Азаматтардың меншік құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 05:19, курсовая работа

Описание работы

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Содержание

Кіріспе
1 – Бөлім Меншік құқығы туралы жалпы ережелер.
Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны.
Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері.
2 – Бөлім Азаматтардың меншік құқығы.
2.1 Меншік құқығының субъектілері және объектілері.
2.2 Мемлекеттік меншік ұғымы.
2.3 Ортақ меншік түрлері.
3 – Бөлім Меншік құқығын қорғау.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 40.77 Кб (Скачать)

   Кіріспе

1 – Бөлім    Меншік құқығы туралы жалпы ережелер.

    1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны.
    2. Азаматтық кодекс бойынша меншік  құқығының нысандары мен түрлері.  

2 – Бөлім     Азаматтардың меншік құқығы.

   2.1  Меншік  құқығының субъектілері және  объектілері. 

   2.2  Мемлекеттік  меншік ұғымы.    

   2.3   Ортақ  меншік түрлері. 

3 – Бөлім   Меншік  құқығын қорғау.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

    1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны.   
 

     Меншік қай қоғамның да сан  қырлы өзекті мәселесі болып  келді. Сондықтан да меншік  құқығын құқық институты ретінде  қараған кезде оны меншіктен  шығатын экономикалық категория  деп түсіну керек.

     Меншік дегеніміздің өзі материалдық  игіліктерді – табиғаттың өнімдері  мен еңбекті – меншіктену әрі  иеленуді білдіреді. Ол тарихи  қоғамның ішкі айқындауы арқылы  пайда болады.

     Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың  пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге  асады, демек, оны меншіктенген  сон өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналды.

   Әлемдік  құқықтану доктринасы мен отандық  заң ғылымы меншік құқығын  объективті жағдайдағы меншік  құқығы және субъективті жағдайдағы  меншік құқығы деп бөледі.

    Материалдық  игіліктерді иелену, пайдалану және  билік етуге байланысты қоғамдық  қатнастарды реттейтін азаматтық  құқық нормалары жөнінде ( кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда  – шын  мәнінде объективтік  мағынадағы меншік құқығы, яғни  меншіктің құқық институтын құрайтын  нормалардың жиынтығы екенін  көреміз ( мысалы, АК – тің  188-276 баптары.) меншік құқығының объективті  нормалары негізінде нақтылы  меншік иесі өз қалауы бойынша  өзіне тиесілі мүлікті  пайдалануына  және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату – сатып алу , жалға беру  және тағы басқа белгілі зандық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188 бабы.)

     Азаматтық кодекстің 188-бабында  меншік құқығына мынадай анықтама  берілген. “Меншік құқығы дегеніміз  – субъектінің заң құжаттары  арқылы танылатын және қорғалатын  өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша  иелену, пайдалану және оған ету  құқығы”. Бұл анықтама мейлінше  дәл әрі ғылыми жағынан   толық берілген. Өйткені, субъектіге “тиесілі” деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге,жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдік тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Мнешік иесінің еркіндігін шектеу  меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК 11-бабының 3-тармағы).  Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізіледі. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың деңсаулыгы мен айналадағы ортаға келтірілуі  мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы).

    Азаматтық  кодекстің 188-бабында қаралған  меншік құқығының иелену, пайдалану  және билік ету тәрізді құрамдас  бөліктерінен басқа оны заңмен  қорғау да ескерілген. Мұндай  құқық өзгенің құқығына тәуелді  емес, меншік иесі өзінің мүлкін  сақтауға, қорғауға, өзгеде адамдардың  сырттан әрекет етпеуіне тыйым  салуына хақысы бар. Егер осындай  құқықтары бұзылып жатса, онда  ол затты қайтарып алуға, қалпына  келтіруге, келген залалдың орнын  толтыруға құқылы.

    Азаматтық  кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес  меншік құқығының мерзімі шексіз  болады. Мүлікке меншік құқығы  Азаматтық кодексте көзделген  негіздер бойынша ғана ықтиярсыз  тоқтатылуы мүмкін.

    Меншік  құқығының мазмұның меншік иесіне  тиесілі иелену, пайдалану және  билік ету тәрізді өкілеттіктер  құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қайқайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіліктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтың жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.

  Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің  талабын қанағаттандыру үшін  мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы, сөйтіп, заттардың кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттілігі қалпына келтіреді.

  Иелену құқығы мүлікті нақты  иелену мүмкіндігін заң жағаынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды.

   Заң  иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті  және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды  негізде жасалса, онда ол заңды  иелену болып табылады. Яғни құқық  негізінде меншік құқығы жүзеге  асырылуы тиіс. Затты (мүлікті)  заңсыз иелену, егер оны зорлықпен  немесе заңнан  жасырын  жасалса,  немесе заңсыз  иеленуші затты  кездейсоқ иеленіп, оны қайтару  жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының  заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы). Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.

    Азаматтық  кодекстің 188- бабында иеленудің  әр түрі туралы айтылмаған, тек  аталған баптың 3-тармағында ғана  бөтеннің затына құқық ретінде  иеленудің жасалу жолы мен  тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен  бірге заңда ерекше негіз бар  “Иелену мерзіміне” жол беріледі (АК-тің 20-бабы). Иеленудің мұндай құқығы меншік құқығына тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл иеленудің заңдық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тің 240-бабы 2-тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізңде өзінің иелігіндегі затты меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді;  ә) осы тұлғаның затқа адал, ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты  иелену құқығынан да ерекшеленеді, сонымен бір мезгілдек затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді (мысалы, кепілдік шарты бойынша).

  Пайдаланудың  өкілеттік құқығы дегеніміз –  мүліктең оның пайдалы табиғи  қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан  пайда табудың заң жүзінде  қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс,  өсім, жеміс, төл алу және өзге  нысандарында болуы мүмкін (АК-тің  188-бабы 2-тармағы).

  Пайдаланудың  өкіліттік құқығынан жай пайдалануды  ажырата білу керек. Пайдаланудың  өкіліттік құқығы – затты пайдалануға  құқығы қамтамасыз ететін меншік  құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану – осы құқықты жүзеге  асыру болып табылады, яғни затты  нақты пайдаланып немесе оны  қашан кіріс алғанша тұтыну.

  Меншік  иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік  құқығын қалай жүзеге асыруды  өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6 – бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер меншік иесі  ретінде бүлдірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға, арендаға беру т.б.). пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу). Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттілігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілейді.

   Заң  негізіңде немесе басқада құқылық  құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 4-бабы).

    Билік  ету құқығы дегеніміз – мүліктің  заң жүзіңдегі тағдырын белгілеудің  заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің  188-бабы 2-тармағы).

    Билік  етудің өкілеттігі меншік құқығың  объектілеріне қатысты мәмілелержасауға  өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің  меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса , онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету жәнепайдалану құқықтары беріледі). Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.

   Нарықта   өз орнын табу үшін меншік  иесіне билік ету қажет. Әдетте  тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезіңде меншік иесінің  құқығы сатушыдан сатып алушыға  ауысады. Сондықтан да сатушы  тауардың меншік иесі ретінде  меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік  алуы тиіс. Билік ету құқығын  жүзеге асыру мақсаты меншіктің  әр түрлі түрлеріне сәйкес  келеді.

   Әдетте  меншік иесі өзінің билік өкілеттігін  қалай да жүзеге асыруға міндетті  деген ереже жоқ. Шешімді қалай  қабылдайды, қалай билік етеді  – оны бір өзі шешеді. Дей  тұрғанмен, ол бұл арада заңды  бұрмлауға жол беруге тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік ету құқығын қоғам мүдделі болғанда жүзеге асыруға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық  негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алуына не тоқтатылуы мүмкін мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек  мемлекеттің келісімімен жүзеге  асады. Мысалы, әрекет ету қабілеті шектеулі адамдармен бтлік ету құқығын асыру үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұқсаты талап етіледі.

   Билік  ету құқығы затқа меншік иесі  болып табылмайтын тұлға арқылы  да жүзеге асады. Бұл заңның  арнайы нұсқауымен  болады, немесе  меншік иесімен жасалған келісім-шарт  негізінде (мысалы, теміржол жүкті  иесіне беруге мүмкіндік болмаған  жағдайда басқа тұлғаға тапсырады.) болады.

   Меншік  иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай (мүлкін пайдаланудан пайда тауып, тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру), меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және т.б. Егер заңда қаралмаған болса, өзіне түсетін ауыртпалықты үшінші біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзгенің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесіне өтуге тиіс. Мысалы, оған қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға кеткен шығынды айтуға болады.

   Шартпен  басқа да мәселелер қаралуы  мүмкін. Мүлікті басқа біреуге  уақатша пайдалануға берген кезде  оны күтіпсақтау пайдаланушыға  жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз  ұстаған адамға мүлікті күтіп  ұстауға жұмсалған шығындары  өтелмейді (АК-тің 189-бабы).

   Ауыртпалық  жағдайы деп заттардың кездесоқ  жойылу немесе кездесоқ бүліну  қаупін айтады. Иеліктен айрылған  заттардың кездесоқ жойылу немесе  кездейсоқ бүліну қаупі, егер  заң құжаттарында немесе шартта  ол өзгеше белгеленбесе, сатып  алушыда меншік құқығы пайда  болуымен бір мезгілде соған  көшеді. Мүліктің бүлінуі не жойылуына  байланысты қауіп  басқа мезгілде  заң немесе  шарт негізігде  сол мүлікті алушының мойына  жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар  ондай қауіпті шарт жасау кезінде  алдын – ала ескереді (сатып  алу-сату), яғни зат берілмей тұрып,  сатып алушыға меншік құқығы  ауыспай тұрғанда мәселенің басы  ашылуы тиіс.

Информация о работе Азаматтардың меншік құқығы