Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 07:24, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты ұзақ мерзімді несиелендіру және жобаға сәйкес қаржыландыру болып табылады. Ұзақ мерзімді несие деп негзіген 12 айдан асатын несиелерді жатқызамыз. Мұндай несиелер ипотека және кәсіпорындарды инвестициялқ қаржымен қамтамасыз ету болып табылады. Сәйкесінше ,ұзақ мерзімді несиелер, инвестициялық мақсаттарда қолданылады. Орташа мерзімді несиелер сияқты, бұларда негізгі қаражаттар қозғалысына қызмет етеді, тек берілетін несие ресурстарының үлкен көлемдерімен ерешелінеді.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Ұзақ мерзімді несиелендіру............................................................................4-14
1.1. Ұзақ мерзімді несие түсінігі, түрлері...........................................................4-6
1.2. Ипотекалық ұзақ мерзімді несиелендіру ................................................... 6-14
2. Жобалық қаржыландыру..............................................................................15-24
2.1. Жобалық қаржыландыруға талдау жасау, қаржыландыру ережесі.........15-20
2.2. Инвестициялық жобалық қаржыландыру................................................20-26
3. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялар...........................27-30
Қорытынды.........................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................33
-құрылыстың, монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру;
-жоба бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау.
3-кезең. Жаңадан құрылған объектілерді игеруде 3 сатыдан тұрады:
-монтаждау;
-өндірісті іске қосу;
-жобаны аяқтау және пайдалануға беру.
Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
1. Мемлекет «Концессиялар
туралы» Қазақстан
2. Базалық шарт бойынша орындаушыны
таңдау Қазақстан Республикасының концессиялар
туралы заңнамасына сәйкес конкурстық
негізде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет жобалық
қаржыландыру шарттарымен іске
асыратын инвестициялық жобалар
4. Базалық шарт бойынша орындаушы
өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы
компаниясына талап ету құқықтарын беруді
жүргізгені туралы мемлекетті күнтізбелік
он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар
етуге міндетті.
Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері
1. Орындаушы базалық
шартта айқындалған өз
2. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны
таңдау осы Заңның 6-8-бабының 2-тармағына
сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып
жүзеге асырылады:
1) оның негiзiнде базалық шарт
бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында
конкурс өткiзiлiп отырған конкурстық құжаттаманың
ережелерi қайталама конкурс өткiзiлетін
кезге шарттың iс жүзiнде орындалған талаптарын
ескере отырып, өзгерген ережелердi қоспағанда,
алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының
ережелерiне сәйкес келуi тиiс;
2) конкурстық құжаттама жаңа
орындаушының кредиторлармен келiсiлген
олардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауы
жөніндегі талапты қамтуы тиіс.
3. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны
таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде
кредиторлармен келісім бойынша тапсырыс
беруші базалық шарт бойынша талаптарды
орындауды уақытша орындаушыға жүктеуі
мүмкін, оны таңдаудың тәртібі мен қызметін
жүзеге асыру талаптарын Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
2.2. Инвестициялық жобалық қаржыландыру
Инвестиция – кәсіпкерлік объектілеріне пайда алу мақсатында салынатын материалдық және интеллектуалды құндылықтардың жиынтығы. Инвестициялық процесс – капиталды ұлғайту мақсатында ұдайы процесс. Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыста екені белгілі.
Инвестициялық жоба – бұл заттай объектілерді және техникалық процестерді жүзеге асыруға қажетті материалдық қаржылай еңбекпен және басқадай ресурстарды қамтитын техникалық және ұйымдастыру құжаттарын, сондай-ақ, олардың орындалуына байланысты басқару шешімдерін және шараларын қамтитын көздеген мақсатқа немесе нәтижеге жетуде бағытталған жүйе болып табылады.
Нақты инвестициялар
– инвестициялардың негізгі капиталға,
жөндеу жұмыстарына айналым
Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар – жер учаскісін пайдалану құқықтарын сатып алу, лицензияны, тауар белгісін, патенттерді, ноу-хау және тағы басқаларды алуға кететін салымдар.
Интелектуалдық инвестициялар – жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеру және ғылыми зерттеулермен, ғылыми техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты инвестиция.
Қаржылық инвестиция – бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға жұмсалатын салымдар, сонымен қатар несиелік және банктік мекемелермен берілетін несиені ұсыну.
Тікелей инвестициялар – заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады, ол инвесторға объектіні басқару немесе оның қызметін қадағалауға құқық береді. Инвестор тікелей инвестицияға қаражат салу нәтижесінде өзінің өндірістік капиталын арттырады, яғни тікелей инвестицияның капитал құру негізіне ие инвестиция.
Портфельдік инвестициялар – ол заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға салу арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарға салынатын салым есебінен инвестор өзінің қаржылық капиталын арттырады және дивиденд алады.
Басқа да инвестициялар – басқада әр түрлі ұйымдармен берілетін займдар.
- Инвестициялау ресурстарын іздестіруде қайта өңдеуге және өндірістік мақсатқа пайдалануға арналған пайдалы қазба-байлық немесе табиғи ресурстардың болуы негізгі шарт болып табылады. Сондай-ақ, бұл сатыда сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін демографиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлар да есепке алынады. Жобаны инвестициялау мүмкіндігін іздестіруге импортқа орын ауыстыратын өнімдер көлемі, сондай-ақ экспорттық маңызы бар тауарлар мен қызметтер көлемі талданады.
- Кез-келген инвестициялық жоба алдын-ала дайындалып, жасауды аяқтағаннан кейін қарастыруды талап етеді. Жобаны қарастыру барысында жобаға қажетті әр түрлі ресурстар бойынша, сондай-ақ жобаға қатысушылар оларға өзара келісім-шартпен келісімдер жасайды. Инвестициялық жобаны іске асырудың бұл кезеңінде маркетингтік зерттеулер жасау, сонымен қатар кадрлардың немесе мамандардың біліктілігін арттыруға байланысты маңызды мәселелер қарастырады.
- Инвестициялық жобаны жасаудың үшінші кезеңі бұл іске асырылған жобаның нәтижесінде пайда болады. Жаңа объектіні, оның тапсырушысына кілтін беруден бастай отырып, оны қабылдау және қосу шаралары және т.с.с жұмыстар атқарады. Сондай-ақ бұл кезеңде пайдаланылатын бұл объектінің құрал-жабдықтарын айырбастау және инновациялауға байланысты мәселелер қамтылады
Кез-келген инвестициялық жобаның тиімділгін бағалау ол жоба бойынша қаржыландыру формаларының қайтарымдылығына көз жеткізумен байланысты болып келеді. Мұндағы бағалаудың басты мақсаты – жоба бойынша жұмсалынған шығындар мен жобаны іске асырудан түскен түсімдерді өзара салыстыру болып табылады. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалағанда пайдаланылатын әдістер екіге бөлінеді:
-Дисконттау концепциясына негізделген жобаның тиімділігі;
-Дисконттау концепциясына негізделмеген, яғни жобаның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері.
Бірінші топтағы әдістерге:
-ағымдағы құнды есептеу әдісі
-болашақтағы құнды есептеу әдісі;
-таза ағымдағы құнды есептеу әдісі
-инвестицияның
-ішкі пайданы есептеу әдісі.
Екінші топқа жобаны өтеу мерзімін есептеу әдісі және жоба бойынша зиянсыздық нүктесін анықтау әдісі жатады.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
- мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
- ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
- шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық – салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды.
Инвестиция түрлері:
1) тура инвестиция. Ол кәсіпорынды басқару құқығын береді.
2) портфельдік инвестиция. Инвестицияның бұл түрі акциздік капиталдың 20% құрайды, басқаруға құқық бермейді.
Инвестицияның артықшылықтары:
1) ЖІӨ ұлғайтады.
2) ҒТП-ң дамуына жағдай жасайды.
3) халықтың әл-ауқатын жоғарылатады.
4) қазіргі кезеңгі Қазақстандағы бәсекеқабілеттілікті жоғарылату мақсатындағы инновациялық-индустриалдық дамуға жағдай жасалады.
Инвестиция көздері:
Кәсіпорынның ішкі көздері:
1) кәсіпорынның ішкі саласы
2) халықтың жинағы
3) бюджеттен бөлінетін қаржы
Сыртқы көздері:
1) тура шетелдік инвестициялар
2) халықаралық займдар
3) халықаралық қорлардың гранттары.
Елдің экономикалық инвестициялық активтілігі. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемімен өлшенеді.
Қазақстанға инвестиция салушылар (елдер): ТМД – Ресей, Украина; Қытай (жан-жақты); Түркия (жеңіл өнеркәсіп), Корея (металлургия), Иран, Пәкістан, Ауғанстан.
Батыс елдерінен: Германия, Ұлыбритания, Франция, Чехия, АҚШ, Литва, Австралия.
Инвестиция тартымдылығы төмен салаларға мемлекеттік инвестициялар салынады. Мемлекет инвестициялардың мемлекет үшін стратегиялық маңызды секторларға бағынады.
Мемлекеттік инвестициялардың тиімді бөлінуі үшін “Мемлекеттік инвестиция” бағдарламасы жасалады. Елімізде Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі агенствосы құрылған, Қазақстан Республикасы Президенті тұсындағы “Шетелдік инвестицияның кеңесі”, “Инвестициялық іс-әрекет” толық заңдылықпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік инвестициялар мынадай салаларға бөлінеді:
1. Жол салу құрылысы.
2. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі.
3. Әлеуметтік мәселелерді шешу: мектеп, аурухана, мәдени ошақтарды қалпына келтіру, басқа мәселелерін шешу.
4. Қорғаныс мәселесіне байланысты. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Ауыл шаруашылық салаларына.
Инвестициялық саясаттың бағыттары:
1. Отандық және шетел инвестицияларына бірдей жағдай жасау.
2. Инвестициялық заңдылықты жетілдіру.
3. Жеке кәсіпкердің инвестиция көлемін ұлғайту, әсіресе, халықтың жинағын тарту.
4. Кедендік және салықтық жүйені жетілдіру.
Қазақстан Республикасында өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы
2012 жылғы қаңтар-шілдеде өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар көлемі (салыстырмалы бағада) 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 25,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіне салу үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде 10,7%-ды құрап, 2 пайыздық тармаққа азайды.
Саланың негізгі капиталына
салынған инвестицияларды
Кесте -Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестицияларүлесі
Ескерту: www.kazinvest.kz
Кесте- Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индекстері
Ескерту: www.kazinvest.kz
Бұл инвестициялардың тиімділігін арттыру, іскер ақпараттың бәсекелі рыногын қалыптастыру, инвестиция салу объектілерімен толық танылып білу үшін жасалады.
Қазақстанда тартылып жатқан инвестициялардың көп бөлігі өндіруші, өңдеуші салада көп шоғырланған. Ал бәсекеқабілеттілікті қамтамасыз ету жағдайында басты мақсат болып: қызмет көрсету саласындағы инвестиция салымын көбейту.
Қалыптасқан пікір бойынша инвестиция құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуальдық құндықтардың барлық түрлері енеді. Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, лицензиялар) ұлғайту үшінде жұмсалады.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жасау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Инвестициялық саясатының
басты бағыттары мынадай
- инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
- баланс
активі мен пассивіндегі квазии
- инвестициялық
операциялардың сапасы үшін
- инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
- бағалы
қағаздардың сапасының
- инвестициялар
портфелінің