Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:51, курсовая работа

Описание работы

Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ, қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және Қазақстан Республиксының экономикасы дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать)

Кесте  1.

Қазақстанның  КСРО  экономикасындағы үлесі

 

Көрсеткіштер

1990 жыл

 

КСРО

Қазақстан

КСРО–дағы  Қазақстан  үлесі (%)

 

Жалпы  ұлттық  өнім, млрд. руб.

1000

46,4

4,6

 

Жалпы  қоғамдық  өнім, млрд. руб.

1631,6

76,7

4,7

 

Өндірілген  ұлттық табыс, млрд. руб.

700,6

33,4

4,8

 

Өнеркәсіп өнімі, млрд. руб.*

918,0

87,0

9,5


* 1982  жылдың  салыстырмалы  бағаларымен

 

    Ауыл  шаруашылығына  экстенсивтік  және  шығындық  сипат  тән  еді.  Біздегі  қажетті  селекциясыз  және  қымбат  тұратын  жемшөптегі  мал  шаруашылығы  тиімсіз  болды.  Түсімі  өте  төмен  ұлан – ғайыр  егіс  алқаптары  елдің  астыққа  деген  қажетін  жабуға  мүмкіндік  берді,  бірақ  экономикалық  тұрғыда  өзін  ақтамады [11].

    Қорытындысында  қазіргі  сәтте  жан  басына  шаққандағы  игерілген  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  көлемі  бойынша  Қазақстан  ТМД  елдерінің  арасында  көшбасшы  екендігі  сөзсіз.  Қазақстанға  бірінші  болып инвестициялық  деңгейдегі  несие  рейтингі  берілген (сурет 3).

   Инвестициялық  тартымдылықтың  осындай  жоғары  көрсеткіші  біз  шетелдіктерге  минералдық  ресурстарды,  соның  ішінде  мұнай – газ саласындағы  ресурстарды  игеруіне  жол  ашуымыз  арқылы  мүмкін  болды. Қаржы  қаражатының  жетімсіздігі,  негізгі  қорлардың  тозуы  жағдайында  Қазақстанның  өзі  орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

 

 

 

 

 

ТМД  елдерінде  жан  басына  келетін  шетелдік  инвестициялардың  

 нетто –  ағыны

 

Ескерту: ЕЦБ,АФН РК.

 

Сурет  3

 

Алғашқы  кезде  шетелдік инвестицияларды  тарту  туралы  сұрағының  қиындығының  себебі,  Батыстың  іскер  әлемі  Қазақстанды  сенімді  экономикалық  серіктес  ретінде  елестете  алмады.  Шеврон  корпорациясының  1993  жылы  келуінен  және  Тенгиз  кені  бойынша  келісім  шарт  жасау  басқа  трансұлттық  корпорацияларға  өзгеше  белгі  ретінде  болды.

 

Кесте 2    

Әлемде,  елдер  тобы  бойынша  және  Қазақстанда  тікелей  шетел  инвестициялары  ағыны  өзгерісінің  динамикасы, 1996 – 2004  жж.,  % - бен

 

Өңір/ Ел

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Бүкіл  әлем

100

116,4

144,1

181,1

327,5

418,3

246,4

204,5

168,6

Дамыған  елдер

100

106,9

130,3

229,7

402,7

538,7

277,8

238,2

178,2

Дамушы  елдер

100

136,5

170,7

173,4

207,3

225,6

196,4

140,9

153,8

Орталық  Азия

100

156,5

232,3

182,1

151,7

114,2

213,9

272,1

367,0

Қазақстан

100

170,1

214,1

125,3

188,2

282,6

463,1

417,3

476,5

Ресей

100

127,9

241,3

137,0

164,1

134,6

122,5

171,7

56,7


Ескерту: ЕЦБ,АФН РК

 

Қазіргі  кезде  Қазақстанда  әлемдегі  барлық  ірі  мұнай  компаниялары жұмыс   істейді.    Олардың     ішінде    «Эксон  Мобил»,   «Шелл», «Эни», «Шеврон  Тексако»,  «Тоталь»,  «Бритиш  петролеум»,  «Лукойл», Қытайдың  ұлттық  мұнай  корпорациясы.   Олардың  қазақстан  нарығында  болуы  елдің  жоғарғы  инвестициялық  тартымдылығын, сондай – ақ  қызығушылық  құқығын  және  қызығушылықты қорғау  облысындағы заңның  тұрақтылығын  дәлелдейді. 

     Соңғы  30  жылдың  ішінде  қоры  10  миллиард  баррелейге  бағаланып  отырған,  ірі  Қашаған  кен  көзінің  ашылуы  Қазақстан  мұнай  қорын  барлау  бойынша  әлемдегі  басты  алғашқы  орынды  алды [12].

 

1985 – 2003 ( 1985 - 100% ) Қазақстан  және  Ресейдің  әлемдегі  мұнай  табысының   динамикасы

 

Ескерту: Состояние финансово-денежной системы страны/О.Рогова // Экономист. – 1999.-№3.

 

Сурет 4

                                                     

    Шынындада,  Қазақстан  мұнайының  арқасында  экономика  жұйесін  трансформациялау  процесін  жылдамдатты.  Бірақ  алғашқы  даму  динамикасының  нәтижесін  тек  қана  энерготасушылардың  әлемдік  бағасының  өсуі  әсер  етіп  қойған  жоқ.  Бұл  экономикалық  қайта  құрудың  нәтижесі (сурет 4).

    Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  бюджеттінің  жартысын  мұнай  кірісінің  есебінен  құрылады [13].

    Тікелей  инвестиция  қара  және  түсті  металлургияның  күшін  көтерді.  « Самсунг »  және  « Қазақмыс »  корпорациясы  саланың  дамуына  1833,5  млн.  доллар  қаржы  бөлді.  Бұл  рефинирленген  қорғасын  шығарудың  деңгейін  2000  жылы  1990  жылға  қарағанда  9  пайызға  өсуіне  мүмкіндік  берді.  Қазіргі  уақытта  қорғасынды  өндіру  көлемі  өткен  жылға  қарағанда  жақсы  көрсеткіштерді  көрсетеді.  « Испат – Кармет »  өндірістің  дамуына  500  млн.  доллар  көлемінде  қаржы  бөлді.  Карметкомбинат  металмен  және  полимермен  жабылған  металл  жапырағын  шығару  арқылы  күшті  индустриялық  даму  кезеңінен  өтті.

    Ұлттық Банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық Банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында  болады. Қазақстан Республиксының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. 

    Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немес қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

    Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар меен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

    Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық Банктін ақша базасы сияқты, ақша агрегаты  және ақша мультипликациясын  бақылау арқылы жүреді [14].

     Ақша базасы – бұл Ұлттық Банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы  қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервті ақшалар жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық Банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі. Артық резервтер дегеніміз банктерді Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік  шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк  ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі  банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы  қаражаттарының  көлемін, яғни банктердің өнімділігін  реттеу арқылы реттейді.

    Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына  қатынасы  арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының  мөлшеріне әсер етеді.

    1993 жылдың қарашасында теңгенін айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз рреспубликамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы  қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

Ақша мен  экономиканың өзара байланысы өте  тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі  құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

    Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей  байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша нарығына  белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

1991 жылы Қазақстан  нарықтық қайта құруды жүзеге  асыра бастады. Алайда, сол кезде  жұмыс істеген бірыңғай ақша  жүйесі тұрақсыз болды. Жас  мемлекеттер бірінен соң бірі  өздерінің ұлттық валюталарын  немесе уақытша ақша белгілерін  енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды.  Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.

    1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған  Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютының   енгізілу мерзімі,  тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне  жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны  айырбастау коэффициенті  мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру  және басқа маңызды  мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.

    Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі  мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.

    Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең біріші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге  болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.

    1993 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республиксасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы» заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске  қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы  реттеудің қағидаттары  мен әдістері бекітілді.

    Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы  екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

    Ең әуелгі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды  қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.

   Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық Банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.

    Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса, 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді. 2001 жылы теңгенің  номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.

    Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі  оның құндылығымен анықталды. Ішкі құндылығы  инфляция деңгейімен, ал сыртқы  құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталды. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық валютаның  АҚШ долларына қатысты сыртқы құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін айырбасқа  жіберілуіне және экономиканың дамуына, ЖІӨ-нің өсуіне (1999-2004 жылдары – 167,4 пайызға өсуі) байланысты болды. Егер 1999 жылға дейін инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі  мерзімде монетарлық емес факторлар әсер етті [15].

Информация о работе Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы