Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, жаңа бюджеттік жіктеудің мазмұны баяндалған. Қазіргі кезде бюджет жүйесі өте күрделі және мемлекеттің өмір сүруінде өте маңызды механизм болып келеді, өйткені мемлекет, бюджет жүйесі арқылы өзінің алдына қойылған мақсаттарын және еліміздің экономикалық әлеуметтік жағдайын реттейді, сондықтан мемлекеттік бюджеттің өзектілігі арқашан да маңызды болып келеді. Аталған тақырыпты таңдаған себебім – мемлекеттік бюджет еліміздің өмір сүруінің басты қаржы көзі болып келеді, және оның жақсы білуі қаржы мамандығының басты басымдылығы болып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................4
1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................6
Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу..............................14
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ. КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі
мен борышы....................................................................................................21
Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық
саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері........................................22
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы...................................................................................23
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан Республикасының бюджетінің кемшіліктері……………..26
3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру.....................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттик бюджет222.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

Келешекте мемлекеттің  қаржылық мүмкіндіктері шектеледі, бұл мемлекеттің қаржылық қолдану  тиімділігін  артыру жәнее мемлекеттік  бюджетті түзілдіру процесін, оның орындалу тетігін арттыру және мемлекеттік  қаражаттың жұмсалуын бақылау қажеттілігін туындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ. КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ.

2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі мен борышы

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына заңды  және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады.

Мемлекеттік несие –  жалпы мемлекеттік қаражатының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің рөлінде көрінеді. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығына, мезгілдігіне және ақылығында. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдыратын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді- өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде қаралады;

2) Алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «Антиципацияландырылған салықтар» яғни мерзімінен бұрын өндіріліп алынған салықт ар деп саналады.

Мемлекеттік кредиттің  негізгі нысаны кредит қатынастары  болып көрінетін мемлекеттік  қарыздар болып табылады. Бұл қатынастарды мемлекет негізінен қарызгер ретінде  болады.

Қарздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, лимитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша, қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала-алады. Орналастыру әдістері бойынша еркін айналатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда, заттай саны да болады. Мысалы, 1922-23 жж. КСРО-да заттай қарыздар шығарылда. Оларды шығару  сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндегі қанттың немесе нанның рыноктык бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.

Мемлекет кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш- бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы, ұдайы өндірпісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан тұрады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногіне, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып  ажыратылады. Күрделі мемлекеттік  борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің  бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш  – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік борыш өз кезегінде  тікелей үкіметтің, ұлттық банктің  және үкіметтің кепілдігі уәдесін  алған кәсіпорындарының борышы болып бөлінеді.

Қазақстан практикасында  бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік  борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше «қаржы пирамидасы»  болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.

Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:

Бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алған кредиттер бойынша ұлттық банкке берешек облигациялар және басқа бағалы қарыздар шығарумен ресімделеген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері

Қаржылық реттеудің  баста мазмұны фискалдық саясаты  бюджет пен салық жүргізуші қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорынның аймақтардың үлесін көбейту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай күйә де осындай тәртіппен реттеледі.

Мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері  ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқаулары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискальдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

  1. Мемлекет шығыстарының көбеюі;
  2. Салықтардың төмендеуі;
  3. Мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі;

Тежеушілік фискалдық  саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы  тиіс.Артық сұраныммен және инфляциямен  шарттасылған тежеушілік фискальдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  1. мемлекет шығыстарының азаюы;
  2. Салықтардың көбеюі;
  3. Бұл бағыттардың үйлесуі;

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің  қаржы процестеріне аз араласуын  қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматы, яғни кірістерге тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді.

Салықтар салаларындағы  фискалдық саясат олардың ықпал  етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға, ұсынымға. Бірінші жағдайда салықтар төменделген кезде жиынтық  сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.

Екінші жағдайда салықтардың  төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен  жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестицияларды өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.

 

 

 

 

    1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің ақшалай  қаражаттарының орталықтандырылған қорын  жасаумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық формалары – бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар, кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде мемлекет кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады.

ҚР-ның «Бюджет жүйесі туралы» заңына сәйкес және Республикалық  бюджет туралы заңына сәйкес республикалық  бюджеттің кірістері арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына  есептелетін сомаларды қоспағанда мынадай көздерден тұрады:

  1. Жергілікті бюджеттерге аударылатын сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен
  • заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  • бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркегені үшін алынатын алым;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • өңделмеген мұнайға, бензинге және электр энергиясына салынатын акциздер;
  • бонустар, роялтилер, үстеме пайдаға салынатын салық;
  • кеден төлемдері;
  • мемлекетке тиесілі акциялар пакеттеріне дивиденттердің түсуі;
  • бюджеттік қаражаттың есебінен несиелер берілгені үшін алынған салықтар,
  • «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін алынатын, жалгерлік ақы;
  • мемлекеттің капиталымен жасалатын операциялардан түсетін кірістер;
  • ресми алынған трансферттер, олар мыналардан тұрады:
  1. Ішкі ресми трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын трансферттер;
  1. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми трансферттер;
  • республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын үкімет қарыздары;
  • бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік несиелік акциялардың мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдердің бөліктері. Бюджеттің түсім көздерінң материалдық негізі – ұлттық табыс болып табылады.

Ресми трансферттерді қоса алғанда мемлкеттік бюджет кірісінің көлемі 2011ж. 290,3 млрд теңгенің орнына 2012 ж. 329,8 млрд.теңге сомасында жоспарланды, яғни ЖІӨ көлемінің 16,4%-і болып отыр.

Бұл орайда мемлекеттік  бюджеттің кірісіндегі салық төлемдерінің көлемі 244,9 млрд.теңге , яғни ЖІӨ-нің 12,2% болады және үстіміздегі жылдың күтіліп отырған атқарылуымен смалыстырғанда 42 млрд.теңгеге артады. Бұл өсім мына факторларға байланысты:

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:

  1. ҚР-ның салық заңдарымен белгіленген жергілікті салықтар мен алымдар:

Аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, төменгі  бюджеттерді реттеу тәртібімен жалпы  мемлекеттік салықтардан бөлінетін  қаржы сомалары;

Жергілікті бюджеттерге  республикалық заң актілерімен белгіленетін салықтық емес түсімдер;

Алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады:

Жергілікті атқарушы органдар өз бюджетінің теңдестірілуін қамтамасыз ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алынатын ішкі ресми трансферттер;

Халықаралық ұйымдар  мен шет мемлекеттердің алынатын сыртқы ресми трансферттер;

  Тоқсан сайынғы кассалық үзілісті жабу үшін төменгі бюджеттердің жоғарғы тұрған бюджеттерден қарызға алған қаражатының  түсімдері;

 Бұрын Берген несиелерді  өтеуден түсетін түсімдер.

          2012 жылға арналған Республикалық бюджет бойынша шығыстардың жалпы көлемі 2011 жылғы 5370826 млн теңгеге қарағанда 5813003,5 млн тенге сомммасында белгіленді немесе 442177,5 млн тенгеге өсті.

Республикалық бюджеттен  мыналарды қамтитын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз  етіледі:

  1. Халықты әлеуметтік қорғауға арналған жалпы – мемлекеттік  шығыстар, мемлекеттік мемлекет аралық және өкілді органдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет және бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шығыстар;

а) Білім беру және денсаулық  сақтау саласындағы;

ә)Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы;

б) қорғаны, қоғамдық тәртіппен  қауіпсіздік, сот және қылмыстық  түзеу жүйесі саласындағы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы;

в) Туризмді, спортты ұйымдастыру  жөніндегі орталық атарушы органдар жүзеге асыратын шаралар бойынша  және мәдениет саласындағы;

г)мемлекеттік радио мен теледидар және басқа да мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі жөніндегі;

д)ауылшаруашылық тауар  өндірушілерін қолдау, ауылшаруашылық өндірісін кеңейту, ауылшаруашылық өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестерімен мал ауруларына қарсы күресу жөніндегі және басқа да басым мақсаттар жөніндегі;

е)Орман шаруашылығын  толықтыру және қорғау, экология жануарлар  дүниесін нығайту, қорғау,ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және дамыту жөніндегі;

ж) жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру және тұрғын үй құрылысын дамыту, құрылыстың геологиялық барлау, геодезиялық және сейсмологиялық  жұмыстардың жер қойнауын қорғаудың, жерге орналастырудың нормативтік негізін орнықтыру,  сумен жабдықтау мен канализиацияның ірі обьектілерін салу шаралары  жөнінде;

з)мемлекеттік борыштар бойынша проценттер төлеуге және оларды орналастыруға байланысты мемлекеттік  міндеттемелерді орындау жөніндегі;

 и)мемлекеттік инвистициялық  саясат, сондайақ субвенция ретінде  бюджетке берілетін трансферттік  шығыстар жөніндегі; 

к)ҚР Үкіметінің бағдарламаларына сәйкес басқада жалпы мемлекеттік басым шаралар, соның ішінде мемлекеттік борышқа қызмет көрсету шығындары жөніндегі шығыстар;

л)қысқа мерзімді орташа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік  бағдарламаларды орындау үшін әдетте мемлекеттік банкілер арқылы қөайтарымды негізде бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру