Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:58, доклад
Банк 1994 жылдан бері экономикалық серіктес ретінде Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Негізінен Азия даму банкі шағын және орта бизнесті, қала мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, банк қызметкерлері серіктестікті дамыта отырып, Қазақстанның жоғарғы табысқа кенелетіндігіне еш күмән келтірмейді. Бұған қоса банк Қазақстанда көлік, энергетика, ауыз су мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, Азия даму банкі 2004 жылы «Ауыз су» мемлекеттік саласында 34,6 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз беру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын оңалтуға септігін тигізген. Енді, банк 2012-2016 жылдар аралығында 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.