Шы5ын туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі-Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максим

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3


1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................4-7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару...................................................................7-10

2 << КАЗПРОМ-ҚЫЗЫЛОРДА >> ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІН ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСАТЫН ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 «КазПром-Қызылорда» ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметіне сипаттама .............................................................................................................12-15
2.2«КазПром-Қызылорда» ЖШС-гі шығындарды жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................................................15-16

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ шығын туралы казпром кызылорда компаниясы мен.doc

— 177.00 Кб (Скачать)

 

«КазПром-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргіземіз.

2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс көлемі 38714,63 теңгеге кеміген.Себебі өнім өндіру көлемі есепті жылы біршама азайған,сонымен бірге өткізілген өнімнің өзіндік құны сәйкесінше 22083,13 теңгеге кеміген.Себебі табиғи және моральдық жағынан ескірген технологиялық жабдықтар мен шығындар көптеген отандық кәсіпорындарға толық көлемде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік бермейді. Кәсіпорындар үшін өндірістік әлеуетті тек жетілдіру ғана емес сол бұрынғы деңгейде қолдау да проблема болып табылады.Осыған байланысты жалпы табыс сомасы 16631,49 теңгеге төмендеген.Кәсіпорында дебиторлық қарыз көлемі 689649355 теңгеге көбейген,ал кредиторлық қарызы 143341,34 теңгеге азайып отыр,яғни бұдан біз кәсіпорын өнім өндіру барысында жақсы нәтижеге жетіп,бәсекелестіктерінен озып түскенін байқауға болады. Өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі қор қайтарымдылығы.Есепті жылды базистік жылмен салыстырғанда ол 0,05 теңгеге азайған,ал қор сыйымдылығы 0,131 теңгеге көбейгенін көріп отырмыз.Кәсіпорында өнім өндірудің ұлғаюына қарай негізгі құралдардың орташа жылдық құны мен еңбек ресурсының саны сәйкесінше 21654,26 теңгеге кеміп,3 адамға және орташа айлық жалақы 2543 теңгеге көбеюі нәтижесінде еңбекақы қоры 20777 теңгеге ұлғайды.Өнімді өткізуден түскен түсімнің сомасы азайғанына сәйкес еңбек өнімділігі сәйкесінше 2042492 теңгеге азайды.Алдағы уақытта кәсіпорын қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін төмендегідей іс-шараларды жоспарлап отыр:

-кәсіпорынның ұйымдастырылу және басқару құрылымын нарық талаптарына сәйкестендіру;

-кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару

-сұранысқа сай және қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді пайдалана отырып жоғары сапалы өнім шығарып,қызмет көрсету және оны жүйелі түрде жаңартып отыру қажет;

-өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану;

-кезең шығындарының артық жұмсалмауына жол бермеу;

-міндетті төлемдерді төлеу:

-жұмыскерлердің жағдайын жасау,олардың біліктілігін арттыру;

-Отандық тауарларды нарыққа шығару ,тауар өндіру мен қызмет көрсету салаларын,бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу басты мақсат болып табылады

 

2.2 «КазПром-Қызылорда» ЖШС-гі шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің  негізгі бағыттары

 

Шығындарды тиімді басқару шығындар жіктелімі басқару объектісінің мәнін толықтай ашумен қатар, оларды есептеудің рационалды әдісін таңдауымен қамтамасыз етіледі. Осы немесе басқа да бір әдістерді қолдану өндіріс спецификасын, оның техникалық және технологиялық ерекшеліктерін, функционалдау шарттары мен басқа да маңызды факторларды ескере отырып жүзеге асырылады,  ол кәсіпорын қызметінің нәтижесін есептеудің нақтылығын, оның өндірістік және экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде анықтайды. Шығындарды есептеу жүйесін дұрыс таңдау шығындар туралы максималды ақпарат алуды, бақылау, талдау жүргізуді және олардың негізінде басқарушылық шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Отандық кәсіпорындарда шығындарды анықтау мен есептеу жүйесі орталықтан басқарылатын экономика талаптарына толықтай жауап береді.
Ол өндіріс процесінде пайда болған барлық шығындар туралы ақпарат алуды, негізінен мемлекеттік орталықтандырылған баға қалыптастыру мақсаты үшін өнімнің, қызмет және жұмыстың  нақты өзіндік құнын толықтай калькуляциялауды қамтамасыз етті. Шығындар туралы ақпарат алу әдістері айтарлықтай тиімді болды деп айтуға болады. Бірақ, осы шарттар бойынша кәсіпкерлер алдында тұрған мақсаттар шығындарды басқару қызметін жүзеге асыруды, олардың деңгейін азайтуды ынталандырмады. Сол себептен ақпараттың үлкен бөлігі сұраныссыз болып қалды. Шығындарды есептеу әдістерін жетілдіру теориялық негізделген болса да, бірақ тәжірибелік қолданылыс таппады.  Қазіргі таңда нарықтық қатынастар кәсіпорындар алдына жаңа міндеттер қойды. Оларды шешу үшін отандық теория мен осы сала бойынша жинақталған практикалық тәжірибе үлкен құндылықты көрсетеді.  Бірақ оларды қалыптасқан экономикалық шарттарға бағыттау қажет. Сонымен қатар, мақсатқа сай халықаралық тәжірибеге жүгіну қажет.
Бұл жағдайда біз профессор Горбашко Е. А. пікірімен келісеміз, ол шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның экономикасын басқаруда  шетелдік теория мен практика айтарлықтай тәжірибе жинағанын атап өтеді, оны зерттеу мен қолдану экономикалық қызметтке қатысушыларға өзекті болып келеді.

Шығындарды тапсырыс бойынша есептеу өнімнің жеке түрлерінің қайталанбайтын немесе аз қайталанатын даналарын шығаратын кәсіпорындарда жүзеге асырылады, сонымен қатар өндірісте жөндеу және  эксперименттік жұмыстар жүргізуде қолданылады.

Хорнгрен мен Дж. Фостердің «Бухгалтерский учёт: управленческий аспект» кітабында осы аталған тәсілді қолдану мақсатқа сай болып келдеді, онда  «ұйымдарда технологиялық мақсаттарға деген материалдар, өндіріс жұмыскерлерінің негізгі еңбек ақысы және жалпы өндірістік шығындарды  нақты өніммен жеңіл идентификациялауға болады » деп көрсетілген.

Отандық кәсіпорындар үшін қарастырылып отырған тәсіл жаңа тәсіл болып табылмайды,  себебі ол бұрын және қақіргі уақытта да қолданылады. Оның отандық әдебиеттерде кең қолдануы да осыны куәландырады.

Шығындарды есептеудің тапсырыстық тәсіліне қарама-қайшы тәсіл процестік тәсіл  болып табылады.  Өндірістік кәсіпорындарда аталған жүйені қолданудың мақсатқа бағыттылығы көптеген авторлармен бекітілгеніне қатамастан, оны өндірістік емес салада қолдану фактілері бар.
Процестік калькуляциялау – бұл әдетте үлкен өндірісте өңдеудің бірнеше кезеңінен өтетін, шығындар біртекті өнім арасында бөлінетін жүйе.
Батыс экономистері поцестік есептеу жүйесі тапсырыстық есептеу жүйесінен оны жүзеге асырудың аз шығындарымен ерекшеленетінін бекітеді.
Нақты шығындар жүйесінің мәні -  есептеу барысында есепке осы кезеңде нақты жұмсалған шығындардың алынатындығында. Негізгі материалдарға деген шығындар нақты тұтынуды нақты бағаға көбейту жолымен анықталады, ал еңбек өтемі  бойынша-нақты жұмсалған уақытты нақты бағалауға көбейту жолымен және т.б. Неміс экономистері бекіткендей, қазіргі таңда өндіріс шығындарын есептеу ескірген болып саналады.  Ол өткен кезеңдерге өзінің байланысуы барысында шешім қабылдауға мәліметтер бермейді, бұл жағдайда басқару функциясын орындамайды. Өткен кезеңге негізделетін көрсеткіштер өндіріс көлеміндегі ауытқу қызметінің,  баға мен еңбекақы қызмет қуатының өзгеруі, сонымен қатар, жағымсыз факторлардың  нәтижесі болып келеді.
Бұл олардың шығындарға бақылау жүргізуге жарамсыздығын білдіреді.
Батыс кәсіпорындарының арасында уақыт өткен сайын осы тәсілді қолданатындардың саны азаюда және керісінше, көптеген кәсіпорындар шығындарды есептеуді белгіленген стандарттар негізінде жүргізеді.

 

 

 

                                        

 

                                ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорын қызметі барысында жоғары қаржылық нәтижеге жету, өндіріс тиімділігін арттыру мен пайданы максималдауға өнімді өткізу мен өндірісте шығындарды тиімді басқарусыз мүмкін болмайд, шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестікте алға шығу шарттарының бірі болып табылады.

Шығындарды басқару - бұл өндірісті қысқартуға алып келетін шығындарды минималдау болып табылмайды, ол кәсіпорынның қорларын тиімді қолдану, оларды үнемдеу. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін құрудың мәні  шығындарды тану, оларды есептеу, болашақта талдау мен басқару шешімдерін қабылдау үшін оларды жайлы түрде ұсыну және топтастыруда жатыр.

Шығындарды басқарудың басты мақсаты ресуртарды үнемдеумен пайда мен рентабельділікті арттыру және өнімнің өзіндік құныны төмендеті үшін оларды қолданудың тиімділігін арттыру.

Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған барлық міндеттері кешенді ұйымдастырылуы керек, осы талаптарлды орындау кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жылдам өсуіне көмектеседі.Осылайша, кәсіпорында шығындарды басқару бірегей кешен жүйесіне келесі басқарушылық әсерлерді қосады: болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, түзету енгізу және реттеу, іске асыру және ынталандыру, есеп, шығындарды талдау және басқару.

Кәсіпорындарда өндіріс шығындарын азайту үшін жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасында тиімді экономикалық байланыс құру арқылы тасымалдау шығындарын азайту, тапсырыс берушілер мен тұтынушылар талаптарын ұтымды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады,. Кәсіпорындардың мүмкіншіліктерін және нарықтағы орнын анықтау үшін маркетингтік зерттеу және инновациялық өнім өндіруге қажетті шығындарды көбейтуге талпыныс жасап, экономикалық оң нәтижеге жету жолдарын басқару шараларын жан-жақты қарастырумен қатар, ұйымдастыру басты мақсат болуы керек.

Нарықтық экономика кезінде шығындарды басқару үлкен маңызды мәселе болып саналады. Тек қана шығындар есебінің жүйесін өзгерту арқылы табысқа тікелей әсер етуге болады. Шығындарды басқаруда ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатын бағалау қажет.

Өнім бірлігін шығаруға шығындарды азайту бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді -айтарлықтай төмен немесе икемді баға қолдау береді.

Жалпы шығындарды тиімді басқарудың артықшылықтары келесілер:

    аз шығын жұмсап, төмен бағаны ұстап тұру арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

    жеке өнім түрлерінің өзіндік құны туралы нақты және сапалы ақпараттың болуы және олардың нарқтағы басқа өндірушілермен салыстырғанда жағдайы;

    икемді баға қалыптастыру мүмкігдігін қолдану.

Кәсіпорында шығындарды басқару жолдарын жетілдіру үшін келесілер ұсынылды:

  өндірістің техникалық деңгейн арттыру;

  еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

  шартты-тұрақты шығындарды қатысты төмендетуге, амортизациялық аударымдардың қатысты төмендеуіне, өнім ассортименті мен номенклатурасының өзгеруіне, оның сапасының артуына алып келетін өнім көлемі мен құрылымын өзгерту;

  табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту;

  салалық және басқа да афакторлар.

Бұл шаралар шығындарды азайтуға, соның негізінде кәсіпорын пайдасын арттыруға , оның қаржылық тұрақтылығын орнатуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1     Абильдина А.Ш. Современные концепции управления затратами предприятия // Транзитная экономика. - 2010 - № 4-5. - С. 54-61.

2     Управленческий учет и проблемы классификации затрат. Керимов В. Э., Абумукас С. И., Иванова Е. В. // Менеджмент в России и за рубежем, №16 2002

3     Аксепенко А.Ф., Шеремет А.Д. Учет, калькулирование и анализ себестоимости. - М.: Изд-во МГУ, 2000. - 635с

4        Безруких П.С. Учет и калькулирование себестоимости продукции. - М.: Финансы, 2000. - 528с.

5     Инструкция по планированию6 учета и калькулированию себестоимости продукции - Свердловск. Управление по печати, 1997

6     Аубакирова Г. Оценка финансово-экономического состояния промышленного предприятия // Промышленность Казахстана. № 08-10. - 2009г.

7        Федотов Н.П. Управление затратами предприятия // Экономика и жизнь. -2000. - №21. с.31.

8      

9     Близнюк Т.С., Дорман В.Н. Методика определения постоянных затрат и практика ее использования.// Финансовый менеджмент, 2004. - №6.

10   Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ-костинг»: Теория и практика. - М.: Финансы и статистика, 1997.-128с.

11               Менеджмент: ученое пособие / под редакцией Э.М. Короткова. - М.: ИНФРА - М, 2003г.

12               Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник / Под ред. В.И.Стражева. - Мн.: Высшая школа, 1998.

13 Кучерова Е.В., Королева Т.Г., Голофастова Н.Н., Кителева О.М. Анализ и диагностика финансово - хозяйственной деятельности предприятия : Учебное пособие. - Кемерово, 2004. - 76с

14 Шеремет А.Д. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРА- М, 1997. 310 с

15 Грозденко А. Возможности использования затратного и маркетингового подхода к ценообразованию //Практический маркетинг № 11(5).- 2005г.-451с

16 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2001 ж.

17 Дәуренбекова Ә.Н. Шығындарды басқару/ Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2009

18   Шанк Дж., Говиндараджан В. Стратегическое управление затратами: Новые методы увеличения конкурентоспособности. - СПб.: Бизнес Микро, 1999. С. 27-29.

19   Керимов В.Э. Методы управления затратами и качеством продукции. - М.: Маркетинг, 2002.

20 Е. Горбашко, Р. Ленгвист. Калькулирование себестоимости на предприятиях// Транзитная экономика.- 2006-№ 1. - С. 27-34.

21   Сегментарный анализ как инструмент управления затратами и прибылью/ Слуцкин М.Л.// Журнал Финансовый менеджмент.-2005.- №5.-С.47

 

17

 



Информация о работе Шы5ын туралы