Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:05, курсовая работа
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Тауарлы биржалардың өркендеуі ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларымен саудалық қарым-қатынастарды нығайтудың ең қолайлы формасы болып табылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің маусымды түрі күзде , әсіресе, өнімдерді мол жинағанда , ұсыным сұранымнан көп жоғары болғанды, мұның өзі бағаның , оны- мен бірге табыстың төмендеуіне алып келеді. Бірақ өмір қажетімен тұтыну жыл бойы. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне күз айларынан кейін ұсыным күрт төмен түседі, ал сұрамын болса айма-ай ұсынымнан жоғарылай береді. Жаз айларының аяғында екеуінің алшақтығы сонша өткен жылдың өнімдеріне деген баға тез жоғарылайды.
Міне, сұраным ұсыным тетіктерін жөнге салмаған жағдайда бағалардың тұрақсыздануы шыға келеді. Бұл жағдай фермерлерге де, тұтынушыларға да пайдасыз, күзде бұлардың алғашқылары өз тауарлары өте төмен баға алатын болса, кейінгілері ауыл шаруашылық өнімдері үшін көктемде және жазда өз қалтасынан өте көп төлейді.
Бұл жерде орынды сұрақ туады: не себепті фермерлер өз өнімін күзде сатады? Келесі көктемде сату пайдалы емес пе?
Бұл кеңес орындалу үшін қожалықтары ең алдымен көп айлар бойы жинаған өнімін сақтайтын қойма салуы керек, сонымен бірге сақтауға шығындар жұмсау керек. Мұнымен бірге көктемде мол табыс ала қоймайды , ал күзде де болса атқаратын жұмыстар көп, оларға кететін шығындар да мол. Бұл шығындарды жабу үшін қаржыны қайдан алады?
Ол үшін банктен несие алуға болады. Бұл жолдың өз кемшіліктері бар. Біріншіден, болашақ өнімге банк онша көп қарыз бере қоймайды. Себебі, бұл тауар тұрақсыз бағасымен банктен алатын несие мен оның пайыздарын өтей ала ма? Екіншіден, банктік несие үшін үлкен өнім пайыздарын төлеу керек, ол табысты тағы азайтады. Үшіншіден, егер де банкке алған қарызын уақыттылы қайтармаса, онда шаруашылығы тұралатып, уысынан шығарып алуы мүмкін.
Міне, осындай жағжайжа биржевик пайда болып келе кояды. Оның бар мақсаты : бағаның күзде болатынын пайдаланып, көбірек табыс табу. Күзде ауыл шаруашылығы өнімдері арзан болғандықтан көбірек сатып алып, көктем мен жаз айларында бағаның өсуін күтіп қолындағыны сату арқылы баға айырмасынан пайда табу.
Биржевиктің нарықта пайда болуының өзі болып жатқан жағдайға ерекше әсерін тигізеді. Біріншіден, өндірген қнімді күзде сатып алу, сұраным мен ұсынымның жалпы көлемін көбейтіп, олардың араларындағы үйлеспеушілікті жояды . Теңгермелік баға жоғарлайды. Екіншіден, биржевик сатып алған тауарын көктем мен жазда базарға шығарып ұсынымды көбейтеді, ал ол биржевиктің еркінен тысқары, бағаны төмендетеді.
Маусымдық бағаның тұрақсыздануы қоғамда жоғары бағаланады: фермер күзде өз еңбегі үшін көбірек ақша алады, тұтынушы да көктем мен жазда былтырғы өнімнен сатып алып аз төлейді.
Басқа сөзбен айтқанда, биржалық сауда қоғамға пайдалы. Ол әкімшілік-әміршілік үстемдік ел экономикасындағы саудагерліктен мүлде бөлек. Мұндай елдерде ресурстарды тапшы тауарларға қолдары жететіндер саудагерлік жасап байитын. Олар жазасыз, қорқпай саудагерлік жасайды.
Биржалардағы бағаның тұрақты түрде құбылып тұруы дәлелді, заңды себептерден болады. Сондықтан тауар биржалары дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді сезімтал экономикалық тетігі. Міне , бұл сезімталдығы қор биржасын тауарлы биржалармен жақындастырады.
Әлем сатушылары мен алушыларын байланыстырып тауарлы биржалар нарықты өмірге әкеледі, бұл нарықта тауарларды әр уақытта белгіленген көлемде керекті түрін сатуға және сатып алуға болады. Свауда келісімі есебіне әлі өсірілмеген, жиналмаған өнімдер де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды келешекте уақыттылы жеткізіп тұруға келісім –шарт жасасады, бұл келісімді- фьючерлік келісім дейді.
Фьючер – тауарды уақытысында және келісім-шарт жасаған уақыттағы бағамен жеткізуге және төлеуге жасалған келісім.
Фьючерлік сауда өткен ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда болды, қазір биржалық келісімнің ол негізгі түріне айналды, қол бар тауарлар саудасын ығыстырып, орнын басып алды.
Бұл келіісім бойынша фермер өзінің келешекте алар өнімін көктемде сатуы мүмкін, Бұл келісім фермер үшін пайдалы.
2. ҚР-дағы ауыл шаруашылығының жағдайы
2.3 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында - 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген. 2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды.
2006 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту концепциясын іске асыру басталды, оның шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 7 млн. теңгедей қаржы бөлінді.
1-сурет.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы
Өсімдік шаруашылығында 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 273,4 мың тонна – дән, 20,5 мың тонна – картоп, 85,1 мың тонна – көкөніс, 37,7 мың тонна – бақша және 15 мың тонна – майлы дақылдар артық өндірілді. Мұны бәрі жер өңдеудің жаңа жағдайларға ауысуының, сондай-ақ отандық дән өндіру мектебін қайта жаңғыртудың нәтижелері болып табылады.
Мал шаруашылығында 2001 жылмен салыстырғанда сүт -66,9 мың тоннаға, ет – 20,3 мың тоннаға, жүн – 2,0 мың тоннаға, жұмыртқа – 2,5 млн. данаға артық өндірілді.
Көрсеткіштердің тұрақты өсіміне асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен малдарды қолдан ұрықтандыру орталықтары санын арттыру есебінен малдардың гендік қорларын жақсарту сертігін тигізуде. Облыста 204 қолдан ұрықтандыру пункттері мен 59 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді.
Шошқадан басқа барлық мал түрлерінің мал басы артуда. 5 жыл ішінде МІҚ 63,5%-ға артты және 2006 жылдың басына 293 мың басты құрады, қой мен ешкі -71,4 %-ға (1979 мың бас), жылқы - 38% (73,5 мың бас), түйе – 34% (4,3 мың бас), құс -29% (1375,2 мың бас).
Мал өнімдерін өндіру мен мал басының өсу динамикасы үстіміздегі жылы да сақталды.
2-сурет.
МІҚ өсу динамикасы.
Нарықтық экономикаға тән жағдайлардың бірі – бұл инфляция құбылысы. Соған байланысты 2007 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4,3%-ға жоғарылады. Ағымдағы жылдың маусымында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,9%-ға , мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы – 1%-ға өсті. Бидай -7,6%-ға, жүгері- 5,8 %-ға, арпа- 5,1 %-ға, күріш – 4,8%-ға, сұлы -2,6%-ға, қарақұмық -1,8%-ға, тары бағасының -1,3%ға өсуінен дәнді дақылдарға баға өсімі – 7,2% құрады.
Жеміс-көкөністерден бағасының ең жоғарғы өсімі қиярға – 31,2% және қызанаққа – 25,2%, қырыққабат – 8,3%, қызылшаға – 5,1%, сәбізге – 1,1% тіркелген. Картопқа баға өсімі – 10%, жидекке – 1,3%, күнбағыс тұқымдарына – 1,2 % құраған.
Мал шаруашылығы өнімдерінен ағымдағы жылдың маусымында 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мал еті – 4,9%-ға , құс еті – 2,5%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасы - 14%-ға, сүт бағасы – 1,6%ға арзандады.
1-кесте.
2007 ж маусымы 2007ж қаңтар-маусымы 2006ж қаңтар-маусымына
2007ж мамыры 2006ж желтоқсанына
Ауыл шаруашылығы өнімдері 0,0 4,3 12,9
Өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,9 6,9 15,5
Дәнді дақылдар 1,1 7,2 16,2
картоп 0,2 10,0 25,8
Көкөніс -0,2 5,9 7,7
Мал шаруашылығының өнімдері -1,2 1,0 9,5
Мал мен құс 1,3 4,9 9,4
сүт -4,9 -1,6 9,5
жұмыртқа -8,7 -14,0 10,9
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының динамикасы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өндірген және әртүрлі арналар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өзгеруін сипаттайды. Байқау барлық меншік нысандарының ауыл шаруашылығы құрылымының іріктеу шеңбері бойынша жүргізіледі.Өткізу бағасына өосымша құн салығының есебінсіз тасымалдау, жабдықтау, өнімдерді тиеу және түсіру бойынша шығыстар кіреді.
2.2 Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды. Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглердің мемлекеттік реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық қатынастағы Қазақстанның аграрлық секторына да тән.
Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.
Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілералдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар – бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату – бұл пайызсыз несие алумен қатар, ауыл шаруашылық бағалы қағаздар нарығын құруға, тұрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфлияциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
Қазіргі қиын нарық жағдайында әртүрлі ауыл шаруашылық субектілеріне техника иемдену басты проблема болып тұр. Осы қиыншылықтан шығудың бірден бір жолы лизингтік қаржыландыру. Мен Қазақстан жағдайындағы лизинг туралы бірнеше мәселені талдап көрейін. Лизингтік қаржыландырудың банктік несие жүйелерінен айырмашылығы бар ма?, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың, содан кейін лизингтік қаржыландырумен қол жеткен техникаларды сақтандыру жүйесінің қазіргі пәрмені қандай? деген сияқты бірнеше сұрақ туындайды. Мен осы секілді бірнеше сұраққа жауап беріп көрейін.
Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ.
Әрине шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін болсақ: Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін. Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы 3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі. Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2 жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері туралы тоқталып кетейін. 2004 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан 500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады. Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола алады.
Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы