Банк жүйесі туралы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:51, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.



КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.

Содержание

I-БӨЛІМ. БАНК ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы
1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы
ІІ-БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 ҚР банк жүйесін дамыту жолдары (реформалар)
2.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

БАНК ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.docx

— 48.59 Кб (Скачать)

 

Коммерциялық банктер  қарыз капиталы нарығының әртүрлі  секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын рөлін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың  салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы  жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер  қаржы нарығында ең маңызды делдалдық  қызметті атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині  банк ісінің ертеретегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі  клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген  атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

Коммерциялық банктер  жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.

Бүгінгі коммерциялық банктер  өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.

Қазіргі коммерциялық банктер  активті және пассивті операцияларын  орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.

Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет туралы»  Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету  – бұл «банктік операцияларды  жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша  көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

• заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

• банктердің және банктік  операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік  шоттарын ашу және жүргізу;

• заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

• кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта  санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;

• банкнота мен монеталарды  және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;

• аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;

• есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

• қарыздық операциялар: ақы  төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару  шартымен ақшалай формада несиелер беру;

• заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;

• клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу  операцияларын жүргізу және клирингке  қатысушылардың таза позициясын анықтау;

• ломбардтық операциялар: тез  іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

• коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

• заңда көрсетілген тәртіппен  өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);

• төлем карточкаларын  шығару;

• төлем құжаттарын сатып  алу, сату және сақтандыру, олармен  басқа да операцияларды жүргізу;

• ақшалай нысанда орындауды  қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме  және өзге де міндетемелерді беру;

• инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің  тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды  қаржыландыру;

Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.

Осыған орай, банктік заңдарына  сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.

Екінші деңгейлі банктер  заңнаманың барлық құқықтық жағынан  қамтылған кең көлемде операциялар  түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің  операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

- қызмет көрсету арқылы  клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;

- қызмет көрсетулерсіз  клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;

- басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.

Пассивті операциялар (тартылған  қаражаттар)

 

Қолданылған әдебеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы 

2. «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет  туралы» заң күші бар Жарлығы 

3. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Қазақстан халқына арнаған өзінің  кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз 

4. ҚР-сы Президентінің  № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы» жарлығы

5. Қазақша рефераттар сайты  www.temakosan.net

6. Кушербаев Б.П. «Банктер  және несие алушылар қарым  – қатынастарын реттеу», Қарағанды  – 2002

7. Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет  туралы» заң күші бар Жарлығы 

8. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /

9. Көшенова Б.А. «Ақша,  Несие, Банктер, Валюта қатынастары» 

/ Алматы «Экономика»-2000ж  /

10. Мәдешев Б. «Нарықтық  экономика теориясына кіріспе»

/ Алматы «Экономика»-1998ж  /

11. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы  және несие», Алматы – 2000 ж. 

12. Общая теория денег  и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-

М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998

13. Сейітқасымов Ғ. С.  «Ақша, Несие, Банк» 

/Алматы «Экономика» -2001/

14. Сейткасымов и др. «  Ценные бумаги и фондовый рынок» 

/Алматы «Экономика» -1998 /

15. Шалгимбаева Г. Н.  «Рынок ценных бумаг. Механизмы 

государственного регулирования» / Алматы Қаржы қаражат-1997/

16. Шаяхметова К.О. «ҚР-ның  екінші деңгейлі банктеріндегі  шағын және орта бизнесті несиелеу  жағдайы», Хабаршы-2005, N 1

 

 

 

 

 

 

 

БАНК ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

 

ЖОСПАР

 

I-БӨЛІМ. БАНК ЖҮЙЕСІ  ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

 

ІІ-БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

2.1 ҚР банк жүйесін дамыту жолдары (реформалар)

2.2. Қазақстан Республикасындағы  91 жылдан бергі банк реформасы  және 95 жылғы банк жүйесін реформалау

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің даму мәселелерін  қарастыру себебі, бұл халқымыздың  өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.

Жұмыстың негізгі мақсаты  банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Бұл саланың маңыздылығы  әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық  дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.

Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

I-БӨЛІМ. БАНК ЖҮЙЕСІ  ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Банк – өзінің жарғысы  бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. /1,3б/

 

1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы

ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.

Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

 

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. /2,169 б./

Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз каипталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық  қоғамдық банктер (343).

Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер  банкі мен мемлекеттік жер  банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен  ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

1917 жылғы қазан төңкерісінен  кейін банк ісін ұйымдастыруды  мемлекет монополиялы түрде өз  қолына алып, нәтижесінде жеке  коммерциялық банктер мен басқа  несие мекемелері Мемлекеттік  банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

1924 жылы акционерлік қоғам  үлгісіндегі сыртқы сауда банкі  құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық  ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекшк қызметі –банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды. /3, 164 б./

Информация о работе Банк жүйесі туралы ұғым