Бюджет табыстарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Республикалық бюджет әрқашан экономика мен әлеуметтік ораны дамытуға ықпал жасайтын маңызды құралдар мен экономикалық иін болып табылады. Осындай ықпалдар мемлекеттің басқарылуымен берілетін ақша құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақша құралдарының түсімдері мен қолданулары айрықша экономикалық форма, яғни бюджеттің кіріс бөлігі жалпы мемлекеттік салық есебінен құралады. Олардың Қазақстан Республикасында 5 түрі бар. Олар: қосымша құн салығы, акциздер, жеке және заңды тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және жер қойнауын қолданушыларға арналған салықтармен арнайы төлемдер. Республикалық бюджеттен 1997 жылғы барлық кірістер, сондай-ақ кеден төлемдері де «Салықтың түсімдері» деп аталатын категорияға біріктірілді.

Содержание

Кіріспе..................................................................3
1 бөлім. Кірістер туралы жалпы түсінік......4-15
1.1. Кіріс бюджеттік есептің ең маңызды объектісі

1.2. Бюджеттік құрылым және түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлу
2 бөлім. Табыстар есебінің мәні,
ұймдастырылуы ........................................16-22

2.1. Кірістердің түрлері және олардың мәні
2.2. Кірістер есебінің ұйымдастырылуы және кірістер бойынша толтырылатын құжаттар

3 бөлім. Кірістер есебінің жүргізілуі........23-26
3.1. Табыстар (кірістер) бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды................................................27
Қолданылған әдебиеттер..........................28
Қосымша материалдар...................................1-

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2 бөлім. Табыстар есебінің мәні,   ұйымдастырылуы

                          және  олардың  маңызы.

           2.1. Кірістердің түрлері  және олардың мәні. 

 Бюджеттік  кірістер Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес мемлекеттік органдарының  қарауына түсетін және Қазақстан Республикасының  субъектілерімен жегілікті басқару кезіндегі өздеріне жүктелген функцияларды атқаруға арналған ақша қаражаттары. Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес кірістер:

      1.Бекітілген  кірістер 

      2.Реттеу  кірістерден тұрады.

  Бекітілген кірістер – бюджетке сәйкес толық түсетін кірістер. Мысалы; заңға сәйкес ҚҚС республика бюджетіне , ал мүлік салығы жергілікті бюджетке түсуін айтамыз.

      Реттеу  кірістері -  ол қаражаттың жоғары звенодан төменгі звено бюджетіне берілуі. Себебі, олардың шығындарын жабу үшін, ол бекітілген кірістерден бөлек, егер сол кірістер шығынды жаппаған кезде беріледі және ол   %   мөлшерімен белгіленіп, жоғарғы бюджеттің бекітілуімен қарастырылады.

      Жоғарыда  атап көрсеткендей кіріс категориялары  кірістің түрлері болып табылады. Олардың бірінші категориясы – бұл салықтық түсімдер, екінші категориясы – салықтық емес түсімдер. Кірістер категориясы немесе түрлері санаттарға бөлінеді. Мысалы бірінші категориякелесі санаттарға: жеке табыс салығы, жеке меншік салығы, тауар, қызмет және жұмысқа салынатын ішкі салық, халықаралық саудаға байланысты салықтар. Әрбір санат ішкі сыныпқа бөлінеді. Мысалы «Жеке табыс салығы» деп аталатын сынып мына ішкі сыныптарға топтастырылады. Олар: жеке тұлғадан ұсталынатын жеке табыс салығы және заңды тұлғадан ұсталынатын жеке табыс салығы, және әрбір ішкі сыныпта ерекшелік деп аталатын  тармақ болады. Оларға: «заңды тұлғалардан ұсалынатын жеке табыс салығы» деп аталынатын ішкі сынып резидент  заңды тұлғалардан ұсталынатын жеке табыс салығы және төлем көздерінен ұстайтын резидент , Заңды тұлғадан ұсталынатын жеке табыс салығы болып бөлінеді. Мұндай бюджет кірістерінің сыныптамасы шетел стандарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан республикасының  «Бюджеттік жүйе туралы» заңына сәйкес болып келеді.

      Сонымен бірге  Республикалық бюджетте  жалпы мемлекеттік салықтан барлық облыстармен  Алматы қаласының бюджетіне  келіп  түскен  түсімдердің жалпы  суммасын бөлу тәртібі өзгертіледі. Қазір бөлулер тек салықтың екі  түрімен жүргізіледі.  Олар: заңды  және жеке  тұлғалардан ұсталынатын  жеке табыс салығы. Басқаларын айтатын болсақ, яғни болінетін түсімдердің түрлері- акциздер және ҚҚС , онда барлық акциздер , бірақ мұнай мен бензинге ұсталатын акцизден басқалары жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін құрайды, ҚҚС Республикалық бюджетке түсіп отырады және  ол кіріс базасының негізгі көзі болып табылады. Осындай жағдайлар Республикалық бюджеттен түсетін субвенция көлемін ұлғайтады,  бірақ бір уақытта әкімдердің құқығын бюджеттік құралдарды бөлуден кеңейтеді және аумақтық дамуына бірнеше жылға экономикалық болжау жасайды .

      Ұйым  кірістері активтердің немесе міндеттемені өтеу соммасының  келіп түсуі  нәтижесінде экономикалық  пайдалану  көбеюі болып табылады. Кірістер құрамы көбінесе салықтан құралады:

1. ҚҚС,  акциздер, сатудан түскен салық,  экспорттық баж және басқа  міндетті  төлемдер .

2.Комиссия, агенттік немесе аналогикалық  келісім шарт бойынша.

3.Тауар,  жұмыс, қызмет көрсетуге үстіне  төлем төлеу тәртібіне, авансты  тауар , қызмет көрсету , жұмысқа  төленген қосымша төлемдер есебінен.

4.Егер  келісім шартта кепілге қойылған  мүліктердің аударылуы қарастырылса, кепілдік төлемдерінен;

5.Кредит, қарыздарды өтеуден;

      Жұмыстың  қарапайым түрінен келіп түсетін  кірістер – бұл тауарды сатудан  және жұмысты орындағаны үшін, қызмет көрсеткені үшін түсімдерден пайда болуы табылады. Ұйымдарды қызметтің объектісі болып табылатын өз активтерін жалға беруде пайда болып , осы қызметке байланысты түсімдер табылады. Егер түсімдер мөлшері пайданың бір бөлігін ғана жапса,  онда сомма түсімі немесе дебиторлық қарыз болып анықталыды.

   Операциялық кірістер болып:

1.Жалға  берілген мүлікке байланысты  түсімдер

2.Патенттен  пайда болатын құқықтық төлемді  төлеу үшін түсімдер

3.Басқа  ұйымдар капиталына байланысты  түсімдер

4.Бірігіп  жұмыс жасау нәтижесінде ұйымдар алған пайда

5.Негізгі  құралдарды, активтерді, ақшалай құралдырды, тауарларды сатудан түскен түсімдер

6.Ақшалай  құралдарды қолдануға бергені  үшін пайыздар және ақщалай  құралдарды банктің қолдануына  бергені үшін пайыздар.

      Уақытша қолдануға бергені үшін активтерді, құқықтарды және өндірістік үлгілерден келіп түскен кірістер жұмысының қарапайым түрінен келіп түскен кірістер қатарына жатады, сондай ақ операциялық кіріске де кірістіріледі.

1.Уақытша  пайдалануға берілген активтерге  байланысты түсімдер. Келісім шартқа сәйкес жалға беруші жалға алушыға уақытша қолдану үшін мүлікті ұсынуы тиіс. Келісім шарттың объектісі – жер, басқа табиғат объектілері, кәсіпорындар,  ғимараттар,  құралдар,  транспорттық құралдар және сыртқы пішінін жоғалтпайтыне басқа құралдар болуы мүмкін.

2.Кәсіпорындардың  бірігіп жұмыс жасау нәтижесіне  байланысты кірістер. Бірігіп жұмыс  жасау келісім шарт бойынша  екі немесе көп тұлғалар өздерінің  ақша құралдарын біріктіріп, бірге  жұмыс жасау бойынша жүргізіледі.  Келісім шартқа қатысушылар арқылы біріктірілген заңды тұлғалардың мүлігі бірігіп жұмыс жасайтын қызмет үшін бөлек байланыста жүргізіледі. Бірігіп жұмыс жасалатын қызметтің нәтижесі кезінде тұлғалардан алынатын кірістер тұлғалардың ортақ ісіне төленетін төлем құнына пропорционал бойынша бөлінеді.

3.Негізгі  құрал мен басқа активтерді  сатудан түсетін түсімдер.Негізгі  құралды және басқа активті  сатудан түскен түсімдер мөлшері  сатудың келісім-шарт шарттарына  сәйкес анықталады.

4.Реализациядан  тыс кірістер. Реализациядан тыс кірістер болып: штраф, өсімпұлдар, келісімнің шарттарын бұзғаны үшін төлемдер табылады. Сонымен бірге қайтарымсыз берілген активтер, ұйымға тигізген зияны үшін төлемдер, есеп жылында көрсетілген өткен жылғы төлемдер, кредиторлық және депоненттік қарыздың соммасы, курстық айырмашылықтар, басқа реализациядан тыс кірістер жатады.

5.Ойламаған  жағдайда туындайтын кірістер. Ойламаған  жағдайдан туындайтын кірістерге: оқыс жағдайдан, яғни авария, стихиялық қозғалыстар, өрт кезіндегі түсімдер саналады. Бухгалтерлік есептің мақсаты үшін басқа түсімдердің мөлшері келесі тәртіп бойынша анықталады.

1) негізгі  құралды, ақшалай құралды, тауарды  сатудан түскен түсімдер мөлшері,  сондай-ақ процент соммасы және  кірістер. Шын жағдайдың белгілі  бір пункттерінде анықталады;

2) штраф,  өсімпұлдар және келісімнің шарттарын  бұзуға байланысты түсімдер сот  бекіткен соммаларда көрсетіледі;

3) қайтарымсыз  түрде берілген активтер нарықтың  құны бойынша бухгалтерлік есепке  алынады. Активтардің қайтарымсыз  түрде алынған түрлерінің нарықтық құны ұйымдар мен олардың берілген немесе аналогикалық активтерге құнның бухгалтерлік есепке келу датасының негізінде анықталады. Құндар туралы мәліметтер құжат негізінде немесе экспертиза өткізу жолымен бекітіліп отырады.

4) уақыты  аяқталған кредиторлық қарыздар, ұйымның бухгалтерлік есебінде көрсетілген осы қарыздар соммасында кіріске айналады;

5) активтерге  бағалау жүргізу үшін бекітілген  ережелерге сәйкес активтің соммасы  анықталады;

6) басқа  түсімдер бухгалтерлік есепке  фактілік соммада алынып отырады;

7) басқа  да түсімдер пайда мен шығын  шотына аударылуына негіз болады.

           
 
 
 
 
 
 
 

     2.2. Кіріс есебінің ұйымдастырылуы және кірістер

                  бойынша толтырылатын құжаттар. 

      Кірістер  өтпелі мінедемелерге ие болуы мүмкін, яғни  өзінің орындалуы барысында жаңа тарату кезеңінде немесе соңғы кірістерінде  көрсетілуі мүмкін. Кірістердің өтпелі мінездемесі дегеніміз – бір шаруашылық субъектісінің кірісі басқа субъектілердің шығысы арқылы сипатталады. Мысалы, мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарға шығыны белгілі бір тұрғындардың кірісі болып табылады немесе жеке кәсіпорындардың жеке табыс салығы шығын болып табылса, мемлекет үшін ол кіріс ретінде есептеледі.

      Ортақ мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында тұрғындар кірістерінің белгілі бір бөлігі ұсталады; кәсіпорынның пайдасының бір бөлігі бюджетке, ал қалғаны кәсіпорынның ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалады. Өндірістік емес сферада жұмыс істейтін  мекемелердің көрсеткен қызметтеріне төленетін ақылыр арқылы тұрғындардың бірінші кірістері қайта бөлінеді. Осы арқылы шаруашылық субъектілердің тауарларының құны мен адамдар арасындағы қарым – қатынасты білдіретін кірістер өз алдына жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Мемлекеттің хәне шаруашылық убъектілердегі ақша құралдарын анықтау  кірістердің материалдық құндылық жағынан қарастырылады. 

      Кірісті есептеуге келесідей органдар қатысады:

1. қаржы  органдары

2. қазыналық  органдар

3. салық  органдары

4. ауыл  шаруашылық әкімшілігі

5. банк  органдары

      Кіріс есебінен есептеу бойынша қаржылық органдар белгілі бір әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Алғашқы мағұлмат материалдарын бюджеттік класификацияны және бюджетке келіп түсетін төлеушілер мен олардың тізімдемелерімен танысады. Қаржылық органдар сонымен қатар кірістер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттардың кірістер есебімен тіркелімдерін құрайды. Бюджетке түсетін кірістердің толық және уақытында келіп түсуі үшін шаралар ұйымдастырылады. Бюджет кірістер есебі бойынша қолданылатын негізгі құжаттарға мыналарды жатқызуға болады:

1.Ағымдағы шотқа келіп  түскен кіріс туралы анықтама. Нысан № 3 бойынша.

2.Кірісті  қайтару туралы қорытынды. Нысан № 21.

3.Келіп  түскен кірістердің артығын қайтару  есебінен ақша чегі.

      Чек дегеніміз – бұл банк есеп шотындағы  қолма – қол ақшаны көсетіп  тұрған құжат. Чектер жеке тұлғалармен есеп айырылысқанда қолданылады.

      Есеп  айырылсу чегі дегеніміз – бұл  бюджеттік шоттан салық төлеушілердің  шотына ақшасыз есеп айырылсуды жүргізу,  яғни құралдарды есептен шығарған кезде  қолданылатын құжат болып  табылады. Сонымен қатар бюджет кірістері есебі үшін  әр түрлі нысанды  құжаттар толтыры маңызды орын алады. Оларға көптеген нысанды құжаттар кіреді.

1.нысан  040 «бюджетке төленетін реестр  салығы» деп аталады. Әрбір  салық органдары үшін бұл құжат  күн  сайын жоспарланып отырады. Нақты салық органдарына арналған реестр келіп түсулерден және салық органдарына бағытталған мәліметтерден тұрады. Реестрда мына мәліметтер көрсетіледі: төлеушінің  СТНН-ді, салық коды, төлеу сомасы, жас белгісі немесе зачеттары, банк коды – төлеушінің құжат номері. Басқа салық органдарынан келіп түскен түсімдер туралы мәліметтер реестрде көрсетілген мәліметтермен бірге (яғни күні, мөрі, қолы)  олардың қортындысының көшірмесі салық комитетіне тапсырылады.

2.нысан  040.К. «күнделікті келіп түсетін кірістердің коды бойынша ведомость». Ведомость сұраныс бойынша беріледі.

Информация о работе Бюджет табыстарының есебі