Еңбекақы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Содержание

Мазмұны

Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

еңбек ақы курсавой.doc

— 246.00 Кб (Скачать)

   5.Еңбекке уақытша  жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы): 

  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
  • тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар  мен үстемелер;
  • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
  • біржолғы көтермелеу төлемдері;
  • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
  • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
  • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2007-2008 жылдардың ҚР-ның  еңбек ақының жалпы  қоры 

    2007 жылғы қаңтар-тамызда филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдарын, қоғамдық, банктік, сақтандыру ұйымдарын қосқанда орта және ірі кәсіпорындардағы қызметкерлер еңбек ақысының жалпы қоры 110,6 млрд. теңгені құрады (2007 жылдың қаңтар-тамызына қатысты алғанда 119,9%).

    Өнеркәсіптің үлесіне еңбек ақы қорының 35,2%-ы, білім беруге – 14,1%-ы, мемлекеттік басқаруға – 10,8%-ы, көлік пен байланысқа – 9,7%-ы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде – 8,1%-ы тиеді. Осы салалардағы жалақы қоры тиісінше көлік және байланыста (26,3%-ға), өнеркәсіпте (25,4%-ға), білім беруде (11,1%-ға), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерде (10,0%-ға), мемлекеттік басқаруда (5,3%-ға) өсті.

    Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 2008 жылғы қаңтар-тамызда 47357 теңгені құрады және 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсті. Орташа айлық еңбек ақының өсуі құрылыста – 30,9%-ға, өнеркәсіпте – 26,2%-ға, ауыл шаруашылығында, аңшылық және орман шаруашылығында – 23,5%-ға, сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде – 23,1%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалгерлік  және қызмет көрсетуде – 22,5%-ға, қонақ үйлер мен мейрамханаларда – 19,4%-ға, балық аулау және балық өсіруде – 18,4%-ға облыс бойынша орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасты. Нақты көріністегі орташа айлық атаулы еңбек ақы 0,1%-ға кеміді.

    2008 жылғы тамызда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 50608 теңгені құрады және 2007 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 17,1%-ға артып, нақты көріністе 1,7%-ға төмендеді. Атаулы еңбек ақының деңгейі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен (12800) 4,0 есеге, еңбек ақының ең төменгі шамасынан (12025 теңге) 4,2 есеге асып түсті.

    2008 жылғы қаңтар-тамызда жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан жоғары ірі және орта кәсіпорындар бойынша еңбек ақы қоры 99,4 млрд. теңгені құрап, 2007 жылдың қаңтар-тамызындағы деңгейден 22,0%-ға асып түсті. Өнеркәсіптің үлесіне – 39,0%-дан, білім беруге – 11,6%-дан, көлік және байланысқа – 10,6%-дан, мемлекеттік басқаруға – 8,8%-дан келді. Ірі және орта кәсіпорындардың жұмыскерлерінің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 49063 теңгені құрады және 2007 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 18,4%-ға, нақты көріністе – 0,5%-ға артты. Нақты еңбек ақы индексі тамыз айында  2008 жылғы шілдеге қатысты алғанда 1,9%-ға, 2007 жылдың тамызына  қатысты алғанда 1,8%-ға азайды.

    Еңбек ақыдағы айырмашылықтар облыстың қалаларына да, аудандарына да тән. 2008 жылғы қаңтар-тамыздағы  ең жоғары атаулы еңбек ақы Риддер қаласында (60100 теңге), ең төмен еңбек ақы – Тарбағатай ауданында (28902 теңге) тіркелді. Облыс бойынша орташа алғандағы шамадан жоғары еңбек ақы облыстың 3 өңірінде, төмен еңбек ақы мөлшері – 16 өңірде қалыптасты. 

    2007 жылдың қаңтар-тамызына қатысты алғанда Риддер қаласында (30,2%), Глубокое (25,9%), Ұлан (23,8%), Бородулиха (23,4%), Зырян (22,9%), Шемонаиха (19,6%) аудандарында атаулы еңбек ақының айтарлықтай жоғары өсімі байқалды.

    Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 2007 жылдың тамызына қатысты алғанда 2008 жылғы тамызда орташа айлық атаулы еңбек ақының тұрақты өсуі байқалады.

    2008 жылғы қаңтар-тамызда Республика бойынша орташа айлық атаулы еңбек ақы 59,1 мың теңге көлемінде қалыптасты. Республика бойынша орташа алғанда атаулы еңбек ақының өсу қарқыны 117,8%-ды, нақты жалақы индексі – 98,7%-ды құрады. Шығыс Қазақстан облысында тиісінше 117,8-ды және 99,9%-ды құрады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                 2007-2008 жылдары Қызылорда облысындағы еңбек ақы 

    2008 жылғы қазанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 53553                теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға өскен, нақты көрінісінде -  0,3 пайызға, қаңтар-қазанында –  53010 теңге,  атаулы көрінісінде 15,5 пайызға өсті, ал нақтыда – 1,3 пайызға төмендеді. 
 

    

    

      
 
 
 
 
 
 
 

      
 
 
 

    Жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының көбеюі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. 2008 жылдың қазанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қызметкерлердің еңбек ақысы өнеркәсіп саласында 25,6 пайызға, саудада – 23,8 пайызға, құрылыста – 22,7 пайызға, жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласында – 22,4 пайызға, көлік және байланыста – 16,5 пайызға өсті.

    2008 жылдың қазанында қаржы саласындағы қызметкерлердің орташа еңбек ақысы 87,7 мың теңгені құрды, бұл облыс бойынша орташа еңбек ақыдан 1,6 есеге жоғары, көлік және байланыста – 74,5 мың. теңге (39,2 пайызға), жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласында – 69,2 мың теңге (29,3 пайызға), құрылыста – 64,0 мың теңге (19,6 пайызға). Ең төменгі еңбек ақы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде – 22994 теңге болып қалыптасты (бұл облыс бойынша орташа еңбек ақыдан 57,1 пайызға төмен), коммуналдық, өлеуметтік және дербес қызмет көрсетуде – 31778 теңге (40,7 пайызға), білім беруде – 32689 теңге (38,9 пайызға), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында – 36913 теңге (31,1 пайызға),.

    Өнеркәсіптегі еңбек ақы 2008 жылдың қаңтар-қазанында 100131 теңгені құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,6 пайызға өсті. Өнеркәсіп салалары ішінде ең жоғары еңбек ақы алатын өңдеу саласынын қызметкерлері, мұндағы еңбек ақы 168,5 мың теңгені құрады. 
 
 

                         Еңбек ақылардан ұстап қалулар мен төлемдер 

   Еңбек ақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері еңбек ақының 50% - нен аса алмайды.

   Қызметкердің еңбек ақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:

  • Табыс салығын;
  • Орындаушы қағаздар бойынша;
  • Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
  • Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
  • Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы;
  • Еңбек ақы есебінен берілген авансты өтеу;
  • Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені  өтеу есебінен;
  • Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
  • Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
  • Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
  • Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
  • Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.

   Табыс салығын  ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 саныны салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы болып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, ол алған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.

   Халықтың соттың шешіміне, нотариалыд органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туралы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі  еңбек ақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп тұскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшаден табыс салығы ұсталғаннан кейін  қалған сомадан ұсталады. Кәмілетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін еңбек ақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – еңбек ақының 33% - ті, үш және одан да көп балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға төленуге  немесе  өтем алушының шотына аударылуы керек.  Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға  барлық ұсталған алиметтер туралы белгі қйып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын жерін көрсетеді.

   Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жұргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:

   1 - әдіс. Субъект банктен (немес өз құжаттары есебінен)  қарыз алады және саудаласушы кәсіпорынмен талықтай есеп айырысады да, тауарды өз қызметкеріне сатып әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің еңбек ақысынан ай сайын белгілі бір сома ұстап отырады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық  субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.

   2 - әдіс. Сауда жасаушы ұйымның жазбаша тапсырма – міндеттемесінің негізінде (таураларды қызметкерлер сатып алғанда) қызметкердің еңбек ақысынан ай сайын беліглі бір сома ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.

   Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық – қарлық) өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.

   Кәсіподық жарналарын ұстап қалу айға есептелген еңбек ақының барлық сомасын 1% мөлшерінде жүргізіледі.

   Берілген жоспарлы және жоспардан  тыс аванстар сақтандыру қағаздарының  немес сақтандыру агенттерінің  куәлігі (ұйғарымы) негізінде ұсталады.

   Қызметкерлермен есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі. Депоненттелген еңбек ақының есебі:

   Есеп айырысу және есеп  айырысу  - төлем ведомостері еңбек ақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл еңбек ақы бойынша әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деркетер.

   Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:

  1. Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда еңбек ақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және еңбек ақыны төлеу жүргізіледі.
  2. Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша,   мұнда еңбек ақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Еңбек ақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
  3. Т – 2 нысанындағы «Еңбек ақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Еңбек ақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
  4. Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем еңбек ақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Еңбекақы есебі