Венчурлық кәсіпкерлік

Автор: k*********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Венчурлық бизнес түсінігін талдап, оның еліміздегі даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыста келесі міндеттер анықталған:
• Оңтайлы венчурлық ортаны жасау;
• Венчурлық индустрияның қазақстандық оң тәжірибесін анықтау және тарату;
• Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені тарту;
• Венчурлық нарықтың қатысушылары үшін ақпараттық қамтамасыз ету және коммуникативтік алаңды жасау;
• Қазақстанға болуы мүмкін инвесторлар мен технологияларды тарту;
• Венчурлық бизнес компаниялары үшін білікті мамандардың тобын қалып-тастыру

Работа содержит 1 файл

КІРІСПЕ1.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

    АҚШ, Нидерланды, Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания  елдері әлемдегі ең ірі жоғары сапалы технологияларды экспорттаушылар  болып табылады. АҚШ ең көп тәуекелге бел буатын болғандықтан, венчурлік бизнес саласы да бірінші орында. Елдің ғылыми- техникалық даму әлеуеті сәйкесінше сол елдің инновациялық жобаларының жүзеге асырушылық мүмкіндігін сипаттайды. 

    Тәуекелдің  жоғары болу себебінен венчурлік  инвестициялау несиеге қарағанда жоғары процентке ие болады, жылдық табыстың 25-35% құрайды (дәл пайызы инвестиция тағайындалу кезінде бекітіледі).

    Көптеген  мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт  бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі  кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.

     

Кесте 1.  Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

     №     Критерийлер     Ірі бизнес     Шағын бизнес
    1 Өндіріс және қызмет көрсету саласы     Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика     Өндіріс,  сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші
    2 Шығарылатын өнім сипаты бойынша     Жалпылай  өндіріс     Ұсақ  немесе жекелеген өндіріс
    3 Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы     Инновациялық  ашылуларға өте ыңғайлы емес     Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп
    4 Стратегияның  өзгеруі     6-10 жыл     0,5-1 жыл
    5 Қызмет ету  аясы     Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер     Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда
    6 Бәсекелік ортаны құруы     Нарықтың  ауқымды үлесін қамту есебіне  бәсекенің шектелуі     Бәсекелік ортаның күшейтеді
    7 К/о тіркеу және қалыптастыру     Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы     Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік  талаптар
    8 Жаңа жұмыс орындарын құру     Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде  төмен     Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады
    9 Жұмыс күшін  оңтайландыру мүмкіншілігі     Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды     Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде  іске асады
    10 Басқару құрылымы     Аумақты, айбынды басқару     Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі
   11 Басқару жүйесіндегі  мүдделерді ұйқастыра білу     Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды     Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді
 

    Жапонияда  шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.

    Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке  жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:

  • өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;
  • құрылыста- 100 адамға дейін;
  • көтерме саудада- 50 адамға дейін;
  • ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
  • ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;
  • бөлшек саудада- 15 адамға дейін.

    Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын  бизнеске жататын кәсіпорындардың  жұмысшылар саны келесідей болу керек:

    • өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50  адамға дейін;
    • саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға  дейін;
    • көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;
    • ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.                     

    Қазіргі  заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

    Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

      Кіші бизнес ірі фирмалардың  және компаниялардың жақсы жұмыс  істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті.       

    

        

    

      
 

            

                Сурет 2.  Шағын бизнесті құру жолдары  

      Шағын бизнестің артықшылықтары  айқын. Ол шағын бизнестің серпінді,  өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы.  

      Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.

    Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

    Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД  елдеріндегідей технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

    Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің  қазіргі  жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша  сапасының нашарлауы тенденциясына  ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.

    Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан  да 80-жылдардан бастап барлық алдыңғы  қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2008 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9℅), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0℅), Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35℅), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25℅),  ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0℅) болып отыр. Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр (Кесте-3).  

    Кесте 3. 2008 жылы Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

    Мемлекет     ЖІӨ-дегі үлес салмағы, (%)     Жеке  капиталдағы үлесі, (%)
    АҚШ     2,9     66,7
    Жапония     3,0     40,3
    Германия     2,35     66,6
    Франция     2,25     31,4
    Швеция     4,0     32,3
    Ресей     1,9     2,9
    Украина     1,3     2,4
    Қазақстан     0,3     3,0
    Ескерту -  автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған
 

    Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық  даму үрдісі жаңа саты – адамзат  игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

       Жалпы бірінші бөлімді қортындылай келген де, қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

    Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары  мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру. 
 
 
 

    2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ     ДАМУЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

       2.1 Венчурлік бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері 

          Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде. Елімізде бес венчурлық қордың бар екендігіне, ал кеше оның алтыншы нұсқасының құрылғанына қарамастан, ол жалпақ көпшілік үшін әлі де жұмбақтау бизнестің түрі болып тұр.

    Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар».          

        Технологиялар трансферті – бұл қандай да бір пайдалануға арналған зерттеулер мен әзірленімдердің, білімдердің нәтижелерін беру процесі.

        Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдерде ірі кәсіпорындар үшін  технологиялар трансферті саласында мемлекеттік қолдау (зайбатсу, чеболи) жүзеге асырылды. Мемлекет патенттер, лицензиялар алуға қаржы қаражатын бөлді және оларды осы кәсіпорындарға  оларды өндіріске енгізу үшін берді. Жапонның Mitsubischi корпорациясы өндірісінің құпияларын игерген Hundai корпорациясы айқын мысал бола алады.      

Информация о работе Венчурлық кәсіпкерлік