Каржы кукыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 14:14, реферат

Описание работы

Тірек сөздер: қаржы, қаржы функциялары
Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.
Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

Содержание

1.Қаржы түсінігі мен белгілері.
2.Мемлекеттік және жеке қаржылардың ара қатынасы.
3.ҚР қаржы жүйесі, оның құрылымы.

Работа содержит 1 файл

каржы кукыгы.docx

— 34.92 Кб (Скачать)

 

 

ТАҚЫРЫП 1. МЕМЛЕКЕТТІК  ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ҚҰҚЫҚТ ЫҚ РЕТТЕУДІҢ  ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.Қаржы түсінігі мен белгілері.

2.Мемлекеттік және жеке  қаржылардың ара қатынасы.

3.ҚР қаржы жүйесі, оның  құрылымы.

Тірек сөздер: қаржы, қаржы  функциялары

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын  анықтау үшін, екіншіден құқық  саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан –  қаталдықпен сипатталады.

Мемлекет бұл реттеу жолымен  мысалы салық төлеушілердің ақшаларын  өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

«Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.

Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде  көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы  жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі  бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа  ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл  түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың  түсінігінше қаржылар азаматтар  қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың  қаржылары және мемлекеттің қаржылары  тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы  барлық ақшалай көпшілік.

Бірақ «қаржылық құқық» деген  категорияның болуы. «Қаржылар» деген  түсініктен шыққандықтан оны ақшамен  бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.

Осының күшімен бір  жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың  ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық  қатынастарды қаржылар тобына жатқызу  екі критерийді пайдалануға негізделген:

1)      ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және

заңдылы тұлғалар;

2)      көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.

«Жеке меншік қаржысы» категориясы  жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар» мемлекеттің  меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп

( материалдық мағнада)  тұтас қоғамдық өнімді бөлуде  ақша құралдарының қорында жинақталған  мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.

Поль Мари Годме (Франция) торамалдауы бойынша, қаржы құқығының  саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу  тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар  мынаған көңіл аударады: «... ешқашан  мемлекеттік және жеке меншіктік  қаржылардың арасындағы түбегейлі  айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады».

Оның пікірі бойынша, мемлекеттік  және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:

1)          мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;

2)          мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;

3)          жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;

4)          мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.

Жеке меншік қаржылар  өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

1.      ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);

2.      сақтандыру ұйымдарының қаржылары;

3.      Банкілер қаржылары;

4.      мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес зейнетқорлар қорлары).

Мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

1.      Бюджеттік жүйе;

2.      Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;

3.      Мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса);

4.      Мемлекеттік бенкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса);

5.      Мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.

Қаржыларға келесі функциялар тән: бөлгіш және бақылау.

Бөлгіш функцияның қаражаты болып қаржы көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір  тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл  процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді.

Бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық құралдардың сақталуын  және дұрыс жұмсалуын мемлекет жағынан  қадағалауға алуы.

Бірақ нарықтың экономика  жағдайында мемлекеттік қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты  мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай  жүйены ұйымдастыру мемлекеттің  қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің  қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық  инфра құрылым жасау бойынша  және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз

Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:

1.                       Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2.                                    Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;

3.                                    Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.

Бұдан, мемлекеттің басты  мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.

Қаржы жүйесі  - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі мына институттарды  енгізеді:

1)      Бюджеттік система;

2)      Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3)      Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4)      Мүлікті және жеке сақтандыру;

5)      Несие (мемлекеттік және банктік).

Қахақстанда мемлекеттік  қаржы жүйесі тұтасымен алғанда  бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде  бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған мемлекеттік  қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы  қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық  органдарының қарамағындағы ақшалай  құралдарының қорлары болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік  кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай  қорлары) қарамағында болады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар  шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық  деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:

1.                       Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);

2.                                  Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

3.                                  Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

4.                                  Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

5.                                  Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

6.                                  Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

7.                                  Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:

1.      Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).

Қаржыландыру түрлері:

Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың  жекелеген салаларына белгілі бір  мақсатта берілетін мемлекеттін  жәрдем қаржының түрі.

Сибсидия – мақсатты сипатта  мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.

2.      Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);

3.      Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).

Ақшалық қорларды пайдалануды  ұйымдастыру тәсілдері:

1.                                                   Ақшалық қорлардың міндетін белгілеу (белгілі бір қордың мақсаты мен мәселелерін белгілеу);

2.                                                   Мемлекеттік ақшалық қордан алынған құралдардың пайдаланудың тәртібін белгілеу;

3.                                                   Мемлекеттік кәсіпорынның кірісін бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу;

4.                                                   Қаржылық нормативтер мен ақшалық құралдардың бөлу шегін белгілеу;

5.                                                   Ақшалық қорларды пайдалануды жоспарлау;

6.                                                   Ақшалық қорларды пайдалануға бақылау (қадағалау) жүргізу. 

 

Қаржылық қызметтің жүргізілуінің  құқықтық түрлері.

І. Нормативтік сипаттағы  заңдық актілерді шығару;

ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт  нақтылы тұлғаларға арналған, бір  жолғы қолданысы бар.

ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты  актілерді істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.

ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен  салық берешек сомасын өндіріп  алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.

Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:

·         Конституциялық қадағалау;

·         Прокурорлық қадағалау;

·         Қаржылық құқық қатынастарынан пайда болған істерді, соттық қарау;

·         Қаржылық бақылау жүргізу;

·         Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;

·         Қаржылық құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;

·         Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру. 

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер  

 

  1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995
  2. ҚР Бюджет кодексі.  24.04 2004
  3. ҚР салық және басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі. 12.06.2001
  4. «ҚР-да банк және банктік қызмет туралы» ҚР-ның Заңы. 31.08.1995
  5. «Ұлттық банк туралы» ҚР-ның Заңы. 30.03.1995
  6. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР-ның Заңы. 18.12.2000 
  7. «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңы. 13.06.2005
  8. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. – Алматы: Жеты жаргы, 2001.
  9. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть. – Алматы: Норма - К, 2002.
  10. Худяков А. И. Основы теории финансового права. – Алматы: Жеты жаргы, 1995.
  11. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР-ның Заңы. 20.11.1998
  12. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» ҚР-ның Заңы. 29.06.1998
  13. «Бағалы қағаз рыногы туралы» ҚР-ның Заңы. 02.07.2003
  14. «Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» ҚР-ның Заңы. 02.08.1999
  15. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы» ҚР-ның Заңы. 29.01.2002
  16. «ҚР-да жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР-ның Заңы. 23.01.2001
  17. «Инвестициялар туралы» ҚР-ның Заңы. 08.01.2003
  18. «Қаржылық ұйымдар мен қаржы рыногын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» ҚР-ның Заңы. 04.07.2003
  19. «Лицензиялау туралы» ҚР-ның Заңы. 11.01.2007
  20. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның Кодексі. 30.01.2001

Информация о работе Каржы кукыгы