Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:03, курс лекций
Іскери әкімшілік ету докторы, басқару жөніндегі консультант,
Халықаралық бизнес академиясы
«Кез келген дағдарыс – бұл нөлге түсу. Кеше не болғаны
маңызды емес – бұл тарихшылар мен ойдан шығарылған
Инновациялылық,
дағдарыс кезінде ұйым
мәдениетіндегі негізгі
құндылық ретінде
(басқарушының дағдарыс кезіндегі
артықшылықтары)
С. А. Филин
Іскери әкімшілік ету докторы, басқару жөніндегі консультант,
Халықаралық бизнес академиясы
«Кез келген дағдарыс – бұл нөлге түсу. Кеше не болғаны
маңызды емес – бұл тарихшылар мен ойдан шығарылған
әңгімелердің желісі болатын бос уақытта және пештің
түбінде айтылатын құрастырылған әңгіме ғана»
Игорь Цыкунов,
«Басшыға арналған психология», № 2–3, 2009
Бүгін де дүние жүзі басынан кешіріп жатқан экономикалық
дағдарыстың салдарын сезінбеген ұйым жоқ шығар.
Мұндай жағдайда енді не істеймін деген сұрақ қоймаған
басшы да жоқ шығар. Бұл мақала басшының дағдарыс
кезіндегі қызметінің бір – корпоративтік мәдениетке1
арналған. Қисынға келтірілген құндылықтар жүйесі
басшыға өз қызметкерлерін ұйымдағы дағдарысты жеңуге,
тіпті орын алған жағдайда жеңіске қол жеткізуге жұмылдыра
алады.
Дағдарыс кезіндегі
тұрып, ұйым тұрғысынан алғанда дағдарыстың не
екенін анықтап алайық.
Дағдарыс – бұл ұйымның бір немесе бірнеше өндіріс
ресурстарын таусылуы.
Ұйымда қатты (материалдық, қаржы, адами, материалдық
емес) және жұмсақ (лидерлік, шығармашылық, билік
және т.с.с.) ресурстар бар. Ағымдағы жағдайда
дағдарыс – бұл қаржы ресурстарының таусылуы. Бірақ
тек бұл емес. Егер дағдарыстың мән-мағынасына
дұрыстап қарасақ,
сенімділік дағдарысын көреміз. Ин-
весторлар компаниялардың нарық бағасына сенуін
тоқтатты, акциялардың
бағасы арзандап кетті. Мұның
салдарынан капитал айналымы азайып, оның салдары-
нан айналымдағы қаражат азайды. Несиелер жоғалып,
тұтынушылар сатып алатын тауарларының көлемін азай-
тты. Бұдан әрі жағдай тығырыққа тіреліп, біреуі екіншісі-
не әкеледі, ал басқасы өз кезегінде себепке әсер етеді.
Осылайша, қазіргі дағдарыс сондай-ақ – сенімділік
ресурсының тауысылуы.
Дағдарысқа берілген анықтамадан ұйымның бір ре-
сурсы таусылса, екіншісін табу керек немесе оны басқа
ресурсқа ауыстыру қажет деп айтуға болады. Мысалы,
кейбірде капиталдың орнын еңбекке толтыруға болады.
Бірақ егер де өндіріс ресурстарын ауыстыру керек бол-
са, жаңа ресурстармен жұмыс істеу үшін ұйымның тех-
нологияларын ауыстыру қажет. Алайда егер көпшілік
ұйымдардың дағдарыс кезіндегі іс-қимылына қарасақ,
ұйымның өз технологияларын
тек азаятынын көреміз. Расында да, бизнесті сақтап қалу
үшін оларды аз уақыттың ішінде азайту жалғыз амал болуы
мүмкін. Өйткені егер ұйым мұны кешірек жасаса, тиімділігі-
нен айырылған жұмыс әдістері мен технологияларды
қолданады деген сөз. Алайда көптеген ұйымдар жаңа
жұмыс әдістері мен бизнесіне деген жаңа тәсілді ізде-
мейді де. Басқарушылардың әр шешімінен кейін аяусыз
қысқаруда.
Енді дағдарыс кезіндегі ұйымдағы мәдениет туралы
айтуымызға
болады.
Ұйым дамуының теориясы ұйымның негізгі құндылықтары
тек дағдарыс кезінде ғана емес жалпы Клиентке бағдар
ұстану, Басқарылу және Инновациялылық болып табыла-
тынын айтады.
Дағдарыс анықтамасын ескере келе, басымдық Инновациялылық
болу керек деп айтуға болады. Алайда бұл
недегі инновациялық? Бәлкім, клиентке бағдар ұстану
мен басқарылудағы инновациялылық шығар? Егер осы
құндылықтардың қатынасын
болсақ,
келесі өзара-әрекеттестік пайда болады (
1-сурет.).
Инновациялылық, және
Инновационность
Басқарылу
Управляемость
Клиентке бағдар ұстану
Клиентоориентированность
Сурет-1. Дағдарыс кезінде корпоративтік құндылықтардың ара-қатынасы
Рисунок 1. Соотношение корпоративных ценностей в кризис
Осы суретті келесідей түсіндіруге болады. Дағдарыс кезін-
де компанияға басқарылу мен клиентке бағдар ұстануда
инновациялылық керек. Өз кезегінде, басқарылудағы
инновациялылық клиентке, қысқарған клиент базасының
мұқтаждықтарын сапалырақ
ұстану қажет.
Енді құндылықтарға анықтама берейік.
Инновациялылық – енгізу ортасына жаңа салыстыр-
малы түрде тұрақты элементтерді енгізетін мақсатты
өзгерістерді жүргізу
ші күйге өтуі.
Инновациялылық терминімен:
l Жаңашылдық – бұл жоба;__
l Жаңа енгізілім – жобаның енгізілу процессі2 байла-
нысты
Көп жағдайда басқарыла алмайтын процесс – шығармашылық
пен инновациялық жобаның енгізілу процес-
сі – жаңа енгізілімді шатастыруға болмайды.
Сонымен, дағдарыс кезінде ұйымды басқару мен оның
клиентке бағдар ұстануының жаңа әдістері мен амал-
дарын іздеу қажет. Алайда басқарушылар инновациялы
көп жағдайда бола алмайды. Мұның себептерінің бірі –
олардың алдыңғы табыстары. Психология тұрғысынан
алдыңғы табыстар басқарушылардың шешімдері мен
іс-қимылдарына позитивті демеу болған. Бірдей бірне-
ше сәтті шешім рефлекторлы доға түзеп, басқарушы
әрдайым осылай істеу керектігіне сенімді. Бұл сенімділік
шартты рефлекс деңгейінде түйілген.
Клиентке бағдар ұстану – барлық бөлімшелердің,
қызметтер мен әрбір қызметкердің клиенттер іздеуге
және олардың қажеттіліктерін бәсекелестерден артық
қанағаттандыруға бағдарлануы. Мемлекет тұрғысынан
алып қарағанда, дағдарыс төлемге қабілетті сұраныстың
азаюы деп айтуға болады. Бірақ, ұйым тұрғысынан
алып қарағанда, – бұл бәсекелестіктің күшеюі. Бүгін
де төлемге қабілетті сұраныс азайып, бизнес азайған
сұраныс үшін бәсекелесуге мәжбүр. Алайда қандай да
бір индустрия саласындағы бір компания үшін төлемге
қабілетті сұраныс жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ нақты
кімге? Әрине, дағдарыс – жаһандық ауқымдағы «дерт».
Десек те, одан шығу әркімнің жеке ісі.
Кәсіпорындардағы қазіргі
дау бізді естен тантырарлық қорытындыға әкелді. Біз
көптеген компанияларда сату жүйесінің жоғын анықтадық.
Дағдарыс басталмай тұрып, көпшілік бизнестің
сату жүйесі бір жүйеге келтірілген деген көз алдаушылық
болған. Алайда бұл олай емес, компанияларда өткізу
жүйесі құрылған. Жетілмеген, жоғары қарқынмен өсіп ке-
ле жатқан нарық сатушылар нарығын құрған. Яғни, егер
айтарлықтай сапалы тауарлар әкелінсе, айтарлықтай са-
палы қызметтер көрсетілсе, өзінің төлемге қабілетті са-
тып алушысын тауып жатты. Алайда жағдай тез өзгерді.
Нарық жетіліп, пісті. Енді сатып алушы нарығы көп.
Өткізудің орнына сатуды дамыту қажет. Мен ғаламтордан
ұйымдардағы өткізу мен сатуға лайық келіп тұрған мына-
дай метафораны таптым: ≪Ер азаматтың қалтасында
ақша болса, әйелдердің назарынан құр қалмайды.
Қалтасы бос болса, артынан жүріп, күтуге тура ке-
леді!≫
Бұл басқа стратегия, тактика, іс-шара! Бюджет мен са-
тылым қызметкерлерінің қысқаруы, сатылым қызметкерлерінің
оқытылмауы, жарнаманың аз пайдаланылуы
клиентті «күту» әлеуетін арттыра қоймасы анық.
Осылайша, инновациялылық ең алдымен, қай жерде ке-
рек дегенге – сатылымның жүйеге қойылуы мен дамы-
тылуы деу керек.
Басқарылу – бұл қаланған нәрсеңді емес, алдын ала
ойластырылған нәрсеңді жасау. Басқарушылардың ба-
сым көпшілігінің ойынша, басқарушылық – компанияның
иеленушілер мен басқарушылардың аз жұмсалған күші
ынтасымен жұмыс істеуі. Жоқ, бұл - өзін-өзі басқару.
Басқарылу дегеніміз – менеджменттің ұйымның ішін-
де болсын, оны басқару жүйесінде болсын, тиімді
өзгерістер жасау алуы. Осы орайда, осы уақытқа
дейін қолданылып келген басқару әдістері ұйымның
өсуіне, яғни, бір әрекеттің үлкен көлемде жасалуы-
на бағдарланған болатын. Алайда өсім тоқтап қалды.
Басқарушылар орын алған жағдайда компанияны
басқаша қалай басқару керектігін білмей, бұрынғы
басқару әдістерін, бірақ аз көлемде қолданып отыр.
Алайда бұл амал емес.
Қазіргі уақытта өзгерістерге, инновацияларға бағытталған
басқаруды ретке келтіру қажет. Дегенмен, жаңа
басқару әдістері, жұмыс әдістері мен технологиялардағы
жаңалықтар міндетті түрде қызметкерлердің,
әсіресе,
мамандардың текетіресуіне әкеледі. Өзгерістерді басқару
теориясы (Managing Change) текетірес мен оны жеңудің
жолдарын айтарлықтай толық сипаттайды. Бірақ көп
жағдайда, басқарушылар мамандардың жетегінде жүріп,
жалпы алғанда, кәсіпорынның жұмысына және соның
ішінде, басқару әдістеріне елеулі өзгерістер енгізуге бел
бумайды. Істен шығулар жаңа енгізілімдер іске енгізілген
уақытта, шынайы күйден қалайтын күйге өту барысында
болады.
Десек те, ұйымның басқару үшін өзгерістер енгізумен
шектеліп қоймау қажет. Іскерлік мәдениетіндегі маңызды
проблемалардың бірі нәтижеге емес, үрдіске бағдарланған
басқару. Егер қызметкерлерді іріктеу, олардың лауазымдық
міндеттемелерін анықтау, жұмысына баға беру
үрдісіне дұрыстап қарасақ, басқарушылардың нәтижеге
емес, үрдіске көбірек мән беретінін көруге болады. Мы-
салы, егер қызметкерлердің лауазымдық нұсқамаларын
алып қарайтын болсақ, онда қызметкердің не жасау
керектігі емес, не істеу керектігі жазылған. Егер қызметкерлердің
қалай бағаланып, аттестацияланатынын
алып қарасақ, нақты бір қызметкердің істеген жұмысының
нәтижесі емес, білім мен дағдылар бағаланатынын көруге
болады. Біздің іскерлік мәдениетіміздегі қызметкерлер
арасындағы қарым-қатынас басқарушылар үшін міндеттердің
орындалуынан маңыздырақ екенін ескере
отырып,
мұның барлығы бірдей жағдайда3 еліміздегі
жұмыс өнімділігі дамыған елдердегіге қарағанда аз бо-
луына әкеледі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі тек басқарушыларға ғана
қатысты емес. Кәсіпорынның жұмысы әр қызметкердің
жұмысына байланысты. Яғни, жоғарыда келтірілген
құндылықтар әр адамның құндылығына айналу қажет.
Осы құндылықтардың енгізілуі, дамытылуы басқарушының
басты жұмысы болуы шарт. Бұған қажетті механизмдер
жоқ емес.4 Алайда олар жеке күш пен басқарушылардың
уақытын талап етеді.
Десек те, дағдарыстан да, өз бетінше шыға алмайтын-
дай, бірінші басқарушының немесе ТОР менеджердің осы
міндетті
жалғыз атқару қолынан келмес. Мұндай міндетті
өкілеттіктері нақты айқындалған тұрақты жұмыс істейтін
бірнеше комиссияға бөлінетін дағдарысқа қарсы штаб
орындау қажет. Мысалы:
а) бірінші топ өз назарын фирмадағы психологиялық жағдайды
бақылауға және оны сақтап қалуға аударады,
инновациялық құндылықтарды қояды;
б) екінші топ орындалмай қалу деңгейі төмен, кәдімгі
жұмыстың орындалуын бір қалыпта ұстайды;
в) үшінші топ дағдарыстық іс-шараларды орындаумен
айналысады, сыртқы PR ұйымдастырады, негіз-
гі құралдардың өнімділігін арттырып, айналымдағы
қаражат айналымын тездетеді. Үнемдеу жолдарын
іздеп, ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады;
г) төртінші топ инноватикамен айналысады яғни, ағымдағы
жағдайды талдап, болжам жасайды, ұйымның
мақсаттарға қол жеткізуінің жаңа әдістерін іздейді.
Біз Алматы қ. кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы штабтардың
болуына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз.
Нәтиже қуантарлық емес. Аталмыш штабтар тек қаржы
ұйымдарында және басқа салалардағы ұйымдарда
(4% кем) құрылған. Осылайша, өзгеру және дағдарыстан
сәтті
шығу деңгейі – кәсіпорындардың басым көпшілігінде
жоғары емес.
Қор нарығы
Қор нарығы (ағылшын тілінде Stock Market) бағалы қағаздардың саудасын жасауға мүмкіндік беретін механизм- дер жиынтығын білдіруге арналған ұғым.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының дәс- түрлі формасы болып табылатын қор биржасы – бұл бағалы қағаздар мен басқа қаржылық құралдардың тұрақты қызмет етуші нарығы, ақшалай капиталдардың қозғалысына қызмет көрсетуші, қаржы нарығын реттеушілердің бірі.
«Қор нарығын» «қор биржасымен» шатастыруға болмай- ды, соңғысының ерекше қызметі бағалы қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ету болып та- былады.
Қор нарығының негізгі функциялары: бағалы қағаздарға салымдар өтімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; мемлекеттік инвестициялау, сондай-ақ басқа шаруашылық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу жолымен оларға инвестиция салу; бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйым- дастыру арқылы бос ақша капиталдарын және жинақтарын шоғырландыру және мобилизациялау.
Қор нарықтары өз мәнінде елдің нарықтық экономикасы- ның реттеушісі болып табылады. Олар негізінен инвести- циялау және жинақтау мөлшерін айқындайды, сондай-ақ та- бысты максимализациялау талабына толық жауап беретін, шаруашылықтағы тепе-теңдікті қолдаудың табиғи құралы бо- лып қызмет етеді. Осылайша, қор нарығы ұлттық экономика- ның қарқынын, ауқымын және тиімділігін айқындайды.
Осымен теория жеткілікті деп ойлаймыз, тәжірибе бұдан әлдеқайда қызықтырақ. Енді қор нарығында қалай табыс табуға болатынына тоқталайық.
Әңгімемізді бастамас бұрын бір сәтке тоқтала кетейік – қор нарығында тәуекелсіз табыс табу стратегиясы болмайды, тіп- ті ақшаңызды банкке сала отырып, қолдағы ақшадан жұрдай бола аласыз. Табыс неғұрлым жоғары болса – тәуекел деңгейі де соғұрлым жоғары. Және керісінше.
Ақша салымының дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда бағалы қағаздар сенімділігінің төмендігі нарық конъюнкту- расына көптеген факторлардың әсеріне байланысты, олардың өзгерісін тіпті кәсіпқойлардың өздері нақты болжай алмайды.