Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 16:55, доклад
Персоналды басқарудағы кез – келген кәсіпорында туындаған мәселелердің диагнозын анықтау үшін диагностикалық модельдің рөлі өте жоғары. Бұл модельдің негізінде кәсіпорынды жан – жақты зерттей аламыз. Мысалы, кәсіпорынды құраушы еңбек күшінен тууы мүмкін мәселелерді анықтау, яғни кадрлардың қаншалықты маманданғандығы, кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың нәтижесі, қызмет көрсетудің деңгейі, кәсіпорын қызметкерлерінің мұқтаждығы, қызметкерлердің қарым – қатынасы, еңбек ақының төленуі, ынталандырудың қаншалықты жүзеге асырылуын және т.б. талдауға мүмкіндік аламыз.
Кез – келген кәсіпорынның персоналды басқарудағы диагностикалық модельдің рөлі
Персоналды басқарудағы кез – келген кәсіпорында туындаған мәселелердің диагнозын анықтау үшін диагностикалық модельдің рөлі өте жоғары. Бұл модельдің негізінде кәсіпорынды жан – жақты зерттей аламыз. Мысалы, кәсіпорынды құраушы еңбек күшінен тууы мүмкін мәселелерді анықтау, яғни кадрлардың қаншалықты маманданғандығы, кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың нәтижесі, қызмет көрсетудің деңгейі, кәсіпорын қызметкерлерінің мұқтаждығы, қызметкерлердің қарым – қатынасы, еңбек ақының төленуі, ынталандырудың қаншалықты жүзеге асырылуын және т.б. талдауға мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар, ішкі және сырқы жағдайлардан келіп тууындауы мүмкін мәселелер. Мысалы, нарықтық жағдайдағы өзгерістер, бәсекелестердің бағаны төмендетуі, халықтың әл – ауқаты, жабдықтаушылармен келісімнің тиімділігі және т.б. факторлар.
Қарапайым өзіміз ауырған жағдайда, дәрігерге жүгінсек, бірінші кезекте ол бізден қай жерің ауырып тұр? Ауырғанына неше уақыт болды? Қаншалықты қатты ауырады ? – деген сияқты сұрақтар қояды.
Сол сияқты диагностикалық модель кәсіпорында туындаған проблемаларды анықтап, оған қажетті әдіс – тәсілдерді оңтайлы, тиімді қолдануға жағдай жасайды. Персоналды басқаруда мәселелер туындамас үшін ең бастысы кадрлық саясатты дұрыс ұйымдастыру қажет. Келесі кезекте қажетті кадрларды жұмысқа алуда білімін ғана ескермей, кәсіпорында қызмет жасап жатқан мамандармен жұмыс жасасып кете алады ма деген мәселелерді қарастыру қажет. Жұмыс ортасында қажетті, дұрыс атмосфера құра алады ма, қызметке алынушының психологиялық жағдайы қандай деген сұрақтарға жауап ала отырып, мамандарды орналастыру қажет.
Әр бір кәсіпорынның үлкен нәтижеге жетуі, бұл кәсіпорынның стратегиясына байланысты, ал стратегияны құрушы бұл кәсіпорын басшысы, ал сол стратегияны жүзеге асырушы қызметкерлер. Сол себепті қызметкерлер қаншалықты сапалы болса, табысқа жетудің мүмкіндігі соншалықты болады.
Кәсіпорында жиі туындайтын мәселелердің түпкі проблемасын диагностикалық модель арқылы анықтасық, болашақта осы аймақтағы туындауы мүмкін мәселелерден түпкілікті құтылуға мүмкіндік аламыз.
Информация о работе Кез – келген кәсіпорынның персоналды басқарудағы диагностикалық модельдің рөлі