Жер сілкінісі туралы жалпы мағлұмат

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 21:21, реферат

Описание работы

Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.

Работа содержит 1 файл

Жер сілкінісі туралы жалпы мағлұмат.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

Ал Орталық Азия бойынша  ең күшті жер сілкінісі Алматы қаласы орналасқан Алатау бөктерінде болған. 1887 жылғы жер сілкінісі  соның айғағы. Оның ошағы қаланың  дәл шетінде болды.

                                                Қорытынды

          Қорыта айтқанда, жер сілкінісі болуы ықтимал аймаққа Оңтүстік-Шығыс пен Оңтүстік облыс аймақтары да жатқызылады. Мәселен, Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 8 баллға дейін жер сілкіну қаупі жобаланғанын жасырмау керек. 1971 жылы Тараз қаласында, бұрынғы Жамбыл қаласында 8 баллдық «Жамбыл жер сілкінісі» тіркелді. Сол кезде ауылдық жерлердегі ғимараттар мен жекеменшік үйлер сейсмикалық талапқа сай салынбағаны анықталды. Сонымен қатар, қазір Батыс Қазақстан облысында көптеген өндіріс ошақтары ашылып жатыр. Олар – мұнай-газ, басқа да оттегі өнімдерін өндіру ошақтары. Сол жерлерде техногенді, яғни «жасанды жер сілкіністері» болу ықтималдығы артып келеді. Ол дегеніңіз, жер астынан өнім алғаннан кейін қанша жерден босап қалған жер қуысын сумен толтырсаңыз да, ол бәрібір табиғи қалпын келтіре алмайды. Адам қолымен жасаған әрекеттер табиғи сығымдылықты сақтай алмайды да, жер астында бос кеңістіктер пайда болады, кейіннен сол кеңістіктер опырылу арқылы жер сілкінісіне әкеліп соғуы ықтимал.

Сонымен қатар, тау-кен өндірісі бар жерлерде де сондай бос кеңістіктер пайда  болуда. Атап айтқанда, Жезқазған аймағындағы Сәтбаев кен орнына жақын маңда 1994-2005 жылдары сондай жасанды жер сілкіністері тіркелді. Ондай ықтималдылықтан қаптаған шахтасы бар Қарағанды қаласы да қашық емес. Жер астынан кен қазып алғанда немесе газ бен мұнайды сорған кезде жер қыртысының физика-механикалық жағдайы өзгереді, жерасты қабаттарының қысымы өзгереді. Ондай жер сілкіністерді сыртқы әсерден болған сілкініс деп атайды. 2008 жылы 26 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Шалқар көлінің маңындағы сілкіністі сондай «сыртқы әсердің» себебінен болған жер сілкінісі деп болжадық.


Информация о работе Жер сілкінісі туралы жалпы мағлұмат