Шы5ын туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі-Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максим

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3


1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................4-7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару...................................................................7-10

2 << КАЗПРОМ-ҚЫЗЫЛОРДА >> ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІН ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСАТЫН ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 «КазПром-Қызылорда» ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметіне сипаттама .............................................................................................................12-15
2.2«КазПром-Қызылорда» ЖШС-гі шығындарды жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................................................15-16

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ шығын туралы казпром кызылорда компаниясы мен.doc

— 177.00 Кб (Скачать)


                                                           МАЗМҰНЫ

                                                       

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

 

 

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................4-7

1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару...................................................................7-10

 

2 << КАЗПРОМ-ҚЫЗЫЛОРДА >> ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІН ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСАТЫН ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 «КазПром-Қызылорда» ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметіне сипаттама .............................................................................................................12-15

2.2«КазПром-Қызылорда» ЖШС-гі шығындарды жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................................................15-16

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

          КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі-Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері  артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі  жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.

Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Шағын жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Шағын жұмыстың барысы 2 бөлімнен құралған,кестеден,талдаудан құралған.

 

 

 

 

 

 

 

1КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі

 

Шығындар өндіріске және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,         
  құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.

Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.

Осылайша, өндіріс шығындары - аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады.

Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда  сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру, тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру
және т.б.

Аталған шығындар тауар құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген пайдадан орнын толтырады. Қосымша шығындарға тауарларды орауға, сақтауға, жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның қосымша шығындары  тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын есебінен орнын толтырады.

Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

  шығындар  белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;

  қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;

  шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

                            Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:

  еңбекке төлем шығындары;

  әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;

  мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;

  амортизация;

  басқа шығындар.

              Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

              Нарықтық экономикада шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады. Басқару үрдісінде шығындарды басқару функциялары бойынша бөлу  1-ші кестеде берілген.

Кесте 1

Шығындардың басқару функциялары бойынша жіктемесі

Жіктемелік белгілері бойынша

Басқару функцияларына байланысты шығындардың түрлері

1

Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша

- нақты және баламалы;

    - релевантты, релевантты емес;

-      - тиімді және тиімсіз.

2

Болжау үрдісі

-      қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік

3

Жоспарлау үрдісі

-      жоспарланатын және жоспарланбайтын

4

Мөлшерлеу үрдісі

-      стандарттар, нормалар мен нормативтер және олардан ауытқуы

5

Ұйымдастыру үрдісі

-      пайда болу орны мен аясына қарай;

-      қызмет функциялары мен жауапкершілік орталықтарына қарай

6

 

 

Есептеу үрдісі

-      бір элементті және кешенді;

-      калькуляция баптары мен экономикалық элементтері бойынша;

-      тұрақты және өзгермелі;

-      негізгі және үстеме;

-      тікелей және жанама;

-      ағымдық және бір мерзімдік.

7

Бақылау үрдісі

-      бақыланатын және бақыланбайтын

8

Реттеу үрдісі

-      реттелетін және реттелмейтін

9

Ынталандыру үрдісі

-      міндетті түрде ынталандырушы және қызықтырушы

10

Талдау үрдісі

-      нақты, болжау, жоспарлау;

-      сметалық;

-      стандартты;

-      жалпы және құрылымдылық;

-      толық және жеке


 

Нақты шығындарға - кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.

Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.

Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.
Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.

Экономикалық пайда дегеніміз түсім мен барлық жіктелген шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік)
шығындарды және  бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады.

Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу  және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.Өзгермелі шығын-мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма сай өзгеретіндер(өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы,технологиялық энергия,отын).Мысалы,егер өндіріс көлемі 10% -ке көбейсе,жылпы өзгермелі шығындар 10%-ке ұлғаяды.

Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады.  Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.

Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар  болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.

Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.

Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді.
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар  компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.

Қабылданатын басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді.
Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.

Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған
жоғалтуларды жатқызуға болады.

 

 

1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару

 

 

Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.

Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.

Информация о работе Шы5ын туралы