Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:51, курсовая работа

Описание работы

Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ, қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және Қазақстан Республиксының экономикасы дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  ақша-несие саясатының негізгі мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны 5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың  сценарийін  іске асыру кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады (кесте 7).

 

Кесте 7

 

Ақша-несие саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы

(мұнайға қалыпты  бағалар сценарийі)

кезең аяғында

 

2005

2006

2007

2008

Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %

7,6

5,7-7,3

5,0-7,0

5,0-7,0

Қайта қаржыландыру ставкасы, %

8,0

8,0

7,5

7,5

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта  резервтері,   млрд. АҚШ долл.

7,1

9,7

11,2

12,5

өзгеруі %-бен

-23,8

37,7

15,4

11,7

Ақша базасы, млрд. теңге

663

939

1184

1416

өзгеруі %-бен

14,7

41,7

26,1

19,6

Ақша массасы, млрд. теңге

2065

2789

3561

4413

өзгеруі %-бен

25,2

35,0

27,7

23,9

Резиденттердің  депозиттері, млрд. Теңге

1654

2228

2830

3525

өзгеруі %-бен

30,1

34,7

27,0

24,6

Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге

2592

3676

4782

6028

өзгеруі %-бен

74,7

41,8

30,1

26,1


Ескерту: Ұлттық Банктің  интернеттегі сайты www.nationalbank.kz

 

Екі сценарийдің  ішінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі мұнайға қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірқатар шараларды, оның ішінде ақша-несие саясатын қатаңдату жөніндегі  шараларды іске асыруды жоспарлап  отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың айтарлықтай келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның сақталуы болжанатынына байланысты.

Мұнайға жоғары бағалар сценарийі іске асырылған  жағдайда ақша-несие саясатының шаралары көп дәрежеде қатаңдатылуы мүмкін.

Ақша-несие саясаты  саласында Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  2006-2008 жылдары  ақша-несие операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға  және инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми қайта қаржыландыру ставкасын  қоса алғанда, реттеп отырады. Неғұрлым маңызды мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады.

Қаржы нарығындағы  сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің  негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «қисық кірістілікті»  қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының нарықтық ставкаларына әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады.

Тәуекелдерді  басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде  қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-несие саясаты құралдарының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Артық өтімділік  проблемасының өткірлігін төмендету  үшін  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің  нормативтерді сақтауға тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы  ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  валюта бағамының қысқа мерзімді және алып-сатарлық  ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана  валюта бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып,  қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай  өзгермелі айырбас бағамы  саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы  ақшаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағындарына мониторинг жүзеге асырылады.

Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын,  қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың қаржылық жағдайын,  төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын бағалау  мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі  бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Инфляцияны ұстау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен  іс-әрекеттерін күшейтуді талап етеді.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында  Қазақстанда  валюталық режимді  одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді  әзірлеуге  бағытталған  саясат жалғасады.  Сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық база жетілдіріледі, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің  рұқсат етілген тәртібінен   жүйелі  мониторинг және селективті бақылау жүйесіне тиімді  өтуді  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің  тиімділігін және қауіпсіздігін  арттыру,  тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін  қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша  одан әрі шаралар қабылданатын болады. Осы жүйеге техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің операторларын, провайдерлерін, сондай-ақ  төлем жүйелері пайдаланушыларын бақылау және қадағалау  жүйелері кіреді.  Төлем жүйелерін жоғары ақпарат технологияларымен және алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Төлем жүйелерінің үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жаңа резервтік орталықты құру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.

Қолма-қол ақша айналысы саласында  2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  жаңа дизайндағы  банкноталарды айналысқа енгізеді, бұл  полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты болып отыр. Банкноталарда жаңа қорғау және  машина оқитын элементтер болады [38].

Қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету шеңберіндеҚазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан  Республикасының Қаржы нарығы мен  қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді. Ақша-несие саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту  оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.

Халықаралық қаржылық ұйымдармен (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта  құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары) белсенді ынтымақтастық жалғастырылады.

Интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі жалпы  төлем жүйесін ұйымдастыру, ЕурАзЭҚ-на мүше елдердің  интеграцияланған валюта нарығын құру, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) қалыптастыру  жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына қатысу  жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.  

    

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы  2 наурыз 2006 ж.
  2. Қазақстан Республикасының  Конститутциясы
  3. Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Кодексі
  4. «Банк және  банк  қызмет» туралы  Қазақстан Республикасының заңы 31 тамыз 1995 ж. №2444
  5. ҚР Заңы ««Қазақстан Республиксының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу  мен қадағалау»  4 шілде  2003 года № 474-II;
  6. «Ұлттық банк  туралы» Қазақстан Республикасының заңы.
  7. Ақша, несие,  банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.
  8. Семь задач для финансистов: Тезисы выступлений на IV конгрессе финансистов Президента РК Н. Назарбаева и Президента Всемирного Банка Д. Вултенсона/ А. Донских //Казахстанская правда. - Астана, 2004. - 16 нояб. -  С. 1, 2.
  9. О неотложных мерах по стабилизации денежной системы: указ Президента РК // САПП. - 1998. - № 30. -  С. 83
  10. Проблемы экономического роста денежно-кредитной политики в Казахстане/ А.Умралиева // Транзитная экономика. - 1998. - Ст. 3. -  С. 94-99
  11. Об объединении денежной системы Республики Казахстан с денежной системой Российской Федерации: соглашение // Бизнес клуб. - 1993. - № 22. -  С. 3
  12. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы  2005 ж.
  13. О взаимодействии денежно-кредитной, налоговой и бюджетной политики / А.Зейнелгабдин // Вестник по налогам и инвестициям. - 1998. - № 5-6. -  С. 35-37
  14. О роли денежно-кредитной политики в предотвращении финансового кризиса в Казахстане/ Ж. А.Кулекеев // Саясат. - 1998. - № 12. -  С. 20-25
  15. Теңгеге тұрақтылық жарасады/ Қ.Ильясоа //  Егемен Қазақстан. – 16 қараша 2005ж.
  16. Роль денежно-кредитной политики в оздоровлении экономики/ Ж.Кулекеев // Банки Казахстана. - 1999. - № 2. -  С. 2-5
  17. Критические замечания по фундаментальным вопросам денежной политики/ С.Глазьев // Вопросы экономики. - 1999. - № 2. -  С. 40-52
  18. Денежно-кредитная политика/ Н.Литвинова // АльПари. - 1999. - № 3. -  С. 3-5

 

 


Информация о работе Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы