Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:02, реферат
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.
Кестені
құрған (лауазымды
тұлғалардың қолы)
Түгендеу комиссиясының төрағасы ретінде бір материалды жауапты тұлғаны қатарынан 2 рет қоюға рұқсат етілмейтінін сәйкес жерде көрсету өте маңызды.
Сонымен қатар тұрақты қызмет етуші комиссиясының бар болуы ірі (орта) кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерді түгендеу жұмысының жүргізілу жауапкершілігінен босатпауы тиіс.
Бірнеше
түгендеу комиссиясын құру кезінде
тұтас түгендеудің дұрыс
Түгендеу комиссиясының тағайындалуы комиссия құрамы, түгендеудің көлемі, жұмыстың басталуы және аяқталуы көрсетілген бұйрықпен рәсімделеді. Бұйрық арнайы кітапта тіркеледі және түгендеудің жұмыс комиссияның мүшелеріне түгендеу жүргізудің алдында тапсырылады. Кемінде бір мүшенің жоқтығы өткізілген түгендеу нәтижелерін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Комиссия төрағасы түгендеу басталмас бұрын есеп берулердің барлық қосымшаларын визалауы тиіс, ол бухгалтерия үшін түгендеу басына қалдықтарды анықтау болып табылады.
Ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық құндылықтардың, құжаттардың немесе басқа да есеп объектілерінің нақты бар болуын тексеруге міндетті түрде материалдық жауапты тұлға қатысуы керек. Егер кәсіпорынның материалдық жауапты тұлғасы болмаса, онда жауапты тұлға болып кәсіпорын басшысы саналады. Құндылықтардың қалдықтары туралы мәліметтерде олардың нақты бар болуын тексерусіз, тек материалдық жауапты тұлғаның сөзіне немесе есеп мәліметтеріне сүйеніп, тізімге енгізуге тыйым салынады.
Кез келген есеп объектісінде түгендеу жүргізудің өзіндік техникасы бар. Мысалы, құндылықтарды түгендеу есептеу, өлшеу, таразыға тарту арқылы жүргізіледі, ал кейін олардың орналасқан орны және осы құндылықтарды сақтайтын материалды-жауапты тұлғалар бойынша құндық бағалануы жүзеге асырылады. Кіріс-шығыс кассалық ордерлерінің, банк шотының үзіндісі, расталған сальдо мен жазба мәліметтері бойынша алынған талаптар, қарыздар сияқты мүліктің материалды емес бөліктері сәйкес есеп тіркелімдерін тексеру арқылы анықталады. Аяқталмаған жұмыстар түгендеуге кіргізілуі тиіс.
Түгендеу мәліметтері тізіммен рәсімделуі керек, онда белгілі бір уақыт мерзіміне мүліктің жеке құрамдас бөліктері және түрлері, саны мен құны бойынша қарыздық міндеттемелер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар түгендеу тізім тексеруге жеңіл және бастапқы есеп мәліметтерімен салыстыруға болатындай етіп жасалуы тиіс.
Қымбат бағалы құндылықтарға олардың алынуын куәландыратын құжаттарды немесе пайда болуы жайлы мәліметтерді (төлем шотының нөмірі, жабдықтаушы және басқа да деректемелер) анықтау керек. Есептеу мен тақсалауға байланысты барлық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін және нәтижелерін өзара тексергеннен соң тізімін әр бетінің соңына тауарлы-материалдық құндылықтардың реттік нөмірі қолмен жазылып көрсетіледі. Одан кейін бетте жазылған барлық тауарлы-материалдық құндылықтардың жалпы қорытындысы (өлшем бірлігіне қарамастан, табиғи өлшеммен) шығарылады. Бұл көрсеткіштер тізімнің соңғы бетінде, байқалмайтын түзетулер енгізуге мүмкіндік бермеу үшін, көрсетіледі. Тізімнің әр бетіне материалдық жауапты тұлға мен комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Түзетулер барлық комиссия мүшелерімен келісілген және олардың қолдарымен бекітілген болуы тиіс. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімнің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады. Одан кейін түгендеу және есеп мәліметтері салыстырылып, салыстыру тізімі жасалады.
Демек, салыстыру тізімі нақты және есептік мәліметтердің сәйкес келмеген жағдайында жасалады және осындай мәліметтер жиі түгендеу тізімімен бір бланкте біріктіріледі. Бұл – түгендеу бойынша ең маңызды қорытынды құжаттардың бірі және оған енгізілетін нәтижелерді мұқият тексеруге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, анықталған сәйкессіздіктер салыстырылып, дұрыс көрсетілуі тиіс көптеген көрсеткіштердің сапасына тәуелді екенін есте сақтау керек.
Қажетті жағдайда түгендеудің жұмыс комиссиясы атқарған жұмысы хаттамамен рәсімделеді, онда түгендеу нәтижелері және кемшіліктерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі. Түгендеу аяқталғаннан соң оның барлық материалдары мен комиссия хаттамасы тұрақты қызмет етуші комиссия қарауына тапсырылады.
Егер түгендеуден кейін материалды жауапты тұлғалар түгендеу тізімінен қате табатын болса, онда ол бұл жайында түгендеу жүргізген жұмыс комиссиясына өтініш арқылы хабарлауы керек (сауда орны ашылғанға дейін). Барлық көрсетілген фактілер тексеріледі және олар расталған жағдайда анықталған қателер белгіленген тәртіппен жойыла алады.
Түгендеу
комиссиясының өз жұмыс нәтижелері
үшін жауапкершілігін арттыру үшін
бақылау тексерістерін
Түгендеу
аяқталған соң түгендеу комиссиясының
төрағасы тауарлардың нақты
Бухгалтерия құндылықтарды түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықталуын қамтамасыз ету мақсатымен оның аяқталу сәтіне барлық дайындық жұмыстарын, соның ішінде келесі қызметтерді атқаруы тиіс:
Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеумен қатар, бухгалтерия барлық сәйкес шоттар бойынша жазбаларды тексеріп, оларды корреспонденттелетін шоттармен салыстыруы тиіс. Түгендеу нәтижелері бухгалтерлік есепте түгендеу аяқталған кезеңде көрсетіледі.
Түгендеу жүргізудің келтірілген ережелерін жалпылай отырып, оның кезеңдерінің көрнекі болуы үшін, төмендегі желілік графикті ұсынуға болады, сәл ғана өзгерістер енгізгеннен кейін ол есептің әр түрлі объектілеріне қолданыла алады (1.1-сурет). Желілік графикте көрсетілген оқиғалардың түсіндірмесі 1.2-кестесінде көрсетілген.
3.1-сурет
Жоғарыда
Тс=(Tmin
+ Tвв + Tmax)/n
Жұмыстың қосынды
ұзақтығының (оқиғаның басы мен аяғына
дейін) максималды мәнін анықтайтын
жол есептеледі және осы жолдан тыс
жұмыстарына ресурстар (уақыт резервтері)
анықталады.
Түгендеуді жүргізудің жалпыға белгіленген мерзімдері 1.3-кестеде көрсетілген . Түгендеу бақылаудың ең маңызды әдістемелік тәсілдерінің бірі болып табылатындықтан, ол тек қажетті жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Жаңа меншік нысандарының пайда болуы мен кәсіпорындар қызметіндегі дербестіктің артуына байланысты бұл жағдай өзекті болып келеді. Көптеген субъектілер түгендеуді өткізумен байланысты шығындарды есептей келе, түгендеуді жиі өткізуден бас тартады. Олар жасалған ішкі ережелерге және «есеп беру жылындағы түгендеулер саны, өткізу күндері, оларды өткізу барысындағы мүлік пен міндеттемелер тізімі өз бетінше белгіленеді» деп көрсетілген 24-бухгалтерлік есеп стандартына сүйенеді.
Информация о работе Түгендеу түсінігі және түгендеу принципі