Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:01, реферат

Описание работы

Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар.

Работа содержит 1 файл

Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы 3.docx

— 30.02 Кб (Скачать)

1) Тәуекел. Компания үшін  тәуекелдің қандай деңгейі қолайлы  екенін анықтау қажет. Жоғары  тәуекел дәрежесі компанияның  өмір сүруі үшін қауіпті болып саналады.

2) Бұрынғы стратегияны  білу.

3) Қожайын туралы пікір. Нақты стратегиялық баламаларды таңдау кезінде акция иелері басшылық жасау икемділігін шектейді.

4) Уақыт факторлары.

 Стратегиялық баламаларды  таңдау кезінде, факторларды білуден  өзге, бүкілімен бөлісетін, оның болашағын болжайтын форманың тұжырымдамасы қажет болады.

62-бап.Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары

1. Мемлекеттік органның  жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық  жоспары жыл сайын Қазақстан  Республикасының стратегиялық және  бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық  дамудың және бюджеттік параметрлердің  мақұлданған болжамы негізінде  әзірленеді.

2. Мемлекеттік органның  стратегиялық жоспары бюджеттік  бағдарламаларға кіретін мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді.

4. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының  Президентіне тікелей бағынатын  және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының  Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді.  Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.  Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

5. Аудан (облыстық маңызы  бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның  облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.  Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

6. Мемлекеттік органдардың  стратегиялық жоспары тиісті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

7. Мемлекеттік органның  стратегиялық жоспарына өзгерістер  мен толықтырулар енгізуге:

 а) бюджет нақтыланған;

 б) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілері өзгерген;

 в) Қазақстан Республикасы  Президентінің тапсырмаларын орындау  үшін жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған, не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;

 

 г) мемлекеттік органның  функциялары, құрылымы өзгерген  жағдайларда жол беріледі.

8. Мемлекеттік органдардың  стратегиялық жоспарлары бекітілген  күннен бастап екі апта мерзімде  мемлекеттік органдардың басшылары  меморандумдар әзірлейді.

 Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.   Меморандумдарды:

 Қазақстан Республикасының  Президентіне тікелей бағынатын  және есеп беретін орталық  мемлекеттік органдар бойынша  – Қазақстан Республикасының  Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға;

 Қазақстан Республикасы  Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

 Мемлекеттік органның меморандумы кезекті қаржы жылына бекітіледі.   Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар меморандумдарды бекітпейді.

Стратегиялық жоспарлауды заң жүзінде әзірлеу

 

 Саяси деңгейден шығатын  негізгі (кейде кішігірім) нұсқамалар нормашығармашылық қызметтің процесін алдын алады. Осы нұсқамаларды орындау бойынша нормашығармашылық жұмысты бастамас бұрын жұмыстың сипатын стратегиялық талдау өткізу тиімді болады. Мұндай талдауды бірқатар қарапайым сұрақтарға жауап беріп өткізуге болады:

 бізде не бар? (жаңа  нормативтік акт қажет пе?) Қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бола ма? Мақсаты нақты ма немесе оны жетілдіру керек пе? және т.с.с.

 біз не жасауымыз керек? (заңшығарушылық жобаның мақсаты неде?)

 қандай әдіспен біз  оны жасай аламыз? (заңшығарушылық  қызметінің процесі және саяси  стратегия қандай кескінде өтеді,  кім осы процеске шақырылады және кімді мүмкіндігінше шақыруға болады; жобаны сапалы орындау үшін қандай ресурстар қажет, қандай мерзім тиімді болу мүмкін? және т.с.с.)

 жұмыс соңына жеткендігі  туралы біз қалай оны көрсетеміз? (мысалы: жасалған жұмыс қандай стандарттарға сәйкес болуы керек?) Заңшығарушылық жобаның деңгейлері және олардың ұзақтығы және т.с.с.

 

 Заң шығармашылық процеске  қандай да бір озық практикалық стандарттары қолдану қиын. Соған қарамастан, процестің өзін сияқты олар заң шығармашылық өнімнің сапасын және нормативтік актілер мен құқық пайдалануды іске асыру тетіктерінің тиімділігін тексеру процесін бағыттайды.   Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу екі кезеңнен жүргізуге болады: қабылданған бағыттарды жүзеге асыру үшін стратегияны және нормативтік актінің (міндетті түрде «заң шығармашылық қызметі») мәтінін жазу. Бірінші кезеңде қаралып жатқан проблеманың тұжырымы, алдағы жұмыстың көлемі мен қойылған проблеманы шешу үшін нақты мақсаттар бойынша белгілі шешімдер қабылдау қажет.  Сондай-ақ нақты бағдардың әртүрлі бағыттарын қарастыру қажет, яғни белгілі бағыттар бойынша немесе оларды құрайтын тек қана бірқатары бойынша заңшығарушылық бастамашылық қажет пе сол мәселені шешу керек. Маңызды стратегиялық мәселелер алдағы іске асыруды қамтиды, яғни нормативтік-құқықтық актіні қолдану қалай іске асырылады? Сол процес үшін кім жауапты болады? (мемлекеттік органы бар болуы мүмкін немесе ол үшін жаңаны құру керек пе?); белгіленген бағдарды (негізі ұстаным неден тұратын болады?) іске асыруды қамтамасыз ету үшін қандай нормативтік акт қабылдау қажет. Бірқатар елдерде заңнамалық жұмыстардың Үкіметтің бекітілуінен бастап норма шығармашылық қызметтің бастауына дейін жалпы жоспарын шығару үшін жеке кезеңде көрсетіледі.  Норма шығарушылық қызметпен айналысатын қызметкерлер кәсіби білімі болуы немесе ерекше кәсіби мәселелер бойынша, оның ішінде заң мәселелері бойынша консультация алу мүмкіндігі болуы керек. Стратегиялық бағдарға (оның мақсаттары мен белгілі бағыттың және оны жүзеге асырудың мүмкін бола алатын әдістерін таңдау бойынша қорытынды шешімдер) қатысты жобаның басты аспектілері бойынша шешімдерді жоғары тұрған инстанциялар қабылдауы тиіс (әдетте министр деңгейінде, содан кейін Үкімет деңгейінде). Норма шығарушылық қызметте жобаны жүзеге асыру үшін қажетті маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін жоғары тұрған инстанциялардың қолдауы мен қатысуы маңызды болып табылады.  Нормативтік-құқықтық құжатты әзірлеу кезеңінде жоба бойынша саяси шешімдер нормативтік құжаттың мәтіні нысанында болуы тиіс. Стратегиялар мен әкімшілік талаптарға белгілі норма шығарушылық стандарттарға сай келетін (құрылымы, құжаттың нысаны мен стилі) дұрыс заң түсінігі мен терминдерінен құралатын іс жүзінде орындалатын және іс-әрекетті тәртіптерге нақты нысан беру үшін белгілі заң дағдысы бар басқа мамандарды оның ішінде әзірлеушілерді тарту қажеттігі туындайды. Бұл жұмыс принципінде заңгерлер (әдетте ол заң әзірлігінен өткен қызметкерлер) болып табылмайтын тәжірибелі қызметкерлерді тартуға болады, алайда заңдарды әзірлеушілер ретінде мманданған заңгерлерді пайдалану өзінің белгілі артықшылығы бар.  Әдетте көптеген елдерде сәйкестікке тексеру жүйесі құрылған, ол норма шығарушылық процесті әртүрлі кезеңдер барысында қолданысқа енгізіледі. Жалпы тексеру жүйесі екі топқа: біріншіге стратегиялық бағдардың әртүрлі бағыттарын қарау кезінде және таңдаған бағытты жүзеге асырудың басыңда қолданылатын тексеру кіреді. Оған жататыңдар:

1. Жалпы заң тексерулері

2. Әкімшілік талаптарды  талдау

3. Шығыстарды және экономикалық  ықпал етуді бағалау

4. Пәрменділікті талдау

5. Практикалық қолданысты  тексеру

6. Іске асыруын тексеру

 

 Екінші топқа тікелей нормативтік құжаттық жобасына қолданылатын тексерулер жатады:

1. Конституцияға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкетігі

2. ЕО заңнамасымен жақындасу  барысында сәйкестікті бағалау

3. Халықаралық шарттарға,  оның ішінде адам құқықтарын  қорғау туралы нормаларына сәйкестігін  тексеру

4. Жүзеге асыруын тексеру

5. Өндірістік заңшығарушылық өкілеттіктерге қатыстылығын тексеру

6. Құжаттық заңдық нысаның, нақтылығын және түсініктілігін сақтауын тексеру.

Жоғарыда көрсетілген  сәйкестікті тексеру процестері жүзеге асыру үшін оларды желілік  министрліктердің стратегиясына және заңшығарушылық практикасына қосудың  дұрыс тетіктерін белгілеу өте маңызды. Бастапқы кезеңде кейде олар өздерінің  рөлін және маңыздылығын толық түсіну үшін Үкімет және парламент мүшелері үшін таныстыру брифингісін өткізуі тиімді.  Бұдан басқа, белгілі қызметкерлер тобының сәйкестікті бағалаудың тәсілдерін және рәсімдерін пайдалану бойынша қажетті дағдыны және тәжірибені иеленуді қамтамасыз ету қажет. Содан кейін әрбір тексеру түрлерінің мәніне, осы тексерулерді заңшығарушылық барысында қандай жолмен (қандай жағдайда) және қашан пайдалану керектігіне қатысты нұсқамалық әзірлеуі керек. Ақыр аяғында, тексерулік рәсімдердің мониторингісі, орындалуы мен үйлестірілуіне кім жауапты екендігін нақты белгілеп алу керек.  Заңшығарушылық процесс дегеніміз нормативтік-құқықтық құжаттың мәтінін әзірлеу, оның ішінде міндетті нормативтік қаулылар нысанында бекітілген (немесе әдетте ішінара бекітілген) стратегияда нақтыланады. Бұл процесс әдетте «саяси ерікті жазбаша білдіру» деп аталады.  Кәсіби білімдері бар жоғары білікті мамандарды норма шығарушылық қаншалықты тартуды талап ететіндігі туралы мәселе даулы мәселе болып табылады. Бірқатар елдерде атап өткендей нормативтік құжаттарды жазумен белгілі бір деңгейде ал кейде тұтастай министрліктің қызметкерлері (заңгер екендігіне қарамастан) айналысады. Бір жағына норма шығарушылық үшін кәсіби білімдері және дағдылары бар мамандар қажет. Осы тұрғыдан келгенде, норма шығарушылыққа осы уақытта басқа бос заңгерлерді, егер олар оқу процесінде немесе заң практикасында пайда болған қажетті дағдыларды иеленбесе, тартуға жол берілмейді.   Кімдер заңдарды жазумен айналысады – кәсіби заңгерлер немесе тиісті мемлекеттік мекемелердің тәжірибелі қызметкерлері ол маңызды емес, маңыздысы біреулерді осы салаларда басқалардан гөрі қабілеттерінің көптігінде. Бұл моментті байқап отыру керек және кәсіптік әзірлеу шеңберінде мұндай қызметкерлірдің қабілеттерін дамыту керек. Бұдан басқа, сәйкестікке бақылаушы тексеруді өткізуге жауаптылар (Үкіметтің не қызметкерлері болсын) заңшығарушылықтың маманданған сараптама білімдері және түсіні болуы керек.  Сондықтан норма шығарушылықпен заң қызметі саласы болып табылатын министрліктің (немесе Парламенттің) қызметкерлері айналысуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ заңшығарушылық жұмысқа жекелеген министрліктерді әзірлеген заңнамалық актілердің барлық бірінші жобаларын өткізетін министрлікке немесе орталық Үкіметтік органға бекітілген кәсіби заңгерлерді тартуға болады. Қандай да әдіс таңдалса да, сапалы норма шығарушылық жұмыс тәжірибелі және білікті мемлекеттік қызметшілерді және заңгерлерді талап етеді.   Ауыспалы экономикасымен көптеген елдер осы жағдайда белгілі қиындықтармен кездеседі. Мысалы: ірі министрліктерге тұтастай мемлекеттік қызмет және Парламенттің бөлімшелері қажетті дағдымен және әзірлікпен қызметкерлерді таба алмайды. Мұндай мекемелерде маманданған оқыту сирек жүргізіледі, ал өз алдына жаңа келген қызметкерлер үшін және жоғары деңгейлі тәжірибелі заң  әзірлеушілер үшін жақсы болар еді. Шындығында қажетті дағдылардың көпшілігі практикамен бірге келеді, алайда ондай әдіс сапалы басшылықтан және ноу-хауды өндіру жөніндегі жұмысты басқарып отырғандардың мүмкіндіктерінен байланысты болады. Жақсы тәжірибе – ең озық мұғалім, бірақ норма шығарушылық әдістемесінің жеткіліксіз практикасына және жеңіл білімдерге негізделген тәжірибе осындай кемшіліктерге дағдылануы және үйренуі мүмкін.  Егер норма шығарушылыққа қажетті дағдымен және тәжірибесі бар қызметкерлер жаппай тартылатын болсы, онда норма шығарушылық жұмысының процесіне барлық қатысушылары бірдей стандарттары және тәжірибені, сондай-ақ жұмыстың бірлескен стилін қолданатын мүмкіндігі өседі. Норма шығарушылыққа сырттан келген консультанттарды тарту жиі қолданылатын әдіс, бірақ ол одан туындаған проблемаларынан ол әдіс екінші орында. Сырттан келген консультанттар Үкімет бағыттаған саяси бағдарды түсінбеуі мүмкін. Олар (әсіресе шетел консультанттары) қолданыстағы заңнамаларды толық және қолданылып жатқан заңнамалық бастамашылықтың жалпы контексінің бағытын білмеуі мүмкін, ол нормативтік құжаттың соңғы нұсқасын әзірлеу процесінде қатысуын қиындатады.  Стратегияны әзірлеу заңшығарушылық жұмыстың басталуына дейін жасалуы керек. Бұл әдіс көп жағдайда заңнамалық құжаттардың жобаларын әзірлеу процесін жасалуына дейін саясаттың және әдістің іргелі мәселелеріне, әсіресе кешендік және қиын реформаларға қатысты ойластырылған жауаптар табуға болады.  Бірқатар елдерде реттеуші директивалар заңшығарушылыққа қатысты ұсыныстарды бекітуге дейін заңнамада қажеттілігі, жаңа заңды қабылдаудың себептері мен оның мақсаттары, көзделіп отырған нәтижелері сияқты мәселелерді, сондай-ақ оны жүзеге асыру және оны күшіне ену барысында пайдаланылатын шығындар мен ресурстарды зерттеу міндетті түрде өткізіледі. Кейінгі талаптар заңжобаларға қатысты өткізілетін арнайы бақылау тексерулерді енгізеді. Мұндай тексерулердің нәтижелері меморандумның түсіндірме жазбасында және Парламентке жіберілетін заңнамалық құжаттық жобасына бірге қосылып ұсынылуы тиіс.

 

 


Информация о работе Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы