Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:05, курсовая работа

Описание работы

Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.

Содержание

I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.

II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру

III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Zarina.doc

— 150.50 Кб (Скачать)

Ресей, Өзбекстандағыдай өнім арқылы лизингтік несиемен есеп айырысу үрдісі бізге әлі енгізіле қойған жоқ. Бір айта кетер жайт – лизингтік несиеге қол қойған шаруа банктердегідей ай сайын емес, жылына бір рет, өзіне қолайлы мерзімде есеп айырыса алады. Банктер ауыл шаруашылығы үшін консервативті жүйе болса, лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау. Банктік несие мен лизингтік несие арасындағы бәсеке Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Меніңше, ерте ме, кеш пе, банктер лизинг компанияларын дербес құрылым ретінде «жеке отау» етіп бөлек шығарады. Өйткені лизинг жүргізуге арнай рұқсаты бар кейбір екінші деңгейдегі банктер әрбір жоба үшін лицензиялап отыруы қажет. Ал бұл міндет лизинг компаниясының тікелей құзырында болғандықтан, лицензияның қажеті жоқ, лизинг алу үшін компания көмегіне жүгінген кәсіпкер қалтасынан қосымша шығын шығармайды. Бұл – екі жақ үшін де уақыт та, қаржы да үнемделеді деген сөз.

Салалық лизингтердің ерекшеліктері ең алдымен лизинг техникасының өтімділігінде дер едім. Егер транспорт немесе жылжымалы мүліктің өтімділігі жоғары болса, дефольт жағдайында компания өз өнімін қайтарып алып, қайталама нарықта қайта сата алады.

Айта кету керек, лизинг жобасындағы техникалардың өтімділігі жоғары болған сайын оның бастапқы жарнасы да қомақты болады. Бұл – компанияның дефольт жағдайынан өзін-өзі сақтандыруы. Енді мемлекет тарапынан лизингтің дамуына қосып жатқан үлесі жайлы айтып кетейін. Мемлекеттің жасап жатқан іс –шаралары өте ауқымды. Бұның дәлелі ретінде “ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Қазақстанның Даму Банкінің» еншілес ұйымы болып табылады және «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ жүйесіне кіретін компанияны айтын кетуге болады. Компания Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» ұсынған инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылдың 6 қыркүйегінде құрылды.

Өкімет басшылығымен құрылған компания қызметі – Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту үшін қажетті жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын қарқынды дамыту.

Мақсаттары:

- лизинг саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;

- өңдеуші өнеркәсіпті, өндіруші және көлік инфрақұрылымын дамыту;

- ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мен орналастыру кезінде даму институттарымен өзара бірлесіп жұмыс істеу.

Міндеттері:

- инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыру;

- Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;

- ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін лизингілік қаржыландыру механизмін қолдану.

- жабдықтардың жекелеген түрлерінің импортын қосылған құн салығынан босату.

«ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:

- Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары

- Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін

- Лизингінің пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес белгілеу

- Инвестициялық басымдықтарға сәйкес болу.

Қалай дегенмен, лизингтік қаржыландыру біздің еліміздің ауылшаруашылығының “ локомативтерінің” бірі . Сондықтан, лизингтік қаржыландыруды дамыту біздің міндетіміз.

 

2.3. Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесі.

Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді.

Аграрлық бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде қамту және ресурстық базаны кеңейту үшін банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы делдалдық ұйымдардың (микронесие берушілер, несиелік серіктестіктер, т.б.) ауылдық несие кооперативтерімен бірлесе әрекет етуі қажет деп ойлаймын.. Бұл кооператив пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі негізінде несиеге берілетін қаражатқа шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы шаруашылық субъектілерінің қолын жеткізуге жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы дүниесін қосып, кепілдікке қойып, несие алады да, алынған несиені әркім өз қосқан үлесіне байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар кооператив пайшылары болып есептеліп, бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа өнім өндірушілердің несиеге қаржы алуына жол ашады.

Несие кооперативтерін басқарудың демократиялық формасы, кооператив мүшелерінің жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем беру жауапкершілігін жете сезінуі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын жақсартудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оған экономикалық және құқықтық жағдайдың әлі де болса дайын еместігіне қарамастан, несие кооперативі жүйесін кезең-кезеңімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін ауыл тұрғындары сұраныстарына толық жауап бере алатын «Несие кооперативтері туралы» Заң жобасын дайындау қажет.

Ал бүгінгі орын алып отырған банк несиелеріне қол жеткізудің күрделілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде дамуы теориялық жағынан да, практикалық тұрғыда да мүмкін емес. Менің ойымша, жалпы, несие беруде қазіргі таңдалып алынған схема ауыл шаруашылығын дамыту операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына жауап бере алмайды. Бұл схема, әсіресе, дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде өзін ақтамайды. Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығын реформалау кезіндегі тәжірибесін еске алудың өзі жетіп жатыр. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдерінен айырмашылығымыз, бізде күні бүгінге дейін республика аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің күшті және белсенді саясаты қажет екендігін ҚР Үкіметі түсінбей келеді. Ауыл шаруашылығы халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны күйінде қалып отыр. Осылай отандық ауыл шаруашылығының несие және инвестиция тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Бұл проблеманы шешуді мемлекеттің белсенді түрде араласуынсыз бірде-бір ел шеше алмаған. Мемлекеттің аграрлық секторға несие-қаржы механизмі арқылы қолдау көрсетуге ұмтылысында жүйелілік сипаттың жоқ болып тұрғаны да сол себепті. Өйткені оның көптеген элементтері заң жүзінде бекітілмеген, сондықтан да тауар өндірушілер үшін ол болашақтың айқын бағдары бола алмайды.. Сонымен қатар қолдау шаралары мемлекеттік реттеудің басқа формаларынан тыс та (мысалы, монополияға қарсы) қолданылады. Оларды қолдану нәтижесінің негізгі пайдасы көбіне ауыл емес, сонымен аралас монополияландырылған салаларға (минералдық тыңайтқыштарға дотация, тауарлық несие, т.б.) тиіп жатады. Яғни тиімсіз болып отырған қолдау көрсету формасының өзі емес, оны басқа да проблемалар шешімін таппай тұрған жағдайда жүзеге асыру әдісі. Бұдан келіп шығатын түйін – Қазақстан Республикасында бірінші кезекте «Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылдау керек.

Әлемнің дамыған мемлекеттерінде халықты азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз ету және фермерлердің табысты болуына қолдау көрсету мәселелерін шешу мақсатында олардың үкіметі ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға жәрдем бере отырып, жанды көмек көрсетеді. Еуропалық Одаққа біріккен Батыс Еуропа елдерінде ауыл шаруашылығына қауымдастық бюджетінің 65% жұмсалып, оны басқару ауыл шаруашылығының өнімділігін көбейтуге, рыноктарды тұрақтандыруға бағытталып, орталықтандырылған.

Енді статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, фермерлер табысындағы мемлекеттік көмек үлесі Австралияда – 15, АҚШ-та – 30, Канадада – 45, Австрияда – 52, Швецияда – 59, Жапонияда – 66, Финляндияда – 71, Норвегияда – 77, Швейцарияда – 80 пайыз екен. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекет бюджетінің шығыны 2002 жылы 28 770 миллион теңгені құрапты. Немесе ол жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде 5,1 пайызды құраған. Агроөнеркәсіп секторының нарықтық қатынастарға өтуі институттық ұйымдар құруды қажет етеді. Институттық ұйымдардың дамуы мен өркендеуі әр елде әр түрлі болғанымен, оның ауыл шаруашылығын қаржыландыру-несие беруде мемлекеттік реттеуді құрылымдауы, қызмет көрсетуі және басты бағыттары бірдей. Олардың жұмыстарының негізгі бағыттары – агроөнеркәсіптік секторын қаржыландыру-несие беру жүйесі, ішкі ауыл шаруашылығы рыногын, ауыл шаруашылығындағы өндірістік-құрылымдық қайта құрылуды реттеу.

Ауыл шаруашылығын және оған қызмет көрсету саласын дамыту проблемасын шешу үшін әлемдік тәжірибе мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің даму ерекшеліктерін назарға ала отырып, мемлекеттік реттеу және өзін-өзі реттеу, ынталандыру негізінде несие-қаржы механизмін құрған жөн. Республикалық бюджеттің ғана емес, экономиканың тұтастай балансына бағытталған қаржы тұжырымдамасын жасап, жүзеге асыратын да уақыт жетті. Ауыл шаруашылығы ел экономикасы жүйесінде қарастырылуы тиіс. Агроөнеркәсіп кешені экономиканың барлық саласы тоғысатын алып жүйе. Еліміз азаматтарының қауіпсіздігі де, жақсы тұрмыс кешуі де ауыл шаруашылығының дамуына байланысты. Сондықтан да «Ауыл шаруашылығын 2006-2016 жж. дамыту туралы» Заңды жасау да уақыттың талабына сай келіп тұрған секілді. Ол заң бір жағынан, рыноктың жетілмей жатқан тұсын, екінші жағынан, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің жетілмей жатқан жағын өтеп, сонысымен ел экономикасындағы аграрлық секторды қаржыландыру және басқарудың тиімділігін қамтамасыз етер еді. Кейбір ресми тұлғалар экономиканың аграрлық секторы үшін, тіпті көктемгі-күзгі дала жұмыстарын несиелеу схемасына енбеген, несие серіктестіктері мен шағын несие беру ұйымдарын дамыту жеткілікті деп есептейді. Менім ше, бұл ауыл шаруашылығын кемсітетін жаңсақ пікір. Алдымен несие серіктестігі дегеніміздің банк мекемесі емес екендігін естен шығармау керек. Ал ауыл бүгінгі күні кешенді банк қызметіне зәру.

Банк – бұл қаржы рыногы саласындағы бірінші жетекші звено, басқа несие ұйымдары екінші рөлде. Екінші орындағы ұйымдармен салыстырғанда жетекшілік рөлді сақтап қалу үшін банктер белгілі бір деңгейде экономикалық байланысқа түсуі керек. Айналымға ақша шығару (несие), экономикалық айналымды төлем қаражатымен қамтамасыз ету алдымен банктердің құзырына байланысты. Тағы бір баса назар аударатын мәселе – банктік емес несие ұйымдарының бәрі дерлік (несие серіктестіктері де соның ішінде) банктің барлық заңдық және жеке тұлға клиенттерімен бірдей тең дәрежеде қабылданады, яғни ерекше қызмет көрсетілмейді. Бұл дегеніңіз – несие серіктестіктері жұмыстарының ақшамен жұмыс істеуде белгілі бір шектеулілікке тап болатынының дәлелі. Тоқ етерін айтқанда, серіктестіктер банктерге тікелей тәуелді. Яғни банктер рыноктық қаржы операцияларының толық жиынтығын жүзеге асыра алатын жалғыз ұйым.

Жоғарыдағы қозғалған әңгіменің бәрі де елімізге арнаулы мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкінің қажеттігін тағы да бір рет дәлелдейді ғой деп ойлаймын. Бүгінгі банк жүйесімен (жоғары табысты салаға есептелген) ауылдың экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін шешу мүмкін емес. Мысалы, елімізде тұрғын үй проблемасын шешу үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы және Ипотекалық займдарға кепілдік беру қоры құрылды емес пе? Республика тұрғындарының 43 пайызын ауылдықтар құраса, олардың өмірін жақсарту ел үкіметі үшін жауапты міндет. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген басшыларының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ-тарды құру ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржы сұранысының барлық проблемаларын шешеді деп ойлауы қате пікір. Өйткені, мұның бәрі республика ауыл шаруашылығы үшін ақша ресурсын тарту емес, тек бюджет ақшасын бөлумен айналысуда. Сонымен, талдау жасай отырып көзіміз жеткені, үкіметтің қаржы-несие саясаты, алдымен мемлекеттік реттеу саясаты қайта қарауды талап етеді.

Енді Елбасының нұсқауы бойынша елімізде ауыл шаруашылығында мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Агрохолдинг” компанияның құрылғандығы жайлы айтып кетуді жөн көріп отырмын. Осы құрылған Ұлттық компания жұмысының тиімділігі алдымен мемлекеттегі мемлекеттік ақша-несие саясаты құралдарына тікелей байланысты болатыны белгілі. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қаржыландыру және несиелеуге. Өйтпеген күнде бұл құрылымдық қайта құру Ауыл шаруашылығы министрлігі мен құрылатын “Агрохолдинг” арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді қарапайым ғана бөлісу болып шығады. Сондықтан менің ойымша, мемлекеттік компанияны (Агрохолдинг) құрумен қатар және оның жұмысының тиімділігін арттыру үшін ауылға арналған барлық ақша ағыны шоғырланатын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы банкін құру мәселесін де қарастырған жөн. Қазіргі ауыл шаруашылығын несиелеудің басты кемшіліктері:

1. Қолданыстағы коммерциялық несиелеу жүйесі жоғары айналымды капиталға қатысты салалардағы табыстылыққа бағытталған. Оның пайыздық ставкалары және талабы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несие ресурстары рыногына тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік бермейді.

2. Ауыл шаруашылығы үшін несие ресурстарын тарту проблемасы шешімін таппаған күйінде қалуда. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі төңірегінде құрылған барлық қаржы институттары қаржы ресурстарын тартумен емес, ауылды дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты қайта бөлумен айналысып отыр. Қаражат тартпай нарықтық жағдайда ауылда жұмыс істеу дегеніміз ақылға сыймайды және тиімсіз. Дамыған экономикасы бар барлық мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өндірісін нарықтық жағдайдағы ерекшелігін есепке ала отырып құрылған ауыл шаруашылығы несиесінің мамандандырылған жүйесі бар. Біздің республикамызда осындай қаржы институтының жоқтығынан ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген орасан бюджеттік қаражат жыл сайын белгілі бір уақытқа дейін жекелеген коммерциялық банктердің айналымында жүреді. Бұл бөлінген бюджеттік қаражат пен оны мақсатты пайдалану алдындағы жауапкершілікті мойындамауға жайлы ахуал тудырады.

3. Қолданыстағы ауыл шаруашылығын несиелеудің жүйелі сипаты жоқ. Ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін көктемгі егіс және оны жинау жұмыстарына несие беру жобасы жыл сайын өзгертулерге ұшырайды. Нәтижесінде ауылды несиелеу механизмін жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген нормативтік және әдістемелік база жоқ болып тұр. Және бұл болашақта бюджет қаражатының қайтарымына өзінің жағымсыз ықпалын тигізбей қоймайтын болады. Солай, ауыл шаруашылығындағы қаржы саясаты реформа басталғалы бері ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға еш мүмкіндік бермейтін, тек «жыртықты жамау» саясаты болып келеді.

4. Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерінің ипотека механизмі (кепілдік) жоқтың қасы. Жерді кепілдікке алып, берілетін жер-ипотекалық несиесі ауыл шаруашылығының ірі ұйымдарымен қоса, шағын және орта агробизнесті де дамыту және оларға қолдау көрсету үшін ауылға бюджеттен тыс қосымша қаржы ресурстарын тарту мен құрудың маңызды қаржы механизмі болып табылады. Сонымен бірге, басқа механизмдерді қолдану заңдық тұрғыда мүмкін болмаған және экономикалық жағынан тиімсіз болған жағдай да ипотека жерді қайта бөлу мен айналымның қосымша, әрі жеткілікті түрде тиімді құралы болып табылады. Жер реформасының негізгі идеясы ауыл шаруашылығы жерлерін рыноктық айналымға ендіру болғанына қарамастан бұл мәселені қазіргі қаржы институттары шеше алмайды.

Елдің ауыл шаруашылығы банкін құру қажеттілігі

ауыл шаруашылығы ел басшыларының назарын баса аударып отырған нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын ынталандыру мақсатында әр түрлі қаржы-экономикалық және ұйымдастыру механизмдерін пайдаланудың үлкен тарихы бар. Бірақ бүгінгі күні ұлттық ауыл шаруашылығы өндірісінің ауыл шаруашылығының проблемаларын шеше алатын мамандандырылған банкі жоқ. Бұл проблемаларды шешу үшін тек бюджеттік қаржы ағынын жүргізуші түрінде ғана емес, банк жүйесінде ерекше орын алатын осы ресурстарды пайдалану үшін негізгі бақылаушы және қаржы операторы ретінде қызмет жасайтын мемлекеттік жүйені құратын банк құру қажет болып тұр.

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы