Бағалы қағазда

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 11:31, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы;
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау;
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективаларын анықтау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері.........................5
1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні....................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.......................................................11
2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау.........................17
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.....17
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау..................19
3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары............23
3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері..................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары...................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа макро ценные бумаги.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

Ескерту: мәліметтер www.kase.kz сайтынан алынған

 

     

1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы

      Бағалы қағаздар нарығының тек өзіне тән ерекшеліктері мол, нарықта тәуелділік пен табыс деңгейі тікелей инвестордың шешімдері мен стратегиясына тәуелді болады. Инвестициялық қызметпен айналысатын адамдар өз инвестициялық шешімдері үшін өздері жауап береді. Бағалы қағаздар нарығының тәуекелдері мол, оны болжау қиын, бірақ оның ерекшеліктері мен тенденцияларын білсе, нарықта орын алып жатқан жағдайларға жедел жауап қайтарып, соған байланысты мәмілелер жасайтын болса, ол өте табысты. Дегенмен, мұнда да мемлекет қор нарығын реттеуді қамтамасыз етеді.

      Бағалы  қағаздар нарығының негізгі қатысушылары – инвесторлар, бағалы қағаздар эмитенттері, брокерлер мен өзге делдалдар.

      Инвесторлар инвестициялық табыс алу мақсатында өз ақшаларын орналастырады. Басқа  сөзбен айтқанда, олар акциялар, облигациялар және жарналар түріндегі бағалы қағаздарды сатып алады, сөйтіп біршама уақыт өтіп, олардың құны өскен кезде сатып жібереді. Кез – келген қазақстандық – та, бүтіндей компаниялар да, мысалы, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар немесе институтционалды инвесторлар инвестор бола алады. Қор нарығының басқа қатысушылары, бұл - бағалы қағаздар эмитенттері. Эмитенттер дегеніміз - өз бизнесін дамытуға қажетті қаражатты бағалы қағаздар шығару есебінен тартқысы келетін компаниялар.

      Қор нарығының үшінші қатысушысы – брокерлер. Олар инвесторлар мен эмитенттер арасындағы делдалдар. Брокерлер – эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге құралдарымен клиенттің тапсырысы, есебі мен мүддесінде мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында қор биржасы қызмет етеді – бұл бағалы қағаздар немесе валюта сауда – саттығы ұйымдастырылатын жер. Қор биржасы – акционерлік қоғам ұйымдастыру – құқықтық үлгісінде құрылған, сауда ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып, тікелей сауда жүргізу арқылы оларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын заңды тұлға.

      Бағалы  қағаздар нарығының өзге делдалдарына жататындар: тіркеуші, трансфер – агент, орталық депозитарий, кастодиан және инвестициялық портфельді басқарушылар.

      Тіркеуші  – бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және іске асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

      Трансфер  – агент - өз клиенттері арасында құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызметтерді көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. Біздің мемлекетімізде өз бөлімшелерінің кең таралуына байланысты «Қазпошта» АҚ трансфер – агент болып табылады.

      Орталық депозитарий – бұл негізгі  функциясы қаржы құралдарын сақтау мен есепке алу болып табылатын, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды атқаратын, мамандандырылған коммерциялық есеп ұйым.

      Бағалы  қағаздар нарығындағы кастодиалды  қызметті кастодиалдық қызмет пен сейфтік  операциялар жасауға рұқсаты  бар банктер атқарады. Кастодиан  – банктер клиенттердің қаржы  құралдары мен ақшаларын есепке алады, олардың қаржы құралдарына қатысты құқықтарын растайды, сонымен қатар өздеріне оларды сақтау бойынша міндеттемелер ала отырып, клиенттердің құжат түріндегі қаржы құралдарын сақтайды.

      Осы ұйымдардың барлығы бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрайды және қор нарығының лайықты түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының әрекеттері әрбір кезең барысында бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамамен регламенттеледі, сонымен қатар, ҚҚА – мен реттеледі және бағаланады.

      Осылайша, қор нарығында инфрақұрылым мен  оның объектілерінің жағдайына қатысты  қадағалау қамтамасыз етілетін болғанымен, инвестициялардың сақталуы мен табысқа  кепілдік берілмейді. Себебі, бағалы қағаздар нарығы экономика серпелістерінен, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінен, макроэкономикалық көрсеткіштер мен өзге де факторлардан тәуелді болғандықтан қор нарығы қатысушыларының ешқайсысы мемлекеттік облигациялардан басқа бағалы қағаздар бойынша 100% - дық табысқа кепілдік бере алмайды. Осыған байланысты қор нарығының құралдары тәуекелді болып есептеледі, табыстылық өте жоғары болуы мүмкін, бірақ тәуекелдіктерінің деңгейінің жоғары болуына байланысты теріс немесе шығынды болуы мүмкін.  

      Бірақ бұл ақшаларды жоғалтады деген  сөз емес. Мұнда инвесторлардың қаржылық сауаттылығы ерекше маңызға ие болады. Нақты жағдайларда, мысалы, баға белгіленімдері төмендегенде, егер инвесторлар өз бағалы қағаздарын сатып алған бағадан төмен сатып жібермесе, кейінгі кезеңдерде олар табыс әкелуі әбден мүмкін.\№9, 14б.\

      Бағалы  қағаздар нарығы кез-келген елдің нарығының  құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының  негізі тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы аталған нарықтың жалғасы, олардың туындысы.

      Бағалы  қағаздар нарығының түрлері бағалы қағаздардың түрлерінің жіктемесімен көп ұқсастықтары бар. Оларды келесідей көрсетуге болады:

  • Халықаралық және ұлттық  бағалы қағаздар нарығы;
  • Ұлттық және аймақтық нарықтар;
  • Нақты бағалы қағаздар түрлерінің нарығы (акциялар, облигациялар      т.с.с.)
  • Мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес)  бағалы қағаздар нарығы;
  • Біріншілік және туынды бағалы қағаздар нарығы;

      Тауарлық  экономиканың басты мақсаттарының  бірі пайда табу болғандықтан, кез-келген қызмет капиталды ұлғайту сферасы  болуы қажет, осы тұрғыдан кез-келген нарық капиталды салу нарығы болады.

      Ақшалай құралдар өндіріс және сауда қызметіне, жылжымайтын мүлікке, антиквариатқа, бағалы металдарға және т.с.с . салынуы  мүмкін. Осы барлық жағдайдағы салынған ақша құралдары уақыт өтуімен  дұрыс бағыттар таңдалынып, жағдайлар жасалса, капитал ретінде салынған ақшалар айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Алайда аталған жағдайларда капиталға салынатын ақша сомасы қайдан жиналатыны қарастырылмаған. Капиталды салу үшін оны жинау немесе бір жерден алу керек.

      Капиталды  жинау және  оны алу сферасы - қаржы сферасы болып табылады. Негізгі қаржылық қатынастар орын алатын нарықтарға мыналар жатады.

  • Банктік капитал нарығы;
  • Бағалы қағаздар нарығы;
  • Валюта нарығы;
  • Сақтандыру және зейнетақы қорларының нарығы.

      Сонымен, капиталды салуға ғана арналған біріншілік нарықтарды  және бұл капиталдың жиналып, шоғырланып, орталықтанып, нәтижесінде біріншілік нарықтарға салынатын капитал жасалатын қаржы нарығын атап өтуге болады. Қаржы нарықтары немесе капиталдар нарығы- бұл ақша құралдарының алғашқы иесімен соңғы иесінің арасындағы делдал болып келеді.

      Бағалы  қағаздардың барлығы капиталдан туындамағандықтан, бағалы қағаздар нарығы толығымен қаржы нарығына жатпайлы. Бағалы қағаздар нарығының ақшалай  капиталға негізделген бөлігі қор нарығы деп аталады және бұл қасиетінде қаржы нарығының құрамдас бөлігі бар. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының үлкен бөлігін алады. Бағалы қағаздар нарығының қалған бөлігі аздығына байланысты арнайы атауға ие болмағандықтан, бағалы қағаздар нарығы мен қор нарығын көбінесе синонимдер етіп қарастырады. Ары қарай  бағалы  қағаздар нарығының екінші бөлігін ақшалай және тауарлық бағалы қағаздар нарығы немесе өзге бағалы қағаздар нарығы деп айтамыз.

      Бағалы  қағаздардың алатын орнын екі  позициядан бағалауға болады: әртүрлі  көздерден ақша құралдарын тарту тұрғысынан және қандай да бір нарыққа бос ақша құралдарын салу тұрғысынан.

      Ақша  құралдарын тарту ішкі және сыртқы көздерден жүзеге асуы мүмкін. Ішкі көздерге амотизациялық қатынастар және алынған пайда жатады. Ал негізгі сыртқы көздер болып бағалы қағаздарды шығарудан алынған банктік ссудалар мен құралдар табылады. Бүтіндей алғанда қоғамда ішкі көздерден  алынатын құралдар басым немесе сыртқы көздер біріншілерді орналастырудың нәтижесі болады. Дамыған елдерде ішкі көздерден тартылатын құралдар 75 %-ға дейін болады, ал банктік ссудалар  мен бағалы қағаздар сәйкесінше  5  және 20%-ды құрайды.

      Бос ақшалай құралдар пайда әкелетін көптеген сфераларға инвестициялануы  мүмкін: өндірістік және өзге шаруашылық қызметке (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, байланыс және т.с.с.), жылжымайтын мүлікке, антиквариат, құнды заттар және құнды металдарға, өнер туындыларына. Ақша құралдары отандық валюта құнсызданса шетел валютасына, зейнетақылық және сақтандыру қорларына, бағалы қағаздардың әртүрлі түрлеріне, ссудаға берілуі немесе пайыздық банктік депозитке және т.б. салынуы мүмкін. Жоғарыдағы айтылғаннан бағалы қағаздар нарығы бос капиталды салудың көптеген сфераларының бірі,сондықтан оған капиталды

тарту үшін басқалармен бәсекеге түсу керек.

      Капиталды салудың аталған нарықтары арасындағы  қозғалыс көптеген  факторларға  тәуелді, оның негізгілері:

  • Нарықтың табыстылық деңгейі;
  • Нарыққа салық салыну деңгейі;
  • Капиталды жоғалту тәуекелділігі немесе күтілген табысты ала алмау деңгейі;
  • Нарықтың ұйымдастырылуы  және инвесторға қолайлылығы, нарыққа жылдам ену және шығу мүмкіндігі, нарықтың ақпараттану деңгейі және т.с.с.

      Бағалы  қағаздар нарығы көптеген қызметтерге  ие, оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: әрбір нарыққа тән жалпынарықтық функциялар және басқа нарықтардан ерекшеленетін спецификалық функциялар. Жалпынарықтық функцияларға келесілер жатады:

  • Берілген нарықтағы операциялардан пайда алуға мүмкіндік беретін коммерциялық функциясы;
  • Нарық нарықтық бағаның қалыптасуына, олардың үнемі қозғалысына және т.б. әсер ететін бағалық функциясы;
  • Нарық өзінің қатысушыларына сауда объектілері және қатысушылары туралы нарықтық ақпаратты жеткізетін ақпараттық функциясы;
  • Нарық сауда ережелерін және  оған қатысу шарттарын, қатысушылар арасындағы дауды шешу тәртібін, басымдықтарды, қадағалау органдарын немесе басқару органдарын және т.б.  белгілейтін реттеуші функциясы.

      Нарықтың спецификалық функцияларына келесілерді жатқызуға болады:

    • Қайтабөлуші қызметі;
    • Бағалық және қаржылық тәуекелдерден сақтандыру қызметі.

      Қайтабөлуші қызметі шартты түрде 3 ішкі қызметке жіктелуі мүмкін:

      • Нарықтық қызмет салалары мен сфералары арасындағы ақша құралдарының қайта бөлінуі;
      • Бәрінен бұрын тұрғындардың жинақтарын өндірістік емес нысаннан  өндірістік нысанға аудару;
      • Мемлекеттік бюджет тапшылығын инфляциялық емес негізде, яғни қосымша ақша құралдарын айналымға шығармай қаржыландыру.

Бағалық және қаржылық тәуекелдерден сақтандыру функциясы немесе хеджерлеу туынды бағалы қағаздардың пайда болуына  байланысты мүмкін болды.

      Бағалы  қағаздар нарығының құрамдас бөліктері  өзінің негізінде бағалы қағаздар түрлерін емес, бұл сөздің кең мағынасында берілген нарықта сауда жасау әдісін білдіреді. Осы тұрғыдан  бағалы қағаздар нарығында келесі нарықтарды бөліп көрсету қажет:

  • Біріншілік және екіншілік;
  • Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • Биржалық және биржалық емес;
  • Дәстүрлі және компьютерленген;
  • Кассалық және мерзімдік.

Біріншілік  нарық- бағалы қағаздарды оның бірінші  иелерінің алуы; бағалы қағаздарды шығару процесінің 1-ші стадиясы; белгілі  бір ережелерге  және талаптарға сүйенетін нарықта бағалы қағаздардың  бірінші рет пайда болуы. Екіншілік  нарық- ол бұрын шығарылған бағалы қағаздардың айналымы; бағалы қағаздар өмір сүру уақытында бір иеден екіншіге ауысумен байланысты сату- сатып алу  және т.б. нысандарының жиынтығы.

      Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы- лицензияланған кәсіпқой делдалдар, яғни нарықтың бір қатысушыларының тапсырмасымен жұмыс істейтін қатысушылар арасындағы қатаң, тұрақты ережелер  негізіндегі бағалы қағаздар айналымы; Ұйымдастырылмаған нарық – барлық нарық қатысушыларына біркелкі ережелер бекітілмеген  бағалы қағаздар айналымы.

      Биржалық  нарық - бұл қор биржаларындағы бағалы қағаздардың саудасы. Биржалық емес нарық- қор биржасына қатыссыз бағалы қағаздар саудасы. Биржалық нарық- сауда биржа ережелеріне және барлық нарық қатысушыларынан іріктелінген биржа делдалдарының арасында болатын, ұйымдастырылған нарық болып табылады. Биржалық емес нарық- ұйымдастырылған және ұйымдастырылған болуы мүмкін. Ұйымдастырылған  биржалық емес нарық бағалы қағаздар бойынша сауда және қызмет көрсетуде компьютерлік байланыс жүйесіне негізделеді.

Информация о работе Бағалы қағазда