Бағалы қағазда

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 11:31, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы;
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау;
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективаларын анықтау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері.........................5
1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні....................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.......................................................11
2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау.........................17
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.....17
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау..................19
3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары............23
3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері..................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары...................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа макро ценные бумаги.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

          Акцияның барлық номиналды сомалары жарғылық қорды  құрайды. Жарғылық қордан “капиталдану”  деген түсінікті бөліп қарастырамыз. Капиталдану - бұл компанияның акция түріндегі капитал мөлшерін көрсетеді. Акцияның келесі сипаттамасы одан алынатын - табыс. Ол екі түрде болады: біріншісі, курстық құнының өсімі бойынша, екіншісі, акциядан периодты алынатын төлемдер. Соңғысынан алынған табыс дивиденд деп аталады. Акцияның көп бөлігіне ие адам оның  басты бақылау пакетін иемденуші. Оның пайыздық үлесі 51 % -дан асуы шарт емес. Тәжірбие көрсеткендей 5%-бен де ұстаған адамдар болған. Бұл акционерлердің өте көп болуымен және олардың басым бөлігінің ұсақ болуымен түсіндіріледі. “Акция рейтингі” деген ұғым бар. Ол бағалы қағаздардың төзімділік деңгейін көрсетеді.

      Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция  сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивиденд алуға құқық  береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс  әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында  қоғам капиталына қатынасады, ал  өнеркәсіптік  акцияны сатып алушы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болады. Акционер АҚ-ң несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына дивиденд  төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілген пайдаға тәуелді. Акционерлердің жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай- ақ дивиденд  нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. Егер АҚ тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің  жаңадан шығарылған акцияларды сатып алу құқықтары бар. Кез-келген акционер өзінде  бар “ескі” акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.

      Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс істеуі барысында  акция иелері акцияларына тисті дивидендтерді алады. Ол келесідей  табыстың нақты деңгейі ( рендит ) бойынша есептеледі:

Рендит= Дивиденд ×100/Сатып  алу бағасы

      Бұл шамалар мәнінде акция бағамы  сұраныс пен  ұсыныс  арасындағы

шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бірқалыпты  ауытқып отырады.

      Облигация- бұл оның иесінің ақшалай құралдарды салғанын білдіретін және бағалы қағаздардың номиналды құнын белгіленген уақытта тұрақты пайыз есебімен  алуға рұқсат беретін, оның иесі мен эмитент арасындағы қарыздық қатынастарды көрсететін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигацияны мемлекет, жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар шығара алады. Акция мен облигацияның айырмашылығы, ол облигация эмитенттің қарыздық міндеткерлігін білдіреді, яғни бағалы қағаз түріндегі берілген кредит. Эмитент барлық төлемдерді акциямен салыстырып төлеуі тиіс. Облигация белгілі бір мерзімге  шығарылады, осы мерзім ішінде ол сатып алынуы керек. Әдетте, эмитент оны номиналды құны бойынша сатады. /№3,140бет\

  1. Облигация - шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капиталды шоғырландыру құралы;
  2. Облигация – онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;
  3. Облигация – ұзақ мерзімдік борыштық міндеттеме.

        Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі оған қаражат керек болған жағдайда ол облигацияны пайдаланады. Мұндай жағдайда, оның облигацияны сау немесе кепілге беру мүмкіндігі бар.

  Облигация мынадай 9 элементтен тұрады:

  1. “Облигация”  деген жазу;
  2. Облигацияны шығарушы мекеменің (фирманың) аты және орналасқан жері;
  3. Фирманың немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу;
  4. Номиналдық құны;
  5. %  мөлшері, егер ол қарастырылса;
  6. Қайтару және % төлеу уақыты;
  7. Шығарылған жері және күні;
  8. Облигацияның сериясы және күні;
  9. Эмитенттің, өкілетті тұлғалардың қол қою үлгісі мен құқықтары.

      Мақсатты облигациялардың міндетті түрдегі реквизиті – бұл олардың шығарылуын қамтамасыз ететін тауарлардың көрсетілуі. Негізгі бөлігінен басқа облигацияға пайыз төлеуде қолданатын купон жатады.

        Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады. Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигацияларды  қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп 2 – ге  бөледі.

        Қамтамасыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады. Қамтамасыз етілген акцияларды шығаруды және оны ұстаушылардың мүдделерін  қорғаушы делдалдарға үлкен мән беріледі.                    Қамтамасыз етілмеген облигациялар қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген  жай ғана қайтару туралы уәдені ғана білдіреді.

      Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына  берілген құқықтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі:

  1. Қайтарып алынатын  облигациялар – эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге мүмкіндік береді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым  “қайтару бағасы”  төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін %  мөлшері тұрақты болмайды;
  2. Жинақталған қор облигациялары – бұл пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды  білдіреді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді;
  3. Ұлғаймалы акциялар – оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді;
  4. Қысыңқы облигациялар – ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді;
  5. Сериялды облигациялар – негізгі қарызды жыл сайын төлеумен  қатар, төленетін пайызды жылдан-жылға жоғарлатуды қамтамасыз tntl$
  6. Айырбасталатын облигациялар – инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді;
  7. Ордерлік облигациялар (жыртылатын талонмен) – жаңа облигацияларды немесе акцияларды  тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ақ  облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың танымал қағидасы “жүктеме” қолданылады.

      Облигация – қарыздық, акция – үлестік бағалы қағаз.Оларда ортақ белгілер де болады: бұл бағалы қағаздар, олардың екеуі де эмиссиялық, екеуі де мемлекеттік тіркелуге жатады, екеуі де құжаттық және құжаттық емес түрде шығарыла алады, екеуі де инвестициялау құралы ретінде пайдаланыла алады, егер бұлар жария түрде орналастырылған акциялар мен облигациялар болған жағдайда, екеуін де сатуға және сатып алуға (бұл арада аз ғана өзгешелік бар) болады, олар қор биржасында айналысқа түсе алады және акциялар да, облигациялар да кепіл мәні ретінде әрекет ете алады.

      Акциялар  тек қана акционерлік қоғамдармен  (АҚ), облигациялар кез келген заңды тұлғалармен, мемлекетпен, муниципалдық органдармен шығарыла алады.

      Әлдебір кәсіпорынның акциясын сатып алу мысалы. Күллі әлемде адамдар пайданы мол табатын, жоғары технологиялық немесе қуат көзін өндіруші компаниялардың акцияларын сатып алуға тырысады.

      Мұндай  қаражат салымының артықшылығы, сіздің ақшаларыңыздың жұмыс істеуі, табыс әкеліп тұруы болып табылады. Кемшілігі – сол немесе                                                      

басқа кәсіпорын акциялары бағасының  құлдырауы болады. Соған сәйкес, пайда да азаяды.

         Қазақстанда барынша өтімді акцияларға: «Қазақтелеком», «Қазақмыс»,

«Казкоммерцбанк», «ЦентрКредит Банкі», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан Халықтық жинақ банкі» және «ENRS» сияқты кәсіпорындардың бағалы қағаздары жатады. Дәл осы компаниялар «KASE индексінің өкілдік тізімін» құрайды, ал олардың акцияларын  «көгілдір фишкалар» деп атайды.

      KASE индексінің аталмыш тізімі, Қазақтелеком АҚ-ын қоспағанда, банктік сектордағы компаниялар мен тау - кен өндіруші өнеркәсібінің акцияларынан тұратынын атап өту қажет.

        «ENRC», «Қазақмыс» және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ сияқты Қазақстанның ірі өндіруші компаниялары, Қазақстанның пайдалы қазбаларын шет елдерге негізгі экспорттаушылар болып табылады. «ENRC» негізгі қызмет түрі ферроқорытпалар, темір кені, глинозем мен алюминий өндіру мен өңдеу, электроэнергиясын өндіру, сондай – ақ логистика бойынша қызмет көрсету болып табылады. «KAZAKHMYS» өзінің қызметін мыс пен мыс өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (Жезқазған) еншілес ұйымы арқылы жүзеге асырады. «ENRC»  мен «KAZAKHMYS» - тан айырмашылығы,  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ әрекет ету саласы , мұнай мен газды геологиялық барлау, өндіру мен тасымалдаумен байланысты. «Қазақтелеком» - ға келетін болсақ, бұл Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер көрсететін бәріне әйгілі компания болып саналады. Акциялардың бағасы әрдайым өзгеріп отырады. Мысалға, «KAZAKHMYS» - тың акциясы 2009 жылдың жеті айы барысында 38,4% - ға ұлғайды. \№8, 10б.\

      Төменде 2009 жылдың қаңтар айынан тамыз айы  бойынша бағалардың өзгеруін көрсететін кесте келтірілген. Келтірілген мәліметтерді негізгі ала отырып, мысалы, көрсетілген кезеңдегі өзіңіздің табысыңыз немесе залалыңызды есептеп шығаруға болады:

Эмитент, бағалы қағаздың коды 01.01.2009 жыл бойынша 01.09.2009 жыл бойынша Тренд, жылдың басынан  бастап
«ЦентрКредит  Банкі»

CCBN қарапайым акциялары

402,00 360,00 -10,4%
«Казкоммерцбанк»  АҚ, KKGB қарапайым акциялары 405,00 315,00 -22%
«Қазақстан  Халықтық жинақ банкі» АҚ, HSBK қарапайым  акциялары 94,50 172,00 +82%
«Қазақтелеком» АҚ, KZTK қарапайым акциялары 13 700 1 3205 -3.6%
«KAZAKHMYS», GB KZMS қарапайым акциялары 440 2 130 +38.4%

Акциялардың бағасының өзгеру шамасы  

                                                                                                                      Кесте 1     

                                                                                                                                        Кестенің жалғасы

«ENRC», GB_ENRC қарапайым акциялары  570 2 110 +270%
«ҚазМұнайГаз» Барлау

Өндіру» АҚ, RDGZ қарапайым  акциялары

9 200 19 100 +107%

Ескерту: мәліметтер RFCA сайтынан алынған  

                                                                         

       Жылдың  басында сіздің назарыңызды «KAZAKHMYS» компаниясының акциялары өзіне аударды делік, олардың қол жетімді бағасы 440 теңге болды және сіз осы компанияның 50 акциясын 22 000 теңгеге сатып алдыңыз.  «KAZAKHMYS» - тың акциялары осы уақытта бағасы бойынша 38,4 % өскендіктен және оның бағасы 2130 теңгені құрағандықтан, сатып алынған акцияларынан 1 тамыздағы сіздің табысыңыз 84 500 теңгені құрады, яғни 4 есе өсті. Сондай – ақ, акциялардың бағасының өспей қалу тәуекелі де бар.

  Соңғы 3 айдағы өтімді акциялар

                                                                                                                                          Кесте 2

Акция коды Келісім 
саны
Көлем, 
мың. USD
Көлем, 
млн KZT
Кағаздар, 
көлемі
Соңғы сауда  бойынша Нарықтың  
үлесі, %
құны,теңге тренд, %
RDGZp 1148 32 742,2 4 828,5 314 432 16 227,76 +6,95 2,2
GB_KZMS 261 1 346 074,3 198 599,5 59 054 226 3 400,50 +22,70 92,3
BTAS 1093 1 988,9 293,5 31 926 562 7,18 -98,20 0,1
KZTK  359 6 744,4 995,1 65 129 17 032,46 +18,35 0,5
CCBN 266 7 334,3   1 081,6 1 917 231 573,83 +7,86 0,5
HSBK 172 4 736,4 698,5 2 048 321        355,00 +9,23 0,3
KKGB  150 797,3 117,6 283 628 441,49  +10,28   <0,1
GB_ENRC 145 650,4 95,9 45 158 2 170,00 +0,43 <0,1
RDGZ  170 2 562,9 377,9 23 488       16 700,00 -4,02 0,2
SATC 70 641,7 94,6 1 331 260 71,08 0 <0,1

Информация о работе Бағалы қағазда