Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 17:00, реферат
Жұмыс орны – жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын. Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Мұны Жұмыс орнынын жарақтандыру деп атайды. Негізгі жабдықтарға Жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады
Жұмыс орны –
жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер
тобының) өндірістік міндеттерін орындауына
бейімделген орын. Жұмыс орны негізгі
және көмекші жабдықтармен‚
Өндiрiстiк нысандарды
еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдi
аттестациялауды өткiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өндiрiстiк нысандарды
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндiрiстiк нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау - оларда орындалатын жұмыстың қауiпсiздiгi, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасы жай-күйiн бағалау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестiгiн айқындау мақсатында өндiрiстiк нысандарды, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын бағалау жөнiндегi қызмет;
2) зертханалар - өндiрiстiк орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестiгiн айқындауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын зертханалар;
3) өндiрiстiк нысандар - өнiм шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды әзiрлеумен, өндiрумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндiрiстiк қызметтiң басқа да түрлерiмен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелерi және өзге де жеке тұрған өндiрiстiк бөлiмшелерi;
4) жұмыс орны - еңбек қызметi процесiнде еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) мамандандырылған ұйымдар - өндiрiстiк нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды жүргiзу жөнiндегi, бiлiктi кадрлары мен өзiнiң құрамында өндiрiстiк орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөнiндегi зертханалары бар немесе заңнамада белгiленген тәртiппен тексеруден өткiзiлген тиiстi өлшеу құралдары бар, немесе қызметтiң осындай түрлерiн жүзеге асырушы зертханалармен ұзақ мерзiмдi шарттары бар дербес (тәуелсiз) ұйымдар;
6) бiлiктi кадрлар - мамандандырылған ұйымдардың өндiрiстiк нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау жөнiндегi жұмыспен айналысатын, тиiстi бiлiмi бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиiстi сертификаты бар қызметкерлерi;
7) сертификат - тиiстi Бiлiм беру ұйымдары еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша даярлық курсынан өткен тұлғаларға беретiн белгiленген үлгiдегi құжат;
8) жеке қорғану құралдары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, оның iшiнде арнайы киiм;
9) ұжымдық қорғану құралдары - екi немесе одан да көп жұмыс iстеушiлердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;
10) жарақат қауiпсiздiгi - жұмыс орындарының еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жағдайларда жұмыс iстеушiлердiң жарақаттануын болдырмайтындай еңбек қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi;
11) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары - еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарына сәйкес болуы;
12) қауiпсiздiк нормалары - өндiрiс жағдайларын,
өндiрiстiк және еңбек процесiн ұйымдық,
техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық
және еңбек қызметi процесiнде қызметкердiң
өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған
нормаларды, ережелердi, процедуралар
мен критерийлердi қамтамасыз ету тұрғысынан
сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер.
3. Өндiрiстiк нысандарды еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдi аттестациялауды:
1) өзiнiң ұйымында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi мен өндiрiстiк орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөнiндегi зертханалары бар жұмыс берушi;
2) мамандандырылған ұйым
4. Өндiрiстiк нысандарды аттестациялау:
1) ұйымның жұмыс орындарын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестациялауды;
2) ұйымның өндiрiстiк нысандарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестiгiн кешендi бағалауды:
еңбек зияндылығының және
жарақат қауiпсiздiгiнiң дәрежесiн және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн бағалауды;
қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарымен
қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
5. Өндiрiстiк нысандарды аттестациялау нәтижелерi:
1) жұмыс орындарын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарымен сәйкестiкке келтiру үшiн еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiгiн жақсарту жөнiндегi ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық алдын-алу iс-шаралары кешенiн жүргiзу;
2) өндiрiстiк орта мен жұмыс орындарындағы қауiпсiздiк жағдайларының нақты жай-күйiн бағалау;
3) қызметкерлердiң қажеттi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестiгiн айқындау;
4) кәсiптiк ауруға күдiк туғанда және кәсiптiк аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның iшiнде даулар мен өзге де келiспеушiлiктердi сот тәртiбiмен шешкен кезде аурудың кәсiппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшiн зиянды немесе қауiптi еңбек жағдайларындағы жұмыс фактiсiн растау;
5) өндiрiстiк нысанның немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жай-күйi туралы статистикалық есеп жасау;
7) еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушiнiң) сақтандыру тарифiн белгiлеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақы төлеудi және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берудi негiздеу;
9) қызметкерлердiң еңбек жағдайлары, еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйi,
зиянды өндiрiстiк факторлар және олардың
әсерiнен қорғану шаралары туралы шынайы
ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының
7. Аттестациялауды өткiзу мерзiмiн ұйым,
еңбек жағдайларының өзгеруiне орай, бiрақ
өндiрiстiк нысандардың соңғы аттестациялаудан
өткiзiлген сәттен бастап 5 жылда кемiнде
бiр рет белгiлейдi.
8. Өндiрiстiк нысандарды кезектен тыс аттестациялау мынадай жағдайларда:
1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа
техника немесе технология
2) еңбек жағдайлары бойынша
Кезектен тыс аттестациялау
9. Өндiрiстiк нысандарды аттестациялауды
өткiзудiң уақытылығы мен сапасын бақылауды
мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге
асырады.
10. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
орган Өндiрiстiк нысандарды еңбек жағдайлары
бойынша аттестациялауды жүргiзу жөнiнде
қызметтi жүзеге асыратын мамандандырылған
ұйымдардың тiзiмiн жүргiзедi.
2. Жұмыс берушiнiң
аттестациялауды өткiзуге дайындығы
11. Өндiрiстiк нысанды аттестациялауды
ұйымдастыру және өткiзу үшiн жұмыс берушi
теракты жұмыс iстейтiн, құрамында төраға,
мүшелер және өндiрiстiк нысандарды аттестациялау
жөнiндегi құжаттаманы жасауға, жүргiзуге
және сақтауға жауапты хатшы бар аттестациялау
комиссиясын құру туралы тиiстi бұйрық
шығарады.
12. Ұйымның аттестациялау
13. Ұйымның аттестациялау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен
2) өндiрiстiк ортаның, еңбек және технологиялық процестердiң сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетiктердiң, шикiзат пен материалдардың түрлерiне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауiптi және зиянды факторлардың толық тiзбесiн жасайды;
3) ұйымның өндiрiстiк нысандарын аттестациялауды өткiзу кестесiн жасайды және оны жұмыс берушiге бекiтуге ұсынады;
4) жұмыс орындарын еңбек
5) өндiрiстiк нысандарды аттестациялауды өткiзу үшiн қажеттi нормативтiк анықтамалық базаны қалыптастырады;
6) өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың себептерiн талдайды;
7) өндiрiстiк жарақаттануды талдау негiзiнде жарақаттану қаупi басым жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерiн, технологияларды, машиналарды, тетiктердi, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;
8) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды өткiзуге өзiнiң мүмкiндiктерi болмаған жағдайларда мамандандырылған ұйымды белгiлейдi және онымен тиiстi шарт жасасу жөнiнде жұмыс берушiге ұсыныс жасайды;