Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:38, курсовая работа
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Кiрiспе...........................................................................................................3
I Бизнес жоспар түсінігінің әдiстемелiк негiздерi.......................................5
1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5
1.2.Бизнес жоспардың негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы
1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12
ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17
2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20
2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23
Қорытынды.................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29
Қосымша.....................................................................
Қаржылық жоспарлаудағы атқарымдардың бірі болып табылатын стратегиялық жоспарлау процесі кәсіпорын міндетін белгілеуден басталады. Жоспарлаудың бұл процесі ұйымның миссиясын таңдаумен сәйкес келеді, маркетингтік қызмет те осыдан бастау алады.
Қазіргі қалыптасқан жағдайға сәйкес Қазақстанның көптеген кәсіпорындары стратегиялық жоспарлаумен көп айналыспайды.
Кәсіпорындардың миссиясын таңдау-стратегиялық жоспарлаудың өте жауапты кезеңі болып табылады. Кәсіпорындардың миссиясын белгілеу барысында клиенттерді және олардың сұраныстарын анықтау мәселелері туындайды. Тұтынушылардың ұтымды таңдап алынған сұраныстарын саналы түрде қанағаттандыру ғана кәсіпорындардың күткен нәтижелерге жетуіне жәрдемдеседі.
Қаржылық жоспарлау кәсіпорын мүмкіндігін байыпты бағалауға, оның балансын нарықтық сұранымдармен қамтамасыз етуге, кәсіпорындардың тиянақталған даму бағдарламасы мен рыноктағы іс-қимылын түзуге, байсалды басқару шешімдерін қабылдауға қажет негіз туғызуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмыс істейтін сыртқы жағдаяттар өрісі кең әрі мемлекеттік шаруашылық саясатының бағытымен, экономиканы басқару және реттеу шараларымен айқындалады.
Кәсіпорын қызметінің ішкі жағдаяттарын талдау оның қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға, ұсынылатын қызмет түрлерін байыптауға, кәсіпорындардың рыноктағы стратегиялық әрекетін, жоспарлау жағдайын, техникалық жарақтандыру деңгейін, қызметкерлердің біліктілігін бағамдауға, ақпаратпен қамтылуын, қызмет сапасын зерттеуге, кәсіпорынның ұйымдық құрылымын сараптауға негізделеді.
ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері
Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы көрсетілетін қызметтердің сапасын өзін дамыту негізі және Компанияға Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу жөніндегі алдына қойылған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде қарастырады.
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы сапа менеджменті жүйесін енгізуді Компания қызметінің аса маңызды стратегиялық бағыты деп санайды. Мұндай жүйені құрудың нәтижесі инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін Сарыарқа макроөңірінде қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру болуы тиіс.
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы Компанияның сапа саласындағы саясаты Компанияның Миссиясынан, Мақсаттарынан және Стратегиясынан туындайтын қағидаттар мен құндылықтарды білдіру болып табылатындығын мәлімдейді.
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін өзіне мынадай міндеттемелерді алады:
* экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық дамуына жәрдемдесу;
* кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құруға ықпал ету;
* өңірлерді әлеуметтік жағынан дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
* Компанияның мемлекеттік, республикалық және салалық бағдарламаларға нәтижелі қатысуын қамтамасыз ету;
* Сарыарқа өңірінде жетекші көп бейінді холдинг болуы, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету, Компанияның клиенттерімен әріптестік қарым-қатынастарды үнемі дамытуға ықпал ету;
* өңірлік даму институттарының арасында алдыңғы қатардан орын алу;
* берілетін мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
* Компанияның кәсіпорындарында қазіргі заманғы технологияларды, прогрессивтік технологиялық процестерді енгізу үшін жағдайлар жасау;
* ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау, оның тиімділігін, нәтижелілігін және тұрақты жақсаруын қамтамасыз ету;
* Жүйелі және процестік тәсіл негізінде Қоғамның қызметін жетілдіру; бизнес-процестерге үнемі мониторинг жасауды және оларды жетілдіруді жүзеге асыру;
* Компанияның тиімді қызметін және персоналды тарту мен оның сақталуын қамтамасыз ету үшін Компания қызметкерлерінің еңбегін, оларды үнемі оқытуды уәждеу және ынталандыру жүйесін үздіксіз дамыту
* Компания қызметкерлерінің іскерлік мәдениеттің, атқару мен еңбек тәртібінің жоғары деңгейіне қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
* Сапа саласындағы саясатты Компанияның әрбір қызметкерінің назарына жеткізу және Компанияның персоналын сапа менеджменті жүйесінің процестерін басқаруға толығымен тартуды қамтамасыз ету.
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Ақмола, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының аумағындағы бизнес-жобаларға инвестициялардың І кезегі туралы хабарлайды
Бірлесіп қаржыландыру схемасы
«Сарыарқа» ӘКК 60 млн. теңгеден 600 млн. теңгеге дейін (бірақ 49% көп емес)
Кәсіпкер 51% және одан да көбірек
Жобалардың салалары
Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, туризм және демалыс;
Қарағанды облысы Металлургия и металл өңдеу, құрылыс индустриясы, энергетика, көліктік-логистикалық орталық (КЛО);
Астана қаласы Құрылыс индустриясы, көгөніс сақтау қоймалары, КЛО
Жобалардың сатысы Жобаның кез келген сатысында
Әріптестік қағидаттары Жобаға қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастың ашықтығы. Жобаны иеленудегі және оны басқарудағы басымдық кәсіпкерге беріледі
Қаржылық емес ресурстар
«Сарыарка» ӘКК Ұйымдық – заңдық сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою
Кәсіпкердің
ӘКК-нің қосымша мүмкіндіктері Жобаға жер, мүлік, жоғарыда аталған өңірлердің пайдалы қазбалары арқылы қатысу
Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2007 жылы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен пилоттық жоба ретінде құрылған болатын.
Миссиясы - мемлекеттік-жеке әріптестік арқылы Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық дамуына жәрдемдесу.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР
* Мемлекеттiк-жеке әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;
* Мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
* Инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;
* Шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;
* Өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешуге пайданы бағыттау.
Қазіргі уақытта «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мынадай бағыттар бойынша жұмыс істейтін 22 компанияны қамтиды:
* отынның баламалы түрлерін өндіру;
* өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді және инженерлік желілерді жобалау;
* автоматтандыру құралдарын әзірлеу, шығару және реттеу;
* лифтілерді жөндеу және құрастыру;
* сәулет-жобалау жұмыстары;
* жер қойнауын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу;
* дәрі-дәрмек заттарын жасау және бөлшек саудаға шығару;
* ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және сату;
* көмірді, темірді, мысты және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру;
* құрылыс;
* қатқыл тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге асыру;
* көлік және логистика.
2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы
Бірлесіп қаржыландыру схемасы
«Сарыарқа» ӘКК 60 млн. теңгеден 600 млн. теңгеге дейін (бірақ 49% көп емес)
Жобалардың салалары
Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, туризм және демалыс;
Қарағанды облысы Металлургия и металл өңдеу, құрылыс индустриясы, энергетика, көліктік-логистикалық орталық (КЛО);
Астана қаласы Құрылыс индустриясы, көкөніс сақтау қоймалары,
Жобалардың сатысы Жобаның кез келген сатысында
Әріптестік қағидаттары Жобаға қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастың ашықтығы. Жобаны иеленудегі және оны басқарудағы басымдық кәсіпкерге беріледі
Корпорацияның қаржылық жағдайы 2009 жылы мемлекеттік бюджет шығындары құрылымында жалақы үлесі-5,8%-ды, қызмет көрсетулерді алу-10,4%-ды құрады. Өз кезегінде мемлекеттік бюджет шығындарының 26,8% аймақтық трансферттер, күрделі шығындар 21,6%-ды құраған. 2007 жылы мемлекеттік бюджеттен 369,0 млрд теңге сомасында қаржылық активтерді алуға қаржы бөлінді және ол 2006 жылмен салыстырғанда 3,6 есе артты. Осы ретте қаржының елеулі көлемі «Сарыарқа» корпорациясының жарғылық капиталын арттыруға бағытталған.
Қазіргі кезде корпоративті сыртқы қарыздарды басқару жөніндегі жұмыстар әлсіз атқарылуда. Корпоративті қарыздың өсуі Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясын әлсіретеді және трансшекаралық сипаттағы тәуекелдерді арттырады. Шикізаттық тауарлардың жоғарғы әлемдік бағалары төмендеуі мүмкін екендігін ұмытпаған жөн, ол теңгенің нығаю тенденциясының тоқтауына алып келеді, ал әдетте қарыз алынатын құбылмалы пайыздың ставкалары өсуі мүмкін және ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың сыртқы қарызына қызмет көрсетулеріне ықпал ете алады.
Өз кезегінде шикізаттық тауарлардың экспорты негізінен шетелдіктер қатысқан кәсіпорындармен жүзеге асырылады, сондықтан экспортық кірістердің өсуімен тікелей шетелдік инвесторларға дивиденттер көлемі елеулі артты.
Бұл корпорация өз кезегінде 548,8 млн. АҚШ доллары Банктiң қатысуымен 1 396,8 млн. АҚШ доллары сомасына 37 инвестициялық жобаны, оның iшiнде 465,7 млн. АҚШ доллары Банктiң қатысуымен 1 282,8 млн. теңге АҚШ доллары сомаға Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде 26 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Банк қызметiнiң басынан бастап мақұлданған инвестициялық жобалар бойынша игеру 326,9 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын бекiткен сәтiнен бастап 266,4 млн. АҚШ долларын немесе игерудiң жалпы көлемiнiң 81,5 %-ын құрады. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктің мақұлдауымен 442,6 млн. АҚШ доллары кредит беру көлемiмен жалпы сомасы 1 230,5 млн. АҚШ доллары 26 жоба iске асыру сатысында, 115 млн. АҚШ доллары сомасына инвестициялық жобалар бойынша 75,2 млн. АҚШ доллары сомасына 5 кредиттiк келiсiм қол қою сатысында. Банктiң қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобаларға қатысуының салалық құрылымы: электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлу (22 %), көлiк және байланыс (жалпы көлемiнiң 17 %-ы), тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi (15 %), химия (13%), өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру, құрылыс материалдарын өндiру (12 %), машина және жабдықтар өндiру (9 %) және тамақ өнеркәсiбi (3 %) және экономиканың басқа да салалары (9%).
«Сарыарқа» корпорациясы АҚ шаруашылығындағы көрсеткіштер
Көрсеткіш
| 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
Барлық кірістер (млн теңге)
| 587039 | 733660 | 807852 | 1004566 | 1305164 |
Соның ішінде салықтық түсімдер (млн теңге) | 524058 | 635792 | 752785 | 947251 | 1186137 |
Бюджет кірісіндегі салықтық түсімдердің үлесі % | 89,3 | 90,2 | 91,6 | 94,2 | 91,3 |