Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 17:00, реферат
Жұмыс орны – жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын. Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Мұны Жұмыс орнынын жарақтандыру деп атайды. Негізгі жабдықтарға Жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады
9) аттестациялау жөнiндегi жұмыстар көлемiн ескере отырып, тартылатын мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушiмен өндiрiстiк нысандарды аттестациялауды өткiзу мерзiмiн келiседi;
10) еңбек жағдайлары бойынша
11) өндiрiстiк нысандарды аттестациялауды
бақылауды жүзеге асырады.
3. Аттестациялауды
өткiзудiң тәртiбi
14. Еңбек зияндылығының және
1) еңбек жағдайлары бойынша
2) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың деңгейлерi зертханалық және аспаптық өлшеулер негiзiнде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулерi жұмыс және өндiрiстiк процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиiс. Жұмысшылардың үнемi ашық ауада және жерасты көмiр шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргiзiлмейдi.
3) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлар параметрлерiн өлшеу нормативтiк құқықтық актiлерде, санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттiк стандарттарда көзделген тәртiпте және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелерi хаттамалармен рәсiмделедi (осы Ережеге 1-қосымша).
4) зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың параметрлерiн өлшеген кезде белгiленген мерзiмге сәйкес мемлекеттiк тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет;
5) еңбек жағдайларының нақты жай-
15. Жарақат қауiпсiздiгiн бағалаудың негiзгi нысандары:
1) өндiрiстiк жабдықтар;
2) құрылғылар мен саймандар;
3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлу;
4) оқу және нұсқау құралдарымен
қамтылу болып табылады.
16. Өндiрiстiк жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк және салалық стандарттар, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нұсқаулықтар негiзiнде жүргiзiледi және олардың техникалық жағдайына, паспорттық параметрлерi мен өндiрiстiк процесс технологиясының талаптарына сәйкестiгiне байланысты болады.
Жарақат қауiпсiздiгiн бағалау өндiрiстiк жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, сондай-ақ оқу құралдары мен нұсқаудың нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестiгiн өндiрiстiк жабдықтарға белгiленген үлгiдегi техникалық паспорттардың немесе қауiпсiздiк сертификаттарының болуын ескере отырып, тексеру жолымен жүргiзiледi.
Техникалық паспорттар мен
Жабдықтардың жекелеген түрлерiне техникалық
паспорттар, сертификаттар немесе актiлер
болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына
қарамастан жарақат қауiпсiздiгiне терiс
баға берiледi және оларды пайдалануды
тоқтата тұру қажеттiлiгi туралы мәселе
қаралады.
17. Өндiрiстiк жабдықтың, құрылғылар мен
құрал-саймандардың жарақат қауiпсiздiгiн,
ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз
етiлуiн және де оқу мен нұсқау құралдарымен
қамтылуды бағалау Жарақат қауiпсiздiгiн
бағалау және ұжымдық қорғану құралдарымен
қамтамасыз етiлуi хаттамасымен ресiмделедi
(осы Ережеге 2-қосымша).
18. Қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн бағалау:
1) әр кәсiп қызметкерлерiнiң жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрi - ЖҚҚ) қамтамасыз етiлуi анықталады. Қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау нақты берiлген құралдарды өндiрiстiк ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа жеке қорғану құралдарын тегiн берудiң нормаларымен салыстыру арқылы анықталады;
2) қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау кезiнде берiлген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестiгiн бағалау жүргiзiледi. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестiк сертификаттарымен расталуға тиiс;
3) қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз
етiлуiн бағалау Қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен
қамтамасыз етiлуiн бағалау хаттамасымен
(осы Ережеге 3-қосымша) ресiмделедi. Қызметкерлер,
еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес,
ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етiлгенде ғана
"қамтамасыз етiлдi" деген баға қойылады.
4. Жұмыс орнындағы
еңбек жағдайларын жиынтық бағалау
19. Жұмыс орнындағы еңбек
1) өндiрiстiк ортаның зияндылығы мен қауiптiлiгiнiң, еңбек процесiнiң ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесiн;
2) жарақат қауiпсiздiгiнiң және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлу дәрежесiн;
3) қорғану құралдарымен
20. Жұмыс орнында қауiптi және зиянды
өндiрiстiк факторлар болмағанда немесе
олардың нақты мәндерi қауiпсiздiк нормаларына
сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауiпсiздiгiнiң
талаптары орындалғанда және қызметкерлер
жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз
етiлгенде, жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi
жағдайлары еңбек қауiпсiздiгi талаптарына
сәйкес келедi деп есептеледi.
21. Егер жұмыс орнындағы
22. Еңбек жағдайлары қауiптiге жатқызылған
кезде аттестациялауға комиссиясы жұмыс
орнын қайта жарақтандыру немесе тарату
жөнiнде шаралар қабылдау туралы ұсыныс
енгiзедi.
23. Өндiрiстiк нысандарды аттестациялауды
аттестациялау комиссиясы Ұйымдағы еңбек
жағдайларын жақсарту және сауықтыру
жөнiндегi жоспардың жобасын қоса отырып,
Өндiрiстiк нысанды аттестациялау актiсiмен
ресiмдейдi.
5. Өндiрiстiк нысандарды аттестациялауды
ресiмдеудiң тәртiбi
24. Аттестациялау нәтижелерi мiндеттi бөлiмдерi, сондай-ақ қосымшасы бар бiрыңғай құжат түрiнде ресiмделедi:
1) жалпы мәлiметтер (ұйымның толық заңды атауы, мекен-жайы, ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санын, оның iшiнде зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiндердi көрсете отырып және жеке өндiрiстiк бөлiмшелер бойынша ұйымның құрылымы, аттестациялау жүргiзудiң негiзi, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мәлiметтер, аттестациялау комиссиясының құрамы);
2) өндiрiстiң қысқаша сипаттамасы (қызмет сипаты, қолданылған технологиялар, барлық зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың, қауiптi өндiрiстiк жабдықтардың және процестердiң тiзбесi);
3) еңбек жағдайларын аспаптық және зертханалық зерттеу хаттамалары;
4) жарақат қауiпсiздiгiн бағалау хаттамалары;
5) қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз
етiлуiн бағалау хаттамалары.
6. Ұйымдағы
еңбек жағдайларын жақсарту
25. Өндiрiстiк нысандарды аттестациялау
нәтижелерi бойынша Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi
жағдайларын жақсарту жөнiнде iс-шаралар
жоспары әзiрленедi (осы Ережеге 4-қосымша).
26. Жоспарда ескiрген техника мен жабдықты
ауыстыру, өндiрiстiк процесс технологиясын
жетiлдiру, еңбек жағдайларына сәйкес жеке
және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану
жөнiнде iс-шаралар, сауықтыру iс-шараларын
және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды
ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар көзделуге
тиiс.
27. Жоспарда барлық жұмыс орындарын еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына
сәйкес келтiру көзделуге тиiс.
28. Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды.