және қызметтен  боса-ту, олардың анттарын қабылдау; 
Республика Президентінің Ұлттық Банк Төрағасын, Республиканың Бас Про-курорын, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; 
Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяла-рын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;  
конституциялық заңдар және Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқта-туға байланысты, оның уақытша болмаған кезінде заңдар қабылдау жөнінде Рес-публика Парламентінің функцияларын орындау; 
Сенат Парламентіне Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

 
ҚР Парламенті Сенатының қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны:

+7 (7172) 74 71 11

Мәжіліс

 
Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің Депутаттық корпусын тең және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар құрайды.

ҚР Парламентінің Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палат аға бірдей мүше бола алмайды .  
ҚР Парламент і Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл .

ҚР Парламенті Мәжілісінің (Парламент тің төменгі палат асы ) ерекше өкілеттіктері:

Парламентке енгізілген конституциялық заңдар және заңдар жобасын қарауға  қабылдау және осы жобаларды қарау ; 
Палат а депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Қазақстан Республикасы Премьер-Минист рін сайлауға Республика Президентіне келісім беру;  
Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау ; 
Мәжіліс Парламент іне Конституци я жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру .

 
Қазақстан Республикасы Парламент і Мәжілісінің Төрағасы -Мұхамеджанов Орал Бай ғонысұлы

ҚР Парламент і Мәжілісі қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны : ???

+7 (7172) 74 61 11

Мәслихаттар

Мәслихаттар – жергілікті өкілді орган дар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Мәслихаттардың құзырына мыналар  жатады : жоспарларды, тиісті аумақты  экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын, жергілікті бюджетті бекіту; тиісті аумақтарда қоршаған ортаны және табиғатты пайдалануды қорғау жөніндегі бағдарламаны және қоршаған ортаны қорғау, оны сауықтыру шығыстарын бекіту, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңға сәйкес өзге мәселелерді шешу және т.б.

Атқарушы  билік

Атқарушы биліктің маңыздылығы  оған мемлекеттік істерді тікелей  басқаруды жүктелгендігінде болып  отыр, сол себепті оған кең ауқымды  өкімдік функциялар берілген. Атқарушы билікті ҚР Үкіметі (басқарушылық аппарат) басқаратын мемлекеттік органның күрделі  қоса бағынышты құрылымы жүзеге асырады.

Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар