Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 21:21, реферат
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.
Жер сілкінісі туралы жалпы мағлұмат
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
Сейсмикалық энергияны
бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің
ошағы деп аталады.
Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық
толқынның басталуы болған ошақтың негізгі
нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының
сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі
50км аспайды.
Эпицентр – бұл гипоцентрдің
тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі
нүктесі.
Жер сілкінісі жиі жағдайда
жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен
қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы
(жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың
бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру
сипатымен анықталады және балмен есептеледі.
Сейсмикалық толқынның
жалпы қуатының шамасына жер сілкінісінің
магнитудасы (кейбір шартты белгілері)
жатады.
Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.
Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.
Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады.
Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.
Жерсілкінудің
геологиялық жағдайларын
Қазақстан Республикасындағы
Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары
үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын
құбылыстар (селдер,қар көшкіндері, опырылып
құлау нәтижесіндегі үйінділер,бөгеттердің
бұзылуы, химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті
кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір
қауіп тудырады.
Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына
алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық
зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа
жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың
әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі
бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік
іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол
пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет.
Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы
нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде
пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын
жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс
жер сілкіну деп аталады.
Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісіне дайындықта аса маңызды мәселелердің шешілмей отырғаны туралы алаңдаушылық білдірсе, экологтар беті аулақ, ондай жағдай бола қалса, соңының неге ұшырататыны туралы сақтандыруда. Өйткені, қалада жануардан берілетін аса қауіпті инфекция диагностикасының малдәрігерлік зертханасы орналасқан. Бұдан басқа да экологиялық қауіпсіздік, экологиялық ортаны жақсарту үшін қаланың бас жоспарына сәйкес қаладан көшіруге ұсынылған көптеген өндіріс нысандары бар. Мұнымен қоса жақын таулы алқаптарында көшкін қаупіне алып келетін құрылыстар белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, экологтардың айтуынша, Үлкен Алматы өзені, Медеу ауданындағы, Ақсай, Түрген шатқалдарындағы құрылыстар алда-жалда жер сілкінісі бола қалса, қосымша апатты жағдайлардың: сел мен көшкіннің қоса жүруіне алып келуі мүмкін екендігіне қатты алаңдаушылық білдірсе, оғана өте сергек қарамайынша болмайды. Қазақ «жұт – жеті ағайынды», деп бекерге айтпаса, қазіргі уақытта басқа елдердің тәжірибесі сабақ болса керек. Осыған байланысты Жапониядағы жадайды тағы да алға тартуға тура келеді. Сақ сол жапондардың өзі жер сілкінісімен қатар цунамидің, атом электр стансасының апаты болуы мүмкін екенін ойлап па еді? Осыған орай «Алматы қаласындағы азаматтық қорғанысты дамытудың перспективалары мен туындап отырған проблемалары турасында хабарлау қажет деп санаймын!» – деп, сенатор алматылық ретінде өзінің және барша алматылықтардың жанайқайын білдіргендей болған-ды.
Айтар болсақ, Алматыда құрылыс нысандарын сейсмикалық нығайту мәселесі талай рет көтеріліп келгенмен, айтылған жерінде ескерусіз қалып жүр. Сенат депутаты да сауалында Алматыда екі жүзден астам мектеп, аурухана мен емхана сейсмокүшейтуге зәру екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, қаладағы №5, 6, 15, 47, 52, 55, 57, 64, 68, 82 және 111-орта мектептерді жер сілкінісіне төтеп берердей етіп нығайтудың құжаттары толық дайын. Енді осы мәселені шешу үшін оларға жалпы көлемі 5,5 млрд. теңге қаржы керек. Сондай-ақ, қаладағы 4 емхана мен 1 аурухананың да сейсмикалық күшейтуге қажетті құжаттарының толық пакеті әзір, ол үшін қажетті қаржы – 1,2 млрд. теңге.
Екіншіден, сейсмикалық бақылау торабын жаңғырту бағытындағы ұсыныстар да әлі күнге іске асырылмай отыр. Жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжамдарының тиімді әдістемесі әлі әзірленбесе, «сейсмикалық шағын аудандау картасы» жасалмаған. Үшіншіден, өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мүлдем қанағаттанғысыз. Қаладағы өртке қарсы деполардың барлығы да күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Қосымша 11 депо салмаса болмайды.
Қалалық хабарландыру жүйесінің құрамына кіретін, сонау 1963-1988 жылдардан бері үздіксіз пайдаланылып келе жатқан аппаратураның және байланыс құралдарының әбден ескіріп, саудасы бітіп тұрғанына Үкімет басшысының назарын аударды. Сол сияқты электр дабылдағыштар Алматы қаласы аумағын толық қамтымайтыны да ұмытылған жоқ. Қала аумағын толық қамту үшін Алатау, Түрксіб және Медеу аудандарында тағы 272 дабылдағыш орнатуға тура келеді.
Бүгінде ауылдық округтердегі қабылдаушы эвакуациялық пункттердің жай-күйі бойынша айқын көрініс, қабылдайтын нысандардың атаулары туралы мәлімет, олардың мекенжайлары белгісіз, аудандардың карта-схемалары жоқ, қанша эвакуацияланған халықты қабылдай алатындығы, медициналық қосындардың бар-жоқтығы да белгісіз. Медициналық жұмылдыру резервінің жағдайы да қанағаттанғысыз. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының резервінде медициналық препараттардың, стационарлық және жылжымалы электрстансалардың, санитарлық зембілдердің, жабдықтар мен техниканың қажетті есептік көлемі беймәлім. Осы мақсатта медициналық мүліктерді қорландыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру 1991 жылы тоқтатылыпты. «Алматыдағы төтенше жағдай орын алғандағы материалдық-техникалық қор 12 000 адамға арналған 4 мобилді автономды шатыр қалашықтарынан ғана тұрады», дей келіп, сенатор біздің халық жер сілкінісіне дайын еместігі туралы түйін жасаса, ол – ақиқат. Жалпы, бүгін республикада табиғи жер сілкіністері бұрын-соңды кездеспейтін аймақтарда да болып жүр. Ғалымдар ондай жер сілкіністерінің негізінен тереңнен шикізат, яғни газ, мұнай алынатын жерлерде кездесетінін айтады. Өйткені шикізат алынған жер қыртыстары босап қалады да, оны сумен толтырғанмен, өзінің бастапқы қалпына келе қоймайды. Себебі табиғи заңдылық бұзылады. Осындай аймақта техногендік жер сілкіністері пайда болып жатса, ол өз кезегінде табиғи жер сілкіністерінің болуына әкеп соғады. Ал батыс өңірдің ертеңі ешкімді алаңдатпайтыны соншалықты мұнайды ашқарақтана қарпып алып жатырмыз.
Ойлану керек. Мысалы, АҚШ-та, Норвегиядағы техногенді жер сілкіністерін, бұрындары болмағанмен, жер қойнауынан табиғи шикізаттың көп мөлшерде алынуынан бес-алты балдық жер сілкіністері көбейіп кеткен Башқұртстан, Татарстанның жағдайын ескерген артық емес. Тіпті, өз елімізден қарапайым ғана мысал келтірейік. Осыдан біраз жылдар бұрын Жезқазған өңірінің өзінде жер асты кенін қомағайлана алып, жер қыртысының босап қалуынан қайғылы апатты жадайдың орын алғаны есімізде. Осылай кен орындарына жақын орналасқан бірнеше елді мекен және поселке тұрғындарының қоныс аударуына тура келген-ді. Алайда сақтықтың қажеттілігін мойындағымыз келмейді. Мәселен, сейсмология институтының бақылауы бойынша, елімізде 200-ден астам кен орны бар. Соның 80-ге таяуын пайдаланып болсақ, 30-ын бақылап отыру туралы Үкімет қаулы қабылдағанмен, шикізат өңдіретін жеке компаниялар қаулыдағы нұсқауларды орындауға пысқырып та қарамайды. Көбіне олар қадағалау туралы жалған ақпаратпен құтылғанды қалайды. Осы ретте сейсмология институты Қарашығанақ кен орнында 2002 жылдан бастап 2007 жылдың екінші жартысына дейін мониторинг жүргізіп, сейсмикалық жүйелерді қойып бақылау арқылы талай жердің сейсмикалық әлсіз тұстарын, шытынаған жер сілкіністерін байқап, өздерінің тізбесіне алған. Бірақ шикізат өндіретін компаниялардың осы мақсатқа қаражат бөлмеуінен қазір ондай жерлерде бақылау жұмыстарын жүргізе алмауда.
Қарап отырсақ, Алматы болмаса, басқа өңірлерде жер сілкінісі болуы ықтимал деп қауіптенудің реті жоқ, дегенді айта алмаймыз. Айтар болсақ, сейсмология иституты жылына Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам жер сілкінісін тіркесе, екібалдық жер сілкінісі өте жиі кездеседі екен. Қалай болғанда да, мұндай жағдай сақтанбаса болмайтындығын көрсетеді. Олай болса, алдымен, сейсмикалық картаның қажет екені даусыз. Сейсмикалық картаның негізгі қызметі – сейсмикалық қауіпті аймақтарды айқындау. Ал елімізде жер сілкінісінің үдеу күші болатын жерлерді зерттеп жасалған карталар бар ма? Қазақстан бойынша оншақты жыл бұрын кеңестік әдіс-тәсілмен жасалған мұндай карта, қазіргі күні еурстандартқа сай келмей отыр. Салынып жатқан құрылыстар сейсмикалық тұрғыдан тиісті талаптарға жауап бермейді, деп кінә тағамыз. Проблема – талаптың орындалмай отырғанында ғана емес, орындалмау себебінде. Қолданыстағы карта қазіргі құрылыс жұмыстарының қоятын талабына жарамай қалды. Сондықтан жаңа картаны тезірек жасап, құрылыс жұмыстарын осындай сенімді картамен жүргізбесе болмайтынын сейсмолог ғалымдар атап айтуда.
Алматы Энергетика және
2. Землетрясение автора: Александр Фадеев
3. К землетрясению без риска автора: В. Семенец, В. А. Широков.
4. wikipedia.org/wiki/
5. http://www.egemen.kz/2011/12/
Қазіргі таңда дүние жүзінде сейсмикалық жағдайдың үдегені байқалуда. Бұл үдеуді жобамен 1995 жылдан басталды деуге болады. Өйткені, сол жылы Жапонияда «Кобе жер сілкінісі» болды. Ол сілкіністің соншалықты орасандығына қарамастан, жапондардың құрылыс салу тәжірибесінің жоғарылығы мен сапасын байқадық. Сондай дүлей күшпен сілкінгеніне қарамастан, Жапониядағы кісі шығыны алты мың адамнан асқан жоқ. Сонымен салыстыратындай жер сілкінісін айтар болсақ, ол Армениядағы 1988 жылғы 7 желтоқсанда Спитак қаласында болған жер сілкінісі. Онда кейбір деректер көрсеткендей, 41 мың адам қаза тапты. Бұл жерден нені байқауға болады? Сол кезде Спитактың сейсмикалық болжау картасын 7 баллдық сілкініске есептеп жасалғандығы анықталып отыр. Ал сілкініс күші эпицентрде 9 баллдың үстінде, тіпті 10 баллға дейін жетіп жығылды. Қала мүлдем қирап қалды. Ал жапондар сейсмикалық болжау картасын нақты есепке жүгініп жасайды. Сол Спитак оқиғасынан кейін жер-жерлерде сейсмикалық картаны жасау шұғыл қолға алына бастады.
Егер, құрылыстарды 9 баллдық күшке есептеп соқсақ, ол құрылыстар 9 баллдық жер сілкінісіне шыдайды. Құрылыстардың көбісі «жер сілкінісінің күші төмен болады-ау» деген жобамен салынғандықтан да қирап қалады. Тағы бір себеп, құрылыс материалдарының сапасы және жобаның есебі.
1999 жылы да Түркияда үлкен жер сілкінісі болды. Онда жер сілкінісі орасан болатын себебі, ел «Анадолы жарығының» бойында орналасқан. Ол өте қатерлі аймаққа жатады. Және түріктерде қирандының көп болатын тағы бір себебі, Түркияның құрылыстары жерасты суларының деңгейі жоғары жерлерге салғандықтан болып отыр.