Инвецтиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:03, курс лекций

Описание работы

Іскери әкімшілік ету докторы, басқару жөніндегі консультант,
Халықаралық бизнес академиясы
«Кез келген дағдарыс – бұл нөлге түсу. Кеше не болғаны
маңызды емес – бұл тарихшылар мен ойдан шығарылған

Работа содержит 1 файл

Инновациялылық.docx

— 47.41 Кб (Скачать)

Акцияларды сатып алу туралы шешімді қабылдай отырып, инвестициялардың бұл түрі қатысушылардың кәсіби деңгейіне талапты арттыруды қажет ететінін есте ұстау қажет. Жеке инвестордың тым болмаса бастапқы экономикалық білімі бо- луы қажет.

Инвестордың басты ережелерінің бірі былай дейді «барлық жұмыртқаны бір себетте сақтаудың қажеті жоқ». Егер адамның өзінің жинаған ақшасының бәріне акциялар сатып алса, жұқалап айтқанда байқамай әрекет етеді. Ақшаның бір бөлігін сенімдірек орналастыру қажет: банкке салып, мемле- кеттік облигациялар сатып алу керек.

Қор нарығында жұмыс жасаудың ең қарапайым так- тикасы – инвестициялау. Сізде басы бос ақша пайда бол- са, қор нарығында кенеттен кедейлене алмайтын, өте сенімді компанияның қандай да бір акцияларын сатып алыңыз (олар «көгілдір фишкалар» деп аталады – олардың қатарына мұнай, газ, энергетикалық, телекоммуникациялық компаниялардың, сондай-ақ жетекші банктердің акциялары жатады). Компания- лар дамуда, Қазақстан экономикасы да дамуда, сәйкесінше осы компаниялардың акцияларының бағасы да өсуде, әлі де өседі. Сіз іс жүзінде ешбір тәуекелге бас тікпейсіз. Акциялар бағасы түскеннің өзінде – сіз өз дивидендтеріңізді аласыз, ал бағасы ерте ме кеш пе орнына келіп, өсімін жалғастырады. Алынған дивидендтерге де акция сатып алыңыз. Кез-келген жағдайда, инвестиция салу арқылы сіз компания иелерінің біріне ай- наласыз, ал акцияларға салынған ақша компания мүлкімен қамсыздандырылады. Қорытынды: тәуекел минимальды, та- быс – өте төмен, техникалық күрделілігі – жоқ.

Қор нарығында жұмыс істеудің сәл күрделі тактикасы – трейдинг элементтерімен инвестициялау. Мұның мәні алдыңғы әдістегі сияқты. Бірақ сіз акцияларды қолыңызда ақша болғанда емес, акциялар бағасы құлдырай бастағанда сатып аласыз. Осыдан соң оларды тұрақты ұстамайсыз, бағасы өсе бастағанда – сатып жібересіз. Мысалы, компания акциясы 500 теңге тұрады делік. Сіз 1 акция сатып аласыз. Ертең қандай да бір жағымсыз жаңалықтар нәтижесінде, бағамы түсіп, акция- лар 300 теңге тұрады, сіз алаңдамай 1 акция сатып алдыңыз. Бүрсігүні оның бағасы 100 теңгеге дейін түсті, ал сіз тағы 1 ак- ция сатып алдыңыз. Барлығы бізде 500+300+100=900 теңгеге сатып алынған 3 акция бар. Бір аптадан соң оның бағасы қайтадан 500 теңгеге оралып, сіз 3 акцияңызды 1500 теңгеге сатасыз да 600 теңге мөлшерінде табыс табасыз. Ең бастысы қамықпай, өз жоспарыңызды берік ұстану, егер әбігерлікке түссеңіз, 500 теңгеге сатып алынған бірінші акцияңызды 300 теңгеге сатуға болады ғой, бұл жағдайда сіздің 200 теңгеңіз шығын болады.

Ал егер баға төмен қарай құлдырай берсе ше? Сабыр сақтаңыз, өз акцияңыздан айрылмаңыз және инвесторға айналыңыз (номер 1 тактиканы қараңыз). Есіңізде болсын, сіз өз акцияңызды сатпайынша – шығынға ұшырамайсыз. Бағасы түскенде – абыржымаңыз, керісінше акцияларды төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне қуаныңыз! Қорытынды: тәуекел минимальды, табыс – орташадан төмен, техникалық күрделілігі – қарапайым.

Тактиканы тағы да күрделендіре түсейік –  инвестиция- лау элементтері бар трейдинг. Жалпы алғанда екінші такти- каны ұстаныңыз, бірақ өзіңіздің арзанырақ сатып алып, барын- ша қымбатқа сату мүмкіндігіңізді арттыру үшін қор нарығының техникалық анализінің қарапайым әдістерін қолданыңыз. Техникалық анализ сізге қашан сатып алып, қашан сату қажет екенін айтады деп үміттенбеңіз. «Нағыз» трейдерлер сияқты заем қаражаттарын («иық», «рычаг») қолданбаңыз, себебі бұл жағдайда сіз инвесторға айнала алмайсыз, егер баға тым ұзақ уақыт төмендесе, сізге заем қаражаттарын қайтару үшін шығынмен жабылуға тура келеді. Көптеген трейдерлер осы- лайша өз капиталдарын жоғалтады. Қорытынды: тәуекел ми- нимальды, табыс – орташа, өте оңай.

Міне, енді ең қызықтысы – трейдингке келдік. Ол қомақты қаражатты өте жылдам табу мүмкіндігімен қызықты. Бір күн ішінде «иықты» қолданып, бірнеше мәміле жасауға болады, сонда табыс күніне мысалы 100% құрауы мүмкін. Тамаша!

Бірақ дәл осылайша сондай мөлшерде шығынға ұшырай ала- сыз, яғни бар ақшаңыздан айрылу қауіпі бар. Өзіңіздің сауда стратегияңызды мұқият ойластырыңыз, капиталды басқару жүйесін жасаңыз, өзіңізге мен неге шығынға ұшырамаймын, мен өз капиталымды тәуекелден қалай қорғадым деген сауал- дар қойыңыз. Қорытынды: тәуекел өте жоғары, табыс – өте жоғары, техникалық күрделілігі – жоғары.

Жеке инвестор үшін өте  ыңғайлы басқа құрал (әсіресе ісін жаңа бастаған инвестор үшін) жарналық инвестициялық қор (ЖИҚ) болып табылады. Бұл не дейсіз ғой? ЖИҚ – бұл үлес салушылардың бірге жиналған ақшасы, осы қаражатқа ЖИҚ басқарушы компания әртүрлі бағалы қағаздар немесе Қазақстан заңнамасы мен ЖИҚ инвестициялық декларация- сымен рұқсат етілген басқа да активтерді сатып алады.

Білімі немесе уақыты жоқ  болуына байланысты ақшасын бағалы қағаздарға жеке инвестициялай алмайтын немесе инвестициялағысы келмейтін  жеке инвесторлар өз ақшасын олар үшін мұны орындайтын компания басқаруына береді. Басқарушы компания үлес салушы қаражаттарын бағалы қағаздардың кең  аясына салады, бұл бір құралға салуға байла- нысты тәуекелді азайтады. Ақшаны жарналық қорға салудың артықшылығы – сіз өз қаражаттарыңызды басқаруға уақыт жұмсамайсыз, сіз өз ісіңізбен айналысасыз, ал ақшаңыз сіз үшін еңбек етеді. Сізге акциялардың бағамын, биржалық индекстердің ауытқуын күн сайын қадағалап отырудың қажеті жоқ. Сіздің ақшаңызды қалайша пайдалы салу және барынша табыс табу – бұл басқарушы компанияның шешетін мәселесі. Сіздің жалғыз міндетіңіз – басқарушы компанияны және өз қаражаттарыңызды инвестициялайтын жарналық қорды дұрыс таңдау.

 

!

Табысты адамдардың биографиясы

Уоррен  Баффет*

Оның қалыптастырған бизнесті жүргізу ережелері Бағалы қағаздар нарығының өзіндік Інжіліне айналды. Нью-Йорк делдалдарының өз ырымы бар: егер биржада ойнау кезінде оның кітабынан үзіндіні іштей оқысаңыз, міндетті түрде жолыңыз болады. Біреулер оның жазған қағидаларының ақиқаттығына сенеді, енді біреулердің ойынша ол жай ғана жолы болғыш адам. Үшіншілер ол жанын шайтанға сатқан адам деседі. Сонымен ол кім? Әлемдегі ең бай инвестор, Berkshire Hathaway бірінші жарналық инвестициялық қордың басшысы, миллиардерлердің «дәреже кестесіндегі» №1 адам. Уоррен Эдвард Баффет 1930 жылы Небраска штатының (АҚШ) ең үлкен қаласы Омахада туылған. Уоррен мек- тепте оқып жүргенде ақ бизнесмен болуды шешкен еді.

11 жас шамасында  оны өмірдің іскерлік қыры  көбірек қызықтырушы еді. Оның әкесі – Говард Баффет биржалық делдал және республикалық партияның белсенді мүшесі болатын. Кішкентай Уоррен биржадағы ойынды көріп, ойнауға құмартты. Ол әрқайсысы 38 доллар бағамен Cities Service Preffered үш акциясын сатып алды. Олардың бағасы 40 долларға көтерілгенде ол қолындағы акцияла- рын сатып, 5 доллар табыс тапты. Осы тұста ол өзінің алғашқы сабағын алған еді. Бір аптадан соң бұл акция- лар 200 долларға дейін көтерілгенде, кішкентай баланың қалайша өкінгенін білсеңіз ғой. Соңынан, Уоррен тек ұзақ мерзімді жобаларға инвестиция салатын болды.

 

Ақша туралы қанатты сөздер

Ақша мейірімді және зұлым бола алады, бұл оның кімнің қалтасына түсуіне байланысты. – В. Швебель

Жомарттық көп беруден емес, дер кезінде беруден тұрады. – Ж. Лабрюйер

Қолма-қол ақша – адамды адаммен байланыстыратын жалғыз құрал емес. – Т. Карлейль

Ақша үшін біз еркіндігімізден айрылуға мәжбүрміз. – Р Стивенсон

Ақша – көң сияқты: оларды төкпесең, одан келер пайда шамалы. – Ф. Бэкон

Өмір тым қысқа, сондықтан сіз үшін басқалар ақша үшін жасай алатын нәрсені жасауға жұмсау әбестік. – С. Моэм

Біреу ақша бәрін жасай алады деп айтса, сол адам- да ақшаның жоқ және ешқашан болмағанын білі- ңіз. – Э. Хоу

Ақша – ортақ игілік. Әрқайсысына өзінің қалауынша, бірақ сонымен бірге шамасы жеткенше алуға рұқсат берілген. – В. Швебель

Ақшаға деген  жалпы құрмет – бұл біздің өркениетімізде сенім туғызатын жалғыз дүние, біздің қоғамдық ой- санамыздағы жалғыз сау орын. Ақша әлемдегі бәрінен де маңызды. Ол қаншалықты денсаулықтың, күштің, абыройдың, жомарттықтың және сұлулықтың белгісі болса, соншалықты олардың жеткіліксіздігін көрсетіп, ауруды, әлсіздікті, арсыздықты, опасыздықты және көріксіздікті әшкерелейді. Оның басым артықшылығы – мейірімді адамдарды қаншалықты күшейтіп, көтерсе, дәл сондай күшпен опасыз адамдарды жер етеді. Және олар бір адамдардың көз алдында түкке тұрғысыз болып құнсызданып, енді біреулердің көз алдында қол жетпейтін деңгейге дейін қымбаттағанда ғана қарғысқа ұшырайды. – Б. Шоу

Ақша бәрін де жасай алады: олар жартастарды қиратып, өзендерді құрғатады; алтынға артынып-тартынған есек шыға алмайтын белестер жоқ. – Ф. Рохас

Ақша – адамның  ойлап тапқан еркіндікке қол жеткізетін ұлы құралдарының бірі. – Ф. Хайек

Өз ақшаңызды екі еселеудің ең қауіпсіз жолы – бұл оларды екі бүктеп, қалтаңызға салып алу. – К. Хаббард

Ақша бұл алтынмен апталған еркіндік. – Э. Ремарк

Жолы болғыштар  – ақшалы, қырсық шалғандар –  ақшасыз, ал оңбағандар ақша үшін өмір сүреді. – Ж. Элгози

Сенде ақша мен  ақшаға сатып алуға болатынның бәрі болғаны жақсы, дегенмен ақшаға сатылмайтын дүниені жоғалтпағаныңды анда санда тексеріп тұру да жаман емес. Д.Лоример

Қаржыда жазалау  қателіктің ізімен жүреді. П.Лакретель

Ақша – ақтыққа дейін сенімді, соңғы досың. – С. Батлер

Ақша – бұл  жақсы әрі жағымды дүние, бірақ оны адамдар құртады.  - Т.Герцль

Егер сіз ақша санай білсеңіз, ешқашан нағыз бай болмайсыз. -  Д.Гетти

!

Ақша  туралы қанатты сөздер

Қанатты сөздер

Миллионды іздеген  адам, оны өте сирек жағдайларда  табады, бірақ оны іздемеген адам – ешқашан таппай- ды! – О. Бальзак

Тапқан табысыңыздан да аз жұмсаңыз, міне осы сізге пәлсапалық негіз. – Б. Франклин

Ақша ақылды адамдар үшін құрал, ақымақтар үшін мақсат болып табылады. – П. Декурсель

Егер сен өзіңе  қажетсіз дүниені сатып алсаң, жақын  арада өзіңе қажеттіні сата бастайсың. – Б. Франклин

Ақшаны қажетсіз дүниеге жұмсап, қажетті дүниеңді алуға ақша таппайсың. – Хилон

Мемлекеттің байлығын жыл сайын шенеуніктерге бе- ретін ақшасы емес, жыл сайын азаматтар қалтасына түсетін ақша қамтамасыз етеді. – И. Этвеш

Ақшаны өз бағасынан  асырып, кемітпе; ол жақсы малай және нашар қожайын. – А. Дюма-ұлы

Көп ақша табу – батырлық; оны сақтау – данышпандық, ал жөнімен жұмсау – өнер. – Б. Авербах

Ақшаны жұмсаудан  бұрын ойлан, оны жұмсаған соң да ойлануды ұмытпа. – Ф. Дойл

Ақшаға ие болудың барлық артықшылығы оны пайдалану мүмкіндігіне тіреледі. – Б. Франклин

Ақша үшін ештеңе істеме: арам пайда туралы арам пайда  қамықсын. – Периандр

Қаржы дағдарыстары дұрыс піспекті соққылар, ол арқылы ірі капитал ұлттың табысының ұжымдық артықшылығын сорып алып, оны өз бассейніне жинайды. – М. Нордау

Махаббат, ақшаны және қамқорлықты жасыру мүмкін емес. – Лопе де Вега

Егер бақыт ақшада болмаса, оны көршіңізге бере салыңыз. – Ж. Ренар

Адам денесінің  басты органы, жанын ұстап тұратын  берік негізі – бұл әмиян. – Т. Карлейль

Ақша көбею  қабілетіне ие екенін есте ұстаңыз. –  Б. Франклин

Балалар сонымен  бірге мұрагерлер болмаса, олар ата-ана- сын, ал ата-анасын оларды одан да жоғары ардақтауы мүмкін бе еді. – Ж. Лабрюйер

 

 

 


Информация о работе Инвецтиция