Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:36, курсовая работа
Республикамыздың қаржы секторы экономиканың ең жоғары қарқынмен дамып жатқан саланың бірі болып саналады. Елдегi нарықтық өзгерiстердің дамуымен қаржы нарығының әсерiнің маңыздылығы және салалары кеңейдi, бұл салалар экономиканың субъекттерiнiң ұсыныс пен сұраныстың сәйкес капитал ағындарын тиiмдi қайта бөлуін қамтамасыз ететiн ең негiзгi нарықтық тетiгіне айнала бастады
Кіріспе...........…………………………………………………………..................3
1.Құнды қағаздар нарығы және олардың құрамы...........................................6
1.1 Құнды қағаздар нарығының мәні....................................................................6
1.2 Құнды қағаздар және олардың түрлері........................................................11
1.3 Құнды қағаздардың міндетті реквизиттері.................................................15
2. Құнды қағаздар шығару және оларды тіркеу............................................18
2.1 Құнды қағаздарды шығару мекемелері.......................................................18
2.2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу................................................. 22
2.3 Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.........................25
Қортынды...............................................................................................................28 Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................29
2. Құнды қағаздар шығару және оларды шығару
2.1 Құнды қағаздарды шығару мекемелері
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп финанстың қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретіңде алып отырады.Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде (қарызды) және қарыз процентін төлеуге міндеттенеді. Ол - займ арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен проценттің өзгешелігі тұрақты, әрі банк ставкаларының өзгерісіне тәуелсіз. Сондықтан да облигацияларды белгілі бір табыс әкелетін құнды қағаздар деп атайды. Әдетте процент займының қызмет мерзімі бойына бірдей үлеспен төленеді. Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар үшін тартымдылығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте, акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары. Құнды қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын мүліктерге қатысты құнды қағаздар, опциондар, фъючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы тұрғысынан ең сапалысы мемлекеттік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардан кейін жеке облигациялар және ірі компаниялардың "көп дауысты" акциялары. Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен дәрежеге жатады. Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион қызметкердің 47 миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай тартымдылық күші бар? Біріншіден (бүл ең бастысы), болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір акцияны 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі. Екіншіден, акция ұстаушыларға дивиденд төленіп отырады. Үшіншіден, акцияны ұстаушының дауыс беру құқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай да құқықтары бар. Төртіншіден, акцияларды сатып жіберу өте жеңіл. Құнды қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен екісі, жаңадан құнды қағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін құнды қағаздардың өзіндік айналымы басталады.
Құнды қағаздарға деген сұраныс
халықтың әлеуметтік - тұрмыс дәрежесімен
анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары болған
сайын, табыстың басым көпшілігі жинақталады
да, адамдар құнды қағаздарды сатып алуда
мүдделілік көрсетеді. Құнды қағаздар
ұсынысы, онда сұраныспен анықталады.
Құнды қағаздарға сұраныстың дамуы финанс
жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты.
Құнды қағаздар рыногында қандайлық дәрежеде
болмасын белсендiлiк күтер болсақ, салық
жүйесiн жетiлдiрiп отыру да бүгiнгi уақыт
талабы, рынок талғамы. Бағалы қағаздары
бұл белгілі бір өзіндік формада шығарылатын
мүліктік құқықтық міндетті көрсеткіштері
көрсетілетін шығарушы мен оларды иеленушілер
арасындағы қарым – қатынасты бейнелеп,
қолдан қолға сатылатын, сондай-ақ мәлімдеу
барысында төлемдерді алуға құқық беретін,
қандайда бір қаражат салғандығын куәландыратын
ақшалай қаражатты білдіреді. Құнды қағаздардың
мәні мынада, яғни капиталды иеленушінің
қолында капиталдың өзі емес, құнды қағаз
түріндегі жалған капитал формасы болады.
Жалған капитал деп құнды қағаздың аталуы
олардың өзіндік ішкі құндарының болмауын
айтады.Іс жүзінде акция, облигация және
басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы
капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар
эмитент деп аталады және сонымен қатар
олар бағалы қағаздарды иемденушілердің
(сатып алушылардың) алдында белгілі бір
жағдайда борышты болып табылады. Эмитенттің
кім болғанына байланысты бағалы қағаздар
төмендегідей үш түрге бөлінеді: мемлекеттік;муниципалды;
Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады. Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады: а) ақшалай бағалы қағаздар; б) капиталды бағалы қағаздар. Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады. Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.Өздерінен алынатын табысқа байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:қарыздық бағалы қағаздар; инвестициялық бағалы қағаздар. Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді: қорлы бағалы қағаздар; саудалық бағалы қағаздар. Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.Саудалық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді: нарықтық бағалы қағаздар; нарықтық емес бағалы қағаздар. Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді: негізгі (акция, облигация); көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар; туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді: жәй акциялар; артықшылығы бар акциялар. Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі. Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.Қаржылық салымдардың түрлері. Қаржылық салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.Есепте қаржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып саналады.Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәсіпорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.Қаржылық салымдар құрамында ақша құжаттары болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.
Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді. Акциялар жай және артықшылығы бар болады. Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйақыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша қаражаттары салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ шоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатының ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.Соңғы уақытта бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы қағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты беріледі.
2.2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту, қайта құру әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен займдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады. Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры бар. Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат - энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруға болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр. Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банктерінде сақталып, Ұлттық қаржы капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгі себебін білетін мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен оффшорлық аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді, соңғылары Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен. Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазақстан банктерінің ресурстарын шектейді, олар өздеріне қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады. Қазақстан Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің міндеттері мен құқығы кеңейтілген. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорындарды өзінің тұрақты бақылауына алған. [4] Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құқығын куәландырады. Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заң құжаттармен немесе соларда көзделген тәртіп негізінде белгіленеді.Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сонымен қатар Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы қағаздар рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады. Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асыра алады.Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокқа байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129-134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36-2-бабымен, 36-3-бабымен, 52- 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.
2.3 Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар
Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың құны баланстық құннан төмен бояса, онда жаңа нарықтық құн бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екендігін білдіреді. Бағасы белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айының соңғы күніндегі баға сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы орташа көрсеткіші ретінде анықталады. Бұл кезде бағалы қағаздардың баланстық құны мен олардың қалыптасқан нарықтық басын арасындағы айырманың сомасына қорытынды проводкалармен мынадай жазу жазылуы тиіс: Дт - 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен байланысты шығыстар» шоты. Кт – 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты. Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша да қайта бағалау жүргізіледі, бірақ олардың баланстық құны өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы қағаздар бойынша резервтің мөлшерін анықтау кезде олардың нақты қамтамасыз етілуіне сүйенеді, ол бағасы белгіленбеген бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз етілу мөлшері дисконттау коэффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дисконттау коэффициенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте резервтердің қырылуы төмендегі проводкаларымен бейнеленеді: Дт - 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен байланысты шығыстар» шоты. Кт – 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты. Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнының сақталу немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.Нарықтық құнын қор құндылықтарының баланстық құнынан артығы бухгалтерлік жазуларымен қосақталады.Егер құнсыздануға бұрын резерв құралған бағалы қағаздың жыл қорытындысымен нарықтық күні жылдық резерв кіру үшін мөлшерлі баға ретінде пайдаланылған нарықтық бағадан артып кетсе, онда бұл қағаздың құнсыздану жөнінен резервтің сомасы қорытынды жазулармен табысты және залалдар шотына қаржылардың толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде: Дт - 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты. Кт - 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)» шоты бейнеленеді.Бұрын құнсыздануға резерв құрылған бағалы қағаздар сату кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар бойынша резерв сомасы № 551 шотын дебетінен № 5510 шоттың кредитіне ауыстырылады.Акциялар сатып алуға қарастырылған нақты шығындардың сомасында бағаланады. Бұл шығындардың негізін акцияларды сатып алу бағасы құрайды. Ол номиналды баға мен эмитентке төленген сыйақы немесе эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын тауардың ерекшелігіне байланысты қосымша шығындар пайда болады. Олардың ішінде - инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық брокерге сыйақы және бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салық төлеу. Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс.Бағалы қағазды сату кезінде компания әдетте табыс алады немесе зиян шегеді. Бұл жағдайда табыс пен баланстық құн арасындағы айырма табыс немесе зиян ретінде, ал «қосымша төленбеген капитал» шотында есептелгенде ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалаудан шыққан соммалар табыс ретінде танылады немесе қабылданған есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік баланста бөлінбеген табыс ретінде көрсетіледі.Қазақстан Республикасының қаржы нарығының бөлінбейтін бөлімдес құрылымының бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Осы күні Республикада көптеген акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер инвестициялық және сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрылуда. Бұл алған субъектілердің барлығы потенциалды бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтерін эмитент және инвестор түнде жүзеге асырады. Бағалы қағаздар нарығын түсіну үшін алдымен мына төменгі қағаздардың биржалық операцияларының ерекшеліктеріне тоқтала кетелік. Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін. Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар бойынша дивиденттер алуға құқылы.
Информация о работе Қазақстанның құнды қағаздар рыногының қалыптасуы