Қолма-қол бақылау шоттары

Автор: c******************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 17:56, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс тақырыбы «Қолма-қол бақылау шоттарын ашу,жүргізу және жабу тәртібі» деп аталғандықтан ,жұмыс барысында қолма-қол бақылау шоттарына тоқталып,оларды ашуы,жүргізуі,жабуы туралы айтуды сөзге аламын.
Осы курстық жұмыс ішінде қолма-қол бақылау шоттардын түрлерімен,оларды ашқанда, жүргізгенде, жапқанда қажет болатын құжаттармен, олардын дұрыс толтырылуымен танысамыз.

Работа содержит 1 файл

колма-кол бакылау шоттары.docx

— 46.14 Кб (Скачать)

3.Қолма-қол бақылау шоттарын жабу және қосымшалар

3.1.Кодтарды, қолма-қол ақшаның  бақылау шоттарын  және шетел валютасындағы  шоттарды жабу

Аумақтық  қазынашылық бөлімшелері ақылы  қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттарды тексеруді тоқсан сайын жүргізеді және 6 айдың ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттарыбойынша қозғалыс және ақшалай қаражат қалдықтары болмаған кезде қолма-қол бақылау шоттарыжәне шоттарды жабу жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды. 
      Мемлекеттік мекеме хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде өздігінен жабады. Кейіннен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жабуы туралы хабарлама береді.  
       Тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шоттары шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады. 
      Мемлекеттік мекеменің коды 50-ге(қосымша№3,4) сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар 51-ге сәйкес мемлекеттік мекеменің өтінімі бойынша мына:  
     -мемлекеттік мекеме таратылған немесе қайта ұйымдастырылған; 
     -мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны пайдалануға мемлекеттік мекеменің құқығы айқындалатын заңнамалық акт жойылған; 
     -Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен тиісті қолма-қол бақылау шоттары мен шотты ашуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын қаржыландыру көзін алып тастаған; 
     -тиісті қолма-қол бақылау шоттары мен шот алуға құқық беретін заңнамалық негіздемені жойған; 
     -ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары, шетел валютасындағы шоттар бойынша операциялар 6 ай ішінде болмаған жағдайларда жабылады. 
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.  
      Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді. 
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін 50-ге сәйкес нысан бойынша өтінім береді. 
     Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттарыжәне шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 51-ге сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттарынемесе шетел валютасындағы шоттарын жабу туралы жазбаша өтінімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жабқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.

 
     3.2.Мемлекеттік  мекеме жабылатын  ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек,  ақшаны уақытша  орналастыру қолма-қол  бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттарда ақша қалдығы болған кезде жабылатын шоттар.

 Мемлекеттік  мекеме жабылатын ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттарда ақша қалдығы болған кезде жабылатын: 
      1) ақылы қызметтер қолма-қол бақылау шоттары: 
      құқықтық мирасқордың ақылы қызметтер қолма-қол бақылау шоттары(бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берілсе; 
    - тиісті бюджет кірісіне: 
     -құқықтық мирасқор болмаған; 
     -Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға билік ету құқығы берілмеген құқықтық мирасқор анықталған; 
     -Құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) кодтары болмаған жағдайда; 
      2) демеушілік, қайырымдылық көмекқолма-қол бақылау шоттары: 
     -құқықтық мирасқордың демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ; 
     -құқықтық мирасқор болмаған жағдайда салымшыға; 
     -құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиісті бюджеттің кірісіне; 
      3) уақытша ақша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары: 
     -салымшыға; 
     -құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол бақылау шоттары. 
      4) шетел валютасындағы шотта - бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа жүргізілген кассалық шығыстарды кейін қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық көмек және/немесе ұлттық валютадағы ақшаны уақытша орналастыру шоттарына есептеу арқылы пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлеу шотын береді. 
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды жапқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына мемлекеттік мекемелердің кодтарын және ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.насы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтарылады.

 Қолма-қол  ақшаны алуды мемлекеттік мекемелер  банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкаларын  қолдана отырып жүзеге асырады  және тізілімі мен мөлшерін  бюджеттік атқару жөніндегі орталық  уәкілетті орган анықтайтын шығыстардың  экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жол беріледі. 
      445 Ереженің 203-тармағында көзделген ақшаны банк кассасынан чектер бойынша қолма-қол ақша алу үшін мемлекеттік мекеме банкті өзі дербес таңдайды. Мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі және банк кассалық қызмет көрсетуді 83-ке сәйкес нысан бойынша шарт жасасады. 
      Қосымша аумақтық қазынашылық бөлімшесі және банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес чектерді пайдалану туралы шарт жасасады. 
      Чек кітапшаларын банкте мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлғаның сенімхаты негізінде қол қою арқылы сатып алады. 
      Сатып алынған чек кітапшаларын мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеу үшін ұсынады. 
      Банк чектер бойынша мемлекеттік мекемеге берілген қолма-қол ақшаны есепке алуды жүргізу үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін жеке тиісті баланс шотында банкішілік шоттар ашады. 
      Банкте ашылған банкішілік шоттардың ерекшелігі әрбір операциялық күннің аяғында банкішілік шоттардың қалдықтары нөл болуы тиіс. 
      Мемлекеттік мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлімшесі банкке қойылған қолдар мен мөр бедері үлгілері бар құжатты екі данада банкке береді. Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.  
      Мемлекеттік мекеме чектер бойынша қолма-қол ақша алғанға дейін бір жұмыс күні бұрын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 84-ке сәйкес нысан бойынша банкте алған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шотты, банк қызметтеріне төлемді, чекті, қолма-қол ақша алуға арналған өтінімді қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттардың тізілімін береді.  
      Төлеуге берілетін шоттар шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша жеке беріледі.  
      Чек мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына және банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға арналған төлеуге берілетін шоттардың жалпы сомасына ресімделеді. Чек мемлекеттік мекеменің қолдарын қоймай-ақ және мөр бедерінсіз беріледі. 
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары қол қойған және елтаңбалы мөрдің таңбасымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің чектері кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген мерзімде банкке беріледі. 
      Чектер банкке 85-ке сәйкес 5-55 нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны алуға арналған чектердің тізілімімен бірге республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке беріледі. 
      Қолма-қол ақшаны беруді банк мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған чектердің тізілімі және атына чек берілген мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғаға тікелей чек түскеннен кейін келесі жұмыс күніне банк жүргізеді. 
     Банк кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген мерзімде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 86-қосымшасына сәйкес нысанда төленген чектердің тізілімін береді.  
      Корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып, бюджет ақшасы есебінен есептесулерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме карт-шот ашады, бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті бюджетті бағдарламалар әкімшісі - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қолдаухат береді.  
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын, бюджет түрін және шығыстар бағының мақсаттарын, оған сәйкес ол қалыптасқан немесе қайта ұйымдастырлған нормативтік құқықтық актіні қамтуы тиіс. 
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде мемлекеттік мекемеге карт-шотты ашуға 87-ге сәйкес нысан бойынша екі данада рұқсат береді. 
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бас тарту себебі көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі. 
      Мемлекеттік мекеме банкпен карт-шот ашуға 88-ге сәйкес нысан бойынша корпоративтік төлем карточкаларын беру және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасады және ҚР ҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген құжаттарды береді. 
      Алынған корпоративтік төлем карточкалары 89-ға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемеде тіркеу журналында тіркеледі және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкілетті тұлғаларға (бұдан әрі - есеп беретін тұлға) қол қойып беріледі.  
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер карт-шоттағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.  
      Карт-шотты толықтыру міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырылады.  
     Мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде және тәртіппен сауда чектерін, слиптерді және чектерді және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, чек бойынша және (немесе) карт-шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп береді. 
       Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін карт-шоттағы ақшаның пайдаланылмаған қалдықтары және/немесе есеп беретін тұлға корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып алған пайдаланылмаған қолма-қол ақша мемлекеттік мекеменің тиісті шотына тиісінше қалпына келтірілуге тиіс. Бұл ретте егер бюджет ақшасы ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қалпына келтірілмеген болса, келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде бюджет ақшасының қайтарылатын сомасын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік мекеменің есеп беруші тұлғасы) тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс. Басқа қаржы көздерінен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті шотқа аударылмаған ақшаларының пайдаланылмаған қалдықтарының қайтарылатын сомасы келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде тиісті шотқа қалпына келтірілуге тиіс. 
      Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша№1                                                                                                              

 Қазақстан Республикасы 
                                               Үкіметінің 
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы 
                                             N 795 қаулысына   
                                                 1-қосымша                                     

 Республикалықжәнежергілікті 
                                     бюджеттердіңатқарылуережесіне 
                                                37-1-қосымша   

 Жалақыны, міндеттізейнетақыжарналарынжәнеәлеуметтік 
    аударымдардыаударубойыншатөлеугеберілгеншоттардың 
                               тізілімі

Ұсынылукүні _______________________________________________________ 
Мемлекеттікмекеменің коды _________________________________________ 
Мемлекеттікмекеменіңатауы ________________________________________

Р/с 
N

Төлеугеберілген шот Бюджеттіксыныптама коды Сомасы Файл мөлшері МТ-102 (байт бойынша)
Нөмірі Күні
           

кестеніңжалғасы

Файлдың аты МТ-102 Дискетанықабылдағанжәне тексергенжауапты  орындаушыныңқолы Төлеугеберілгеншоттардыенгізужөніндегіжауаптыорындаушыныңқолы Төлеугеберілгеншоттардыбекітужөніндегіжауаптыорындаушыныңқолы
       

Дискеталардың саны: ________________________________________________

Мемлекеттікмекеменіңбасшысы: _____________________________________ 
                                            (аты-жөні, қолы)

Мемлекеттікмекеменің бас бухгалтері: ______________________________ 
                                              (аты-жөні, қолы)

Файлдыбергенмемлекеттікмекеменіңқызметкері: ____________________ 
                                                   (аты-жөні, қолы)                                        

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   

Қосымша№2

                                    ҚазақстанРеспубликасы 
                                               Үкіметінің 
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы 
                                             N 795 қаулысына   
                                                 2-қосымша                                     

 Республикалықжәнежергілікті 
                                     бюджеттердіңатқарылуережесіне 
                                                 48-қосымша                                                        

2-37-нысан      

ҚазақстанРеспубликасыҰлттықБанкі        

 ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттыққорынанкепілдік 
                 берілген трансферт бөлугеарналған 
                                өтінім 
                       ____ ж. "___"_____________     

 Бюджеттіатқаружөніндегіорталықуәкілетті орган мынадайдеректемелербойыншаҚазақстанРеспубликасыныңҰлттыққорынанақшааударуқажеттілігітуралыхабарлайды:

Бюджеттіңатауы Бенефициардыңатауы Бенефициардың ЖСК Бенефициардың БСК СТН Бюджеттіксыныптама коды Төлемдітағайындау коды Теңгеменсомасы
Республикалық бюджет              
 

      Бюджеттікатқаружөніндегіорталық 
      уәкілеттіорганныңбасшысы ___________________________________ 
                                          (аты-жөні, қолы)                                        

   
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша№3

                                         ҚазақстанРеспубликасы 
                                               Үкіметінің 
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы 
                                             N 795 қаулысына   
                                                 3-қосымша                                     

 Республикалық және жергілікті 
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне 
                                                 50-қосымша        

 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері 
                     және оны пайдалану туралы 
                                 ЕСЕП

Күні _____________________________________ 
Өлшем бірлігі ____________________________

Р/с N№   Сомасы
1 2 3
1 Ұлттыққордыңесептікезеңніңбасындағықаражаты, БАРЛЫҒЫ  
2 Түсімдер БАРЛЫҒЫ  
  Оныңішінде: 
мұнай секторы кәсіпорындарынантүсетінтікелейсалықтар (жергіліктібюджеттергеесептелетінсалықтардықоспағанда): 
корпорациялықтабыссалығы; 
үстемепайдағасалынатынсалық; 
бонустар; 
роялтилер; 
өнімдібөлужөніндегіүлес; 
экспортталатыншикімұнайға, газ конденсатынасалынатын рента салығы; 
республикалықменшіктегіжәне тау-кенөндіруәріқайтаөңдеусалаларынажататынмемлекеттікмүліктіжекешелендірудентүсетін түсімдер; 
ауылшаруашылығымақсатындағыжеручаскелерінсатудантүсетінтүсімдер; 
Қордыбасқарудантүсетінинвестициялықкірістер; 
ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасыментыйымсалынбағанөзгетүсімдер мен кірістер
 
3 Пайдаланылуы БАРЛЫҒЫ  
  Оныңішінде: 
кепілдікберілген трансферт 
Қордыбасқаруғабайланыстышығыстарды жабу 
жылсайынғыаудиттіжүргізугебайланыстышығыстарды жабу
 
4 Ұлттыққордыңесептікезеңніңаяғындағықаражаты БАРЛЫҒЫ  

Информация о работе Қолма-қол бақылау шоттары