Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:14, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.

Содержание

Кіріспе
І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік
1.1. Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары
1.2. Экономикалық өсудегі мультипликатор және акселятор эфффектісі
1.3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер теориясы
ІІ Қазақстан экономикасындағы даму динамикасын талдау
2.1. Қазақстанның ЖІӨ және оның құрылымын талдау
2.2. Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын талдау
2.3. Қазақстандағы экономиканы тұрақтандыру саясаты
ІІІ Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары
3.1. Экономикалық өсудің шетелдік тәжірибесі
3.2. Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Экономик осу факторлары.doc

— 338.50 Кб (Скачать)

                                    Жоспар 

Кіріспе

І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік

1.1. Экономикалық  өсу оның типтері мен факторлары

1.2. Экономикалық  өсудегі мультипликатор және  акселятор эфффектісі

1.3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер теориясы

ІІ Қазақстан  экономикасындағы даму динамикасын талдау

2.1. Қазақстанның  ЖІӨ және оның құрылымын талдау

2.2. Қазақстандағы  жан басына шаққандағы ЖІӨ  динамикасын талдау

2.3. Қазақстандағы экономиканы тұрақтандыру саясаты

ІІІ Қазақстанда  экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары

3.1. Экономикалық  өсудің шетелдік тәжірибесі

3.2. Қазақстандағы  экономикалық өсуді қамтамасыз  ету шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

           Экономикалық өсу  параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.

      Осы экономикалық өсу процесі дүниежүзінде басты мәселенің бірі болып табылады. Экономикалық өсу процесі арқылы елдегі өнеркәсіптің, ғылыми техникалық прогрестің, ауыл шаруашылықтың және білім сапасының өсуі арқылы мамандардың қызметінің өсуіне алып келеді.

      Курстық жұмысты жазудағы мақсат экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарттарын, Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық-инновациялық стратегиясын, Қазақстан Республикасының экономикалық өсу бағытын талдау.

Осы мақсатқа сай жұмысты жазуда жазуда төмендегідей міндеттер қойылған:

  • Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері;
  • Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері;
  • Экономикалық өсу циклділік – экономикалық даму формасы ретінде;
  • Экономикалық даму процесіндегі кедергілер;
  • Дамыған нарықтың экономикаға негізделген экономикалық өсуі;
  • Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің бүгінгі ахуалы;
  • Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық байланыстың және сыртқы сауданың дамуы;
  • Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жолдауындағы негізгі экономикалық бағыт;
  • Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі;
 

І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік

1.1. Экономикалық өсу  оның типтері мен  факторлары

      Экономикалық  өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық шаруашылықтың даму және мемлекеттік  экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылық және саясат саласының жоғарғы органдарының (Қазақстан Республикасының үкіметі, жоғарғы Совет, Президент) қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық және сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды. Мәселен, дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының екі есе қымбаттауы ғылыми-техникалық прогресс приоритетінің өзгеруіне, өнеркәсіп өндірісінің экономикалық динамикасына әсер етті.

      Экономикалық  өсу деп нақты бір мерзім ішінде өндірілген тауар немесе көрсетілген қызмет түрінің көлемінің артуын айтамыз. Кей жағдайда (мәселен, қазіргі Қазақстан республикасында) арту деген керісінше болуы да мүмкін демек ол өндірістің төмендеуі деген сөз экономикалық өсу бұрынғы (алдыңғы) мерзіммен салыстырмалы түрде алынған процент немесе абсолютті өлшеммен де өлшенеді. Экономикалық өсудің түпкі мақсаты тұтыну, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Оның өлшемдері жоғарыда келтірілді. Біздің елде ұзақ мерзім бойы ресурстың көптеген бөлігі армияға жұмсалды.

      Дүние жүзілік экономика тарихы экономикалық өсудің екі типін біледі. Экстенсивті — өндіріс факторларын сан жағынан ұлғайту арқылы қол жетеді. Интенсивті экономикалық өсуге факторларды сапалық өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері пайдаланылады. Интенсификация нәтижесінде тек өнім көлемі артып қана қоймай, сонымен қатар оның сапасы жақсарады.[5,69-75]

      Нақты өмірде де экстенсивті, не интенсивті даму түрі таза түрде болмай, әртүрлі  көлемде ұштасады. Әрқашанда не интенсивті немесе экстенсивті дамудың бір  түрі екіншісінен басымдау болуы  мүмкін. Оны анықтау өндіріс өсімінің үлесіне тікелей байланысты болады. Мәселен, алынған өсім сапасын арттыру есебінен бе, әлде сандық фактор әсерінен бе, міне, осыны анықтаса болғаны. Мысалы, 70-80 жылдарда СССР-да ұлттық табыс өсімінің 20-30% интенсивті фактор есебінен алынды. Мұндай көрсеткіш өнеркәсібі дамыған елдер де 50% асады.

      Экономикалық  өсудің негізгі факторларына еңбек, жер және капитал жатады. Осылардың  әрқайсысы өз алдына «екінші кезектегі» факторлардың жиынтығы болып табылады. Мәселен, капитал — бұл өндіріс  үйі, жабдықтар, шикізат, отын және т.б. Олар әртүрлі дәрежеде өндірілген жалпы ұлттық өнімге әсерін тигізеді. Капиталға сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрессті жатқызуға болады, өйткені оның жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен мөлшеріне әсер етуінен бұл өлшемдер тұрақты өсіп отырады. Сонымен қатар экономикалық өсудің сыртқы факторына қоғамдағы сұраным жиынтығын жатқызуға болады. Өйткені, бұның әсерінен экономикалық өсудің саны мен сапасы және құрылымы әрқашан оңға өзгеріп отырады. Мұнда есте болатын бір жай, сұраным жиынтығынан басқа ректордың бәрінде ұсыным факторына жатқызуға болады.

      Ресурстардың  әрқайсысы басқа ресурстарға  байланысты және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне орай тұрақты  өзгеріп отырады. Бұл ресурстар  экономикалық өсуге әсер еткенде  әртүрлі функцияны орындайды. Ол құн мен натуралды формадағы әртүрлі көрсеткіштермен өлшенеді.

      Бұл аталған ресурстарды сонымен  қатар экономикалық өсуге тікелей  әсер ете алатын ресурстар деп  атауға болады. Жанама жолмен әсер ететін көптеген ресурстар бар. Мәселен, өнімнің немесе қызмет көрсетудің сұранымы көбіне еңбек ақының мөлшері мен динамикасына байланысты болады. Оның нақты мөлшері жұмысшылар мен кәсіпкерлердің  коллективтік шарт жасау кезінде ережемен анықталады. Сонымен қатар бұл мемлекеттің фискалдық саясатын халықтың қорлануға икемді болуы, тұтыну бюджетінің құрылымына байланысты келеді. Біздің елімде әкімшілік –бұйрық ету кезінде мемлекет бұл жағдайлармен санасқан жоқ. Мұның өзі жоспарлау мен жобалау процес бұрмалады. Басқа мысал келтірейік. Капиталды және бүкіл өндірісті жоғары дәрежеде пайдалану кәсіпкерлік қызметтің деңгейіне байланысты. Ал мұның өзі менеджердің біліміне, талантына, батылдығына және басқа да функциялардың сапасына байланысты болатыны белгілі.

      Жоғарыда  келтірілгеннің бәрі де экономикалық өсудің көп факторлы моделін сипаттайды.     

     Қосымшада еңбек өнімділігінің өсімі құрамындағы компоненттердің арифметикалық соммасы  78%, бұл 68%-тен артық. Сондықтан да заңдылық институционалдық факторлар «минус» белгісімен көрсетілген. Мәселен, Америка Құрама Штаты 70-80 жж. табиғатты қорғаудың жаңа заңдылығына сәйкес технологиялық процестерді өзгерту және тазарту құрылысын салу жөнінде шараларды жүзеге асырады. Мұның өзі жалпы ұлттық өнім көлемін ұлғайтуға емес, капиталға және ғылыми техникалық прогреске жұмсалатын шығындардың бір бөлігін табиғатты қорғауға мәжбүр етті.[7,54-69]

     Совет Одағында соғыстан кейінгі үш бесжылдықтың жоспары орындалмағанның салдарынан экономикалық өсу қарқыны тежелді. Өсім қарқыны төмендеумен қатар қоғамдық өндіріс тиімділігінің деңгейі де кемиді.

     С.Кон  мен Г.Шредер есебі бойынша бүкіл  совет экономикасы тиімділігінің  салыстырмалы және абсолютті төмендеуі, әсіресе өнеркәсіпте күрделі  қорларды пайдалану тиімділігінің  кемуінен және еңбек өнімділігі өміснің  қарқынының тежеуінен болатынын  көрсетті. Мәселен, олардың жүргізген есебі бойынша 1973 жылдардағы тиімділік өсімінің орташа қарқыны 1,5% болса, ол мына көрсеткіштердің қосындысынан тұрады: 3,7% еңбек өнімділігінің артуы және қор қайтарымының жыл ішіндегі орташа қарқыны 3,2% кемуінен құралса, ал 1973-1978жж. осыған сәйкес көрсеткіштер 0,3 және 2,3 және 4,5%.

     Экономикалық  өсудің екі факторлы моделі жоғарыда экономикалық өсудің көпфакторлы моделі қарастырылды. Сонымен қатар нақты  практикада екіфакторлы: еңбек және капитал моделі де кездеседі. Енді сол  екіфакторлы модельдің сценариесін қарастыралық. Бірінші жағдайда ғылыми-техникалық прогресс еске алынбайды да, ал екінші жағдайда ол еске алынады. Бірінші жағдайда капиталдың қорлануы (ғылыми-техникалық прогресс болмағанда) шығын өзгермегенде түпкі шегіне жеткен өнім азаяды, былайша айтқанда түпкі өнімділік кемиді.

     Енді  ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін  нақты жағдайда пайдаланғанда қандай болмақ, соны қарастыралық. Бұл вариантта  еңбек пен капитал неғұрлым өнімді болады. Көп табыс бұрынғыдай еңбек  және капитал шығыны мен-ақ алынуы да мүмкін. Инвестиция капитал қайтарымын көбейтеді.

     Өндіріс экономикасына инвестиция әртүрлі  әсер етеді. Оның бірі капитал шығынын  көбейтіп, еңбек шығынын үнемдеуді  қамтамасыз етсе, енді біреулері –  капитал бөлуді салыстырмалы түрде қысқартады. Егер мұның біріншісі – еңбексақтағыш деп аталса, ал екінші капиталсақтағыш деп аталынады. Мұның салдарынан еңбекақы пайдамен салыстырғанда едәуір артады. Өнеркәсіп революциясынан бастап инвестиция еңбек шығынын салыстырмалы түрде көбінесе үнемдеуге бағытталған. Мұндай тенденция өндіріс тиімділігін арттырумен қатар еңбек жағдайымен байланысты көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.[8,35-40]  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Экономикалық өсудегі  мультипликатор және  акселятор эфффектісі

     Экономикалық  өсу теориясының қазіргі заманғы  зерттеу қорытындысының нәтижсіне  сүйеніп инвестиция функциясының көптеген варианттарын жобалап айтуға болады. Солардың ішінен ғылыми-техникалық прогресс болмаған жағдайдағы инвестиция, ғылыми-техникалық прогресс жетістігін пайдаланғанда тірі және өлі еңбекті бұрынғыға қарағанда екеуінде ұнемдеу жағдайындағы инвестиция және басқа да варианттары болуы ықтимал.  

     Негізінен алғанда  қазіргі кезде экономикалық өсудің үш түрлі моделі бар: кейнстік, неоклассикалық және тарихи-социологиялық. Енді осы аталған модельдерге жеке-жеке тоқталарлық.

     Кейнстік модель. Олар басқа ғылымдар сияқты, макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраным ролі ең негізгі орында болатынын мойындайды. Сұранымның шешуші элементтері — мультипликатор көмегі арқылы пайданы көбейте алатын инвестиция. Ал олардың өздері пайданың көбеюі нәтижесінде ғана болады. Өйткені, күрделі қаржы пайданы көбейту функциясын орындайды. Бірақта кейнсиандықтар өндіріс факторларының тиімділігін арттыру және олардың алмастыруға болатын позицияны ұстайтын неоклассиктерді жақтамайды.

     Домар моделі. Домар моделінің алғашқы кейнстік модельден айырмашылығы, мұнда инвестиция тек табыс құрайтын фактор ғана емес, сонымен қатар ол жаңа қуат көзін табатын фактор да болып табылады. Сұраным және ұсыным балансының динамикасы Домар моделі бойынша жаңа қуат пен жаңа табыс құрайтын күрделі қаржы жұмсау динамикасымен анықталады. Демек, бұдан туындайтын негізгі міндет — инвестицияның динамикасы мен көлемін анықтау қажет болады. Домар бұл жүйені шешу үшін үш теңдікті ұсынды: ұсыным теңдігі, сұраным теңдігі және сұраным мен ұсыным теңдігінің қосындысы.

     Ұсыным  теңдігі: dx=I; мұндағы х-өндіріс өсімі; 1 – күрделі қаржы көлемі; 1:Х  — күрделі қаржының орташа өнімділігі, 1:Х — өлшем бірлігі күрделі қаржы бірлігіне келетін алынған өнім өсімі. Осы теңдікте ғылыми-техникалық прогресс, жұмысқа қамту, табиғи ресурстар еске алынады.

     Сұраным теңдігі: М=d i/1, мұнда α — сақтау қорын жинауға орташа бейімделуі, мұның кері көрсеткіші мультипликатор өсімін анықтайды.[9,55-58].

           С.Кон мен Г.Шредер есебі бойынша бүкіл совет  экономикасы тиімділігінің салыстырмалы және абсолютті төмендеуі, әсіресе  өнеркәсіпте күрделі қорларды пайдалану  тиімділігінің кемуінен және еңбек  өнімділігі өміснің қарқынының тежеуінен болатынын көрсетті. Мәселен, олардың жүргізген есебі бойынша 1973 жылдардағы тиімділік өсімінің орташа қарқыны 1,5% болса, ол мына көрсеткіштердің қосындысынан тұрады: 3,7% еңбек өнімділігінің артуы және қор қайтарымының жыл ішіндегі орташа қарқыны 3,2% кемуінен құралса, ал 1973-1978жж. осыған сәйкес көрсеткіштер 0,3 және 2,3 және 4,5%.

Информация о работе Экономикалық өсу