Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 07:51, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Акционерлік қоғам». Бұл тақырып күрделі тақырып. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, акционерлік қоғамнан, құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарынан, акция және қоғам акционерінің міндеттерінен, еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе...................................................................................................................3
І бөлім. Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде.............6
1.1. Акционерлік қоғам ұғымы............................................................................6
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары: құрылтай шарты мен жарғы...................................................................................................................10
1.3. Акция ұғымы...............................................................................................12
ІІ бөлім. Қоғам акционерінің міндеттері..........................................................15
2.1 Акционерлік қоғам мүшелерінің міндеттері..................................................15
2.2 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам............................................26
Қорытынды.......................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................31
Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания, шын мәнінде, заңды тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю.Г. Басин. Мүмкін, уақыт өте келе, заң шығарушылар заңцы тұлғаның жаңа нысаны — ұлттық компанияны мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамдардың таратылуына байланысты мемлекет ұлттық компаниялардың қандай ұйымдық-құқықтық нысанға өзгеруі керекгігін шешуі тиіс.
1.2 Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары:
құрылтай шарты мен жарғы
Құрылтай шарты мен жарты акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Құрылтай құжаттары нотариатта куәландырылуы тиіс. Құрылтай шартында баяндалған мәліметтер, шарттың өзіңде өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға заң актілерінде көрсетілген жағдайларда немесе қоғамның шешімімен ғана көрсетілуі тиіс. Жарияланған акцияларды шығару мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылтай шартының қолданылуы тоқтатылады.
Қоғамның жарғысы оның занды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкілдері (өкілі) қол қоюға тиіс және нотариатта куәландыруға жатады. Қоғамның жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуға құқылы. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған үш жұмыс күні ішінде жарғының көшірмесін беруге міндетті.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң "жарияланған жарғылық капитал", "шығарылған (төленген) жарғылық капитал" ұйымдарынан бас тартгы. "Жарғылық капитал", "өз капиталы" терминдері ғана пайдаланылды. Халықтық қоғамдағы секілді, мұнда да заң өдеттегі акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін белгілеген. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері — айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінде болады. Бұл Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңдағы мөлшерден 10 есе артық. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жөнінде жоғарыда аталған талаптар өзінің қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторларға (инвесторға) осы Заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңцы тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастаи, отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен жол беріледі.
Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз — бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивидендтер төлеу мүмкіндіктерін анықтауда жөне өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.
Акция үшін төлеу түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның орналастырылатын акциялары үшін төлеуге ақша, мүліктік құқықтар, талап ету құқығы жөне өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілетін болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оны бүкіл пайдалану мерзімі үшін төлейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
Азаматтық кодекстің 89-бабының 1-тармағынан "акционерлік қоғам шеккен залалдың орнын толтыру үшін қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық капиталды арттыруға жол берілмейді" деген норма алынып тасталды. Бұдан келіп, қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер алдындағы қоғамның борышын өтеу үшін қоғамның несие берушілері оларды сатып алуы мүмкін деген қорытынды шығады. Акциялар үшін борышты есепке алу мемлекеттік акциялар пакетіне өсер етпеуі тиіс, өйткені өзгеше істеу мемлекеттік меншікті сатып алу кезінде жекешелендіру ресімін орағытып өтуді біддіретін болады.
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен міндеттерін қоғамның құрылуы сатысында ғана реттейді. Сондықтан құрылтай шартының ашық қоғам құру жөніндегі әрекеті қоғам мемлекетгік тіркеуден еткен сәттен бастап және оның барлық құрылтайшыларының құрылтай шартында белгіленген міндеттемелерін орындаған соң тоқтатылады. Өз кезегінде, қоғамның жарғысы өзінің занды тұлға ретіндегі құқықтық мөртебесін анықтайды. Жарғыға қоғам құрылтайшьшарының уәкілетгі өкілдері қол қоюы тиіс және ол нотариаттық куәландыруға жатады. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығыңдардан аспауға тиіс.
1.3 Акция ұғымы
Акционердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция — бұл бағалы қағаз. Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады .
Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар . Атаулы бағалы қағаз дегеніміз — бұл өзі куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады жөне өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен қуәландырылған құқықтарды пайдаланады. Қоғам жай акциялар, не жай жөне артықшылықгы акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. Құжатсыз бағалы қағаздар дегеніміз - бұл құжатсыз нысанда .
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқыңдалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіптен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді. Бұл ережеден бірнеше өзгешелік бар. Егер:
1) қоғам акционерлерінің жалпы
жиналысының шешімі бойынша
артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің
құқығын шектеуі
мүмкін мәселені қараса. Шектеу қою үшін
артықшылықты акциялардың
жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі
жақтап дауыс берген жағдайда
ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды
деп есептеледі;
артықылықты акция бойынша
дивиденд оны төлеу үшін
белгіленген мерзім өжен күннен бастап
үш ай ішінде толық мөлшерінде
төленбесе, артықшылықты акция акционерге
қоғамды басқаруға қатысу
құқығын береді.
Құрылтай жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Қоғам акционерінің:
қоғамның жарғысы мен заңдарда
көзделген өзге де құқықтары бар.
Заң акционерлердің ішінен ірі акционерлерді
бөліп көрсетеді. Басқа
акционермен салыстырғанда, ірі акционердің құқықтары коп болады. Ірі акционер дегеніміз — бұл акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп (халықтық қоғамда — бес және одан да көп) пайызын қолында ұстайтын және өзара жасалған келісімдердің негізінде әрекет ететін акционер немесе бірнеше акционер. Әрбір акционердің жоғарыда аталған құқықтарынан басқа, ірі акционердің сондай-ақ:
тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;
директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
Қоғамның жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
ІІ бөлім. Қоғам акционерінің міндеттері
2.1 Акционерлік қоғам мүшелерінің міндеттері
Акционерлік қоғам мүшелерінің міндеттері:
Қоғам жарияланған акциялардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу үшін оның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған акциялар санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде құжаттарды табыс етуге міндетті.
Егер қоғамның жарғысында бүл мәселе акционерлердің жалпы жиналысының қүзіретіне жатқызылмаса, қоғамның акцияларын оның жарияланған акциялары саны шегінде орналастыру туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуден кейін орналастыруға құқылы. Акцияларды орналастыру аукциондар, жазылым арқылы жүзеге асырылады. Халықтық акционерлік қоғамның өз акцияларын жазылым арқылы орналастыру құқығы жоқ. Қоғамның жазылым арқылы орналастырылатын акциялары директорлар кеңесі белгілеген орна-ластыру бағасы бойынша сатылуға тиіс, бұл орайда акцияларды орна-ластыру бағасы осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алушы барлық тұлғалар үшін бірыңғай болуға тиіс.
Акционерлердің қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды орналастыру ниеті бар қоғам оларды сатқанға дейін отыз күн ішінде жазбаша хабар жіберу немесе баспасөз басылымында жариялау арқьшы өз акцио-нерлеріне тең жағдайлармен, өздерінде бар акцияларға барабар, бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген баға бойынша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті. Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетін акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.
Ационерлік қоғам акциялардан басқа облигациялар жөне бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Бағалы қағаздардың өзге түрлерінің бірі — опцион. Опцион дегеніміз — белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін опционда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады.
Акционерлік қоғам өзінің белгілі бір мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген, үшінші тұлғалардың кепілдіктерімен қамтамасыз етілген облигациялар, қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлік қоғам купоңдық және дискондық облигациялар шығаруға құқылы.
Жарғыда айырбасталатын бағалы қағаздар шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Айырбасталатын бағалы қағаз дегеніміз — бұл акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқыңдалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған жөне орналастырылған акциялары арасындағы айырмашылық шегінде жол беріледі.