Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 15:10, реферат
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Кіріспе
1 Мемлекеттік бюджеттің ұғымы және оның экономикалық мәні мен рөлі
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Экономика
дамуының қазіргі кезеңінде
Қаржыны
орталықтандырудың арқасында
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды – жалпы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде болады.
Қаржылық
қатынастардың белгілі бір
Мемлекеттік бюджет, кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шартталған, экономикалық нысан. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысы оның (құнның) қозғалысы үдерісін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: орналастыру (ресурстарды), қайта бөлгіштік, тұрақтандыру сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы үдерісінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп,
бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың
жиынтығы ретінде қараған жөн. (1 сызбаны
қараңыз).
1
сызба. Мемлекеттік
бюджеттің сапалық
сипаттамасы
НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ | |
МЕМЛЕКЕТ ЗАҢЫ | |
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ | |
МЕМЛЕКЕТТІК
БЮДЖЕТ | |
МЕМЛЕКЕТТІҢ
ОРТАЛЫҚТАНДЫ-
РЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ |
РЕСУРСТАР |
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ | ҚАТЫНАСТАР |
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінетінгімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.
Рыноктық қатынастар жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын кайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуметті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Қаржылық
жоспарлау үдерісінде бюджет ұлттық
шаруашылықтың салаларына және материалдық
емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай
ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау
мен пайдаланудың негізгі қаржы жоспары
бола отырып, бюджет барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.
2
Бюджет жүйесі және
бюджет құрылысы
Мемлекеттік
органдардың өздерінің
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына , аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерге бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және ьолып жатқан жергілікті бюджеттер.
Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы
мен дербестігінің түрлі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай деңгейіндегі бюджеттер жұмыс істейді:
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
Бюджет
кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет
– бұл араларындағы өзара өтелетін
операцияларды есепке алмағанда, республикалық
және жергілікті бюджеттерді біріктіретін,
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет,
ол тек талдамалық ақпарат ретінде
пайдаланылады.
2
сызба. Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет |
Жергілікті бюджеттер |
Республикалық
бюджет |
Астана
бюджеті (Астана қаласы) |
Респуб-
ликалық маңызы бар қала бюджеті (Алматы қаласы) |