Стероидтарды алу технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:00, курсовая работа

Описание работы

Стероидтар – ең қызық, кеңінен таралған және құрылымы бойынша аса күрделі табиғи қосылыстар. Көптеген жылдар бойы стероидтар синтезі терең зерттеліп, медицинаның түрлі салаларында, ауыл шаруашылығында теориялық және практикалық қолданыс тапты. Стероид алудың осы уақытқа дейін зерттелген көптеген әдістерін негізгі төрт топқа бөлуге болады: табиғи көздерден бөліп алу, микробиологиялық синтез, стероидты қаңқасы бар табиғи шикізат негізіндегі жартылай синтез, және құрылымы жағынан қарапайым стероидтардан химиялық синтезбен қажетті түрлерін алу. Осының ішінде әрине қазіргі кезде кең қолданылатын және әлдеқайда тиімді болып табылатын әдіс – микробиологиялық синтез.

Содержание

Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1 Стероидтардың биологиялық рөлі, шығу тарихы,қолдану мүмкіншілігі
1.2 Стероидтардың микробиологиялық трансформациясы
1.2.1 Холестериннен стероидты гормондар түзілуі
1.2.2 Стероидтардың негізгі микробиологиялық айналулалары
1.3 Микробиологиялық трансформация үрдістерін жүргізу технологиясы
1.3.1 Микробиологиялық трансформация технологиясы
1.3.2 S затынан гидрокортизонды алу технологиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Стероиды.doc

— 994.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

                                       

                                            Қорытынды

Сонымен, микроорганизмдер  трансформация үрдістерін (органикалық  заттардың молекулаларының бір  бөлігін өзгеріске ұшырату) жүзеге асыра алады. Бұл әдіс химиялық әдіске қарағанда әлдеқайда оңай әрі тиімді.   

 Өндірісте аса қажетті органикалық қосылыстар – стероидтарды жасауда бұл әдіс кең қолданысқа ие болды. Қазіргі кезде биоконверсия көмегімен кортизон, гидрокортизон, преднизолон және басқа да бағалы стероидты препараттарды алады. Микробтық технологияны жетілдіру және қолдану – стероидтар өндіру бағасын 100 есе арзандатты.

Фармаөндірісте  өндіру масштабы бойынша стероидтар антибиотиктерден кейінгі екінші орын алады; бұл кортикостероидтар, прогестерон, эстрогендер және андрогендер. Медицинада қабынуға қарсы, диуретикалық, анаболитикалық, контрацептивтік, қатерлі ісікке қарсы емдік препараттар ретінде қолданылады.

 Көп ферменттерлі қолданатын химиялық әдістерге қарағанда микробиологиялық трансформация кезінде әдетте тек бір ғана ферментті қолданады. Бұдан басқа артықшылықтары - экономикалық жағынан тиімділігі, технологияның оңайлығы, химиялық жолмен алынбайтын күрделі молекулаларды құрастыру.

 Микробиологиялық трансформация немесе биотрансформация тек стероидтар алуда ғана емес, одан басқа да қажетті бағалы заттарды, көмірсуларды, аминқышқылдарды, гетероциклді қосылыстарды өндіруде қолданылады. Бұл әдіс, әрине, микробиология, биотехнология салаларындағы үлкен жетістіктердің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. В.А:Быков, И.А.Крылов, М.Н.Манаков Микробиологическое производство биологически активных веществ и препаратов – М: «Высшая школа» 1987; 89-93 беттер
  2. Қ.Х.Әлмағамбетов, Ә.Ө.Байдүйсенова, Қ.М.Мұхаметжанов Микроорганизмдер биотехнологиясы, Астана 2008, 230-233 беттер
  3. Яковлев В.И. Технология микробиологического синтеза. – Л.: Химия, 1987; 121-122 беттер
  4. М.Е.Бекер  Биотехнология микробного синтеза– Рига: Зинатие, 287 бет
  5. Карпухин В.. Биотехнология 1985; 3: 130 бет
  6. Бирюков В.В. Основы промышленной биотехнологии – М.: КолосС, 2004. – 296 бет
  7. Мосичев М.С., Складнев А.А., Котов В.Б. Общая технология микробиологических производств. М.: Легкая и пищевая пром-сть, 1982 – 264-273  беттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қосымша А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Ә

 

 

Холестериннен түзілетін гормондардың биосинтез жолдары

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б

 

 


 

 

 

Сыйымдылығы 50 м3 ферментер (Балиикина бойынша, 1970)

1 – аппарат  корпусы, 2 – жылу алмастырғыш, 3 - термометрге арналған гильза, 4 - барботер, 5 - білікті центрлеуге арналған кергіштер, 6 - араластырғыштың білігі, 7 - араластырғыштың қалақтары, 8 - ферментер тіреуіші,  9 - біліктің дәнекер жалғастырғышы,  10 - араластырғышты қозғалысқа келтіретін қондырғысы, 11 -  мотор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша В

 

 

Curvularia lunata-ның микроскопиялық бейнесі

 


Информация о работе Стероидтарды алу технологиясы