Басқарушылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 02:24, контрольная работа

Описание работы

1. Талдау әдісі мен оның сипаттамалық ерекшеліктері.
2. Жүйелі көзқарас пен өзара байланысты аналитикалық көрсеткіштерді жетілдіру.
3. Экономикалық ақпаратты басқарушылық талдауда өңдеудің дәстүрлі тәсілдері.
4. Факторлық талдаудың әдістері.
5. Детерминирлі талдаудағы факторлардың әсер етуін өлшеу тәсілдері.
6. Экономикалық мән - маңызы, резервтерді іздеу мен есептеудің ұйымдастырылуы.
Әдіс кең мағынада жалпы диалектикалық таным әдісі негізінде өз пәнін тану тәсілін түсінеді. Диалектикалық әдіс бойынша барлық құбылыстар мен процесстерді үздіксіз қозғалыста, өзгерісте және дамуда болады деп талқылау қажет.

Работа содержит 1 файл

BASKARUWILIK TALDAU.docx

— 27.17 Кб (Скачать)

Факторлық талдау келесідей міндеттерді шешеді:

    1. зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды таңдау;
    2. жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында оларды топтастыру және жүйелеу;
    3. қорытынды және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу;
    4. қорытынды көрсеткіш шамасының өзгерісіндегі факторлар әсерінің есебі және олардың әрқайсысының ролінің бағасы;
    5. процесстерді басқару үшін факторлық модельді тәжірибелік қолдану.

Факторлық талдаудың бір  міндеті болып қорытынды көрсеткіштер мен оның шамасын айқындайтын  факторлардың арасындағы өзара байланыстарды  модельдеу табылады. Модельдеудің мән-маңызы зерттелетін көрсеткіштердің факторлармен өзара байланысы нақты математикалық теңдеу түрінде бейнеленуінде.

Детерминирлік талдауда ең жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей типтері ажыратылады:

    1. Аддитивті модельдер:

 

Ол қорытынды көрсеткіш  бірнеше факторлық көрсеткіштердің  алгебраикалық сомасын көрсеткен  кезде қолданылады.

    1. Мультипликативті модельдер:

 

Бұл модель типі қорытынды  көрсеткіш бірнеше факторлардың туындысын көрсеткенде қолданылады.

    1. Краттық модельдер:

Олар қорытынды көрсеткішті  бір факторды басқасының шамасына бөлу арқылы алған кезде қолданылады.

  1. Аралас модельдер: - бұл келесідей модельдердің түрлі қиыстыруларда сәйкес келуі:

 

және т.б.

 

Мультипликативті факторлық  жүйелерді модельдеу нәтижелі жүйенің  факторларын көбейткіш-факторларға  дәйекті мүшелеу жолымен орындалады. Мәселен, өнімді өндіру процесінің көлемін  зерттеу кезінде келесідей детерминирлі модельдер қолданылады:

ВП = ЧР х ГВ

ВП = ЧР х Д х ДВ

ВП = ЧР х Д х П х ЧВ

ВП - өнімді өндірудің жылдық   мөлшері;

ЧР - жұмысшылардың орташа тізімдік саны;

ГВ - бір орташа тізімдік жұмысшының орташа жылдық айлығы;

Д - бір жұмысшының бір  жылдағы жұмыс істеген күндерінің саны;

П - жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат;

ЧВ - бір жұмысшының орташа сағаттық айлығы.

Бұл модельдер мультипликативті түріндегі нәтижеліфакторлық жүйенің бөлшектеу процесін және кешенді факторлардыкөбейткіштерге мүшелеу есебінен кеңеюін бейнелейді. Модельді кеңейту және бөлшектеу деңгейі зерттеу мақсатына және көрсеткіштерді белгіленген ережелер шегінде бөлшектеу және формаландыру мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Адитивті факторлық жүйелердің модельденуі аналогты (ұқсас) түрде  жүзеге асырылады. Краттық модельдерде  оларды түрлендірудің келесідей  әдістері қолданылады: ұзарту, кеңейту  және қысқарту.

Сонымен, қорытынды көрсеткіштер әр түрлі әдістермен құрама элементтерге (факторларға) жіктелуі мүмкін және детерминирлі модельдердің түрлі типтері түрінде  ұсынылуы мүмкін. Модельдеу әдісін таңдау зерттелетін объектіге, қойылған мақсатқа байланысты.

Қорытынды көрсеткіштердің  өсіміне әсер ететін жеке факторлардың мөлшерін анықтау үшін детерминирлі талдауда келесідей әдістер қолданылады: тізбекті подстановка, абсолютті айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық, пропорционалдық  бөлу, интегралдық, логарифмиялау, баланстық  және т.б.


Информация о работе Басқарушылық талдау