Еңбекақы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Содержание

Мазмұны

Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

еңбек ақы курсавой.doc

— 246.00 Кб (Скачать)

1.Шығарылым  нормасын қолданған  кезде  (Н шығ.) Б=Т/Н шығ. , мұндағы Т  – тиісті разрядтың тарифтік  ставкасы (Бірегей тарифтік кесте  айлық балансына бөлу жолымен анықтайды).

2.Уақыт  нормасын қоладнған  кезде  (Н уақ.) Б=Т*Н уақ. 

   Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің  барлық санатына қолданылады. Еңбек ақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының еңбек ақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады. 
 

01 Еңбек ақы = нақты жұмыспен*сағаттық тариф 

сомасы  өтелген сағаты саны ставкасы

   мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы  сағаттыұ тариф ставкасы 76 теңг болған кезде 182 сағат жұмыс істеген. Еңбек ақы сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге.

   Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есептеледі:

  • егер жұмыскер сол айдығы жұмыс күндерінде толыұтай жұмыс істесе, онда еңбек ақының мөлшері қызметақы мөлшеріне сәйкес келеді:
  • егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай  жұмыс істемесе, онда жалақы нықты жұмыспен өтелген уақытқа қарай есептеп шығарылады.

Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері  айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде  жұмыс істеген.

   Айдың орташа күндік еңбек  ақысы: 11300/26 =434,62 теңге. Менеджердің жалақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің  түпкілікті нәтижесі мен оның еңбек ақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді. Шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша еңбек ақы қорына (К-т 681) немесе тұтыну қорына (562-шот) жүргізіледі:

   1.Өндірістік тапсымаларды орындау  және асыра орындау;

   2.Еңбек өнімділігінің өсуі, бұымның  еңбекті қежет етуін төмендету,  шығарылымының  жаңа нормасын, қызмет көрсету  мерзімін игеру  басқалар.

   Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың  маңыздылығы мен күрделілігіне  қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың толтарына сараланып белгіленеді.

   Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде  жабдықтың тұрып қалуын қысқарту  үшін кезекші слесарьларға тарифтік  ставкасының 20% - ті мөлшерінде  сыйақыберу көзделеді. 

   Техника ық себептерге байланысты  жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5%  құрайды.  Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде тұрып қалуы - 3%.

   1.Мерзімдік еңбек ақы: 180*100=18000 теңгеге тең.

   2.Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің  әрбір   % - ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%.

   3.Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% - 3% = 2%,

   4.Сыйақының % - тік мөлшері 4%*2%=8%,

   5.Сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге,

   6.ай ішіндегі еңбек ақы 18000+1440 = 19440 теңге.

   Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға  сыйақы беруге бір жұмыс орны, бригада учаскесі боынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір % жасалуы мүмкін.

   Мысалы. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы  180 сағат жұмыс істеп есепті  айда 1200 теңге сомасының материалдарын  үнемдеген. Сыйақы беру туралы  ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерніде есептелінеді. Тарифтік сатвка 100 (сағатпен):

  1. Мерзімдік еңбек ақының сомасы 180*100 = 18000 теңге.

2.Материалдарды  үнемдегені үшін сыйақы 1200*35% = 42000 теңге.

3. Айдағы  еңбек ақы сомасы 18000+42000=60000 теңге.

   Сыйақы цехтардың  және бүкіл  кәсіпорынның  жалпы ұжымдық жұмыс  көрсеткіштер үшін  есептелуі  мүмкін (өндірістік тапсырмаларды,  жеткізу шарты,  өткізу көлемін  орындау және асыра орындау). Сыйақы  көлемі жалпы кәсіпорын бойынша  белгіленеді.

   Мысалы. Цехтың қол жеткізген  жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа  сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерніде  сыйақы алады. Слесарь 160 сағат  жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.

   1.Тарифтік еңбек ақы: 160*100 = 16000 теңге.

   2.Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.

   3.Еңбек ақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.

   Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының  жалпы көресткіштері үшін сыйақы  алады. 

Жеке  өсімдік еңбек ақы 

  Табыс әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолдарымен анықталады.

  Мысалы. Кесімді ақы алатын жұмысшыға  белгілі 250,56 теңге бағаланатын  30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Еңбек ақысы 30*205,56=7516,8 жеңге. 
 

Бригадалық  кесімді еңбек ақы 

   Жұмысшыларды еңбек ақысы бригадалардың, учаскенің  жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар жеке (әрбір кесіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.

   Жеке бағалауды қолданған кезде еңбек ақы жұмыстың осы түрінің бағалауын бригада, цех, учаске жасаған (өңдеген) бұйым (жұмыс) санына көбейту жолымен анықталады.

   Кешенді бағалауды қолданған  кезде бригаданың кесімді табысы анқталады. Ол бригада мүшелерінің арасында еңбек ақы тарифіне пара – пар бөлінеде (жұмысшы разрадының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Еңбек ақы КТУ ескерілген тариф бойынша (КТУ еңбек ақысы) есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді еңбек ақысы  КТУ ескерілген тариф бойынша бригада еңбек ақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық  еңбек ақысы тариф бойынша еңбек ақыны бөлу коэффициентіне қайта  көбейту арқылы анықталады.  

   Мысалы. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты  3 адам бар кесімді ақы алушы  жұмысшылар бригадасы әрқайсысы  8-40,40 теңгеден бағаланған екі  машинаны жинады. Ахметов 80 сағат  жұмыс істеген (6-разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Петтов – 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд).

   1.Бригаданың  еңбек ақысы 8040,40*2машина = 16080,80 теңге.

   2.Тариф бойынша еңбек ақы:

     Ахметов 80*100=8000 теңге

     Ким 60*80=4800 теңге

     Петров 70*56= 3920 теңге.

   3.Нақты еңбек ақыны бөлу коэффиценті

     16080,8 /(8000+4800+3920) =096

   4. Айлық еңбек ақы:

      Ахметов 8000*0,96=7680 теңге

     Ким 4800*0,96=4608 теңге

     Петров  3920*0,96=3000 теңге

   Жиыны:16080,80 теңге.

   Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың еңбек ақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болыды. Бұл орайда жанама – кесімді бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік еңбек ақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымның санына қатынасы ретінде анықталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               
 

                Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу 

   ҚР еңбек заңдарына сәйкес  жұмысшылар мен қызметкерлердің  мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары  төленеді:

   1. Мемлекеттік және қоғамдық  міндеттемелерді орындау уақыты;

   2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;

   3. Нәрестені тамақтандыруға араналған қосымша үзілістерді төлеу;

   4. Кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу;

   5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

   6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жердемақысы.

   Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа еңбек ақы бойынша төленеді. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 5.09.97 ж. №3 және ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен бекітілген Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа еңбек ақыны есептеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа   сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа еңбек ақы есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есепткі кезең болып табылады (1 жылдан кем  уақыт жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді).

   Орташа еңбек ақыны анықтау үшін:

      1.Күндік орташа еңбек ақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда);

      2.Орташа сағаттық еңбек ақы пайдаланылады;

   Күндік орташа еңбек ақы, еңбеккке ақы төлеу мен демаыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген еңбек ақы сомасын жұмыс күндерінң сомасына бөлу жолымен анықталады.

   Нақты жұмысшының орташа еңбек  ақысының мөлшері күндік орташа  еңбек ақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады.

   Күндік орташа еңбек ақы есепеті кезеңде есептелген еңбек ақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа еңбек ақысынң мөлшері орташа сағаттық еңбек ақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:

   1.Қызметкердің орташа еңбек ақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес);

   2.Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы аласа (жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық) және басқадай болса орташа еңбек ақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ  төленген сомалар аланып тасталынады.

   Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар  мен басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша ораташа еңбек ақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі. 
 
 

   1.Мемелекеттік және  қоғамдық міндеттемелерді  орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.

   2.Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан апауы керек (16-дан 18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.       

  3.Нәрестені тамақтандыдуға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемсі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге берген наықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа еңбек ақы бойынша төленеді.

   4.Демалыс уақытын  төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жылында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен ұзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа еңбек ақысы демалысқа кетер алдындағы  12 күнтізбелік айдың еңбек ақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

   Егер бір жылдан кем жұмыс  істесе, онда демалысқа кетер  алдындағы күнтізбелік айлардың еңбек ақысына орай анықталады. Күндікорташа еңбек ақы есепті кезеңдегі еңбек ақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).

Информация о работе Еңбекақы есебі