Мемлекеттік бюджет статистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:33, реферат

Описание работы

Мемлекетік бюджет дегеніміз - жалпы өнім құнын бөліп беруде болатын мемлекет және мекеме, ұжымдар мен халық арасындағы қаржылық байланыстар жиынтығы. Мелекеттік бюджет қажеттілігі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде және жалпы өндіріске байланысты бүкіл халық көлеміндегі қорлардың үнемі айналымда болуын қамтамасыз ететін орталықтандырылған ресурстардың қажеттілігінен туады.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік бюджет статистикасы.doc

— 72.00 Кб (Скачать)

7-Тақырып. Мемлекеттік бюджет статистикасы.

 

Мемлекетік  бюджет дегеніміз  - жалпы өнім құнын бөліп беруде болатын мемлекет және мекеме, ұжымдар мен халық арасындағы қаржылық байланыстар жиынтығы. Мелекеттік бюджет қажеттілігі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде және жалпы өндіріске байланысты бүкіл халық көлеміндегі қорлардың үнемі айналымда болуын қамтамасыз ететін орталықтандырылған ресурстардың қажеттілігінен туады.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын жасау  және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.

Сонымен қатар мемлекет мәдениеттік, әлеуметтік бағдарламаларды өткізуге, қорғаныс проблемаларын шешуге, мемлекеттік және заң органдарын қаржыландыруға байланысты орталықтандырылған қаржы қорын қамтамасыз етеді.

Бюджеттік байланыстар – бөліп беруге байланысты болады және тек ақшалай түрде және мақсатты ақшалай қорларды құрумен жүзеге асады.

Мемлекеттік бюджет республикалық  және жергілікті (аудан), район және қалалық бюджетке бөлінеді.

Статистика мемлекеттік  бюджеттің кірісі және шығысы туралы мәліметтерді жинақтаумен және саралаумен айналысады. Статистиканың басты мақсаты: бюджеттің жоспарының орындалуын, кіріс және шығыс динамикасын, оның құрылымын талдау, оның даму заңдылықтарын және мемлекеттің кірісінің елеулі макроэкономикалық көрсеткіштерімен байланысын саралау болып табылады және мемлекеттік бюджеттің мекемесінің штатын, контингентін, құрылымын зерттеу.

Осы мақсаттарды іске асыру барысында статистика статистикалық  топтамалармен, абсолюттік орта және нақты шамаларды, динамикалық қатарды саралау, индекс және басқа да әдістерді қолданады.

Мемлекеттік бюджет статистикасының негізгі мақсаттары - оның негізгі көрсеткіштерін сипаттау және фискалды саясаттың бағытын анықтау болып табылады.

Жалпы мемлекеттік бюджет статистикасының алға қойған негізгі  мақсаттары болып төмендегілер саналады:

1. мемлекеттік бюджет  табысының жалпы көлемін анықтау.

2. мемлекеттік бюджет  табысының құрылымы

3. мемлекеттік бюджет  шығысының құрылымы

4. бюджет дефицитін  қаржыландыру көзі.

5. мемлекеттің ішкі  қарыздарының көлемі

6. мемлекет тұрғысында  жүргізілетін фискалды саясаттың  тиімділігі

7. фискалды саясаттың  экономикалық өсімге және халықтың  өмір сүру 

деңгейіне әсері.

Мемлекеттік бюджетті статистикалық  талдау барысында қолданылатын маңызды  категориялардың бірі болып  –  мемлекетті басқару секторы табылады.            

Мемлекеттік басқару секторы  – мемлекеттік ұйымдар мен бірлестіктердің табысы мен шығысының мемлекеттік бюджеттегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлкеттік бюджетті статистикалық зерттеу кезінде төмендегідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

1. мемлекеттік бюджет табысының көрсеткіштері

2. мемлекеттік бюджет  шығысының көрсеткіштер

3. мемлекеттік бюджет  сальдосы

Мемлекеттік бюджетті зерттеудегі  статистикалық көрсеткіштер системасының негізін мемлекеттің шығыс және кіріс көрсеткіштері құрайды.

1988 жылдық мемлекеттік бюджет келесі түсімдерден тұрды:

- қосымша құнға салық

- пайдаға салық

- акциздер

- кіріс салығы (подоходный)

- мүлікке салынатын салық, сыртқы экономикалық саясаттан түсетін табыс.

- табиғи ресурстарды пайдалануға салынатын салық

- санкция және штрафтардан түсетін түсімдер

- басқа да салық емес түсімдер.

Түсімдердің тағы да бір елеулі жаңа көзі – бұл мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің шығысының кірісінен асып кетуі мемлекеттік бюджеттің абсолюттік көлемінің дефицитін білдіреді.

Мемлекеттің бюджет шығысы халық шаруашылығының дамуына, қаржыландыруға:

- әлеуметтік-мәдениеттік бағдарламаларды

- ғылымды, заң және сот органдарын

- мемлекеттік билікті және басқаруды

-   қорғаныс т.б. жұмсалады.

Ал егеменді республика жағдайында  оларға:  шет ел елшіліктерін , шет ел мамандарын қаржыландыруға, шет елдің мамандықтарын оқытуға, халықаралық  ұжымдарға  мүшелік үлесін қосуға т.б жұмсалады.

Мемлекеттің ішкі қарызы қызметінің шығысына: ссуданы сөндірудің, кредитке байланысты банкке төленетін  өсім мөлшері, мемлекеттің ішкі және  мақсатты  заемдарының шығындары уіреді.

Мемлекеттің  сыртқы қарыздары  қызметінің шығысы шет елден алынған  кредит және заемдардың өсімін төлеуге  және сөндіруге кеткен шығындар жатады.

Осы жылдар  арасында мемлекеттік  шығындар  құрылымында  елеулі өзгерістер болды, бұл бір  жағынан экономиканың  кризисті  жағдайына  байланысты, ал екінші жағынан  нарық  жағдайындағы пайда болған  жеке меншік  және басқа да мемлекеттік  емес  мекемелерге, халық шаруашылығының көбінесе өзіндік  және кредитпен  қаржыландыруына байланысты.

Қазақстан Республикасының  мемелекеттік  бюджет

шығысының құрылымы:

 

Шығын түрі

2006

2007

2008

2009

2010

Халық шаруашылығына

81,8

69,1

50,9

35,1

28,4

Әлеуметтік-мәдениеттік шараларға

67,4

54,5

41,9

39,9

41,8


 

Статистикада  халықаралық  стандарттағы  салық түсімінің  классификациясының  2 бағыты бар:

1.мемлекеттің қаржылық  системасының  классификациясы деп  аталады және мемлекеттік қаржы   қажеттілігін қаржыландыруға  қолданылады.

Бұл жерде  салықтар қызмет  түріне немесе салық базасы  бөлігіне байланысты бөлінеді. Салық базасы мысалы ретінде пайда сомасын, төленген жалақының көлемін, сату көлемін  көрсетуге болады.

2.Ұлттық шот системасы классификациясының  мақсаты – бұл бүкіл экономика қажеттілігін қаржыландыру болып табылады.Бұның негізіне бір емес, бірнеше белгілер берілген:

1) І салық түрі – мемлекеттік қаржы системасына  байланысты (акциздер, табыс салығы т.б.)

2) ІІ салық төлеуші институционалдық бірлік.(үй шаруашылығы, коммерциялық ұйымдар)

3) Салық төлейтін жағдайда (өнім өндірушілерді,импорт және экспорт)

Барлық  салық төлемдері  мынандай топтарға  жинақталады:

-   өндірістік,кірістік, капитал салығы.

-   өндіріске-өнім өндірілгеннен  кейінгі өнімдер мен қызметтерге салынатын салық жатады.

Кіріс, табыс салықтары - бұл өндіріс факторларын, жерді, меншікті, мүлікті, жұмыс күшін иеленгені үшін мемлекетке  төленетін төлемдер  жатады.Олар ұлттық шоттар системасында  шығын ретінде  көрсетіледі.

Капиталға салынатын салық группасына:

Мүлік бағасының өсуіне байланысты  негізгі қор құнынан, активтерден  және таза капиталдан бір қалыпты  емес, бірнеше  уақыт арасында  алынатын салық түрі кіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қаржы  системасының әдістемесі  бойынша  кіріс және  шығысының жаңа бюджеттік классификациясы қолданылады. Оның ескі әдістен айырмашылығы – бюджет көрсеткіштерінің көбеуі.

Жаңа бюджеттік классификация  бойынша «кіріс (табыс)» және  «шығын (шығыс)»  бланктарынан басқа  «кредиттеу және сөндіру», «қаржыландыру» сияқты  жаңа бланктар енгізілді. Бұл  енгізулер  бюджет қорларының  жұмсалуын толық  бақылауға  алуын  және мемлекеттік  қарыздарын  өтеуге байланысты қаржы дисциплинасының (әдістемесінің) сақталуын қамтамасыз етеді.

Бірақ жаңа система ескі әдісті толық жойып жібермеген, оның басты әдістемесін, экономикалық шығынының  классификациялау жолдарын қолданады.

Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін  теңестіру қажет. Бюджет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік;бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі.

Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы мемлекеттің  нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады. 
1996 жылдан бастап мемлкеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады. 
Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді: 
1.    Салықтық түсімдер ( 75% жуық) 
2.    Салықтық емес  түсімдер ( 11 % жуық) 
3.    Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%) 
4.    Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%) 
Екінші бөлім  «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді: 
1.    Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық) 
2.    Қорғаныс саласы (5%) 
3.    Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %) 
4.    Білім ( 18%) 
5.     Денсаулық сақтау( 14%) 
6.    Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%) 
7.    Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына  ( 3%) 
8.    Отын –энергетика кешені ( 1 %) 
9.    Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы  ( 3%) 
10.    Тау –кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары) 
11.    Көлік және байланыс ( 0,1%) 
12.    Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%) 
13.    Үкіметтің резервті қоры (15 %) 
Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы  әлеуметтік –мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. 
Үшінші бөлім «Неселеу шегерілген несиені жабу»  бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді. 
Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының  арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі  қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ: 
      •    Ішкі қаржыландыру  – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы 
      •    Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы 
Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне  байланысты.

Бюджеттің жіктелуі – бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. 
Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді: 
      -    Санат (категория) 
      -    сынып 
      -    сыныпша 
      -    ерекшелік 
Шығындар санатына (категориясына)  келесілер жатады: 
      -    ағымдық шығындар 
      -    капиталдық шығындар 
      -    несие беру 
      -    қаржыландыру 
Сынып, сыныпша және  ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды Мысалы, жымысшылардың еңбек ақы қоры  – бұл жұмысшылардың еңбек ақысын білдіреді. 
Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді. 
Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға: 
1) мемлекеттік тұтыну шығындары  (экономикалық  және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары) 
2) төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі 
3) транспорттық төлемдер 
4) мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражатттары 
Капиталдық шығындарға мемлекеттік  запастар мен резервтік қаражаттарды құрумен, негізгі қорлармен, материалдық емес активтерге бюджеттік қаражаттардың бөлінуімен байланысты шығындар жатады.  Оларға жаңа құрылысқа, мемлекеттік меншіктегі субъектлерді дамытуға бөлінетін қаржылар, инвестициялық субсидиялар, ұзақ мерзімді несиелер, инвесторларға мемлекеттік кепілдік шығындары жатады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы капиталдық шығындар жеке блок ретіндеанықталып, олардың жиынтығы даму бюджетін құрайды. Экономикалық мәні және мазмұны бойынша мемлекеттік шығындар біркелкі емес. Экономикалық мазмұны бойынша олар үш негізгі топтарға бөлінеді: 
     1)    материалдық өндіріспен тікелей байлансты және өндірістік аяға жататын шығындар 
     2)     өндірістік емес аяның шығындары 
     3)    мемлекеттік резервтерді құру шығындары 
Шығындардың бірінші тобы  мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты 
Шығындардың екінші тобы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Қаржылар мекемені ұстап тұруға, жалпылай жарықтандыруға, денсаулық сақтау саласына, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, әлеуметтік қамтамасыдандыруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттің  қорғаныс саласымен, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсайтын шығындары осы топқа кіреді. 
Мемлекеттік шығындардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға байлансты. Олар  күтпеген төтенше жағдайларда  материалдық және материалдық емес аяның  қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты (стихиялық жағдайлар, шығындарды орнына келтіру, үздіксіз қамтамасыз ету). 
Пәндік нысаны (мақсаттылығы) бойынша  мемлекеттік шығындар келесі түрлерге бөлінеді. 
•    Экономикаға шығындар 
•    әлеуметтік-мәдени шараларға шығындар 
•    Ғылымға шығындар 
•    Қорғанысқа саласына шығындар 
•    Басқару шығындары 
Аймақтық нысаны бойынша  мемлекеттік шығындар  экономикалық аймақтар бойынша шығындарға бөлінеді. 
Салалық нысаны бойынша шығындар  материалдық өндіріс аясындағы шығындарға (өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда салаларындағы шығындар) және  материалдық өндіріс аясындағы шығындарға ( білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қорғаныс және басқару саласындағы шығындарға) бөлінеді. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар: 
1.    Шаруашлық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол  жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі. 
2.    Бюджеттік қаржыландыру.  Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер  бюджеттік деп аталады. 
Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар: 
•    Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады 
•    Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша  бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. 
•     Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет статистикасы