Қазақстанның құнды қағаздар рыногының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың қаржы секторы экономиканың ең жоғары қарқынмен дамып жатқан саланың бірі болып саналады. Елдегi нарықтық өзгерiстердің дамуымен қаржы нарығының әсерiнің маңыздылығы және салалары кеңейдi, бұл салалар экономиканың субъекттерiнiң ұсыныс пен сұраныстың сәйкес капитал ағындарын тиiмдi қайта бөлуін қамтамасыз ететiн ең негiзгi нарықтық тетiгіне айнала бастады

Содержание

Кіріспе...........…………………………………………………………..................3
1.Құнды қағаздар нарығы және олардың құрамы...........................................6
1.1 Құнды қағаздар нарығының мәні....................................................................6
1.2 Құнды қағаздар және олардың түрлері........................................................11
1.3 Құнды қағаздардың міндетті реквизиттері.................................................15
2. Құнды қағаздар шығару және оларды тіркеу............................................18
2.1 Құнды қағаздарды шығару мекемелері.......................................................18
2.2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу................................................. 22
2.3 Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.........................25
Қортынды...............................................................................................................28 Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................29

Работа содержит 1 файл

Құнды қағаз.docx

— 63.42 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Қазақстанның құнды қағаздар  рыногының  қалыптасуы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Мазмұны

 

Кіріспе...........…………………………………………………………..................3

1.Құнды қағаздар нарығы және олардың құрамы...........................................6

1.1 Құнды қағаздар нарығының мәні....................................................................6

1.2 Құнды  қағаздар және  олардың түрлері........................................................11

1.3 Құнды  қағаздардың  міндетті реквизиттері.................................................15

2. Құнды қағаздар шығару  және оларды тіркеу............................................18

2.1 Құнды  қағаздарды  шығару мекемелері.......................................................18

2.2 Бағалы қағаздарды есепке  алу және тіркеу................................................. 22

2.3  Бағалы қағаздардың  бағасыздану бойынша операциялар.........................25

Қортынды...............................................................................................................28 Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Республикамыздың қаржы  секторы экономиканың ең жоғары қарқынмен  дамып жатқан саланың бірі болып  саналады. Елдегi нарықтық өзгерiстердің дамуымен қаржы нарығының әсерiнің маңыздылығы және салалары кеңейдi, бұл салалар экономиканың субъекттерiнiң ұсыныс пен сұраныстың сәйкес капитал ағындарын тиiмдi қайта бөлуін қамтамасыз ететiн ең негiзгi нарықтық тетiгіне айнала бастады.Бағалы қағаздар нарығы елдiң экономикасын дамытудың басым бағыттарының бiрі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында есепке алудың ең маңызды объектiсі - қаржы инвестициялары болып табылады, яғни инвестордың бағалы қаздарды сатып алуға кеткен шығыны, кәсіпорындағы үлестік қатысуы, қарыз міндеттемелері арқылы кәсіпорындарға заемдер беру. Бағалы қағаздар иесі қаржы инвестицияларды жүзеге асыру кезінде тек бір ғана мақсатты көздейді – табыс алу, капиталды көбейту ең болмаса оның бұрынғы деңгейінде сақтау, ал бұл инфляция жағдайында өзекті мәселе болып саналады.  Қор нарығының рөлі қаржы нарығының жалпы құрылымында маңызы өте зор. Ортақ қаржы нарығының құрама бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар нарығы жалпы экономиканың дамуына түбегейлi ықпал етіп экономикаға инвестиция салуына негiзгi инфрақұрылым элементтерiнің бiрі болады. Қор нарығы сияқты капиталды үлкейтудің тиiмдi тетiктiң бар болуы, инвестицияларды тарту тиiмдiлiгін сан ретке көбейтеді, сонымен бірге экономиканың инвестициялық мүмкiндiктерiн үлкейтеді. Бағалы қағаздар нарығы кез келген елдiң қаржы нарығының құрама бөлiгi болып табылады. Халық шаруашылығының саласы, жаңа технологияны енгiзу, жұмыс iстейтiн өндiрiстiң жаңа құрылыс немесе жаңғыртуы, қандай болмасын игеру нақты капиталды бiр моменттi салуды талап ететiндiгiнен, бағалы қағаздар нарығы бүкіл әлемде, барлық елдiң экономикасын дамытуының маңызды факторы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының құралы ретінде бағалы қағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы жүйесiнiң құрама бөлiгi бола тұра, капиталды және борыш құралдарын қайта бөлу арқылы өте қолайлы жұмыс салаларын құруын қамтамасыз етедi, бәсекелестікті дамытады және инвестициялардың тиiмдiлiгiнiң жоғарлауына мүмкiндiк туғызады. Көрсетiлген қарыз капиталы, бағалы қағаздар нарығы, валюталық нарық және алтын нарығы деген төрт бөлiктен тұратын қаржы нарығының сегменттерiнiң дамуы, елдiң экономикалық дамуына тәуелдi болады. Мемлекетіміз нарықтық қатынастарға көшпегенше дейін бағалы қағаздар нарығы дамымаған болатын. Соңғы кездерге дейiн меншiктi капитал жеткiлiксiз болған кезде ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді, сол сияқты қысқа мерзiмдi несиелердің негiзiнде тартуы болды. Бірақ несие саясатының қаталдандыруы банктiк мекемелердiң қарыз беруі туралы талаптарының жоғарылатуында көрініс тапты, ал бұл несиелердің қолдану аясын тарылтты.                 Қазіргі таңда қосымша ақша қаражаттарын тартудың негізгі көзі болып бағалы қағаздарды шығару болып табылады. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өткеннен кейін бағалы қағаздар нарығын дамыту шараларын жүргізу үшін көптеген реформалық саясаттар жүргізілді. Барлық бағалы қағаздардың түрлері ішінде ең жақсы өтімділік қабілетіне мемлекеттік құнды қағаздар және акция мен облигация нарықтары ие. Ал туынды бағалы қағаздарға сұраныс әлде қайда төмен. Менің ойымша Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуына үлкен кедергі болып, инвесторларды қорғау туралы тиімді жүйесінің жоқтығымен бірге халықтың экономикалық белгісіздігі болып табылады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша екі бағдарлама іске асырылғанына байланысты, бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілерінің сапасын объективті түрде бағалап, болашақта қызмет етуінің перспективасын анықтау қажет.  Еліміз ақша-несиелік реттеу және қаржы саясаты аумағында атқарылып жатқан жұмыстар арқасында ақша-несиелік саясатты құрастыру мерзімі бойынша көптеген ТМД елдерінен озып кеткенін айта кетуі жөн деп ойлаймын. Жеке тоқталсақ, Қазақстан ТМД елдері арасында: Зейнетақы реформасы, банктік салымдардың кепілдік жүйесі, Ұлттық банк арқылы Әлем банкіне қарызды ұзақ мерзімде қайтару, Ұлттық қорды қалыптастыру және т.б. шараларды бірінші болып енгізді. Мемлекет және шаруашылық субъекттер қаржыны басқарудың қазіргі әдістерді белсенді түрде пайдаланып, құнды қағаздарды шетел нарықтарына шығарады, қайта сақтандыру мен тәуекелдерді хеджерлеу механизмдерін қолданады. Осылардың бәрін ескере отырып, сауатты ақша-несиелік және қаржы саясатына тірелген "2030 -. Бағдарламалары" нақты сипатқа ие болуын болжауға болады.  Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.  Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.  ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекеге түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды. Жоғарыдағы факторларды ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы, оның мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстан  Республикасы бағалы қағаздар нарығының  теориялық-әдістемелік және тәжірибелік  жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау  болып табылады.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.

Зерттеу пәні:  Қазақстан  Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы  мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынады.

Аталған мақсатқа жету барысында  зерттеудің алдында келесідей міндеттер  анықталған:

- бағалы қағаздар нарығының  теориялық пен тәжірибелік мазмұнын  қарастыру;

- әлемдік және ұлттық  бағалы қағаздар нарықтарының  үлгілерін, оны құрушы факторларды  зерттеу;

- бағалы қағаздар нарығының  дамуы жағдайында Қазақстанда  мемлекеттік реттеудің сипатын  айқындау;

- ҚР эмиссиялық бағалы  қағаздар нарығының жағдайына  талдау жүргізу;

- ҚР бағалы қағаздар  нарығындағы қатысушылардың өзара  байланысының механизмін және  олардың қызметіне бағалау жүргізу;

- бағалы қағаздар нарығының  даму бағыттары бойынша ұсыныстар  беру.

Курстық жұмысым: кіріспе, негізгі  бөлім, қорытынды және қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.  Негізгі  бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда құнды қағаздар нарығының құрылымы туралы жазылған, атап айтқанда мәні мен қалыптасуы, сонымен бірге қор нарығының объектілері мен субъектілері. Екінші тарауда бағалы қағаздар нарығына талдау жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Құнды қағаздар нарығы және оның құрылымы

        

        

         1.1Құнды қағаздар нарығының мәні

         

 

          Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы  Қазақстанның Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады. Қазақстанда Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банктердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр. Бағалы қағаздар рыногының мәні өндірістің құлдырауына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандырылуында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдық сұранысқа сәйкес келеді. Бағалы қағаздарды шығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары болғанда ғана пайда табады, өндірістің эмитентпен кеңейтілуі және кәсіпорын табыстылығы дәрежесінің жоғарлауы осы кәсіпорынның, бағасы күнделікті өсіп отырған акцияларын иеленетін инвестор үшін тиімді болып табылады. Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс пайдалана білу қажет. Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен. Қазақстанның болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банктерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады. Құнды қағаздар нарығы, бағалы қағаздар нарығы - құнды қағаздарды шығару, айналысқа жіберу, ұнды қағаздар нарығын құру және сол бойынша кәсіпқой қатысушылардың қызметі барысында туындайтын қатынастар жиынтығы; кредит капиталдары нарығының бір бөлігі. Құнды қағаздар нарығы мемлекеттік және жергілікті құнды қағаздардың, корпорациялық эмиссиялық құнды қағаздардың шығарылуын және айналысқа түсуін, түрлі кәсіпқой қатысушылардың қызметін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін, мерзімді құнды қағаздар нарығының жұмыс істеуін қамтиды. Құнды қағаздар нарығы банктер, арнаулы кредиттік мекемелер, қор биржалары арқылы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің, жеке адамдардың ақшалай қорларын шоғырландырып, әдетте, ұзақ мерзімді инвестициялауға жұмсайды. Құнды қағаздардың жаңа шығарылымын және сауда - кәсіпорындары облигацияларының орналастырылуын ғана қамтитын биржадан тыс құнды қағаз нарығы, бұрындары шығарылған акциялар мен облигациялар сатып алынатын және сатылатын қор нарығы, шетел ақшасымен төленетін төлем құжат сатып алынатын және сатылатын валюта нарығы  көптеген  түріне бөлінеді.            

         1)Қазақстан Республикасының резиденті емес – ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

         2)Қазақстан Республикасының резиденттері – ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы  қағаздар.

         3)Халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;

         4)Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

         5)Туынды бағалы қағаздар;

6)Өзге де қаржылық құралдар жатады.  Барлық рыноктар сияқты, құнды қағаздар рыногы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни құнды қағаздар рыногы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Рыноктың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты. Құнды қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны финанстық және финанстық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашқы рынокта құнды қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, финанстық емес корпорациялар және жеке адамдар. Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Құнды қағаздардың қайталама рыногы эмитент құнды қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Құнды қағаздар - спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну қүны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент және дивиденд төлегенде, сонымен қатар құнды қағаздардың күн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Құнды қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар. Олар акциялар, облигациялар және олардан туындайтын қағаздар. Қорытып айтқанда, бағалы қағаздардың қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі      Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуіұлттықтабыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Құнды қағаздар нарығы, бағалы қағаздар нарығы - құнды қағаздарды шығару, айналысқа жіберу, ұнды қағаздар нарығын құру және сол бойынша кәсіпқой қатысушылардың қызметі барысында туындайтын қатынастар жиынтығы; кредит капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда құнды қағаздарға сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Құнды қағаздар нарығы мемлекеттік және жергілікті құнды қағаздардың,корпорациялық эмиссиялық құнды қағаздардың шығарылуын және айналысқа түсуін, түрлі кәсіпқой қатысушылардың қызметін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін, мерзімді құнды қағаздар нарығының жұмыс істеуін қамтиды. Құнды қағаздар нарығы банкілер, арнаулы кредиттік мекемелер, қор биржалары арқылы кәсіпорындардың, банкілердің, мемлекеттің, жеке адамдардың ақшалай қорларын шоғырландырып, әдетте, ұзақ мерзімді инвестициялауға жұмсайды.         Қағаздардың жаңа шығарылымын және сауда-өнеркәсіпорындары облигацияларының орналастырылуын ғана қамтитын биржадан тыс құнды қағаздар нарығы, бұрын шығарылған акциялар мен облигациялар сатып алынатын және сатылатын қор нарығы, шетел валютасы, шетел ақшасымен төленетін төлем құжаттары сатып алынатын және сатылатын валюталық нарық түрлеріне бөлінеді.Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ол бағалы қағаздар нарығында басымдыққа ие мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік қарызхат облигацияларын қазынашылық вексельдер, т.б. шығарады. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар корпоративтік бағалы қағаздар шығарады. Дивидендтік, пайыздық немесе алып-сатарлық табыс алу мақсатымен қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және заңи тұлғалар инвесторлар ретінде әрекет етеді. Қор нарығының кәсіпқой қатысушылары - бағалы қағаздармен операциялар жасауға лицензиясы бар заңи және жеке тұлғалар-қор биржалары инвестициялық қорлар мен компаниялар, дилерлік және брокерлік ұйымдар, тіркеушілер, депозитарийлер, т.б. Бағалы қағаздардың биржалық нарығы және биржадан тыс нaрығы түрлеріне бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары - биржа мүшелері қатысады; биржада осы биржаның листингіне, яғни осы биржада бағаланатын бағалы қағаздар тізбесіне енгізілген акциялар сатып алынады және сатылады; әрбір биржа бағалы қағаздарды листингіге енгізу тәртібін белгілейді.Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер         АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады. Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағадарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді. Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақтал-ған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді.     Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмеңдеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады. Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акцияеы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияның номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негіңде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады.

                   

        

         1.2 Құнды қағаздар және олардың түрлері

 

 

Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген  нысан мен міндетті реквизиттерді  сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек  оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын  мүліктік құқықтарды куәландыратын  құжат бағалы қағаз болып табылады.Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда: 1.бағалы қағаз - түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады; 2.бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады; 3. бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін. Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды.Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз. Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ- ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді. Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақталған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады. Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияның  номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негізіңде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі мына формула бойынша есептеледі: Дивидент. Рендит = 100. Сатып алу бағасы Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағамы бойынша сатып алынса және ол бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс көрсеткіші келесідей болады: 100. 10  = 4%. Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша біршама табысты (пайданы) қамтамасыз етуі мүмкін. Демек, екінші бір сәт – бұл акция бағамының өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді. Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары болса, солғұрлым акция қымбат немесе оның бағамы жоғары келеді. Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі – акция бағамының жоғарлауы немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағамы төмен болады немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық құны бар акция жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік, ал қарыздық пайыз деңгейі – 4% болсын. Онда бұл акцияның биржадағы бағамы 300 теңге, себебі осындай соманы банкіге 4% жылдық мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз. Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды: Дивидент. Қарыздық пайыз. Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арасындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бірқалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде қатты байқалуы мүмкін. Дағдарыс кезінде, дивиденттердің мөлшерінің азайған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары шегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс активтерін иеленушілер кеңінен қолданады. Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көптеген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебі акционерлік қоғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметінің жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді. Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады. Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді. Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті «қаржылай» ой-пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады. Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына. Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға мән береді. Акцияның әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте қолайлы. Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік коғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы белгілі болғанға дейін төленеді. Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді. Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды. Артықшылығы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% деңгейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар бойынша 0,5%-дан дивиденттің ең жоғары деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылығы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін бөлісуде артықшылық құқтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады. Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық құнынан жоғары шамадағы сома төленеді немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша өтеледі.Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған жасырын резервтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы олардың номинал құнынан біршама жоғары мөлшерде өтеледі.[1; 47]

 

                             

         1.3 Құнды қағаздардың міндетті реквизиттері

 

 

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап - мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді. Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал тұпнұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі. Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу - индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта  жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді. Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады. Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады. Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың тұпнұсқасындағы міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаментттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл реттердің үзілмеуі база формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты жазылады. Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді. Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға ликдикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды. Атаулы бағалы қағаз - бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады. Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады. Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі туралы" және "Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы" заңдарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады. Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міндеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдық қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі. Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген. Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

Информация о работе Қазақстанның құнды қағаздар рыногының қалыптасуы