Мемлекеттик бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 15:10, реферат

Описание работы

Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 186.50 Кб (Скачать)

      Бюджеттердің  дербестігін меншікті және бюджет жүйесінің барлық буындары кірістерінің заңмен бекітілген көздері және бюджет қаражаттарын ел заңдарымен анықталған құзырлар шеңберінде биліктің тиісті органының қарап шешуі бойынша пайдалану құқығы қамтамасыз етеді.

      Бюджет  жүйесін құрудың барлық қағидаттары  өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексіне, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде бейнелеп көрсетілген.

      Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі аутқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылды.

      Бюджет  жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер  бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген. 
 
 
 
 
 
 
 
 

3  Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу 

      Бюджет  үрдісінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық  бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

      Рыноктық  экономика жағдайында бюджет үдерісінде жоғарғы және төменгі бюджеттер арасындағы, сонымен бірге республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.

      Бюджетаралық  қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

      Бюджет  кодексіне сәйкес бюджет үдерісінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен, облыстық бюджеттің, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.

      Үкімет  пен орталық мемлекеттік органдардың  тиісінше облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың, астананың  және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет үдерісінде  араласуына жол берілмейді.

      Шығыстарды  немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру Бюджет кодексіне өзгерістер мен  толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Бюджетаралық  қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:

  1. облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарды теңдігі;
  2. түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
  • төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
  • мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландыратын бюджет кірісіне түседі;
  • қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;
  • салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
  • нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
  1. Жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелігі мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді және нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша жақындату – қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қызметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру;
  4. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің республикалық бюджеттен, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландыратын тиісінше облыстық және аудандық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;
  5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті органдарының республикалық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен алатын нысаналы трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.

      Бюджетаралық  қатынастар:

  1. Республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында
  • Трансферттермен;
  • Бюджеттік кредиттермен;
  1. Облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
  • Трансферртермен;
  • Бюджеттік кредиттермен;
  • Кірісті бөлу нормативтерімен реттеледі.

      Трансферттер  жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналаған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.

      Нысаналы  трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың  нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады.  Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған  сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғары бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады.

      Нысаналы  трансферттер мен кредиттердің қаржы  жылы ішінде пайдаланылмаған (толық  пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін бюджет қаражаттарының бос қалдықтары есебінен бір ай ішінде міндетті түрде қайтарылуға жатады.

      Дамуға  арналған нысаналы трансферттердің  қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары бюджет заңнамасына белгіленген мөлшерде тиісті төменгі бюджеттердің иелігінде қалдырылуы мүмкін.

      Нысаналы  трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары оларды бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында қайтаруға жол беріледі. Мұндай сомаларды қайтару қаржы жылының қорытындылары бойынша төленбеген міндеттеме болып тбылады.

      Өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық  бюджетке аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша Үкімет айқындаған тәртіппен олардың ағымдағы қаржы жылының басындағы толық пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылғы республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында Үкіметтің пайдалануға құқы бар.

      Бюджетаралық  қатынастарды ретту нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің  әрқайсысының салықтық әлуеті, өңірлердің объективтік бюджеттік қажеттіліктерін  бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарды орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.

      Бюджетаралық  реттеу – теңгерімділік мақсаттарында жоғапғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу мехнизміне бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алынымдар жатады және олар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады.

      Бюджеттік субвенциялар – жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалық  немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады.

      Егер  биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса, бюджет жүйесі сатылыстығы жағынан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгейлес теңгерімділік – биліктің тиісті деңгейлерінің жеке өңірлері мен аумақатарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.

            Сатылыс теңгерімділікке  жету – жалпы теңгерімділіктің І-кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету – теңдестірудің ІІ-кезеңі, ол Қазақстанда  бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.

            Жалпы сипаттағы  трансферттердің көлемдері тиісті жергілікті бюджеттің кірістері  мен шығындары көлемдерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемінен кірістерінің болжамды көлемі асып түскен кезде жергілікті бюджеттен жоғары бюджетке бюджеттік алынымдар белгіленеді. Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асып түскен жағдайда жергілдікті бюджетке  жоғары бюджеттен бюджеттік субвенсиялар белгіленеді. Кірістердің болжамды көлемдері өңірдің салықтық әлуетін ескере отырып және бюджеттер деңгейлері арасындағы түсімдерді бөлу негізінде есептелінеді. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамжы көлемдері олардың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінуін, бюджеттік қамтамасыз етілуді, бекітілетін заттай нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлері арасында шығыстарды бөлу негізінде есептеледі.

      Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды  іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алынымдарпды (бюджеттік субвенцияларды) есептеу кезінде ескерілмейтін сомалар шегінде жоғары бюджеттер төменгі бюджеттерге беретін трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер мемелекеттік, салалық немесе өңірлік бағдарламалардың іс-шараларын орындауға ғана, сонымен бірге қаржы жылы ішінде әкімдердің өтініші бойынша Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаржыландыратын іс-шараларға ғана беріледі.

      Жоғары  бюджеттер:

  1. Мемлекеттік және салалық бағ,дарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
  2. Республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғары мемлекеттік басқару органдарының құзырына жататын, экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталаған іс шараларын төменгі мемлекеттік басқару органдардың орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төменгі  бюджеттерге берілетін трансферттер дамуға рналған нысаналы трансферттер болып табылады. 

      Бюджетарлық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің  қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қаматамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттерінің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғары бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджеттерін орталықтандырып нығайту негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар «тағдырды шешуге» айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдаятта биліктің жергілікті топтағы өздерінің салықтары болуы керек:

1) Негізгі  рөлді ойнайтын салықтар:

а) тура салықтар: мүлік, жер, көлік құралдары  салықтары;

б) жанама салықтар: сатып алуға салынатын  салық, көпшілік тұтынатын тауарларға салынатын акциздер;

2) жергілікті  органдардың аумақтарында жиналатын  мемлекеттік салықтарға биліктің  орталық органдары белгілі бір пайызбен беғлгілейтін салықтар;

3)басқада  жергілікті салықтар, алымдар және  төлемдер, салықтық емес кірістер.

Информация о работе Мемлекеттик бюджет