Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:01, реферат
Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар.
Реферат
Тақырыбы: Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы
Орындаған: Сатыбаева Айгерім Нұрланқызы
Қабылдаған: Алмекеева Индира Серікқызы
Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы
Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз. Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда. Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс. Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады. Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді. Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы
Жоғарыда айтқандай «Стратегия»
Облыстың, қазіргі әлеуметтік-
Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;
Экономикалық дамуы;
Әлеуметтік дамуы;
Күтілетін нәтиже;
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады. Басты мақсат – бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады. Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін облыстың ішкі-сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде облыс экономикасының басым бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталынуы, немесе оны көп тізбектегі басты буынның белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді. Басым бағыттарды анықтауда күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп матрицасы пайдалынады. Мұндай SWOT талдауды төмендегіше көрсетуге болады:
1. Облыс экономикасының (ол мемлекет-экономикасынында) күшті,әлсіз жақтары талданып, олардың маңыздылары анықталынады,тізімдері белгіленеді.
2. Мүмкіндік және қауіпті (тиімді дамуға кері ықпал жасайтын) факторлар анықталынып талданады, олардың тізімі анықталынады.
3. Осы мәліметтер негізінде SWOT матрицасы жасалынады.
Тұжырымдалған стратегияларды
іске асырудағы негізгі талап,
ол оның қаржы, тағы басқа
мемлекеттік реттеу
Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін;
Халық шаруашылығының
маңызды басым бағыттары мен
олардың іске асырылу
Экономика өсуінің
мүмкін қарқынын және негізгі
макроэкономикалық
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
Ресурстық күштерді
және олардың тиімділігін,
Сыртқы және ішкі
экономикалық саясаттың
Шаруашылық жүйесіндегі
негізгі институционалдық
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей 4 үлкен бөлімдерден тұрады:
әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы;
әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы;
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
ұлттық бағдарламалар.
Бірінші бөлімі төмендегідей жағдайларды суреттейді:
өндірістік күштердің жағдайын;
экономиканың ішкі
және сыртқы даму
мемлекеттік реттеу
жүйелерінің, реттегіш
өндіргіш күштердің сапасын, өсу динамикасын және оларға ықпалы
Үшінші бөлім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімі:
экономикалық өсу, дамудың болжамдық қарқынын, деңгейін;
экономика құрылымын;
экономика салалары араларындағы байланыстарды;
халықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы мүмкіндіктерін суреттейді.
Төртінші бөлімі ұлттық бағдарламалар
– мемлекеттің әлеуметтік-
Орта мерзімді жоспарлар – олар 3-5 жылдар аралығына арналып жасалынады. Бұл жоспардың қызметі:
әлеуметтік-экономикалық
дамудың ұзақ мерзімді
стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген параметрлердің (индикаторлардың) жинақталуын қамтамасыз ету;
жоспарлау мерзімі
(уақыты) аралығындағы барлық кешенді
әлеуметтік-экономикалық іс-
осы уақыт аралығында (3-5 жыл) мақсатқа жету жолында мемлекеттің экономикаға араласу, ықпал жасау әдістерінің негізгі бағыттарын көрсету;
Осы қызметтер (шеңберінде) негізінде ұзақ мерзімді жоспарды белгілі уақыт аралығында нақтылау жоспары, құралы деп те айтуға болады. Жоғарыда айтылған қызметтеріне сәйкес, бұл жоспарды әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы уақыт аралығындағы стратегиялық мақсаттардан туындайтын міндеттер және экономикалық реттегіштер жүйесі анықталынады. Сыртқы ортаға талдау жасау, үлкен қауіп-қатерлерді және жаңадан ашылған мүмкіндіктерді ашу мақсатында сыртқы факторларды анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл қауіп-қатердің пайда болуы мен мүмкіндіктерге уақытылы болжам жасауға, алдын ала болжап білмейтін мән-жайлар туындайтын жағдайларға жоспарлар жасауға мүмкіндік береді. Олардың келесідей жеті тобы бар: 1) Экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салық мөлшерлемесі, халықаралық төлем балансы, тұтастай алғанда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі және қызығушылық тудырып отырған сала, халықтың төлем қабілеті қаралады;
2) Саяси факторларды
талдау кезінде елдермен сауда
жасау тарифтері жөніндегі
3) Нарықтық факторлар.
Оған демографиялық жағдай, халық
табысының деңгейі, оларды
4) Бәсекелестік жағдайындағы
технологиялық факторларды
5) Бәсекелестік факторларына
талдау жасау бәсекелестердің
әрекетіне бақылау жасауды
- бәсекелестердің болашақтағы мақсаттары;
- олардың ағымдағы стратегиясына берілген баға;
- саланы дамыту болашағы;
- бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын оқып үйренуге талдау жасалады.
6) Әлеуметтік факторлар.
Экономикалық тұрақсыздық
7) Халықаралық факторларға талдау жасау. Сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны жою осы факторлардың маңызын арттырды. Шетелдегі ахуалды, өзге елдер үкіметтерінің саясатын көңіл қойып қадағалау арқылы, шетелдік бәсекелестерге қарсы үкіметтен болатын қорғау шараларын назар сала отырып, қадағалап отыру қажет.
Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу. Шекті өсу. Бұл ұйымдардың басым көпшілігінің стратегиясы. Инфляцияны ескере отырып түзетулер енгізілген, қол жеткен табыстар арқылы мақсаттарды айқындау осы стратегияға тән болып саналады. Шекті өсу стратегиясы негізінен ұйым өзінің жағдайына қанағаттанған кезде, баяу дамитын немесе технологиялар өзгермеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Ұйым бұл баламаны өте жеңіл, неғұрлым ыңғайлы және аз тәуекелге баратын іс-қимыл тәсілі ретінде тандайды. Өсу. Өсу (өркендеу) стратегиясы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейдің оның алдындағы жылдың көрсеткіштері деңгейінен жыл сайын маңызды түрде көтерілу жолымен жүзеге асырылады. Ол, технологиялары тез өзгеріп отыратын серпінді дамушы салаларда қолданылады. Дағдарысқа ұшыраған нарықты тастап кету үшін өз фирмаларын диверсификациялауға (өнімдер номенклатураларының алуан түрлерін шығаруға) ұмтылушы жетекшілер, осы бағытты ұстануы мүмкін. Ішкі және сыртқы өсу болуы мүмкін. Ішкі өсу тауарлардың түт-түрін (ассортиментін) көбейту жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сыртқы өсу тік немесе көлбеу бағытты өсу формасында бір-біріне жақын салаларда болуы мүмкін. Қысқарту. Операцияларды оңтайландыру және қайта бағдарлаудың терең ойластырылған, ақылға қонымды жолы болып саналғанда қысқарту баламасы таңдап алынады. Қысқарту баламасы шеңберінде келесідей бірнеше нұсқалар таңдап алынуы мүмкін: тарату. Ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық сату қысқартудың неғұрлым радикалды жолы болып саналады; егер бұл кәсіпорынға пайда әкелетін болса, басы артық нәрселерден құтылу; қысқарту және қайта бағдарлану. Компания қызметі көрсеткіштерінің нашарлауы экономикалық құлдырау кезінде жалғаса беретін болса немесе жай ұйымды құтқарып қалу үшін, жиі түрде қысқарту стратегиясын таңдап алады. Әдетте, бірнеше салаларда белсенді іс-қимыл жасаушы ірі фирмалар жоғарыда аталған барлық баламаларды ұштастыру стратегиясынан ұстанады. Ұйымның ұзақ мерзімдік тиімділігін қамтамасыз ету стратегиялық баламаларды таңдау мақсаты болып саналады. Стратегиялық таңдауға алуан түрлі келесі факторлар әсерін тигізеді:
Информация о работе Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы