Автор: c******************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 17:56, курсовая работа
Бұл курстық жұмыс тақырыбы «Қолма-қол бақылау шоттарын ашу,жүргізу және жабу тәртібі» деп аталғандықтан ,жұмыс барысында қолма-қол бақылау шоттарына тоқталып,оларды ашуы,жүргізуі,жабуы туралы айтуды сөзге аламын.
Осы курстық жұмыс ішінде қолма-қол бақылау шоттардын түрлерімен,оларды ашқанда, жүргізгенде, жапқанда қажет болатын құжаттармен, олардын дұрыс толтырылуымен танысамыз.
Кіріспе
Бұл
курстық жұмыс тақырыбы «Қолма-
Осы
курстық жұмыс ішінде қолма-
Қолма-қол
бақылау шоттарымен танысканда
келесідей мәселелермен
-тиісті бюджеттердің
қолма-қол ақшасын бақылау
-бюджетті
атқару жөніндегі орталық
- қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
- қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы бюджет қаражатының қозғалысы жөніндегі есептерді беру
-- қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шетел валютасындағы шоттарды жабу
-- қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
Аумақтық қазынашылық
Чектер банкке 5-55 нысан бойынша мемлекеттік
мекемелердің қолма-қол ақшаны алуға арналған
чектердің тізілімімен бірге республикалық
бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер бойынша жеке және жергілікті
бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер бойынша жеке беріледі.
Қолма-қол ақшаны беруді банк мемлекеттік
мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған
чектердің тізілімі және атына чек берілген
мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғаға
тікелей чек түскеннен кейін келесі жұмыс
күніне банк жүргізеді.
Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны
уақытша орналастыру қолма-қол бақылау
шоттарын ашуға рұқсат тиісті бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының
негізінде беріледі.
1.Қолма-қол бақылау шоттары
1.1 Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары
Қолма-қолақшаның
бақылау шоттарымына:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге
түсімдерді есептеумен және республикалық
және жергілікті бюджеттерден шығыстарды
жүргізумен;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
өткізуден түсетін ақшаны есептеумен
және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
бағытталатын түсімдерді есептеумен және
оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шотына аударумен;
4) олар Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес алған мемлекеттік
мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық
көмектен түсетін ақшаны есептеумен және
жұмсаумен;
5) тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға
белгілі бір жағдайлар басталған кезде
олардың қайтарымдылық негізінде не аудару
шарттарында жеке және (немесе) заңды тұлғалар
мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік
мекемеге беретін ақшаны аударумен;
6) бюджеттік ақшаны есептеумен және оларды
ерекше шығыстарды жүргізуге пайдаланумен
байланысты операцияларды есептеуге арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің
түсімдерін есептеу мен республикалық
және жергілікті бюджеттерден шығыстарды
жүргізумен байланысты операцияларды
есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау
шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық
және жергілікті уәкілетті органдарға
ашылады.
Тиісті
бюджеттің қолма-қол бақылау
-республикалық бюджеттің қолма-қол бақылау
шоттары;
-облыстық бюджеттердің қолма-қол бақылау
шоттары;
-республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің қолма-қол бақылау шоттары;
-аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерінің қолма-қол бақылау шоттары.
Тиісті бюджеттердің қолма-қол
бақылау шотынан түсімдер және жүргізілген
төлемдер мен ақша аударымдары бойынша
операциялар ҚР бірыңғай бюджеттік сыныптамасына
және мемлекеттік мекемелердің кодтарына
сәйкес ескеріледі.
1.2.Мемлекеттік мекеемелерде болуы мүмкін қолма-қол бақылау шоттары
Мемлекеттік
мекемелердің мынадай қолма-қол
ақшаны бақылау шоттары және шоттары
болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде
қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау
шоты (бұдан әрі - ақылы қызмет қолма-қол
бақылау шоттары);
2) демеушілік, қайырымдылық көмектің
қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан
әрі - демеушілік, қайырымдылық көмек қолма-қол
бақылау шоттары);
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол
ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - ақшаны
уақытша орналастыру қолма-қол бақылау
шоттары);
4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол
ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - нысаналы
қаржыландыру қолма-қол бақылау шоттары);
5) шетел валютасындағы шоттар.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің
лауазымды тұлғалары қол қойған және елтаңбалы
мөрдің таңбасымен бекітілген мемлекеттік
мекемелердің чектері кассалық қызмет
көрсетуге арналған шартта белгіленген
мерзімде банкке беріледі.
Чектер банкке 5-55 нысан бойынша мемлекеттік
мекемелердің қолма-қол ақшаны алуға арналған
чектердің тізілімімен бірге республикалық
бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер бойынша жеке және жергілікті
бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер бойынша жеке беріледі.
Қолма-қол ақшаны беруді банк мемлекеттік
мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған
чектердің тізілімі және атына чек берілген
мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғаға
тікелей чек түскеннен кейін келесі жұмыс
күніне банк жүргізеді.
Банк кассалық қызмет көрсетуге арналған
шартта белгіленген мерзімде аумақтық
қазынашылық бөлімшесіне нысанда төленген
чектердің тізілімін береді.
Корпоративтік төлем карточкаларын қолдана
отырып, бюджет ақшасы есебінен есептесулерді
жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме
карт-шот ашады, бұл ретте республикалық
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға,
жергілікті бюджетті бағдарламалар әкімшісі
- бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органға қолдаухат береді.
"Тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау
шоттарының жағдайы туралы есеп" нысаны
бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің
қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша
айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы
салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық
қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органның арасында
аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай
аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде
екі данада 5-34 "Тиісті бюджеттердің
қолма-қол бақылау шоттарыныңжағдайы
туралы есеп" нысанындағы есепті қалыптастырады,
жауапты атқарушының мөртабан бедерімен
ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы
қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады
және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органға беріледі. Бюджетті
атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті
орган өз кезегінде 5-34 "Тиісті бюджеттердің
қолма-қол бақылау шоттарының жағдайы
туралы есеп" нысаны бойынша тиісті
жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын
бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды
салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның басшысына
және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның жауапты атқарушысына
қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен
куәландырады және бір данасын аумақтық
қазынашылық бөлімшесіне береді
2.Қолма-қол бақылау шоттарының ашу және жүргізу тәртібі
2.1.Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шетел валютасындағы шоттар ашуы
Республикалық
және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге
Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны
уақытша орналастыру қолма-қол бақылау
шоттарын ашуға рұқсат тиісті бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының
негізінде беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
-қолма-қол бақылау шоттары ашылатын мемлекеттік
мекеменің атауы мен коды;
-ашу талап етілетін қолма-қол бақылау
шоттарыатауы;
-мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын
бюджет түрі;
- мемлекеттік мекеменің заңды және іс
жүзіндегі мекен-жайы;
-қаржыландыру көздері;
- баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін
көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа
өзге қаржыландыру көздеріне жол беретін
заңнамалық актінің атауы және күні.
Мемлекеттік мекемелерге демеушілік,
қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру
қолма-қол бақылау шоттарын ашуға рұқсат
бір рет беріледі және көзделген жағдайлардағы
олар жабылғанға дейін әрекет етеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге
шетел валютасындағы шоттарды ашу үшін
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.
Шетел валютасындағы шотты ашуға рұқсат
валюта түрлері және шығыстар түрлері
бойынша рұқсаттың әрекет ету мерзімі
көрсетіліп, тиісті бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің қолдаухаты негізінде валюта
түрлері және шығыстар түрлері бойынша
беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы
мен коды;
-СТН;
-шоттың атауы;
-валюта түрі;
-қаржыландыру көздері;
-шығыстарды бағыттау мақсаттары;
-шетел валютасында шотты ашу үшін негіз.
Халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыру көзделген
Қазақстан Республикасының заңнамалық
актісі, Қазақстан Республикасы ратификациялаған
шарттар, сондай-ақ мемлекеттік сатып
алу туралы заңнамаға сәйкес жасасқан
резидент емес берушілермен тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға
арналған шарттар шетел валютасындағы
шоттарды ашу үшін негіз болып табылады.
Демеушілік, қайырымдылық көмекқолма-қол
бақылау шоттары, ақшаны уақытша орналастыру,
шетел валютасындағы шоттарды ашуға жазбаша
рұқсат үш данада ресімделеді, олардың
екеуі кейіннен мемлекеттік мекемеге
және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілу
үшін бағдарламалар әкімшісіне беріледі,
үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органда қалады.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге ақылы қызмет
қолма-қол бақылау шоттарын ашу үшін мемлекеттік
мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне
сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтің
қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға
өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемеден алынған қолма-қол ақшаның бақылау
шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде
сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтің
қолма-қол ақшасын ашуға өтінімді қалыптастырады
және бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органға жібереді.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге ақылы қызмет,
демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны
уақытша орналастыру қолма-қол бақылау
шоттарын ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті орган аумақтық
қазынашылық бөлімшесіне сәйкес нысан
бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын
ашуға өтінім береді, ол мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
өткізуден түскен түсімдер мен шығыстар
жоспарының және бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттардың
негізінде жасалады.
Бюджетті атқару жөніндегі аумақтық
қазынашылық бөлімшесі жергілікті уәкілетті
органнан алған қолма-қол ақшаны бақылау
шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде
сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны
бақылау шотын ашуға арналған өтінімді
қалыптастырады және бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органға
жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган:
- бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның демеушілік, қайырымдылық көмек,
ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол
бақылау шоттарынашуға рұқсатының және
рұқсат берілген күні аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің ақылы қызметтерқолма-қол
бақылау шоттарын ашуға арналған өтінімдердің
және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен
ақылы қызметтің қолма-қол бақылау шоттарынашуға
өтінімдер түсуі негізінде республикалық
бюджеттен;
- аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен
қолма-қол бақылау шоттарын ашуға өтінім
түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей
және бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның шетел валютасындағы
шотын ашуға рұқсаттың берілген күні,
аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің
қолма-қол бақылау шоттарын ашуға арналған
өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге
қолма-қол бақылау шоттары және шетел
валютасындағы шоттар ашуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген
жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органға мемлекеттік қайта
тіркелу туралы куәліктің көшірмесін
қоса бере отырып, 37- ге(қосымша№1) сәйкес
нысан бойынша мемлекеттік мекеменің
атауын өзгертуге өтінім береді.
Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген
жағдайда жергілікті уәкілетті орган
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органға мемлекеттік қайта тіркелу туралы
куәліктің көшірмесін қоса бере отырып,
сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің
атауын өзгертуге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өз кезегінде
жергілікті уәкілетті органнан мемлекеттік
мекеменің атауын өзгертуге өтінімдер
алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен
кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органға сәйкес нысан
бойынша мемлекеттік мекеменің атауын
өзгертуге өтінім жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық
бөлімшесінен сәйкес нысан бойынша мемлекеттік
мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған
күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей
мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді
жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткеннен
кейін оған жаңа рұқсат беріледі, бұл ретте
бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік,
қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру
қолма-қол бақылау шоттары немесе шетел
валютасындағы шот өзгеріссіз қалдырылады.
Нысаналы қаржыландыру шотын ашу және
жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының
кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере
отырып, анықталады.
Ашылған тиісті бюджеттер, ақылы қызмет,
қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру
қолма-қол бақылау шоттары тіркеу сәйкес
5-19 "Тиісті бюджеттер, ақылы қызмет,
қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру
қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының
тізбесі" нысанының бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органының
аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі
есебінде көрсетіледі.
Ашылған шетел валютасындағы шоттарды
тіркеу сәйкес 8-08 "Шетел валютасындағы
шоттардың тізбесі" нысанының бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының
аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде
көрсетіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері
салық қызметінің тиісті органдарына
оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс
күні ішінде мемлекеттік мекемелердің
ақылы қызмет, қайырымдылық көмек қолма-қол
бақылау шоттарыашқаны туралы хабарлайды.
2.2.Қолма- қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
Аумақтық
қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік
мекемелердің кодтарын, ақылы қызмет,
демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны
уақытша орналастыруқолма-қол бақылау
шоттары және шетел валютасындағы шоттарды
жүргізу тиісті бюджеттердің, ақылы қызмет,
демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны
уақытша орналастыру қолма-қол бақылау
шоттары және шетел валютасындағы шоттарынан
төлемдер жүргізуді және ақша аударуды,
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген есептерді қалыптастыру мен
беруді қамтиды.
Бір мемлекеттік мекеменің кодынан екінші
мемлекеттік мекеменің кодына ақша аударуға
жол берілмейді.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда
ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін
жеті жұмыс күні ішінде демеушілік, қайырымдылық
көмек түрінде түскен шетел валютасының
бар болуына, сонымен қатар 0900НП "Анықтауға
дейінгі шетел валютасындағы сомалар"
шотына түскен сомалардың бар болуына
рұқсат етіледі.
Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті
бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік,
қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру
қолма-қол бақылау шоттарыжәне шетел валютасындағы
шоттарды жүргізуді аумақтық белгісі
бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері
жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын
тұрған басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке
қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің
кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы
қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек,
ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол
бақылау шоттары және шетел валютасындағы
шоттарын жүргізуге сол аумақтық қазынашылық
бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның
жазбаша келісімімен жол беріледі.
Тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау
шоттарыақшасына билік етуші бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті орган болып
табылады, ақылы қызметтің, демеушілік,
қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша
орналастырудың қолма-қол бақылау шоттары,
шетел валютасындағы шоттарына - мемлекеттік
мекемелердің басшылары болып табылады.
Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық
көмек қолма-қол бақылау шоттарында болған
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру
жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына
билік етуді шектеу Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2.3.Тиісті бюджет шоттары арқылы бюджет қаражатының қозғалысы жөніндегі есептер
Тиісті
бюджет шоттары арқылы бюджет
қаражатының қозғалысы
- 41-ге сәйкес магниттік (электрондық) тасығышта
5-34 "Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы
туралы есеп";
- 42-ге сәйкес электрондық тасығышта 5-52
"Шығындар бойынша жиынтық есеп".
- 43-ке сәйкес қағаз тасығышта 5-20 "Қолма-қол
ақшаны бақылау шотынан көшірме" және
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органға беріледі.
Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық
көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол
бақылау шоттарыжәне шетел валютасындағы
шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы
жөніндегі есептерді беруді аумақтық
қазынашылық органы жүзеге асырады және
олар:
мемлекеттік мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргізілуіне
қарай;
- 43-ке сәйкес 5-20 "Қолма-қол ақшаны бақылау
шотынан көшірме" нысаны бойынша;
- 44-ке сәйкес 5-33 "Ақылы қызметтер қолма-қол
бақылау шоттары қалдықтар туралы есеп"
нысаны бойынша;
- 45-қосымшасына сәйкес 8-09 "Дербес шот
бойынша мәлімет" нысаны бойынша, 445
Ереженің 46-қосымшасына сәйкес 8-17 "Бас
кітаптың шоттары бойынша көшірме (шетел
валютасында)" нысаны бойынша;
2) ай сайын:
- 47ге сәйкес 5-30 "Ақылы қызметтер қолма-қол
бақылау шоттарындағы қалдық" нысаны
бойынша;
-48-ге(қосымша№2) сәйкес 8-07 "Шетел валютасындағы
шоттардағы қалдықтар туралы есеп"
нысаны бойынша;
-бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне
және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан
кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын
және жыл сайын 49-ға сәйкес 5-34А "Ақылы
қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек,
ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол
бақылау шоттарындағы қалдықтар туралы
есеп" нысаны бойынша беріледі.
"Тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау
шоттарының жағдайы туралы есеп" нысаны
бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің
қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша
айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы
салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық
қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органның арасында
аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай
аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде
екі данада 5-34 "Тиісті бюджеттердің
қолма-қол бақылау шоттарыныңжағдайы
туралы есеп" нысанындағы есепті қалыптастырады,
жауапты атқарушының мөртабан бедерімен
ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы
қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады
және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органға беріледі. Бюджетті
атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті
орган өз кезегінде 5-34 "Тиісті бюджеттердің
қолма-қол бақылау шоттарының жағдайы
туралы есеп" нысаны бойынша тиісті
жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын
бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды
салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның басшысына
және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның жауапты атқарушысына
қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен
куәландырады және бір данасын аумақтық
қазынашылық бөлімшесіне береді.
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме
мен аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
арасында кассалық шығыстарды салыстыруды
жүзеге асыру үшін тоқсан сайын екі данада
ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні
ішінде екі данада ең соңында 31-ге сәйкес
4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп"
нысаны қалыптастырылады, олар жауапты
атқарушының мөртабан бедерімен ресімделеді,
аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы
мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы
мөр бедерімен куәландырылады және мемлекеттік
мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелер есептерді алғаннан
кейінгі екі жұмыс күні ішінде берілген
есептерді өзінің бухгалтерлік есеп деректерімен
салыстырады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 "Шығыстар
бойынша жиынтық есеп" нысаны есебінің
деректерімен алшақтығы болған кезде
соңғысы алшақтық себебін анықтау үшін
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша
өтінім жасайды.
Алшақтық болмаған кезде есептерге мемлекеттік
мекеменің басшысы мен бас бухгалтері
не мемлекеттік мекеменің уәкілеттік
берген тұлғалары (олар болмаған жағдайда)
қол қояды және мемлекеттік мекеменің
елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады.