Мемлекеттік бюджет статистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:33, реферат

Описание работы

Мемлекетік бюджет дегеніміз - жалпы өнім құнын бөліп беруде болатын мемлекет және мекеме, ұжымдар мен халық арасындағы қаржылық байланыстар жиынтығы. Мелекеттік бюджет қажеттілігі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде және жалпы өндіріске байланысты бүкіл халық көлеміндегі қорлардың үнемі айналымда болуын қамтамасыз ететін орталықтандырылған ресурстардың қажеттілігінен туады.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік бюджет статистикасы.doc

— 72.00 Кб (Скачать)

Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар  арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында  бос қалдыруы мүмкін.  Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар  мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады. 
Тапшылық –  шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың  мүмкін деңгейі   мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс. 
Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың  жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады: 
- ел экономикасындағы жалпы өндірістің құлдырауы 
- қоғамдық өндіріс шығындарыны артуы 
- тауар массасын жаппайтын айналымға  ақшаның  көптеп шығарылуы 
- экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік шығындардың басым болуы 
- әскери -өнеркәсіптік кешенді ұстап тұруға, басқаруға жұмсалатын қаржылар көлемінің көп болуы 
- «жасырын» экономиканың айнылымының ірі көлемді болуы 
- ұлттық шаруашыытағы өндірістік емес шығындардың артуы. 
Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар: 
- Мемлекеттік займдар 
- салық салудың артуы 
- ақша эмиссиясы. 
Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға  негізделеді: 
1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы  және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекеттеде жүзеге асыру қажет. Осының нәтижесінде жиынтық сұраныс кеміп, өндіріс көлемі одан әрі кемиді. Ал бюджеттік артықшылық жағдайында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады:  салық мөлшерлерін төмендетеді немесе мемлекеттік шығындарды арттырады, немесе аталған шараларды бірге қолданады. Аталған шаралардың кез-келгенінде де инфляция деңгейі артады. 
2.    Циклдық негізде теңгерілетін бюджет.  Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. 
Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал  экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары  құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады. 
3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін   жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде  тапшылық өзі-өзі қаржыландырады. 
Циклдық негізде  және функциялық  қаржы тұжырымдамасында бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттарына тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.


Информация о работе Мемлекеттік бюджет статистикасы