Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 19:08, статья
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары. Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді. Республиканың бюджетінің құрылымы.
Бюджет
тапшылығы, оның сыныптамасы.
Бюджет тапшылығының
тұжырымдамалары
Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды.
Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама - профициті болып табылады.
Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс. Профициттің сомасы мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе республикалық және жергілікті бюджеттердегі қаражаттардың бос қалдықтарын құрауы мүмкін.
Уақытша бос бюджеттік ақша - белгілі бір уақыт кезең ішінде пайдаланылмаған, бірыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орған Ұлттық банктегі депозиттерге орналастыра алады. Уақытша бос бюджеттік ақшаны депозитке орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Тапшылықтың едэуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе кағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама женіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нактылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
Ақша
эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын
жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың
негізгі нысандары мыналар
Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай әдістері болады:
Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.
Бюджет тапшылығын
Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қорық басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Мемлекет жүргізетін қаржылық (фискалдық) саясаттың тұрпатына қарай бюджет тапшылықтарының сыныптамасын бірқатар америкалық экономистер (Р. Кэмбелл, Макконелл, Стенли Л. Брю, Э.Дж.Доллон, С. Фишер, Р. Домбуш және басқалары)
ұсынған болатын.
Бюджет тапшылығының өзінің сапасы әр түрлі болуы мүмкін және оны пайда болуының саналуан себептеріне қарай сыныптайды. Елдің бюджет құрылысына қарай республикалың (өңірлік) және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын ажыратады. Биліктің жергілікті орғандары үшін бұл проблеманың маңызы зор, өйткені орталық үкіметке қарағанда оны шешу үшін олардың қаржылық ресурстары шектеулі болады. Бюджет тапшылығының пайда болу себептері заңды түрде төтенше тапшылықты, дағдарыска қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі тапшылықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде төтенше жағдайлар (соғыстар, дүлей апаттар және т.б.) жатыр, олардан сактану қиын әрі мүмкін емес. Бұл жағдайда мемлекеттің кәдуілгі резервтері көтірілген зиянның салдарларын жоюга жетпейді, сондықтан ерекше көздерге жүгіруге тура келеді. Дағдарысқа қарсы тапшылық экономика дамуына ірі мемлекеттік жұмсалымдарды жүзеге асыру қажеттігімен байланысты, ол экономиканы мемлекеттік реттеу үдерістерін, қоғамдықөндіріс құрылымында прогресті байланыстарды қамтамасыз етуге ұмтылысты бейнелеп көрсетеді. Дағдарыстан кейінгі татиылық экономикадағы дағдарыстық құрылымдарды, олардың қаржяИіық жағдайатты күйреуін, қаржы-кредиттік байланыстардың тиімсіздігін, елдегі қаржылық жағдаятты бақылап ұстап тұруга үкіметтің қабілетсіздігін бейнелеп көрсетеді. Бірінші, сондай-ак екінші жағдайда да бюджет тапшылығын ең алдымен дағдарыс және экономикадағы оның салдарлары тудырып отыр. Бұдан ынталандырушы және ынталандырмайты н маңызы бар тапшылық тарды бөліп көрсетуге болады. Тапшылықтың экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті және пассивті бюджет тапшылықтары болып бөлінеді. Активті тапшылық қаржылық параметрлерді (салық салудың, шығыстардың жекелеген түрлерінің мөлшері) мемлекеттік жедел оңтайландыру нәтижесінде пайда болады. Дж. Кейнс теориясына сәйкес тапшылықтың Бұл турі ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады. Пассивті тапшылық ұлттық табыстың ІЖӨ-нін өсу қарқынының қысқаруы нәтижесінде пайда болады, ал Бұл бюджеттіңкірісбазасы негізінің-салықтықтүсімдердің құлдырауына жеткізеді. Экономикалық теорияда құрылымдық; және циклдық бюджет тапилылығын ажыратады. Тап экономиканың жай-күйі құрылымдық және циклдіктапшылықтардыңдеңгейін анықтайды.
Пайда болу сипаты бойынша бюджеттің кездейсоқтық (кассалық) және ақіщаттық (бюджет) тапшылығын бөліп көрсетуге болады. Бюджеттің кездейсок тапшылығы, басқаша кассалық деп аталатын қаражаттардың түсімдері мен жұмсалымдағы кассалық (уақытша) алшактықтан пайда болады. Әдеттегідей, кассалық тапшылықтарга кірістің бір көзіне жоғары тәуелдігі немесе түсімдер көздерінің маусымдық сипаты бар (мысалы, жер салығынан, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салықтан және бірқатар басқа салықтар мен алымдардан түсетін түсімдер) бюджеттер ұшырайды. Мұндай бюджеттерге әдеттегідей жергілікті бюджеттер жатады.
Нақты немесе бюджет татиылығының бұл сөздің шын мағынасында пайда болуы бюджетке кірістер түсуінің кездейсок уақтытша кірістерінен және шығыстардын озық графитінен ( кірістер мен шығыстардың токсан сайынғы тізімдемесі) емес бюджет шығыстарының өсуімен және олардан кірістердің тым қалып коюына байланысты. Мұндай тапшылық әдетте Республикалық бюджет туралы заңда шекті мөлшер ретінде белгіленеді, бірак бюджеттің атқарылуы барысында одан не төмен, не жоғары болуы мүмкін.
Жоспарға қатысы бойынша бюджет тапшылығын Республикалық бюджет турапы заңға күні бұрын салынған (жоспарлы) және жоспардан тыс (кездейсоқтық, бірак әрдайым кассалық емес) тапшылық ретінде сипаттауға болады. Жоспардан тыс тапшылық кірістердін мөлшерін онда болмаған қысқартудан, есепті жылы шығыстардың көбеюінен пайда болады. Егер әр түрлі резервтік, сақтық, бюджеттен тыс арнаулы қорлардың қаражаттарын пайдалы және басқа жедел шараларды жүргізу есебінен жағдаятты қорғауга болмаса жоспардан тыс тапшылық әлеуметтік- экономикалық бағдарламалардың орындалу барысына өте жағымсыз әсер етуі мүмкін. Жоспардан тыс тапшылықты жою мақсатында бюджеттің атқарылу барысында оның шығыстарын секвестрлеу өте-мөте теріс болып табылады.
Ұзактығы бойынша бюджет тапшылығын созылмалы (жүйелі) және уақытиіа (дүркін-дүркін) тапшылықка бөлуге болады. Созылмалы тапшылық ұзак уақыт бойы жылдан жылға пайда болуы және аса «жазылуы аса қиын ауру» болып табылады. Оның болуының негізгі себегітері болып экономикалық дағдарыстың ұзақ циклі ( бірінші кезекте жауапсыздық, олак экономикалық саясат тудырған және т.б.), ұзақ соғыстар және бейбіт кезде әскери максаттарға жұмсалатын шамадан тыс шығыстар («қырғи қабак соғыс» кезінде), төтенше оқиғалар, өтелімділіктің белгілі бір мерзімсіз ондаған жылдарға созылған қымбат тұратын инвестициялық бағдарламалар қызмет атқарады.
Ұзактығы бірнеше айға, жылға тең болатын немесе қатарынан 3-5 жыл бойы қайталанатын бюджеттің уақытша (дүркіндік) тапшылық сондайлық келеңсіз әрі жабуға қиын болмайды, себебі онын негізінде жатқан экономикадағы дағдарысты құбылыстар емес, керісінше бірқатар объективтік (дүлей апаттар және басқадайы) және субъективтік (жоспарлау мен болжаудағы кателер, әлемдік тауар және қор рыноктарындағы багалардың ауыткуы және басқалары) себептер жатыр.
Қаражаттарды пайдалану бағыттарына (немесе бюджет сапасына) қарай ағымдағы бюджет тапшылығын (ағымдағы тапшылық) және даму бюджетінің тапшылығын (инвестициялық тапшылық,) бөлуге болады. Қазақстанда, дүние жүзінің көптеген елдерінде сиякты, тапшылықтын бүкіл көлемін немесе оның үлкен бөлігін ағымдағы бюджеттен даму бюджетіне көшірудің заңнамалық негізі каланған. Даму бюджетініңтапшылығын жою шығыстарды секвестрлеу жолымен, сонымен бірге мемлекеттік қарыздар шығару немесе кредиттік ресурстарды пайдалану есебінен жүзеге асыру қарастырылған. Әлемдік тарихтың барысы бюджет тапшылығы жалпыға ортак құбылыс екенін дәлелдейді. Онымен іс жүзінде барлық мемлекеттер кақтығысады. Дамыған елдерде бюджеттерде тапшылық 30-жылдардан бастап жоспарлана бастады. Сонымен бірге тапшылықты қаржыландыруға ұдайы өндіріс үдерістерін реттеудің белсенді тетігінің мәртебесі берілді, бұл салада белгілі бір ережелер мен тапшылықты басқару механизмдерін жасауға мүмкіндік берген ғылыми-практикалық зерттемелер жүргізілді.
Бюджет тапшылығын жою салықтық және салықтық емес кірістердің көлемін көбейту, со- нымен бірге инфляциялық емес және эмиссиялық емес көздер есебінен, соның ішінде халықтың бос ақшаларын тарту жолымен (банк жүйесі арқылы, ұзак мерзімді мемлекеттік багалы қағаздарды орнапастыру арқылы және т.б.) жүзеге асырылуы тиіс. Түрлі деңгейлер бюджеттерін баланстаудың ішкі резервтерін толық пайдалану сыртқы рынокта қарыз қаражаттарының көлемін, мемлекеттік борышты және қызмет көрсету шығыстарын қысқартуға мумкіндік туғызады. Әлемдік тәжірибеде тап өңірлік және жергілікті деңгейдегі балансталынған бюджет макроэкономикалық тұрактылықтың шешуші факторы болып табылады. Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады. Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджеттапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруга бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
Жыл сайын баланстандырылатын бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай- күйі фискалдық саясаттыңтұрактандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады. Бюджетті баланстау саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін кебейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. Бұл жағдайлардың кез келгенінде инфляция күшейеді.