Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 11:12, реферат
Нормативтік база шегіндегі бағалау технологиясының нарықтарында кәсіпорын бизнесін бағалау 3 тәсіл бойынша жүргізіледі: нарықтық, табыстық және шығындық.
Бизнес бұл заңды, жеке тұлғалардың нақты қызметі.
Мұнда заңды тұлға кәсіпорын, азаматтық құқықтардың объектісі болып табылады да, кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын мүліктік кешен ретінде қарастырылады
1 Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау қағидалары 3
1.1 Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер 3
1.1.1 Бизнесті бағалаудың бірінші концепциясы 3
1.1.2 Бизнесті бағалаудың екінші концепциясы 4
1.2 Бағалау мақсаты мен құн гүрлері 6
1.2.1 Бағалау мақсаты 6
1.2.2 Құн түрлері 7
1.3 Бағалау құнының қағидалары 11
1.3.1 Иесінің мүлік туралы көзқарасымен байланысты қағидалар 11
1.3.2 Нарықтық ортамен байланысты қағидалар 12
1.3.3 Эксплуатациядағы мүлікпен байланысты қағидасы 14
1.4 Кәсіпорынның мүліктік құнына әсер ететін факторлар 16
1.4.1 Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу жерлерінің даму циклы 20
1.4.2 Кәсіпорын құнына бақылаулы және бақылаусыз қатысудың әсер етуі 25
1.4.3 Кәсіпорын құнына өзінің активтерінің өтімділігінің есер етуі 27
1.4.4 Ашық акционерлік қоғамдар және жабық кәсіпорындар 29
1.4.5 Басқару қызметкерлерінің біліктілігі 29
Егер бір акционер 49 пайызға ие болып, ал екіншісі 51 пайыз акциясы бар болса, онда біріншісі өте сирек жағдайларда кәсіпорын қызметін басқару мүмкіндігіне ие болады, Ал егер екі акционердің әр қайсысында 49 пайыздан болып, ал үшіншісінде 2 пайыз болса, онда алғашқы екі акционер үшіншісінің шешіміне тәуелді болады. Мұндай жағдайда үшінші акционер езінің акция пакетіне неғұрлым қымбат игілік немесе құқық ала алады.
Алдыңғы екі үлкен пакет акциялардың санына қарағанда, осы шағын пакет акциясы неғұрлым қымбаттырақ тұратын болады. Сондықтан, кәсіпорын құнын бағалар алдында, жарғылық капиталдағы акциялардың бөліну құрылымын ықыласпен қарастырып және акциялар құнына сәйкес түзетілер енгізу қажет.
Сонымен қатар кәсіпорын акцияларының құнына, акциялардың даусының бары немесе жоғы әсер етеді. Дауысы бар акция негізінде дауысы жоқ акцияға қарағанда қымбаттырақ тұрады. Бағаланатын кәсіпорынның бақылаулы пакет акциясы негізінде, бақылаулы емес пакет акциясына қарағанда қымбат тұрады.
<h4>1.4.3 Кәсіпорын құнына өзінің активтерінің өтімділігінің есер етуі
Өтімді кәсіпорын акциясының құны(яғни, сол кәсіпорынның құны), көбінесе, өтімсіз акцияларға қарағанда жоғары. Бұл жағдаймен байланысты ереже: ашық акционерлік қоғамның акциялары, жабық акционерлік коғамның акцияларынан қымбат тұрады. Олардың айырымы үлкен мөлшерге дейін, кейде 35 - 50 пайызға дейін жетеді. Бүл көптеген себептермен байланысты, соның ішінде акцияларды көпшілікке шығарып орналастыруға кеткен көп шығындармен байланысты.</h4>
Жабық акционерлік қоғамның акциялар құнының төмен болуы, меншік құқықтарына шектеу қоюымен байланысты. Бүл жағдай жабық коғамдарда жиі орын алады. Мұндай келісімді шектеулерге кәсіпорын акционерлерінің акцияларды міндетті сату - сатын алу туралы келісімдері, бірінші бас тарту құқығы, акцияларды еркін сату туралы келісуге талап, бірігу туралы келісімдер, дауыс беретін трастар және т.б. жатады.
Кәсіпорын құнын бағалауда, сарапшы - бағалаушы, қатысуда бақылаулы сипатымен шартталған жеңілдіктер мен кәсіпорынның өтімсіздігімен байланысты жеңілдіктер араларын ажырата білуі қажет.
Бағаланатын қатысу құны мен бүкіл кәсіпорын құны арасындағы қатынас пен «бақылаулы қатысу» терминін қалыптастырады. Сарапшы - бағалаушы үшін негізгі мәселе ол акциялардың бақылаулы пакетін иемденуін қамтамасыз ететін (немесе қамтамасыз етпейтін), бағаланатын кәсіпорынды бақылау деңгейін анықтау.
«Кәсіпорын өтімділігі» термині иемденушінің шешімі бойынша активтердің тез сатылу мүмкіндігімен байланысты. Сонымен бірге жасалатын жеңілдік мөлшерін анықтау маңызды болып табылады. Акциялардың бақылаусыз пакетімен байланысты жеңілдік, кәсіпорында басқарудың болмауын көрсетеді де, ол бағаланатын акция пакетіне пропорционалды кәсіпорын үлесінен алынып тасталынады. Сонымен бірге жеңілдік жасалатын кәсіпорын үлесі, өзіне барлық басқару құқықтарын қосады.
Бағаланатын пакеттің өтімсіздігіне жеңілдік оның тез сатылу қиыншылығын көрсетеді. Алынып тасталынатын жеңілдікке негіз болып, жоғары өтімділік деңгейіне ие болатын кәсіпорын құны болып табылады. Мысалы, жабық акционерлік қоғам акцияларының бақылаусыз пакеті, акциялары қор нарығында сатылатын ашық акционерлік қоғам акцияларының бақылаусыз пакетінің бағасына қарап бағаланса, онда ашық қоғамдағы акциялармен салыстырғанда жабық коғамдағы акция құнының өтімсіздігіне байланысты жеңілдік жасалады.
Егер жабық қоғам акциясының бақылаусыз пакеті пайдасын капитализациялау әдісімен, активтердің түзетілген баланстық құнымен және басқа әдістермен бағаланса және егер капитализация коэффициенті ашық қоғамның бақылаулы пакеттеріне сәйкес қолданады да, ондай жеңілдіктер бақылаусыз пакетке де, сонымен бірге акциялардың салыстырмалы өтімсіздігіне де жасалады. Және керісінше, егер бақылаусыз пакетке кіретін, ашық қоғамның күнделікті сатылатын акция бағасына қарай жабық қоғамның бақылаулы пакеті бағаланатын болса, онда бағаланатын акциялардың есептелетін құнына басқару үшін сыйақы қосылады. Акцияның өтімсіздігі мен басқару үшін сыйақы жеңілдік бірдей мөлшерде болса, акциялардың құнына қолданылатын жеңілдікте, сыйақы да, тұрақты болып қала береді.
Айта кететін жайт, өтімсіздікке жеңілдік жабық кәсіпорынның бақылаулы және бақылаусыз акция пакетін бағалауда жүргізіледі.
Сонымен, кәсіпорынның жеке акция пакеттерінің жай сомасы, көбінесе, сол кәсіпорынның жалпы құнына тең емес, не сол кәсіпорынның жалпы құнынан кем болуы керек. Бүл жағдай кәсіпорынның әр түрлі қосылуы мен жұтылуына ынта болады. Кәсіпорынның құнына басқа да сапалық факторлар әсер етеді: ашық немесе жабық қоғам, басқару қызметкерлерінің маманданғандығы, өндірістің әртүрлілігі (диверсификация), өндірістің вертикалды интеграциясының болмауы; ғылыми базаның бар болуы, құрал - жабдықтардың прогрессивтілігі және т.б.
<h4>1.4.4 Ашық акционерлік қоғамдар және жабық кәсіпорындар
Ашық акционерлік қоғамдар акциялары көбінде қор нарығында айналыста жүргендіктен, сарапшы - бағалаушы сондай кәсіпорынды бағалау үшін қажетті ақпаратты табуға мүмкіндігі бар.</h4>
Бағалау көзқарасы бойынша жабық кәсіпорындарға: жабық акционерлік қоғамдар мен басқа ұйымды - құқықтық түрдегі кәсіпорындар, әсіресе орта және шағын кәсіпорындар, олардың қызметі туралы ақпаратты ашық басылымда табуға қиындық туғыздырады. Сондықтан ашық және жабық кәсіпорындардың арасындағы ерекшеліктерді есепке ала отырып, ашық қор нарығында алынған ақпаратқа қарап, жабық кәсіпорынның бағалануы іске асырылады. Біріншіден, ашыққа қарағанда жабық кәсіпорынға инвестициялар көбінесе ұзақ мерзімге салынады. Екіншіден, ашық қоғамдарда әр тарап тандырылған инвестициялар қоржынын, жабық кәсіпорындарға қарағанда оңай қалыптастыруға болады. Соған сәйкес, ашық қоғамдардағы инвестициялармен байланысты тәуекелділік, жабық кәсіпорындардағы салымның тәуекелділігінен төмен болуы керек.
1.4.5 Басқару қызметкерлерінің біліктілігі
Кәсіпорын құны көп жағдайда басқару қызметкерлерінің біліктілігіне тәуелді болады. Бұл сарапшы - бағалаушының, бағалау мультипликаторын таңдауы кезінде, не капитализация коэффициентін іріктеуі кезіңде ескеріледі, немесе кәсіпорынның жалпы есептік құнына арнайы түзету (жеңілдік немесе сыйақы) жасалады.
1.4.6 Өндірістің әртараптылығы
Өндірістің көбірек әртараптылығы бар ашық кәсіпорындармен салыстырғанда жабық кәсіпорындарда шығарылатын жиынтық өнімінің аз мөлшерде болуы, олардың тәуекелдерін көбейтеді. Мысалы, шикізаттың жетіспеуімен немесе өндірісті кәсіби мамандарды өзгерту мүмкіндігін шектеумен байланысты. Сондықтан осы кәсіпорындарға шектелген тұтынушылар бөлігі анықталып, сарапшы - бағалаушы осындай кәсіпорын құнына түзету енгізуі қажет.
1.4.7 Өндірістің вертикалды интеграциясының болмауы
Өндірістің вертикалды интеграциясының болмауы кәсіпорынның тұрақты қызмет жасауына елеуді түрде әсер етеді. Мысалы, егер кәсіпорын құрал - жабдықты немесе машинаны жинақтау үшін қажет қандай да бір элемент өндіретін болса, онда жинақтаумен айналысатын тұтынушы сол элементтің өндірісін ұйымдастыру туралы шешім қабылдаса, онда бірінші кәсіпорын барлық табыстарынан айырылу қаупі туады. Аталған жағдай кәсіпорын құнына әсер етеді және оны бағалау кезінде ескерілуі қажет.
Сонымен бірге кәсіпорын құнына ғылыми базаның бар болуы, активтердің көлемі мен сапасы, соның ішінде машина және құрал жабдықтардың тозғандығы мен прогрессив тілігі әсер етеді және оны бағалағанда ескеріледі.
Әдебиеттер
Информация о работе Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау қағидалары