Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:59, реферат
Кәсіпкерліктің белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
• экономикалық мүдделілігі
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
• белсенді ізденуі
• жаңалықтығы
1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні және белгілері.
2. Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары.
3. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
Орындаған: Муканова Г.Б
Тексерген: Майсатаева А.Ш
Жоспар:
1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні және белгілері.
2. Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары.
3. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні және белгілері.
Кәсіпкерлік адам қызметінің
ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік»
терминін алғашқы рет ағылшын
экономисі Ричард Кантильон енгізді.
Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық
тәуекелділік жағдайында табыс алу
мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы
адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік
дегеніміз азаматтар мен
Кәсіпкерліктің белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
• экономикалық мүдделілігі
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
• белсенді ізденуі
• жаңалықтығы
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері:
шаруашылық қызметтің кез-
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:
1. Новаторлық қызметі.
Әрбір кәсіпкер өзінің
2. Ұйымдастыру қызметі.
Әрбір кәсіпкер минималды
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап , қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.
1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.
2. Әлеуметтік жағдайлар:
кәсіпкерлікті ұйымдастыру,
3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.
• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
• Коммерциялық кәсіпкерлік
– бұл өнім өндірумен
• Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.
Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.
Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары
Жеке кәсіпкерлікті қолдау
саласындағы Қазақстан
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :
• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;
• үкіметтік емес мекемелер ;
• коммер циялық мекемелер кіреді .
Функционалды бағытына қарай
инфрақұрылымның институттық
• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;
• қаржылық қолдау ;
• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;
• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;
• материал ды -техни калық жағынан қолдау .
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.
Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер
Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.
ИжСМ құрамына кіретін
Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті
кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы
мемлекеттік саясатты қалыптастыру
және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
саласындағы нормативті-
Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары былай белгіленген:
• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;
• Департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.
Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, және сол арыз бойынша қажетті шаралардың орындалуын қадағалауға міндетті
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы № 1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген).
Облыстық Кәсіпкерлік
пен Өндіріс жөніндегі
Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу ;
• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
• қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді қарастыру.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады.