Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:14, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.

Содержание

Кіріспе
І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік
1.1. Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары
1.2. Экономикалық өсудегі мультипликатор және акселятор эфффектісі
1.3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер теориясы
ІІ Қазақстан экономикасындағы даму динамикасын талдау
2.1. Қазақстанның ЖІӨ және оның құрылымын талдау
2.2. Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын талдау
2.3. Қазақстандағы экономиканы тұрақтандыру саясаты
ІІІ Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары
3.1. Экономикалық өсудің шетелдік тәжірибесі
3.2. Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Экономик осу факторлары.doc

— 338.50 Кб (Скачать)

      Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі  факторы негізінде жүргізіледі:

1.Меншік типтері  бойынша;

2. Экономиканы  ұйымдастыру типі бойынша;

Осындай әдістер  негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:

а) дәстүрлі экономика

б) әкімшілдік-әміршілдік эконмоика

в) еркін бәсекелестік нарықтық немесе аралас экономика 
 
 

      Дәстүрлі  экономика тұйық оқшау шаруашылыққа негізделеді ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды ақлай кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3. Макроэкономикалық  тепе-теңдіктер теориясы

ІІ  Қазақстан экономикасындағы даму динамикасын  талдау

2.1. Қазақстанның ЖІӨ  және оның құрылымын  талдау

      2012 жылы Жалпы ішкі өнім деңгейі  2008 жылғы деңгейге жетеді, ал 2008 жылғы  бұл көрсеткіш өткен кезеңдегі ең жоғарғы көрсеткіш болған..  
Республикалық бюджет жобасына қосымша талдамалық құжатта айтылғандай, «әлемдік экономиканың дамуы жөніндегі болжамдарға сүйенсек, Қазақстанның экономикасының жандану кезеңі 2012 жылға таман аяқталады». Сондай-ақ, жобада көрсетілгендей, "2011 - 2014 жылдарда Қазақстанда мұнай және табиғи газ өндіру салаларында белсенділік байқалып, мұнай өндіру көлемі өседі".

      2003-2010 жылдары кезеңінде олардың еліміздің  экономикасын дамытуға қосқан  үлесінің салыстырмалы деңгейі  мен динамикасы қандай? Осы кезең ішінде еліміздің номиналды ЖІӨ-нің ең үлкен үлесі Батыс өңірі мен Алматы қаласында өндірілді, ең аз үлесі – Шығыс өңірінде.

     2010 жылы еліміздің ЖІӨ-дегі өңірлердің  үлесі төмендегідей қалыптасты: Батыс өңірі – 29,6%; Алматы – 18,2%; Оңтүстік өңір – 15,7%; Солтүстік өңір – 13,7%; Орталық өңір – 8,5%; Астана – 8,3% және Шығыс өңірі – 5,9%. ЖІӨ өңірлік құрылымының өзгеруі 2003 жылдан бастап Батыс өңірі пайдасына, оның экономикасы өсуінің жоғары қарқыны есебінен болды. Номиналды көрсеткіштегі жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) орташа жылдық өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада, Алматыда, Батыс өңірінде, Оңтүстік және Орталық өңірлерінде байқалды. Біршама төмен – Солтүстік және Шығыс өңірлерінде. Дағдарыстың әсерінен 2009 жылы номиналды ЖӨӨ өсіміндегі айтарлықтай тежелу Солтүстік (2,8%) және Батыс (3,5%) өңірлерінде байқалды. 2011 жылы ЖІӨ-нің шынайы өсімі  
7 пайыз, ал 2012 жылы – 6,9, 2013 жылы – 6,5, 2014 жылы – 7,1, сондай-ақ 2015 жылы 7,4 пайыз болады. Орташа есеппен алғанда 2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ жылына 7 пайыз болмақ. Осы аралықта ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 4-5 пайызға, өнеркәсiп өндiрiсiнің өсу көрсеткiші 6 пайыздан 9,1 пайызға, өңдеу өнеркәсiбінің қарқыны тау-кен өндiрісі секторындағы өсімнен де жоғары болуы тиіс. Ал құрылыс саласындағы өсу 2011 жылы 2,5 пайыз, 2012 жылы 3,1 пайыз деңгейінде болмақ. Сауда көлемiнің өсімі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012-2015 жылдары орта есеппен алғанда 8-10 пайыз болады деп жорамалданып отыр. Бұл үшін барлық алғышарттар жасалған. Арнайы салалық бағдарламалар дамытылып, оларды іске асыру үшін инвестициялық қаражаттар тартылатын болады.

     2010 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі (есепті деректер бойынша) ағымдағы  бағаларда 21 815 517,0 млн. теңгені  құрады және 2009 жылмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 7,3% - ға өсті. ЖІӨ құрылымында қызметтер өндірісі 51,7% тауарлар - 45,1%, құрайды. 2001-2010ж.ж.  

 
 

ЖІӨ нақты  көлемінің индексі және дефляторы  

                                                                                           2000 жыл=100%  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Қазақстандағы жан  басына шаққандағы  ЖІӨ динамикасын  талдау

      Халықтың  жаң басына шаққандағы ЖӨӨ өңірлер  экономикасының даму деңгейін бағалау  үшін ең объективті көрсеткіш болып  табылады. Осы көрсеткіш бойынша  ең жақсы жағдай Батыс өңірінде, сондай-ақ, Алматыда және Астанада байқалады, ең нашар – Оңтүстік өңірде.

1-кесте.  ЖӨӨ халықтың жан басына шаққандағы  өзгеруі, мың тг.

  2003 ж.   2010 ж.
Солтүстік өңір 253   996
Батыс өңірі 596  2 824
Шығыс өңірі 229  909
Солтүстік өңір 160  657
Орталық өңір 334  1 367
Астана  қ. 597  2 668
Алматы  қ. 696  2 786
Ел  бойынша 309  1327
 

     Бұрын алып державаның шикізат қоймасына  айналған республика өз еркіндігі өзіне  тиген соң дамудың дұрыс жолына түсті. Еліміздің экономикасы мен  әлеуметтік саласының дамуы жөнінде Сенат Төрағасының орынбасары келтірген мысалдар тәуелсіздік ұғымының халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін  айқындай түседі. 20 жыл ішінде ішкі жалпы өнім 252 есе, өнеркәсіп өндірісі 4354 есе, жалпы өнім 1600 есе өсті. Қазақстан экономикасы әлемді уысына тыққан қаржы дағдарысынан бірінші болып шықты.

     Соңғы он жылдың ішінде Қазақстан  әлеуметтік  салада да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ішкі жалпы өнім 1994 жылы жан басына шаққанда 700 АҚШ долларынан келген еді, ал ол 2011 жылы 12 есе өсіп, қазір бұл көрсеткіш 9000 АҚШ долларын құрап отыр. Елімізде жүзеге асырылып жатқан  үдемелі өндірістік бағдарламалар,  инновациялық жобалар экономиканың қарыштап дамуына және Президент Нұрсұлтан Назарбаев мақсат етіп қойған  әлемдегі мойыны озық елу елдің қатарына кіруіміздің кепілі болмақ.

     2011-2015 жылдар аралығында еліміздің экономикалық өсімі орташа есеппен алғанда 7 пайызды құрап, жалпы ішкі өнімнің мөлшері адам басына шаққанда 15 мың АҚШ долларына жетуі тиіс. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Үкіметіне жүктеген міндеттерінің бірі болатын.

     Қазақстанда 2008 жылы жан басына шаққандағы Жалпы  ішкі өнім 7,8 мың долларды құрады. "2007 жылдың қорытындысы бойынша жан  басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың долларды, ал 2008 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 7,8 мың долларды құрады", Сонымен бірге, үкіметтің мәліметінше, 2007 жылы Қазақстан халқының нақты кірісі 24%-ға өсті. Үкіметтің есептеуінше, 2008 жылы орташа жалақы 55 мың теңгеге дейін, ал орташа зейнетақы 4,5 мың теңгеге өсті. Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап баланың бағым-күтіміне арналған жөргекпұл 1,5 - 2 есе өссе, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жыл сайын сауықтыру жәрдемақысы төленіп келеді.Жалпы алғанда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 41,3%-ға, мәдениет, спорт және туризмге бөлінетін қаржы 20,3%-ға өседі.

     Қазіргі таңда халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі негізінен артып  отыр. Сонымен қатар орташа айлық  жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың  теңгеге дейін артты.Ұлттық әл-ауқат  деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

     Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық  сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда. 1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын. 2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті. Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Қазақстандағы экономиканы  тұрақтандыру саясаты

      Ел экономикасының дамуы, қарапайым қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалының жақсарып, жас ұрпақтың  болашақ көшін бастауы – «Нұр Отан» ХДП-ның бүгінгі таңда басты назарға алып отырған жұмыстарының бірі. Әлемді кезген дағдарыс дауылының бірінші кезеңінен білікті мамандар мен сауатты бағдарламаларының арқасында үлкен абыроймен шыққан  Қазақстан мәртебесі әлем мемлекеттерінің алдында асқақ. Табыс көрсеткіші тұрақтанған, орташа кірісі бар Латвия, Бразилия, Малайзия, Түркия, Болгария сияқты елдермен Қазақстан бүгінде иық тірестіріп, қатар тұр.

     Ішкі  жалпы өнім көрсеткіші жағынан Қазақстан  қазір Орталық Азия елдерінің  көшбасшысына айналды. 2010 жылы елдегі ішкі жалпы өнімнің мөлшері 148 млрд долларға өсті. Тәуелсіздік жылдарында елге Орталық Азияны бетке алған шетелдік инвестицияның 80 пайызы тартылыпты. Тек 2007 жылдан басталып, 2011 жылдың алғашқы тоқсанына дейінгі аралықта ғана тікелей тартылған шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 80,5 млрд долларға артқан. Жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға тартылған инвестиция жағынан да Қазақстан көш бастап тұр.  
Халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейі де екі есеге кеміген. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 12,7 пайыздық көрсеткіште болса, 2010 жылы ол 6,5 пайызды көрсеткен. Бюджеттік сала қызметкерлерінің де орташа айлық табыс мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда, 2011 жылдың шілде айындағы көрсеткіш бойынша 67 мың теңгеге өскен.

     Дағдарысқа  дейінгі кезеңде дамуы бойынша  әлемнің Қытай, Үндістан секілді  азулы мемлекеттерінен қалыспаған Қазақстанның одан әрі өркендеуіне  дамуына жол ашатын іргелі міндеттер  белгіленген. Соның ең бастысы – экономикамызды әртараптандыру. Бүгінде Президенттің бастамасы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жұмыс істеуде. Бұл бізге не береді? Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, жаңашыл бағытқа арқа сүйей отырып, отандық нарықты сұранысқа ие өнімдермен толтыратын боламыз. Естеріңізде болса, Елбасы өткен жылғы Жолдауда: «Біз қазір консервіленген жеміс-жидектердің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53 пайызын сырттан әкеліп жүрміз» деген еді. Одан бөлек, бүгінде еліміздің тұтынушылары шетелдік мұнай өнімдерге қол жайып келеді. Ендігі жерде мемлекет осы олқылықтардың орнын толтыруды көздеп отыр.Индустрияландыру картасымен қатар, мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы экспортқа жіберуге жарайтын бәсекеге қабілетті сапалы өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Бүгін инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттің кәсіпорындарға беретін қолдауы күшейе түсуде. 
Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын даму институттары жемісті жұмыс істеуде. Жалпы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазақстанның Даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Қазына Капитал Менеджмент», «ҚазЭкспортГарант» СК» секілді бес даму институты бар. Олардың қолдауымен өткен жылы республикада 146 инвестициялық жоба қаржыландырылып, 96-сы пайдалануға берілді. Жаңа өндірістерде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 
Айтып өткендей, «Самұрық-Қазынаның» міндеттерінің бірі - шикізаттық емес сектордағы ішкі жалпы өнімді арттыру арқылы экономиканы әртараптандыру және жаңғыртуға жәрдемдесу болып табылады. Бұған дейін біз былайғы мемлекеттерге тек шикізат шығарушы ел болып танылғанымыз рас. Алайда, жаңашыл бағытқа батыл қадам баспасақ, ескі сүрлеу бізді алысқа апармайтынына көзіміз жетіп отыр. 
«Самұрық-Қазына» қоры мен оған енетін даму институттары несиелеу, кепілдік беру, капиталға қатысу, экспорттық несиелерді сақтандыру, инвестицияларды сақтандыру, лизинг секілді қолдау түрлерімен қатар ақпараттық және ұйымдастыру тәрізді қызметтерді де көрсетеді. 
Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі» орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік несие береді. Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландырумен қатар агроөнеркәсіп кешеніне 20 млн. АҚШ долларына дейін қаражат ұсынады. Экспорттық операцияларға да несиелей көмек көрсетеді. 
Айта кетелік, осы «Қазақстанның Даму банкінің» қолдауымен Павлодар жерінде тұңғыш алюминий өндірісі іске қосылды. Толық жобалық қуатын игерген электролиз зауытында жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий шығарылады. Жоғары сапалы өнімді әлемнің көптеген елдері сатып алуда. Даму банкінің сондай-ақ облысымызда болатты үздіксіз құю арқылы жылына 60 мың тоннаға дейін өнім өндіруді көздеген «Литмашкомплект» ЖШС-нің, жылына 38 мың километр кабель өткізгіш, 4 мың тонна электр оқшаулағышы жоқ сымдар шығаруды мақсат еткен «Қазэнергокабель» АҚ-ның жобаларын жүзеге асыруға қолдау танытқанын білеміз. 2010 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруы нәтижесінде 2776 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласында жаңа химиялық зауыттың тұсауы кесілді. Мұнда хлор және каустик ұнтағын бұрынғыдай сынап әдісімен емес, мембранды, яғни қауіпсіз тәсілмен шығарылады. Басшылардың айтуынша, оған біздегі тұзды көлдер пайдаланылады. Еліміздің іргелі өнеркәсіп орындары жаңа өнімге үлкен сұраныс танытуда. Ішкі нарықтан артылған өнімді көршілес Ресей еліне экспорттауға мүмкіндік бар. Жылына 30 мың тонна хлор және каустикалық ұнтақ шығаруға қабілетті өндірісті құруға Даму банкінің қосқан үлесі қомақты.

      
 

ІІІ Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары

3.1. Экономикалық өсудің  шетелдік тәжірибесі

     Әлем  елдерімен бәсекеге қабілеттіліктің  тағы бір басты көрсеткіші іскерлік, бизнес ортаның кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі. Бүгінгі таңда әр ұлт, әр мемлекет өз кәсіпкерлерінің, өз кәсіби ортасының іскерлігімен, кәсіпкерлік белсенділігімен басқа елдермен бәсеке сайысында. Бұл да жаһанданумен келген заманның талабы.

     Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 64 миллиард долларға жетеді (бұл-1,7 триллионнан астам теңге). Халықтың сатып алу қабілеті 138 миллиард доллар болып табылады. Қазақстан халқының  биылғы жылы 200 мың адамға көбейетінін де ұлттық саясатқа оң әсер ететін жағымды жаңалық деп қабылдаған жөн.

     Жақын көршілес елдерге қатысты мәліметтер де қызығушылық тудыратыны күмәнсіз. Мысалы, Өзбекстандағы экономикалық өсім шамамен -5,7 пайыз ЖІӨ -10 миллиард доллар. Республика халқының сатып алу қабілеті 55миллиард доллар болып отыр. Ал, жан басына шаққандағы жылдық табыс 400 доллардың төңірегінде. Бұдан өзбекстандықтардың табысты Қазақстан азаматтарына қарағанда 10 есе аз табатынын көреміз.

    Қытайлықтардың сатып алу қабілеті 9,48 триллион долларды құрайды. Бұл елдегі инфляция 2 пайыздан аспайды деп болжанып отыр. Құрлықтық Қытайдың халық саны 1,32 миллиард адамға жетеді. Ал, әр қытайлықтың жылдық табысы-1700 доллар.

    Халықаралық беделді сарапшылардың талдауына сүйенсек, Қытайдың  аймақтағы дәстүрлі бәсекелесі-Үндістанның көрсеткіштері әжептәуір төмендеу болатыны байқалады. Бұл елдегі ЖІӨ -857 миллиард доллор болса, халқының сатып алу қабілеті 4 триллион доллар көлемінде. Жан басына шаққандағы жылдық табысы бар-жоғы-700 доллар. Дегенмен, сарапшылар ел үкіметінің экономикалық саясатына жоғары баға беріп отыр.

     Ал, Пәкістанның перспективасы қуантарлықтай  емес. Экономикалық өсімі 6,5 пайызды  құрағанмен, ел өткен жылдың күзінде  болған сұрапыл зілзаланың салдарынан әлі де айыға алмауда. 160 миллион пәкістандықтың  бір жылда табатын табысы 730 доллардан аспайды.

    Халықаралық беделді сарапшылар деңгейі жоғары Америкадан кейінгі екінші орында тұрған Жапонияның биылғы экономикалық өсімі 1,3 пайызды құрайтынын хабарлайды. Елдегі инфляция іс жүзінде- нөлдік деңгейде. Есесіне жан басына шаққандағы жылдық табыс 39 мың долларға жуық. 

Информация о работе Экономикалық өсу