Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 07:51, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Акционерлік қоғам». Бұл тақырып күрделі тақырып. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, акционерлік қоғамнан, құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарынан, акция және қоғам акционерінің міндеттерінен, еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І бөлім. Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде.............6
1.1. Акционерлік қоғам ұғымы............................................................................6
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары: құрылтай шарты мен жарғы...................................................................................................................10
1.3. Акция ұғымы...............................................................................................12
ІІ бөлім. Қоғам акционерінің міндеттері..........................................................15
2.1 Акционерлік қоғам мүшелерінің міндеттері..................................................15
2.2 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам............................................26
Қорытынды.......................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

Работа содержит 1 файл

Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сату туралы жазбаша келісімі алынған жағдайда, оны сатып алу туралы ұсыныс жариялаған тұлға отыз күн ішінде акциялардың құнын төлеуге міндетгі. Акцияларды сатып алудың аталған төртібі сақталмайтын жағдайда қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп пайызын иеленетін тұлға (тұлғалар) өзімен (өздерімен) аффилиирленбеген тұлғалармен өзіне (өздеріне) тиесілі акциялардың бір бөлігін (қоғамның дауыс беретін акцияларыньщ жиырма тоғыз пайызынан асатьш) иеліктен шығаруға міндетті. Аталған ереженің қоғамды капитаддарды біріктіру нысаны ретінде түсінуге сай келмейтінін атап айту керек. Бұл ереже тұлғалық жағдайға бейім, мұның өзі мұндай ереже қалыптасқанда, қоғамның шаруашылық серіктестікке қарай бет бұратынын көрсетеді.

Мыналар:

нәтижесіңце қүны қоғам активтері қүнының жалпы мөлшерінің 
жиырма бес (халықтық акционерлік қоғамда — он) жөне одан да көп 
пайызы болатын мүлікгі қоғам сатып алатын немесе иеліктен айыратын 
мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;

нәтижесінде қоғам езінің орналастырылған бағалы қағаздарын 
сатып алуы немесе орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы 
санының жиырма бес (халықтық акционерлік қоғамда — он) және 
одан да көп пайызы мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы 
қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе өзара байланысты 
мәмілелердің жиынтығы;

қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле 
ірі мәміле деп танылады.

Мыналар:

1) белгілі бір мүлікгі сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты белгілер бір түлғамен не сол түлғаның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын бірнеше мәміле;

2) бір шартаен немесе өзара байланысты бірнеше шаршен ресімделген мәмілелер;

3) жарғымен немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер деп танылатын өзге де мәмілелер өзара байланысты мәмілелер деп танылады.

Қоғамның ірі мәмілені жасасуы туралы шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Қоғамның ірі мөміле жасау туралы шешімін бекітуді акционерлердің жалпы жиналысы жүзеге асырады. Акционерлердің жаллы жиналысына ірі мәмілені жасау туралы шешімді бекітуге қажетгі ақпаратгы (құжаттардың қосымшаларымен бірге) атқарушы орган табыс етеді. Акционерлердің жалпы жиналысының қатыспаған қоғам кредиторлары мен акционерлеріне хабарлау мақсатында қоғам акционерлердің жалпы жиналысы ірі мәмілені жасасу туралы шешімді бекіткеннен кейін бес күн ішінде меміле туралы хабарды баспасөз басьшымыңца жариялауға міндетті. Ірі мөміле жасасу туралы шешімге қарсы дауыс берген акционер өзіне тиесілі акцияларды қоғамның осы заңы белгілеген төртіппен сатып алуын талап етуге құқылы.


Қоғамның салықтар жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі түзілетін жағдайда мемлекет акционерлік қоғамға қолданылатын бірқатар шараларды көздеген. Егер мүндай берешекті төлеу мерзімі үш айдан өтіп кетсе, онда салық органы жарияланған акцияларға билік етуді шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қоғамның жарияланған акциялары болмайтын немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болатьш жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейіннен оларды орналастыру арқылы өткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Қоғамның қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекетгік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.

Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойьшша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғмды қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі АК-мен және заң актілерімен белгіленеді.

Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе өндірісгік кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

 

2.2 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам

Бір занды тұлға келесі заңды тұлғаның құрылтайшысы бола алады. Қазақстан заңдары басқа зандардың ішінен құқықтық реттеу ерекшеліктеріне қарай құрылтайшьшарымен айрықша байланысы болатын ұйымның екі түрін — еншілес үйым мен тәуелді акционерлік қоғамдарды беліп көрсетеді. Олардың ерекшеліктері ҚР АК Жалпы бөлімінің 2-тарауындағы 2-параграфтың 4-бөлігінде бейнеленген. Мұнда кез келген ұйымдық-құқықтық нысаңдағы коммерциялық ұйымның еншілес ұйым бола алатынын ескеру керек.

Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға (бұдан әрі негізгі ұйым) қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқыңдай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.

     Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Еншілес ұйымдар басқа субъекіінің шаруашылық қызметіне толық бақылау жүргізу үшін құрылады. Сондықтан бақылаушы ұйымдар тарапынан асыра сілтеушіліктер мен алаяқтыққа жол бермеу мақсатында мынадай ережелер енгізілген: еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен қосалқы (субсидиарлық) жауапты болады. Негізгі ұйымның кінәсынан еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша қосалқы жауапты болады. Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсынан еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

Тәуелді акционерлік қоғам өзінің мазмұны жөнінен еншілес ұйымға жақын келеді. Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының 20 пайызынан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Басымырақ (қатысушы) занды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң қүжаттарыңда көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетгі.

Тәуелді акционерлік қоғам сондай-ақ өзінің басым қоғамының акцияларын сатып ала алады. Бұл жағдайда қоғамдардың бір-бірінің капиталына өзара қатысуы көзделеді. Заңның бұзылуына жол бермеу және алаяқтықтан қорғау мақсатында бұл жағдайды реттейтін нормалар бар. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталдарьша өзара қатысуы әрбір шығарылған жарғылық капитаддың 25 пайызынан аспауға тиіс. Бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталына өзара қатысатъш акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында 25 пайыздан артық дауысты пайдалана алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Курстық жұмысымды қорытындылай келе акционерлік қоғамдар туралы зандарда 1998 ж. бастап қоғамның жаңа нысаны - халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтшіші негізінде не қоғамның өз капиталынъщ мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уөкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган Ұлттық Банк болып табылады.

Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз — бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивидендтер төлеу мүмкіндіктерін анықтауда жөне өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.

Акционерлік қоғамның күнделікті қызметіне басшылықты атқарушы орган жузеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Атқарушы орган заң актілерімен және қоғамның жарғысымен басқа органдардың жене қоғамның лауазымды адамдарының құзіретіне жатқызылмаған кез келген қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабыддауға құқылы. Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Атқарушы қоғамның мүшесі осы қоғамның акционері болуға мшдетгі емес.

Акционерді өзге де ереже қорғайды. Ол егер қоғамның кейбір шешімдерімен келіспейтін болса, оған өзінің акцияларын сатып алуды міндеттеуі мүмкін. Қоғам акционердің талап етуімен орналастырылған акцияларды сатып алуы тиіс, акционер мұндай талапты акционерлердің жалпы жиналысы мынадай шешімдер қабылдағанда қоя алады:

қоғамды қайта ұйымдастыру (егер акционер қоғамды қайта 
ұйымдастыру туралы мөселе қаралған акционерлердің жалпы 
жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);

қоғамның ірі мәміле немесе мүдделі түлғалардың қатысуымен 
мәміле жасасуы (егер акционер осьщцай шешім қабылдау туралы мәселе 
қаралған акционерлердің жалпы жиналысьша қатысып, оны қабылдауға 
қарсы дауыс берсе);

қоғамның жарғысына осы акционерге тиесілі акциялар бойышпа 
құқықтарды шектейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу (егер 
акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы 
жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған 
шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жөнінде шешімдер 
қабылдаған жағдайда.

Акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішіңде акционер өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы талап қоюға қүқылы. Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сатып алуға мшдетті.

Акционердің қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығы бар. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды. Егер кепілдің талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердің дауыс беруге жөне өзі кепілге салған акция бойьшша дивидендтер алу құқығы болады. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:

1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген;

2) қоғамның бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепілге берілетін және оның кепілінде жатқан бағалы қағаздардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес пайызынан аспаған;

3) егер қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, кепіл туралы шартты директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана кепілге қабылдай алады.

Ірі мәміле қоғамның тағдырына өсер ете алатындықтан, заң шығарушылар оны жетілдіру жөнінде бірқатар талаптар қойады.Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істей алады. Атқарушы орган мүшесінің қызметі, құқықтары мен міндеттері Акционерлік қоғамдар туралы заң, қоғамның жарғысы, соңдай-ақ осы адамның қоғаммен жасасатын жеке еңбек шарты арқылы айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

        1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы, 2007.
        2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2005.
        3. «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 5 шілдесіндегі Заңы.
        4. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚазССР-нің Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2003.
        5. «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 27 қантарындағы Заңы.
        6. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы №2727 заң күші бар Жарлығы.
        7. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу және жедел басқаруындағы жалданатын мүлік пен жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін жалға беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 7 наурызындағы №336 Үкімет қаулысы.
        8. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 сәуірінде қабылданған №421 Үкімет қаулысы.
        9. Сауда теңізде жүзу кодексі 1968 жылдың 17 қыркүйегінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Жарғысымен қабылданған.
        10. «Республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті төрағасының 2001 жылдың 15 мамырындағы №111 Бұйрығымен бекітілген.



Информация о работе Акционерлік қоғам