Автор: k*********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 09:46, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Венчурлық бизнес түсінігін талдап, оның еліміздегі даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыста келесі міндеттер анықталған:
• Оңтайлы венчурлық ортаны жасау;
• Венчурлық индустрияның қазақстандық оң тәжірибесін анықтау және тарату;
• Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені тарту;
• Венчурлық нарықтың қатысушылары үшін ақпараттық қамтамасыз ету және коммуникативтік алаңды жасау;
• Қазақстанға болуы мүмкін инвесторлар мен технологияларды тарту;
• Венчурлық бизнес компаниялары үшін білікті мамандардың тобын қалып-тастыру
Мұны 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың бас кезеңінде жеке кәсіпкерлер саны мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды тұлғаларға) қатысты статистикалық мәліметтер дәлелдейді. 2008 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 36,7%-ға өскен. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр. Тіркелген шағын кәсіпкерлік және фермерлік субъектілердің үлес салмағы аталған облыстар бойынша, сәйкесінше, 17,1%, 12,2%, 12,2% құрап отыр (кесте 6).
Кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын
Ал
2009 жылдың бас кезінде экономиканың
шағын бизнес секторында жұмыс істейтіндердің
саны 1280,9 мың адамды құрды, оның ішінде
жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мың адамға жетті.
Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыс,
қызмет) өндіру көлемі мен түрі және салалар
мен шаруашылықтар бойынша таралымына
қарағанда олардың көбісі сауда (72,8%),
өнеркәсіп (6,7%) және құрылыс (4,1%) салаларына
шоғырланғандығы байқалады.
2.2 Инновациялық жобалар
Инновациялық жобалар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға, немесе оның техникалық деңгейін жоғарлатуға, жаңа технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына бағытталған.
Ұлттық Инновациялық Қор ИЖ-ды қаржыландыруды жарғылық капиталда заңды тұлғаның жарғылық капиталының қалыптасу немесе көбею кезінде акцияны үлесті сатып алу жолымен немесе қаржылық лизинг жолымен бақылаусыз үлестік қатысу түрінде іске асырады.
2007 жылғы жағдай бойынша инновациялық кәсіпкерлік саласында баяу белсенділік байқалады. Атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішінде жеке бірге инвесторлар «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен («ҰИҚ» АҚ) бірлесіп 11 жобаны жалпы сомасы 16 миллиард теңгеге қаржыландырды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2005 жылы 352 кәсіпорынды ғана инновациялық белсенді деп таныды, бұл елдегі кәсіпорындардың жалпы санының 4,4 %-ын ғана құрайды. Бұл көрсеткіш ЕС елдеріндегіден (орта есеппен 40 %) немесе өтпелі экономикалы елдеріндегіден, мысалы Болгариядан (16 %) немесе Латвиядан (18 %) төмен. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен тек ғылыми-техникалық қызметтің өнімі ретіндегі инновациялық жобаны айқындаудан арылу қажет. Сондай-ақ жоғары тәуекелді жобаларды қаржыландыруға отандық және шетелдік жеке инвесторларды тарту тетігін әзірлеу қажет. Технологиялық инновацияларға келетін болсақ, кәсіпорындардың қазіргі кездегі инновациялық төмен белсенділігін ескере отырып, мемлекет бастапқы кезеңде осы секторлардағы зерттеулерге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің 100 %-ына дейін, алайда кәсіпкерліктің мүдделі өкілдерін зерттеулерді қаржыландыруға неғұрлым кейінгі сатыларда біртіндеп қоса отырып, олармен тұрақты диалог жасау шартымен қаржыландыруға тиіс. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін елде мемлекеттің және жеке меншік бизнестің қатысуымен тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет. Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған. ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады. Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады. Қазақстанда ғылымға бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің 1,1 пайызынан аспайды, яғни ғылыми-техникалық қызметі елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмай отыр. Оның басты себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
Елімізде саланың құрылымдық
бөлінісі бойынша
2.2 Технопарктердің жағдайын талдау
Қазіргі уақытта Қазақстанда және бұрынғы СССР территориясында орналасқан басқа да мемлекеттерде нарықтық экономикаға көшумен, ғылыми-техникалық орталықтарды орналастыруының өзгеруімен, оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеумен байланыста ғылыми-техникалық парктерді және технополистерді ұйымдастыруға әлемдік тәжірибенің маңызы зор.
Технопарктік құрылымдар (технополистер, технопарктер, «теплицалар», технологиялық және инновациялық орталықтар) нарықтық экономика конъюнктурасының тез өзгерушілік жағдайындағы шағын инновациялық фирмалардың қалыптасуында маңызды мәнге ие. Олар аймақтық деңгейде шағын бизнестің өзіндік инкубаторлары болып табылады, берілген аймақ үшін маңызды шағын инновациялық кәсіпорындарының қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті инфрақұрылым құрады.
Қазір
әлемде 300-дей технополис есептеліп
жатыр. Сонымен қатар, республикада
технополисті ұйымдастырушылар университеттер
немесе ғылыми-техникалық орталықтар
емес, әлемдік тәжірибедегідей
Технополистер
«жоғары технологиялар» зоналарының
өзіндік территорияларын
Технопарктер – бұл жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми – зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциалын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университтетті орталықтарда жасалады. Технополистерді және технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми – зерттеулер нәтижесін қолдану үрдісін тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.
3
ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қазақстанның
қазіргі заманғы
Қазақстан
ішкі нарықта озық технологиялар
мен жаңа енгізілімдерге шектеулі төлем
қабілеттілігімен, экономиканың нақты
секторы тарапынан
Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары:
Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.
Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:
Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту; инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.
Ерекше
назар инфрақұрылымдық
Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.
Елдің халықаралық нарықтағы бәсекеде жеңіп шығу қабілетін көтеру үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс: белсенді индустриялық?инновациялық саясат жүргізу арқасында кәсіпорындардың технологиялық қайта жарақтандырылуының мерзімін азайту; шикізат базасы, білікті қызметкерлер мен мамандардың арқасында дүниежүзілік қаржы қорлары жұмысының жүйесіне қосылу; жаңа жоғары технологиялық тауарлар өндіру мен қызмет түрлерін идеядан - өнімге дейін игеру; ұлттық экономиканың диверсификациялануы мен модернизациялануын ? қаржылық жағынан қамтамасыз ету; инновациялық мақсатқа арналған қаржылық қорлардың үлестірілуі мен қолдануының тиімді механизмін жасау. Бұған басым инновациялық жобалар портфелін жасаушы арнайы салалық ғылыми-инновациялық инжинирингтік орталықтар мысал бола алады; инновациялық өндірісті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында мұндай өндіріспен айналысушы кәсіпорындарға жобадағы қуатына жеткенге дейін қосымша, мүлік және жер салығынан босату жеңілдігін беру; шикізат экономикасына арқа сүйеуді тоқтату. Әлемдік нарықтағы тиімді ахуалды пайдалана отырып, экономиканың мұнай-газ саласын жоғары технологиялық машина жасау, металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылым салаларын жетілдіруге локомотив ретінде қолдану; экономиканың шикізаттық емес салаларында халықаралық деңгейдегі сапаға сай өнім өндірісінің үлесін өсіруді сатылы және тиянақты түрде жолға қою, мұның нақты мүмкіндігі алғашқы пилоттық кластерлерді құру және дамыту барысында қалыптастырылмақ; өнеркәсіп салалары үшін инновациялық мүмкіндіктерді іздестіріп, олардың тиімді комбинацияларын құру. Бұл нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға кеп саяды; қазақстандық энергетикалық компаниялардың өнімін өткізетін дәстүрлі әлемдік нарықтарда тұтынушы үшін күрестің күшеюі себепті, Қазақстан стандарттарын дүниежүзілік ИСО/МЭК стандарттарына үйлестіру; қазір аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейіне пропорционал түрде дамуда. Демек, аймақтардағы, яғни облыстардағы бизнес-инфрақұрылымдарды дамытуда олардың әрбірінің күшті әрі әлсіз жақтарын есепке алатын арнайы саясат қажет; кәсіпкерлік саласында агенттік түріндегі арнайы өкілетті орган керек. Оның міндеті шағын және орта бизнесті жоспарлы түрде қорғау мен дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылмақ. Бұл жауапкершілік тетігін жасауға және мемлекеттік органдардың орталық әрі жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін шешуде оперативті қимылдауына мүмкіндік береді. Ел экономикасының халықаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестік қабілетін дамыту үшін қолданылып жатқан кластерлік стратегия білім беру мен мамандардың біліктілігі сапасын көтермейінше жүзеге асуы неғайбыл. Қазіргі қоғамда нарық күресінде артықшылыққа көбінесе білім әрі зияткерлік байлық арқылы қол жеткізіледі. Білім беру мен мамандарды даярлау саласының деңгейін көтеру сарапшылар мынадай шаралар ұсынады: өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандармен қамтамасыз етілуін бақылап отыратын Мониторинг орталығын құру; жұмыс берушілердің өз қаржысын кәсіби білім беру, жұмысшылар, инженерлер мен мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруға тарту; ірі кәсіпорындар негізінде кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер мен университеттер үшін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеретін әрі қайта даярлайтын жүйе жасау. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда: